Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет20/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50

Дуйсенов Оңалбек Кынабаевич
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Түркістан қаласы 
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ АРҚЫЛЫ  БЕРІЛЕТІН ЖҮКТЕМЕ МЕН ДЕМАЛЫСТЫҢ 
ЖАТТЫҒУ ҮДЕРІСІНҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАҒЫ КОМПОНЕНТТЕРІ 
РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
Түйін.  Бұл мақалада студенттердің білім беру және тәрбиелеу үдерісінде дене тәрбиесінің оларды жан-жақты 
дамыту бойынша аса маңызды пәндердің бірі ретіндегі маңыздылығы зерделеніп, қарастырылады. Дене тәрбиесі 
бойынша оқу үдерісінің концептуалды бағыттылығы мемлекет мүддесін, азаматтардың денелерін жетілдіруге де-
ген қоғам сұранысын, оларды еңбек біліктілігіне және әлеуметтік белсенді өмірге даярлауды жүзеге асыру болып 
табылатыны жүйелі мазмұндалған. Сол сияқты студенттерге білім беру және тәрбиелеу тиімділігі оқытушының 
жоғары кәсіби біліктілігі, яғни барлық оқу және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу шеберлігіне байланысты екені 
сипатталған.       
Кілтті сөздер: Диагностика, рухани, педагогика, информатизациясы, концептуалды бағыттылық, білім беру, 
дене тәрбиесі.
Аннотация
В этой статье рассматривается значение физической культуры как одна из важнейших дисциплин всесторон-
него развития студентов в процессе их обучения и воспитания правильно изложено концептуальная направленность 
учебного процесса по физической культуре является реализация интересов государства, запросов общества к физи-
ческому совершенствованию граждан, подготовка их к квалифицированному труду и социальной активной жизни. 
А также характеризована эффективность обучения и воспитания студентов которая достигается благодаря вы-
сокому профессионализму преподавателей, умелому осуществлению или всех видов учебных и учебно-тренировочных 
занятий.
Ключевые слова: Диагностика, духовность, информатизация педагогики, концептуальная направленность, об-
разование обучение, физическая культура.
Summary.  This article discusses the importance of physical education as one of the most important disciplines of all-
round development of students in the course of their education and training correctly described the conceptual focus of the 
educational process on physical training is the realization of the interests of the state6 demands of society to the physical 
improvement of citizens6 prepare them for skilled labor and social active life. And also characterized by an effective training 
and education of students who achieved due to high professionalism of teachers, the skilful implementation of or all of the 
educational and training sessions. 
Keywords:  Diagnostics,  spirituality,  computerization  of  pedagogy,  conceptual  focus,  education  training,  physical 
education. 
Дене  мәдениетінің  қ
ұралдары  мен  әдістеріне 
сипаттама  беру  үшін  белгілі  ұғымдардың  ішінде-
гі  негізгілерінің  бірі  денеге  берілетін  «жүктеме» 
болып  табылады.  Бұл  ұғым  «жаттығу»,  «жұмыс» 
және т.б. сияқты ұғымдармен біршама сәйкес кел-
генімен, бара-бар емес. Ол шегіндегі, үлкен, орта-
ша, аз және басқа дәрежедегі жүктеме дәрежесін, 
яғни орындалатын жаттығу үшін қандай да бір қар-
сы күшке шамасы келетін организмнің қол жетімді 
сұраныстарының басым мөлшерін сипаттайды.
Әртүрлі жаттығуларды орындаумен байланы-
сты  жүктеме  туралы  қорытылған  мағлұматтарды 
құрастырып,  олардың  формалары  мен  мазмұнда-
рының жекелеген ерекшеліктеріне, сол сияқты ор-
ганизмнен олардың талап ететін сұраныстарының 
тұтастай  дәрежесін  бағалауға  мүмкін  болатында-
рына ғана назар аударылады.
«Жүктеме»  ұғымы  кез  келген  дене  жаттығу-
ларын  орындауда  организмнің  функциональдық 
жағдайын  тыныштық  күйдегіге  қарағанда  барын-
ша  жоғары  белсенділік  деңгейіне  көтерумен  бай-
ланысты  және  осы  мағынада  қызметтік  жүйелер-
ге  жүктемені  арттыру  кезінде  оның  мөлшері  аса 
жоғары болса шаршауға, қажуға ұласуы мүмкін.
Бұл  қатынаста,  жүктеме,  тыныштық  күймен 
салыстырғанда  организмнің  қосымша  қызметтік 
белсенділілігі, жаттығуларды орындауы, сонымен 
бірге денеге түсетін күш дәрежесі болып табыла-
ды.
Дене  жаттығуларының  тиімділігі,  олардың 
әсері түсетін жүктемелердің параметрлерімен заң-
дылықтағы байланыста болады. Осыдан келіп жүк-
темелерді мұқият талдау және бағалау, мөлшерлеу 
және ретке келтіру қажеттілігі туындайды.
Дене жаттығуларын орындау кезіндегі жүкте-
мелердің көрсеткіштері, бірінші жағынан, атқары-
латын жұмыстың сыртқы көрінетін жаттығудың со-
зылу уақытына, физика - механикалық мағынадағы 
жұмыстың мөлшеріне, жүгіріп өтетін қашықтыққа, 
қозғалыстың  жылдамдығына  және  т.б.  байланы-
сты,  басқа  жағынан-жаттығудың  әсерімен  жүрек 
соғуы  жиілігінің  дәрежесі,  өкпедегі  ауаның  таза-
руы,  оттегінің  пайдаланылуы,  қанның  минуттық 
ағу көлемі және организмдегі функционалдық өз-
герістер болып табылады.
Мұндағы бірінші жағы, шартты түрде алған-
да, жүктеменің «сыртқы» жағына, ал екіншісі жүк-
теменің  «ішкі»  жағына,  яғни  нақтылап  айтқанда 

134
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
жүктеме  реакциясына  жатады.  Жүктеменің  бұл 
көрсеткіштерінің екеуі де дене мәдениеті үдерісін-
дегі  жүктемелерді  реттеу  және  бағалауда  маңызы 
зор.  «Сыртқы»  көрсеткіштерін  жүктеменің  қол 
жетімді  және  қажетті  мөлшерін  белгілеп,  бағдар 
жасау үшін есепке алып, организмнің жауап беру 
реакцияларын солармен салыстырып, соған сәйкес 
түсетін жүктемені нормаға сай мөлшерлейді. Жүк-
теменің «ішкі» көрсеткіштері жаттығуды орындау 
кезінде  және  соның  нәтижесіндегі  организмнің 
функционалдық және бейімделушілік қабілеттерін 
жұмылдыру дәрежесі жайлы мағлұмат  сол сияқты 
жүктеменің  сәйкес  немесе  сәйкес  емес  екендігін 
терең  бағалауға  мүмкіндік  береді  және  осылар 
есепке алынып, оның мақсатқа лайықты өлшемін 
анықтайды.  Бұл  көрсеткіштерде  жүктеменің  өзі 
ғана емес, сонымен бірге организмнің оған жауап 
беру реакциясы да көрінеді, демек, жүктемені ба-
ра-бар  бағалау  және  дене  жаттығуларын  орындау 
кезінде оның тиімділігін айқындау үшін оның «сы-
ртқы», сол сияқты «ішкі» жақтарын да бірге есепке 
алу қажет[1].
Организмнің бастапқы жағдайы бірдей болған 
қатынасында  жүктемелердің  «сыртқы»  және 
«ішкі»  жақтары  арасында  белгілі  дәрежеде  ша-
малас сәйкестік болады, яғни екеуінде де сыртқы 
параметрлері  бойынша  жүктемелердің  функци-
оналдық  алға  басушылық  өзгерісі  тең  мөлшерде 
іс- жүзінде бір-біріне байланысты болады. Өзінің 
сыртқы параметрлері бойынша жүктемелер неғұр-
лым  үлкен  болса,  организмде  соншалықты  функ-
ционалдық өзгерістер елеулі болады; біріншісінде 
қаншалықты аз болса, екіншісінде де соншалықты 
аз болады. Дегенмен, организмнің бастапқы қалпы 
бірдей емес, алдын ала әртүрлі дайындық деңгей-
інде  және  организмнің  реакция  туғызу  қабілет-
тілігі  әртүрлі  болған  жағдайда  мұндай  сәйкестік 
байқалмайды.  Жүйелі  жаттығу  нәтижесінде  жұ-
мыс  қабілеттілігінің  өсу  шамасы  бойынша  бір-
дей  жүктемеде  «сыртқы»  жағы  біртіндеп  «ішкі» 
жағынан  азая  береді.  Мысалы,  бірдей  жылдам-
дықпен  және  бірдей  созылу  ұзақтығымен  жүгіру 
кезіндегі көп рет қайталанатын жүктеме жүрек-қан 
тамыры  жүйесінің  функциясы  әр  шұғылданудан 
келесі шұғылдануға дейін аз күш жұмсаумен сүйе-
мелденеді, яғни бұл қатынаста оған бейімделу қа-
лыптасатын болғандықтан организмде аз көлемде 
күштену жүреді.
Жүктеменің  жалпы  мөлшері  орындалатын 
жаттығу  үдерісіндегі  оның  көлемі  мен  қарқын-
дылығына  байланысты  болады.  «Жүктемелердің 
көлемі» ұғымы барынша кең мағынада оның уақыт 
бойынша  созылу  ұзақтығы  мен  атқарылған  жұ-
мыстың  жиынтық  санына  жатады.  Мұнда  жұмыс 
тек механикалық емес, сонымен бірге физиологи-
ялық және іс-әрекеттік мағынада ұғылады. «Жүк-
теменің  қарқындылығы»  ұғымы  жұмыстың  зор-
ланып  атқарылуымен  және  оның  уақыт  бойынша 
жинақталу  дәрежесімен  байланысты  болады.  Бұл 
ұғымдардың  нақтылы  мәні,  көлемі  мен  қарқын-
дылығының параметрлері қолданылатын жаттығу 
түрлерімен нақтыланады, сол сияқты жүктемелер 
жеке  жаттығулар  немесе  бірнеше  жаттығулардың 
жиынтығында бағаланатындығына да байланысты 
болады [2].
Әрбір  дене  жаттығуын  кейбір  әсер  етуші 
қозғаушы күш ретінде қарастыратын болсақ, онда 
көлем  ұғымы,  онымен  байланысқан  жүктеме-
лер  бәрінен  бұрын  әсер  етілудің  ұзақтығына,  ал 
қарқындылықтар әсер ету күшіне жатады. 
Мұнда  олардың  тәжірибеде  есепке  алынатын 
көрсеткіштері мына төмендегілер болып табылады:
Жүктеме көлемінің көрсеткіштері  
 
 
Жүктеме қарқындылығының көрсеткіштері
 
 
 
 
 
«сыртқы» жағынан
Жаттығуды орындауға кеткен уақытпен жүгіріп өткен    
Қозғалыс жылдамдығы, қашықтықты
қашықтық метрмен немесе километрмен (циклдық және  
жүгіріп өту жылдамдығы
кешенді құрастырылған жаттығуларда) 
Ауырлықтың жалпы салмағы (мысалы, штангамен  
 
Ауырлықтың бір реттік салмағы
жаттығуда) 
  
 
 
 
 
(жеке қимылға есептелген) қозғалыс қарқыны
Қозғалыстың жалпы саны (циклдар, қимылдық  
 
Жұмыс қарқындылығы (механика өлшем
әрекеттер, қайталаулар) 
 
 
 
 
бірлігімен, кгм/сек)
«ішкі» жағынан
Бастапқы деңгейіне қатынастағы жаттығу кезіндегі    
Жаттығудағы тамыр соғуының қарқындылығы
ЖСЖ (жүрек соғуының созылу жиілігі,  
 
 
(жаттығудағы тамыр соғуы бағалануының
яғни жаттығудың жалпы тамыр соғуының бағалануы)   
оның созылу ұзақтығына қатынасымен сипатталады)
Жаттығудың энергетикалық (қуаттық) бағалануы  
 
Жаттығудың қуаттық орындалу қарқындылығы
(бастапқы қалпымен қатынасындағы оттегіні 
қосымша пайдалану бойынша есептеу жолымен 
анықталатын жаттығу кезіндегі қуаттың жұмсалу 
жиынтығы) 

135
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ми-тәжірибелік  зерттеулерге  ендірумен  байланысты 
оның аппараттық үзіліссіз тікелей тіркелуіне мүмкіндік-
тер соңғы жылдары барынша жиі пайдаланылуда.
Организмде газ және қуат алмасуын қатаң анықтау 
арнайы  ғылыми  тәжірибелік  зерттеу  жағдайында 
қамтамасыздандырылады.  Дене  мәдениеті  жүйесінің 
іс-тәжірибесінде  бұл  көрсеткіштер  әдетте  есептеу  ке-
стелерінің  және  жеңілдетілген  тесттер  жүйесі  түрінде 
есептеледі. 
 
1-сурет. Жеке жаттығулардағы жүктеменің көлемі мен қарқындылығы параметрлерінің ара қатынасы. 
Механикалық жұмыстың және оның қуаттылығының 
дәл өлшем есебі еңбектенуді талап ететін ұзақ операция 
болып табылады, сондықтан дене тәрбиесінің іс-тәжіри-
бесінде  бұл  көрсеткіштер  әдетте  шамамен  есепке  алы-
нады.
Жүрек соғуы жиілігін (ЖСЖ) пальпаторлық анықта-
умен  (қолмен  басып  көру)  қатар  соңғы  жылдары  іс 
тәжірибеде телеметрлік және басқа автоматтандырылған 
жүйелерді  (аз  көлемді  кардиометрия  және  т.б.)  ғылы-
А-жүгіруден  әлемдік  рекордттар  көрсет-
кіштері  бойынша  жылдамдық-уақыт  байланы-
стылығы  графигі  (пунктирлық  сызықшалармен 
қатынастық  жұмыс  қуаттылығы  зонасы  бөлініп 
көрсетілген, ал уақыт шкаласы логорифмдік өзге-
руде көрсетілген); Б-«ауырлық көтеру мен шегіне 
дейін қайталау саны мөлшерінің» байланыстылық 
графигі (эксперименттік зерттеу тобындағы спорт-
шылардың  штанганың  әр  түрлі  мөлшердегі  сал-
мағын сериясымен қайталап көтеруінің шегіндегі 
санымен  орташа  мәліметі  статистикалық  әдіспен 
тураланған  қисық  сызық).  Жоғарыдағы  дәйекте-
ме  көрнекті  Ресей  ғалымдары  В.М.Зациорский, 
Н.Г.Кулик, және Н.И.Волковтардың ғылыми зерт-
теулері бойынша дайындалды.
Дене  жаттығуларын  орындау  кезіндегі  жүк-
темелердің көлемі мен қарқындылығының ара қа-
тынасы  принципінде  кері  пропорциональды  бай-
ланыстылығымен  сипатталады,  яғни  жаттығуда 
берілетін  жүктеменің  көлемі  үлкен  болған  сайын 
оның  қарқындылығы  да  төмен,  керісінше  жүкте-
менің қарқыны үлкен болған сайын, оның көлемі 
де аз болады.
Бұл ара қатынас циклдық сипаттағы жаттығу-
лардың  жылдамдығы  мен  созылу  ұзақтығы  ара-
сындағы  байланысты  көрсететін  графикте  жақсы 
көрсетілген (1сурет, А). 
Сол сияқты, ауырлықпен және ауырлық мөл-
шерімен  қозғалыстың  мүмкін  болатын  санымен 
арасындағы байланыс та жақсы көрсетілген (1 су-
рет, Б).
Жүктеме  көлемі  параметрлерінің  заңды  жи-
нақталуы бойынша қарқындылығы шегіндегі мөл-
шерге  жақындайды  (немесе  керісінше),  әр  түрлі 
ұзақтықтағы  және  қуаттылықтағы  жұмыстың 
жекелеген  физиологиялық  және  биохимиялық 
ерекшеліктерімен  түсіндіріледі,  яғни  бұлар  жат-
тығуларды  «қатынастық  қуаттылықтағы  зоналар» 
бойынша топтастыру үшін негіздеме болады (В.С.
Фарфель және т.б.).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Матвеев Л.П. Основы общей теорий и спорта и системы подготовки спортсменов – Киев., 1999(266-278с.).
2.Годик М.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок- Москва., 1980(380-397с.)
3.Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. Учебник для пед институтов - Москва., 1990( 98-
111с.)
4.Холодов Ж.К.,Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. Учебное пособие для студ. 
высшых учебных заведении - Москва., 2001(14-18с)
5.Матвеев  Л.П.  Теория  и  методика  физической  культуры.  Учебник  для  высшых  специальных  физкультурных 
учебных заведений - Москва., 2002

136
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ:380:200.2
Баетов Дүйсенбек Мынжасарович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  магистр-оқытушы,  Түркістан қаласы
Калиев Нуржан Кажимуханович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, Түркістан қаласы 
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН СПОРТҚА ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Түйін. Бұл мақалада спортпен шұғылданушы студенттердің жеке тұлғасын қалыптастырудың динамикалық 
ерекшелігі    қарастырылады.  Сонымен  бірге  Дене  мәдениеті  мен  спорттың  педагогикалық  процесін  талдау  және 
бағалау оқытып, үйрету нәтижелерінің педагогикалық диагностикасымен байланысты. Тәртіп бойынша, оқытып, 
үйрету нәтижелерін бағалаудың мына негізгі үш қызметі айырмаланады: бақылаушы, түзетуші және оқытып, үй-
ретуші. Бағалаудың бақылау қызметі оқыту нәтижелерін жүйелі белгілеп отырумен маңыздылығы айтылған.
Кілтті сөздер: Жеке тұлға дамуы, өзін-өзі дамыту,   білім беру,  жетілдіру, дағды.
Резюме. В этой статье рассматривается формирование идентичности студентов, занимающихся спортом бу-
дут представлены динамичным. В то же время, физическая культура и спорт в учебном процессе анализа и оценки 
результатов  обучения  и  подготовки  педагогических  диагностики.  Оценка  результатов  обучения  для  того,  чтобы 
научить трех основных типов: контроль, корректирующие и учить. Создание системы мониторинга результатов 
исследования оценки важности этого.
Ключевые слова: Развитие личности, саморазвитие, образование,   совершенствование, навык.
Summary. This article discusses the formation of the identity of the students involved in sports will feature dynamic. At the 
same time, physical culture and sports in the educational process of analysis and evaluation of the education and training of 
pedagogical diagnostics. Assessment of learning outcomes in order to teach the three main ayırmalanadı: control, corrective 
and teach. Creating a system for monitoring the results of studies assessing the importance of this.
Keywords: Personal development, self-development, education, improvement and skill.
Дене  мәдениеті  –  қоғамның  және  жеке  тұлға 
мәдениетінің  органикалық  бөлігі.  Оның  ерекше 
мазмұнының негізін өмірлік тәжірибеде дене дай-
ындығының қозғаушы күші ретіндегі қозғалыс қы-
зметінде,  адамның  дене  мүмкіндігі  жағдайы  мен 
денсаулығын жақсартуда тиімді пайдалану құрай-
ды.
Дене  мәдениеті  бойынша  педагогикалық  про-
цестің  негізгі  қызметі    шұғылданушыларды  оқы-
тып, үйрету, тәрбиелеу және дамыту болып табы-
лады.
Дене  мәдениетінің  бұл  қызметтерін  жүзеге 
асыру  қазіргі  уақытқа  дейін  елеуі  қиындықтар 
туғызуда.  Оқу  сабақтары  мен  спорттық-көпшілік 
жұмыстарды  талдау  көрсеткендей,  мектепте  дене 
мәдениетімен шұғылданушылардың тек 60% ғана 
дене  жаттығуларымен  белсенді  шұғылданады 
екен. Сондықтан олардың көпшілігі қозғалыс бел-
сенділігінің  қажетті  нормадағы  мөлшерін  ала  ал-
майды. Адам ағзасының биологиялық ұзақ уақыт 
алынбаған  қажетті  дене  жүктемесі  денсаулықтың 
нашарлауына әкеледі.
Мұндай  жағдайдың  себептері  мыналар  болуы 
мүмкін:
•  шұғылданушылардың денсаулық жағдайы;
•  дене  мәдениеті  мен  спорттың  мәнін  бағала-
мау;
• оқу-тәрбие процесінің білікті спорт маманда-
рымен қамтамасыз етілмеуі;
• нашар материалдық-техникалық база;
•  қажетті  спорттық  құрал-жабдықтардың  бол-
мауы
Жас  ұрпақты  оқытып,  үйрету  және  тәрбиелеу 
өскелең  өмірдегі  қоғамдық  прогрестің  деңгейіне 
сәйкес келу үшін дене сапаларын жетілдіру және 
жан-жақты  дамытуға  бағытталған  дене  мәдени-
етінің формалары мен әдістері құралдарының ке-
шенді  шаралары  қолданылады.  Оқытып,  үйрету 
процесі мыналарды алдын ала қарастырады:
• жеке дене белсенділігі негіздерін меңгеру;
•  дене  мәдениетінің  дағдыларын,  білім  және 
біліктілікті меңгеру;
• үйлесімділік қабілеттерін дамыту;
•  өздігінен  дене  мәдениеті  -  сауықтыру  және 
спорттық қызметтің  дағдыларын қалыптастыру;
•  ерік-жігер,  адамгершілік  сапалары  мен 
ақыл,ой қабілеттерін дамыту.
Бұған  дене  мәдениеті  мен  спорттық  қызмет 
барысында адамгершілік және қарым-қатынас қу-
анышы  сияқты  сапалық  қасиеттерді  қалыптасты-
руды қосуға болады.
Оқушылардың  дене  сапаларын  үйлесімді  да-
мыту  үшін  оқытып,  үйрету  барысында  дене  мә-
дениеті пәнінің оқытушылары өз іс тәжірибесінде 
мыналарды пайдалануы тиіс:
•  қазіргі  заманғы  психологиялық-педагогика-
лық  және  психологиялық-физиологиялық  техно-
логияларды  қолдану  негізінде  оқытып,  үйретуді 
жандандыру және қарқынды жүргізу;
•  жеке  тұлғаның  үйлесімді  дамуын    қалыпта-
стыруға іскерлік қатынаспен келу.
Оқытып,  үйретуге  іскерлік  қатынаспен  келу, 
яғни оқушыларды тек дайын білім мен біліктілік-
ті ғана меңгерту емес, сонымен бірге оларға дене 

137
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
мәдениеті  сауықтыру  қызметінің  жаңа  тәсілдерін 
үйренуге бағдар беру болып табылады.
Педагогикалық  процесті  жандандыру  ұғымы  
мына келесілермен түсіндіріледі: 
•  оқу-тәрбие  қызметінің  қарқындылығын  арт-
тыру;
•  оқытып,  үйретудің  мақсатты  бағыттылығы 
және дене мәдениетімен және спортпен шұғылда-
нуға қызығушылықты күшейту;
• оқытып, үйретудің шығармашық үлгілері мен 
әдістерін қолдану;
• оқу ақпаратын меңгерту және беруде компью-
терлерді және басқа техникалық құралдарды пай-
далану.
Дене даярлығы мықты, жоғары өнегеліліктегі, 
ерік-жігер,  адамгершілік-рухани  және  психологи-
ялық сапаларын меңгерген студенттерді дайындау 
үшін жоғары оқу орындарында барлық мүмкіндік-
тердің бар екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
Алайда  оқу  процесін  күшейту,  жаңа  пәндерді 
ендіру, оқытып, үйрету жүйесін компьютерлендіру 
әдеттегі оқу және демалыс қарқынының бұзылуы-
на,  дене  және  жүйке-психикалық  жүктемелердің 
артуына әкеледі.
Назар  салудың  тұрақты  күшеюі,  әрекеттің  өз 
уақытындағы  дәлдігі,  жоғары  дәрежедегі  жауап-
кершілік артық қажуға және жүйкенің бұзылуына 
әкеледі.
Оқытып, үйретудің қарқынын күшейту кезінде 
жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін оқушы-
ларға дене мәдениетімен шұғылдану сабақтарында 
қалыптасатын  белгілі  дәрежедегі  қозғалыс  дағ-
дыларын  және  арнайы  психологиялық  сапаларды 
меңгеру қажет.
Қазіргі  қолданыстағы  білім  беру  жүйесіндегі 
дене  мәдениеті  мен  спорт  басқа  оқу  пәндерімен 
үзіліссіз байланыстағы оқытып, үйрету және тәр-
биелеу  процесінің  міндетті  және  бөлінбейтін 
бөлігі болып табылады. Бұл байланыс әрекет ны-
саны-шұғылданушы  және  әрекет  мақсаты  жеке 
тұлғаның жоғары социализациясын қалыптастыру 
болып саналады. [3,4,5].
Дене  мәдениеті  бойынша  педагогикалық  қыз-
меттің  мақсаттарын  жүзеге  асыруда  жалпы  және 
жеке ерекшелік сипаттары бар оқытып, үйретудің 
әртүрлі құралдары, үлгілері мен әдістері пайдала-
нылады.
Сонымен, сабақта міндетті түрде оқушылардың 
жас  ерекшеліктері,  жасөспірімдер  мен  бойжет-
кендердің  дене  дайындығы  ерекшеліктері  есепке 
алынады.  Шұғылдану  сабағы  пайдалы  болу  үшін 
оқытушы (жаттықтырушы) дене жаттығуларының, 
спорттық машықтанудың оқытып, үйрету әдістері 
мен ерекшелігі бар үлгілерін пайдаланады.
Дене мәдениеті бойынша білім мен біліктілік-
ті табысты меңгеру оқушыларға мына мүмкіндік-
терді береді:
•  басқа  пәндер  бойынша  үлкен  білім  көлемін 
меңгеру;
• дененің бабындағы жақсы жағдайын сүйемел-
деу;
•  алға  қойылған  міндеттерге  сәйкес  сабақ  үл-
герімін арттыру.
Осындай  бейнеде,  білім  беру  жүйесінде  дене 
мәдениеті  басқа  пәндермен  білім  беру  мақсатта-
рын орындауда бірін-бірі толықтырып тығыз бір-
лікте болады.
Оқушылардың дене дамуының білім беру мақ-
саттарына мыналар жатады:
• дене сапаларының ұтымды даму деңгейі;
•  денсаулықты  сақтау  және  нығайту,  ағзаны 
шынықтыру;
• дене құрылысын жетілдіру және ағзаның фи-
зиологиялық қызметтерін үйлесімді дамыту;
•  жалпы  және  кәсіби  жұмыс  қабілеттілігінің 
жоғары деңгейін ұзақ уақыттар сақтау.
Осы мақсаттардың барлығы бір-бірлерімен өза-
ра  байланысты.  Алайда  оқытып,  үйретудің  әрбір 
сатысында алға қойылған мақсаттарды орындауда 
басымдық көрсетуі немесе бірнеше бағытта берілуі 
мүмкін. Осыған сәйкес білім беру міндеттері мен 
оны іске асыру құралдары анықталуы тиіс.
Оқытып,  үйрету  үдерісінде  шешілетін  білім 
беру міндеттеріне мыналар жатады:
• өмірде маңызды және кәсіби қажетті қозғалыс 
біліктілігі мен дағдыларын жекелей қалыптастыру 
және оларды сапалы жетілу дәрежесіне дейін жет-
кізу.
Жалпы педагогикалық міндеттердің көмегімен 
өнегелілік,  идеялық-патриоттық  және  еңбекке 
тәрбиелеу  мәселелері,  сол  сияқты  адамгершілік, 
ереік-жігер, сезім күйі сапалары мен эстетикалық 
қажеттіліктер жүзеге асырылады.
Оқушыларды оқытып, үйрету және тәрбиелеу-
дің мақсаттары мен міндеттерін орындаудың басты 
алғы шарттары мыналар болып табылады:
•  жастардың  дене  мәдениетіне  мотиваци-
ялық-құндылық  қатынастарын  алдын  ала  қалып-
тастыру;
• салауатты өмір бейнесін қалыптастыру және 
дене сапаларын жетілдіру;
• дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі 
шұғылдануға деген қажеттілік;
• дене мәдениеті негіздерінен білімі  бар және 
жоғары  тәжірибелік  дағдыларын  меңгерген  білім 
беру мекемелерін бітірушілерді даярлау;
•  жұмыс  қабілеттілігін  төмендетпей  оқу  және 
кәсіби  қызмет  барысында  дене  және  психикалық 
қажуға  қарсы  тұра  білу  (төзімділік)  қабілеттерін 
қалыптастыру;
•  өз  бетімен  дене  жаттығуларын  өткізу  және 
жоспарлай білу.
Оқушылардың  жақсы  денсаулығы  мен  дене 
мүмкіндігі  жағдайы  дене  мәдениетінен  білім  бе-
рудің  ерекше  және  динамикалық  педагогикалық 
процесінің басты нәтижелерінің бірі ретінде қара-

138
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
стырылуы тиіс.
Дене  мәдениеті  -  жеке  тұлғаның  жан-жақты 
үйлестікте  дамуының  маңызды  құралы,  дене  са-
паларын жетілдіру бойынша адамның алға өсуінің 
әлеуметтік қозғаушы күші.
Тәрбиелеу - тәрбиенің мақсаттары мен міндет-
терін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеле-
нушінің бірлескен қызметі нәтижесінің үдерісі. 
Дене тәрбиесі білім беру процесінің құрамдас 
бөлігі  ретінде  шұғылданушылардың  дене,  өне-
гелілік-психологиялық және адамгершілік сапала-
рын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Оқу  сабақтарында,  жаттығуларда  және  спорт-
тық  жарыстарда  студенттерде  оқытушылардың, 
ұжымның  және  белгілі  бір  жағдайлардың  әсер 
етуімен  қажетті  адамгершілік,  ерік-жігер  және 
психологиялық сапалары қалыптасады.
Жаттығуларды  жүйелі  орындап,  студенттер 
өздерінің  дене  және  психологиялық  сапаларын 
жетілдірудің  қажеттілігін  сезінеді.  Оларда  қоғам-
ның  белсенді  мүшесі  ретінде  өз  сеніміне  сәйкес 
ұжымда әрекет ету қажеттілігі пайда болады.
Дене мәдениеті - спорттық шаралар барысында 
студенттер өзара көмектесу және бірін-бірі қорғау 
қалыптасатын ұжымда болады, достық қарым-қа-
тынас нығаяды.
Дене мәдениеті мен спорт патриоттыққа тәрби-
елеудің маңызды құралы болып табылады, яғни өз 
халқына  деген  сүйіспеншілік,  оның  салт-дәртүр-
лерін силау.
Дене мәдениеті - спорттық қызмет дербестікті, 
тапсырылған  іске  жауапкершілікпен  қарау,  жол-
дастарына  көмек  беруге  дайын  болу,  сол  сияқты 
өнегелі,  адал,  жеңіске  деген  жігерлілік  әділет-
сіздікке  және  өтірікке  кешірімсіздік  және  т.б.  қа-
лыптастырады.
Барынша жоғары нәтижеге жету қажет болған 
жағдайда  үлкен  жүктеме  мен  дене  жаттығуларын 
көп  реттік  қайталау  кезінде  ойлау,  жад,  назар, 
ерік-жігер, көңіл-күй және т.б.барлық психикалық 
үдерістер қосылады.
Сабақтарда жаттығуларды, әдістерді және әре-
кеттерді  орындау  олардың  сипаттамасына  сәйкес 
оқытушының  (жаттықтырушының)  тапсырма-
лары  бойынша  және  оның  тікелей  бақылауымен 
нақты,  дәл  жүзеге  асырылады.  Спорттық  этика-
мен  белгіленген  қатынасты  сақтау  студенттердің  
тәртіптілігін,  жеке  беделін    сезінуіне  мүмкіндік 
жасайды
Студенттер жүйелі жаттығу және қарсыласымен 
адал сайыс есебінен белгілі бір нәтижеге жететін 
дене мәдинеті бойынша сабақтар ғана адамдық қа-
нағаттану сезімін әкеледі.  Әдетте оқу топтпры өз 
құрамы  бойынша  көп  ұлтты.  Дене  мәдинеті  бой-
ынша  сабақ  оқытушының  (жаттықтырушының) 
басшылығымен  студенттердің  арасында  достық 
қарым-қатыныс,  өзара  көмектесу  сезімі,  сыйла-
стық  және  өзара  тілектестік  қалыптасатыңдай 
бейнеде  өзкізілгені  дұрыс.  Тәжірибелі  оқытушы 
студенттің жеке тұлғасының қандай да бір сапала-
рын  қалыптастырудың дербес сипатта болатынын 
біледі.  Әрбір  үйренуші,  қиындықтармен  кезде-
скенде әртүрлі әсерде болады. Сондықтан дене мә-
динеті  бойынша  тәрбие  жұмыстарында  оқытушы 
(жаттықтырушы) әрбір студентті дайындау кезінде 
оның жалпы және дене дамуына жағдай туғызатын 
адамгершілік,  ерік  –  жігер  және  психологиялық 
сапаларын  барынша  жоғары  дәрежеде    қалыпта-
стыруға  мүмкіндік  туғызатын  жаттығуды  немесе 
спорт түрін пайдалануға талаптанады. [6,7,8].
Тәрбие жұмысына диференциялды тәсіл қажет. 
Алайда қажетті адамгершілік, ерік-жігер сапалары 
оқытушының да, үйренушінің де тек сапалы және 
мақсаты бағытта қатысуы кезінде ғана қалыптаса-
ды.  Педагогикалық  үдерісте  дене  жүктемелерін, 
дене жаттығуларының түрлері мен әдістерін ірік-
теуді  жүзеге  асыру  маңызды,  яғни  оларды  өткізу 
әдістемесіне  үйренушілердің  қызығушылығын 
туындату,  осындай бейнеде оның қәбілеттері мен 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  дене  мәдениетін  меңгеру 
дағдыларын  қалыптастыру.  Тәжірибелі  оқытушы 
(жаттықтырушы)  әртүрлі  спорт  түрлерінен  үйре-
нуші жеке тұлғалардың қайсы бір сапаларын  да-
мытуда  қандай мүмкіндіктері  болатынын туралы 
мағлұматы  болады. 
Батылдық  және  шешімшілдік,  табандылық 
және  қажырлылық,  бастамашылдық  және  тапқы-
рлық, ұстамдылық және өзін өзі меңгере білу си-
яқты сапалар  жеңіл атлетика,   суға жүзу, шаңғы 
жарысы  және  т.б.  спорт  түрлерінен  сабақ  өткізу 
кезінде  шұғылданушыларда қалыптасады.
Бұл  сапалар  арнайы  жаттығуларды  пайдалану 
барысындағы жаттығуларда және сайыстарда  мақ-
сатты  бағытта  қалыптасуы  мүмкін.  Мысалы  егер 
студент    жүзе  алмаса    және  суға  түсер  алдында 
бойында  қорқыныш  болса,  онда  оған  бастапқыда 
дайындық жаттығуларын орындауды үйрету, яғни 
тыныс  алуды,  реттеу,  құрғақта  жүзу  қозғалыста-
рына  машықтану,  содан  кейін  денені  су  бетінде 
ұстау үшін суда жаттығу қажет. Бұл судан қорқуды 
жеңуге, сонымен бір мезгілде табандылықты және 
батылдықты  қалыптастырады.  Белгілі  кеңістік-
ті және уақытты қабылдау, аралықты дәл бағалау 
қабілетін  гимнастикалық  қондырғыларда,  спорт 
ойындарында, жеңіл атлетикада және шаңғы дай-
ындығындағы  арнайы  жаттығулар  жолымен  қа-
лыптастыруға болады. Сол сияқты сыртқы кедер-
гілерге  орнықтылық,  назар  аудару,  белсенділік 
әртүрлі жаттығуларды орындау барысында қалып-
тасады. Мысалы, студенттерде оқу кезінде зорла-
нушылық,  бұлшық  ет  бөгелушілігі,  шиеленіскен 
немесе  баяуланған  реакция  пайда  болуы  мүмкін. 
Бұл  кемшіліктерді  бұлшық  еттердің  еркінше  бо-
саңсу  дағдыларын  дамытуға  және  жүрек-қан  та-
мыры мен тыныс алу жүйелерінің қызметін қалы-
пқа түсіруге бағытталған жекелеген жаттығуларды 

139
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
орындау арқылы жеңуге болады.
Сабақтарда  шұғылданушылар  ынта  көрсетуі, 
өз  күші  мен  қабілетіне  сенуі  үшін  оларға  соған 
сәйкес жағдай жасау қажет. Жаттығуларды орын-
даудағы қателіктерді әдептілікпен, сыпайы түзету 
үйренушілердің жасқаншақтығы мен өзіне сенім-
сіздігін жояды, олардың жоғары нәтижелерге жету 
ынтасын туындатады.
Спортпен шұғылданушылардың бір-біріне өза-
ра  өнегелілік  қарым-қатынасы  жаттығулар  мен 
жарыстарда дамиды және жетіледі, өйткені спорт 
әділ бәсекелестікті мазмұндайды.
Студенттерді  жарыстарда  төрешілік  етуге, 
спорт  мекемелері  мен  спорттық  кештерді  өткізу-
ді  ұйымдастыру  жұмыстарына  қатыстыру  қа-
жет.  Олардың  спорттық-көпшілік  жұмыстардағы 
жетістіктерін  баспасөзде  және  жергілікті  телеви-
зиялық  хабарларда  атап  өту  қажет,  яғни  әртүрлі 
марапаттаулар  арқылы  студенттердің  дербестігі, 
тапқырлықтары  және  өзара  бір-біріне  көмектесу 
сезімдері  жетіледі.  Тәрбие  жұмыстарының  маңы-
зды бағыты студенттердің қоғамдық жұмыстарды 
атқаруы болып табылады.
Қоғамдық  пайдалы  қызметті  орындау,  яғни 
спорт  жарыстарын  үйымдастыруға,  майда  сынып 
топтарындағы,  шефке  алған  мектептердегі,  спорт 
секцияларындағы шұғылданушылардың дене дай-
ындығын  тексеруге  қатысу  нәтижесінде  студент-
тер ұйымдастыру әдістемелік және тәрбие жұмы-
старынан  тәжірибе  жинақтайды,  сонымен  бірге 
олардың кәсіптік жетілуі жүреді.
Дене  мәдениеті  мен  спорт  бойынша  сабақтар 
ҚР  заңдарына,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлі-
гінің  нормативті  актыларымен (бұйрық, шешім), 
ЖОО  ректоратының  бекіткен  оқу  жоспарлары 
және  бағдарламаларына  сәйкес  жүргізіледі.  Бұл 
құжаттарда  білім  алушылардың  әрбір  санатына 
арналған  талаптар  айқындалған.  Осылардың  бар-
лығы  студент  жеке  тұлғасының  қалыптасуына 
оңды әсер етеді, жауапкершілікті және борышкер-
лік сезімін оятады.
Спорттық  мерекелердің,  жарыстардың,  спар-
такиадалардың  және  басқа  спорттық  -  көпшілік 
шаралардың ашылу салтанатына ҚР еңбек сіңірген 
спорт қайраткерлерін, Әлемдік, Халықаралық жа-
рыстардың жеңімпаздарын, республикаға танымал 
спортшыларды, сол сияқты дін басыларын шақыру 
мақсатқа лайықты болады, өйткені бұл жолдастық, 
достық,  туыстық,  теңдік  сезімді,  ізгілікті  бәсеке-
лестік  дағдыларын  қалыптастыруға  бағыттайды. 
Мұнда спорттық мерекелерді, эстафета, олимпиа-
да, спортшылардың көріністік көрсетілімдері, сол 
сияқты спорттық тақырыптық күштер, басқа ЖОО 
студенттерімен    спорт  түрлері  бойынша  жолда-
стық кездесулер, туристік жорықтар мен саяхаттар, 
атақты  спортшылармен  кездесулер    мен  ұйымда-
стру және өткізу маңызды орын алады.
Студенттердің  адамгершілік,  өнегелілік,  ерік  - 
жігер сапаларын қалыптастыруда мына тәрбие жұ-
мыстарын жүйелі ұйымдастырудың үлкен маңызы 
бар: сұхбаттасу, баяндама және лекция, спорт арда-
герлерімен  кездесу, кештер және оқырмандар кон-
ференциясын, өткізу, театрға бару, кино фильмдер 
көру, іскерлік ойындары, дискотекалар, көрмелер, 
жергілікті теле хабар және радио хабарлар тыңдау, 
фотомантаж,  газеттер  шығару.  Ұлттық,  спорттық 
дәстүрлерге  тәрбиелеудің  маңыздылығы  өте  зор. 
Білім беру мекемелерінде әдетте спорт мұражайы, 
спорт  даңқы  бөлмелері  жасақталып  ондағы  стен-
дыларды  спортта  ерекше  құрметтейтін  экспанат-
тар, громатолар, жеңіс кубоктары, дипломдар мен 
спорттың  жоралғы  заттары  үйлестікте  қойылып 
безендіріледі. Мұнда атақты спорттшылармен әй-
гілі  жаттықтырушылармен  кездесулер  өткізіледі 
спорттық  грамоталармен  дипломдармен,  төс  бел-
гілермен  және  медальдармен  марапаттау  дәстүр-
лері өтеді[5,6,7].
Студенттерді тәрбиелеуде басқа әртүрлі кәсіпо-
рындар  ұжымы  мен  білім  беру  мекемелерінің 
оқушыларын  шефке  алып,  көмек  беру  жұмыста-
ры  оңды  әсерін  тигізеді.  Олармен  әртүрлі  спорт 
түрлері  бойынша  жолдастық  кездесулер  өткізуге, 
спорт  ғимараттарын  жөндеу  және  қызмет  көрсе-
туде,  спорт  қондырғыларымен,  құрал  жабдықта-
рымен  қамтамасыздандыруда  қолдан  келетін 
көмегін  беру  барысында  бір-біріне  жәрдемдасуге 
болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі  Түркістан. Тұран баспаха-
насы.2004ж.
2. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі Түркістан. «Тұран» баспаханасы.2007 ж.
3.Ахмедзянов М. Н. Физическое воспитание учащихся в деятельно¬сти начинающего педагога: учеб-
ное пособие. Челябинск. 1997.Баранов В. А.,
4. Венглинский Г. П., Столяр К. Э. Теория и практика физической культуры в вузе. М., 2004.
5. Барчуков И. С. Физическая культура: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. М.: 
ЮНИТИ, 2003.

140
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет