Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасы заңна-

масы талаптарына сəйкес рəсімделген сот-сараптамалық зертт еу ба-

рысы мен нəтижелері көрініс тапқан жазбаша құжат. 

Зерттеу  нəтижелері  бойынша  сот  сарапшысы  (сот  сарапшыла-

ры) өз атынан қорытынды құрастырады, оны өз қолы мен жеке мөрі 

арқылы  куəландырады.  Сот  сараптамасы  органы  тарапынан  сот  са-

раптамасы жүргізілген жағдайда сот сарапшысының (сот сарапшыла-

рының) қолы көрсетілген органның мөрі арқылы расталады.



«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi тура-

лы» 39-бап  сарапшы  қорытындысының  мазмұнын  белгілейді. 

  Сарапшының  қорытындысында:  оның  ресiмделген  күнi,  сот  са-

раптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүр-

гiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы 

мəлiметтер;  сот  сараптамасын  жүргізу  тапсырылған  сот  сараптама-

сы органы жəне (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы 

мəліметтер (тегі, аты, əкесінің аты (ол бар болған жағдайда), білімі, 

сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми 

дəрежесі жəне ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған 

қорытынды  бергенi  үшiн  жауаптылық  туралы  ескертiлгенін  сот  са-

рапшысының  (сот  сарапшыларының)  қойылған  қолымен  куəланды-



37

рылған белгi; сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қой-

ылған мəселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сол жерде болған 

процеске  қатысушылар  туралы  жəне  олар  берген  түсiндірм елер  ту-

ралы  мəлiметтер;  зерттеу  объектілері,  олардың  жай-күйі,  орамасы, 

мөрмен бекемделуі, куəгерлердің қатысуы кезінде олардың қойылған 

қолдарымен  растау;  қолданылған  əдiстемелерді  көрсету  жəне  зерт-

теул ердiң мазмұны мен нəтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нəти-

желерiн бағалау, сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына 

қойылған мəселелер бойынша түйіндердің негiздемесi жəне тұжыры-

мы көрсетілуге тиіс.

Егер көрсетілген мəн-жайлар зерттеу барысында анықталған бол-

са,  сарапшының  қорытындысында  қойылған  барлық  сұрақтарға  не-

месе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негізде-

месі қамтылуға тиіс. 

Егер  сот  сараптамасын  тағайындау  туралы  қаулыда,  ұйғарымда 

көрсетілген  мəселелердің  бірі  бойынша  сот  сарапшысы  қорытынды 

берсе,  ал  басқалары  бойынша  қорытынды  беру  мүмкін  еместігі  ту-

ралы хабарламаны жасау үшін негіздемелер бар болса, ол бірыңғай 

құжат – сарапшының қорытындысын жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет