Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

Мамиров Ерлан Нарзуллаұлы
  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы
СПОРТ ТҮРІНЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Бұл мақалада дене тәрбиесі мен спорттық қызмет жүйесінде жеке тұлғаның қалыптасуының  бағытта-
ры қарастырылған. Сонымен қатар спортшының психологиялық жағдайы мен оның жеке топтарындағы қарым-қа-
тынастарының алатын орны, спорт қызметінің отандық тәрбие жүйесіндегі маңыздылығы баяндалған.
Резюме. В этой статье рассмотрены направления формирования личности в системе физической культуры и 
спорта. А также приведены  значимость спортивной деятельности в  системе воспитания и психологическое состо-
яние спортсмена, его роль в  взаимоотношениях. 
Summary.  This article discusses the direction of the formation of personality in the system of physical culture and sports. 
And given the importance of sporting activities in the system of education and psychological state of the athlete, his role in the 
relationship.
Дене  тәрбиесі  мен  спорттағы  бірегей  оқытып 
үйрету және тәрбиелеу процесі тек қана дағдыла-
ры мен біліктілікті арнайы спорттық қабілеттерді 
дамытуға  бағытталып  қана  қоймайды,  сонымен 
бірге адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырады. 
Спорт (ағыл. Sport – ойын, әуестену) – адамның 
денсаулығын  нығайту,  түрлі  жарыстарда  жоғары 
көрсеткіштерге  жетуі  үшін  қолданылатын  жат-
тығулар. Арнайы ережелермен, әдіс және тәсілдері 
бар, спорттық құрал-жабдықтардың бір түрін пай-
даланып,  белгілі  бір  нысана  көздеп,  жеңіп  шығу 
мақсатында,  әр  түрлі  козғалыстар  жасау  арқылы 
іске асатын ойындар спорт ойындары деп аталады. 
Қазақстанда спорттың елуден астам түрі дамыған. 
Спорттың  олимпиадалық  түрлерінен  басқа  қазақ-
ша  күрес,  бәйге,  көкпар,  қыз  қуу,  тоғыз  құмалақ 
сияқты түрлері, ұлттық спорт ойындары да едәуір 
дамыған және дамып келеді [1].
Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  тәрбиенің  барлық 
жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі және адамның 
сан  түрлі  қызметі  түрлерінде  әлеуметтік  айқын 
белсенділігі процесінде жүреді. 
Кемеліне келіп дамыған қазіргі қоғам жағдай-
ындағы адамның еркі мен міндетінің өзара байла-
ныстылығына  Егеменді  еліміздің  өскелең  өнегелі 
ұрпақтарының  өмір  бейнесі  қызмет  етеді.  Пси-
хологиялық  тұрғыда  жеке  тұлғаның  психикалық 
құрылымының қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Бұл  ерекшеліктері  жеке  тұлғаның  нақтылы 
ауқымдағы және іс жүзіндегі қызметінің әр түрін-
дегі белсенділігін іске асырудың маңызды бөлігін-
дегі  психомоторлы  өрісінде  де  көрінеді.  Оларды 
жетілдіру және бекіту процесі екі бағытта жүреді. 
Олардың біреуі психикалық қасиеттердің, жағдай-
лардың  және  процестердің  жалпы  жетілдірілуі. 
Ол іскер жеке тұлғаның белсенділігін өмірде және 
өзінің әр түрлі қызметінде көрсетуінде мүмкіндік 
жасайды.  Ал  екіншісі  психикалық  қабілеттерін, 
жағдайын,  процестерін  арнайы  бағытпен  жетіл-
діру болып табылады [2]. 
Бұл қызметтің әрбір нақтылы түрінің талапта-
рымен, ерекшелік жағдайларымен анықталады. 
Дене тәрбиесі мен спорттық қызмет жүйесінде 
жеке тұлғаның қалыптасуы осы екі бағытта жүреді. 
Сондықтан  да  дене  мәдениетімен  және  спортпен 
шұғылданушыларда  жаңа  қоғамның  озық  ойлы 
адамдары үшін таңдап алған спорт түріндегі жет-
кен  жоғары  нәтижелеріне  байланысты  дене  сапа-
ларын арнайы бағытта дамытатын жеке тұлғаның 
құрылым бейнесі қалыптасады. 
Жалпы  және  арнайы  бағытта  дамыған  психи-
калық  құрылымы  жиынтығын  іскер  спортшының 
жеке  тұлғасын  Егеменді  еліміздің  азаматы  ретін-
де және оның жеке қайталанбайтын спорттық та-
лантын  сипаттайды.  Жеке  тұлғаның  психикалық 
құрылымын  қалыптастыру  процесінде  қоғам  мен 
мемлекет, оқыту және тәрбиелеу қызметін міндет-
теген  арнайы  институттар  басты  роль  атқарады. 
Алайда  өскелең  өмір  ұрпақтары  білімді,  білік-
тілікті,  өмір  сүрудің  жалпы  талаптарын  және  мі-
нез-құлық дағдыларын бағытты қалыптастырудың 
енжар пайдаланушысы емес, керісінше іскер жеке 
тұлға ретінде бұлар арқылы қаруланады және жан 
дүниесін байытады. 
Осындай жеке тұлғаның  жетілуі және өзін-өзі 
жетілдіруі  өзара  сіңісу  процесінде  дене  тәрби-
есі  мен  спорт  қызметі  отандық  тәрбие  жүйесінің 
бөлінбейтін бөліктерінің бірі болып табылады [3].
Адамның идеялық бағыттылығы оның дүниета-
нымынан, көзқарасынан, ұстанымынан, қажеттілі-
гінен және қызығушылығынан туындайды. Оның 
қалыптасуының және бекуінің шешуші қозғаушы 
күші ретінде сол қызметтің идеялық бағыттылығы 
оның  ішінде  спорттық  қызмет  көмектеседі.  Көр-
некті  кеңес  спортшылары  туралы  биографиялық, 
автобиографиялық  очерктері  мен  кітаптардағы 
контекст-талдаудың    жәрдемімен  оқып  зерттеу 
нәтижесінде  –  спорттық  гимнастика,  жеңіл  атле-
тика,  ауыр  атлетика,  суға  жүзу,  футбол,  хоккей, 
шаңғы, конькимен сырғанау спорты және академи-
ялық өсу өкілдеріні сипаттайтын жеке тұлға ретін-
дегі психикалық қырлары дәлелденген [4]. 
Егеменді  еліміздің  жеке  тұлға  ретінде  спорт-
шыларының  қатынастық  жүйесін,  психикалық 

148
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
қырларының  жалпы  бағытын  азамат  ретінде  си-
паттайтын жағы идеялық ұстанымында, Отан сүй-
гіштігінде, отанға және қазақ халқына берілгенді-
гінде,  өз  ісіне  және  қылығына  жауапкершілікпен 
сезінуінде көрінеді. 
Адамгершілік қатынастың жиынтығы көрінетін 
жеке тұлғаның орнықтылық белгісі мінез құрылы-
мын көрсету болып, ал мінез жеке тұлға құрылы-
мындағы  өзегі  болып  табылады.  Сондықтан  бұл 
сипат  белгілері  жалпы  бағыттылық  бірлігінде 
спортшы  жеке  тұлғасының  психикалық  құрылы-
мының  негізгі  сипаты  ретінде  санауға  болады. 
Олар  спорттағы  барлық  өмір  жолы  барысында 
барынша үлкен айқындық алады, нығаяды, жетіл-
діріледі  және  басқа  да  психикалық  процестердің, 
жеке  тұлға  қасиеттерінің  арнайы  бағытталып  да-
муы,  оның  ішінде  спортшы  талантын  ашу  үшін 
қызмет  етеді.  Олар  жеке  тұлғаның  барлық  басқа  
өмірі, өрісі мен қызметінде барлық өмір жолы ба-
рысында психикалық құрылымның көріну негізін 
құрайды.  Жоғарыда  мысалға  келтірілген  жеке 
тұлғаның психикалық құрылым белгілерінің ішін-
де әр түрлі ұнамсыздары, жалпы әрбір спортшыда 
көрінуінің  жекелеген  айырмашылығы  болатыны 
жасырын емес [5]. 
Бұл  белгілер  әрбір  спортшыда  жеке  әр  түрлі 
деңгеймен  қалыптасқан:  біреулерінде  –  бір  бел-
гілері, ал екіншісінде – басқасы ерекше көрінеді. 
Қалай болғанда да өркениетті еліміздің спортшы-
лары үшін олар әдеттегідей тән. 
Жеке  тұлғаның  психикалық  құрылым  белгісін 
немесе  спорттың  маңызды  сапаларын  арнайы 
бағытпен  дамытуды  мысал  ретінде  ғана  қарауға 
болады.  Өйткені  олар  әрбір  спорт  түрінде  ғана 
ерекшеленбейді, сонымен бірге олар әрбір тар ма-
мандықта, айталық спринтерлік немесе стайерлік 
жүгіруде, шаңғымен трамплинмен  секіруде және 
т.б. ерекшеленеді. 
Сананың  ерекшелігі  әртүрлі  спорт  түрлерінің 
өкілдерінде  тек  әртүрлі  болып  қалмайды,  жүз-
гіштерде «суды сезіну», мәнерлеп сырғанаушылар-
да «мұзды сезіну», семсерлесушілер мен боксшы-
ларда  «ара  қашықтықты  сезіну»,  футболшыларда 
«допты сезіну», биіктікке секірушілерде «планка-
ны сезіну» және т.б. Бұл іс жүзінде жеке тұлғаның 
сезінуден бастап жігерлілік қасиеттерімен аяқтала-
тын  психикалық  дамуының  әмбебап  заңы  болып 
табылады.  Психологияда  бұрыннан  түсті  сезіну, 
дыбысты  және  дәмді  айыру  сәйкес  сала  кәсіби 
қызметкерлері  үшін,  яғни  тоқыма  өнеркәсібі  жұ-
мысшылары, музыканттардың және дәрігерлердің, 
дәм айырушылардың және т.б. заңдылықтары бел-
гіленген [6].
Қажетті  психикалық  құрылымды  қалыпта-
стырудың  ішкі  жағдайларына,  яғни  белгілі  бір 
бағыттағы  психикалық  қасиетерінің,  психикалық 
процестері  мен  жағдайларының  жалпы  және  ар-
найы  дамуына  жеке  тұлғаның  табиғи  ерекшелік-
тері  қызмет  етеді.  Б.Ф.Ломов  «Жеке  тұлғаның 
қалыптасуымен  адам  ағзасының  пісіп  жетілуі... 
онтогенетикалық  бірегей  даму  процесі  болып  та-
былады», - деп жазды. Осындай табиғаттың ерек-
шелігіне  жалпы  түрдегі  жүйке  жүйесінің  қасиеті 
болып  табылады:  оның  күші  –  қозу  және  тежелу 
қатынасындағы әлсіздік, өзін -өзі ұстай білушілік, 
қозғалмалылық,  динамикалық,  жүйке  процесінің 
тұрақсыздығы  және  сыртқы  әсерді  сезгіштігіне, 
темпераментіне және қасиетіне қарай адамдардың 
оған негізделген айырмашылығы болып табылады 
[7].
Психологияда соңғы үш онжылдықта спорттық 
қыметтің жалпы және арнайы қабілеттерімен қаты-
настағы әр түрлі спорт түрлерінің өкілдері жүйке 
жүйесінің  типологиялық  ерекшеліктерін  бағытты 
зерттеу жұмыстары кең қанат жайды. Басқа бағыт-
та да зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 
Адамның,  оның  ішінде  спортшының  табиғи 
ерекшеліктерінің  елеулі  маңызы  бар,  дегенмен 
жеке тұлғаның қалыптасуы мен оның әр түрлі қы-
змет аясында табысқа жету мүмкіндігін алдын ала 
анықтайды.  Жүйке  жүйесі  мен  темпераменттің 
жалпы типінің қасиет пен жеке тұлғаның басқа қа-
сиеттерінің көрінуі мен қалыптасуының өзгешелі-
гіне тәуелді. 
Спортшының  психологиялық  жағдайы  мен 
оның жеке топтарындағы қарым-қатынастарының 
алатын орны ерекше.
Жақсы  психологиялық  жағдай  команда  мүше-
лерінің жақсы жұмыс істеуіне, мақсаттарға, жеңі-
стерге  жетуіне,  қиындықты  жеңе  білуіне  оңды 
әсерін  тигізеді.  Әр  спортшының  өз  командасына 
психологиялық  жағдай  жасауына  ықпалын  тигі-
зеді.  Көп  жағдайларда  команданың  эмоциялық 
өмірі жаттықтырушыға байланысты. Ол спортшы-
лардың көңіл-күйін көтеріп, қорғап, қолдап, қуан-
тады. 
Психологиялық  жағдайдың  ең  негізгі  көрсет-
кіші спорттық команданың ұжым ретінде ұйымда-
суы. 
Жақсы  спорттық  қарым-қатынаста  топтық 
адамгершілік нормасы  пайда болады. Ол дегеніміз 
ереже, сұраныс, спортшының тәртібін анықтайды. 
Негізгі  топтық  норманың  қызметі  спортшы-
ның мінез-құлқын, тәртібін реттеу болып табыла-
ды. Егер де спортшы ережеге сай емес қимыл жа-
сайтын болса, онда топ мүшелері оған тәрбиелеу 
шараларын  (сынау,  жазғыру,  жазалау)  қолданады. 
Тіпті командадан шығаруға дейін баратын жағдай-
лар кездеседі. 
Спорттық  команданың  эмоциялық  өмірі  бай. 
Бір-бірімен  топтық  эмоция  алмасуында  команда-
ның психологиялық жағдайы қалыптасады. Әсіре-
се спорттық ұжымда команданың жеңіс пен жеңілу 
кезіндегі  реніші,  жетістіктері  кезіндегі  көңіл-күйі 
ерекшеленуі. Кез келген спортшының, ереже бой-
ынша  жеңісі,  жетістігі,  жағдайы  қанағаттандыра-

149
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ды, көңілін көтереді, сенімділігін арттырады [8]. 
 
Енді осы талаптарды біздің жағдайға, яғни 
спортшы мұғалімдер мен жаттықтырушылар қыз-
метін  атқаруға  сәйкес  педагогикалық-психологи-
ялық тұрғыдан талдар болсақ, мұнда да ұжым бо-
лып еңбек ету, алға қойған мақсатқа команда болып 
қол  жеткізу  сияқты  басты  мәселелер  өз  шешімін 
дұрыс табады деп есептейміз.
Жалпы  дамыту  жаттығуларын  бөліп  өткізу 
тәсілімен  үйрету  кезінде  оқытушы  әдістемелік 
нұсқауды жаттығуларды орындағанға дейін, орын-
далу кезінде және тоқтаған соң беруі мүмкін. Са-
бақты  толассыз  және  өтпелі  тәсілмен  өткізген 
кезде оқытушы жаттығуды үзе (тоқтата) алмайды 
және әдістемелік нұсқауды жаттығуды орындау ба-
рысында беруге мәжбүр болады.
Мұндай ақпарат барынша пайдалы, өйткені ол 
шұғылданушыларға, жалпы дамыту жаттығуларын 
орындау  барысында  өз  қимыл-қозғалысына  қа-
жетті түзетулер енгізуіне, дәлдікпен орындалуына 
мүмкіндік жасайды [29]. 
Неғұрлым  студентке  жалпы  дамыту  жаттығу-
ларын орындау кезінде информация өз уақытында 
және  дәл  берілсе,  солғұрлым  үйренуші  жіберген 
қателіктерін түзету үшін мүмкіндік алады.
Студенттерге гимнастикадан ілімдік және прак-
тикалық  сабақтарды  өткізу  кезінде  әдістемелік 
нұсқауларды  беру  гимнастикадан  ілімдік  және 
практикалық  сабақтарға  алѓан  білім  дейгейіне 
байланысты  әдістемелік  нұсқаулар  берген  кездегі 
біліктілігі  мен  дағдылары  кезеңдермен  қалыпта-
суы  тиіс.  Студенттерді  әдістемелік  нұсқау  беруге 
үйретуді жалпы дамыту жаттығуларын үйретумен 
бір уақытта бастаған жөн, өйткені жаттығу әдісін 
меңгеруде терең білім болмаса олардың өз қателік-
терін  көруге  және  оны  жөндеуге  мүмкіндіктері 
болмайды. Жаттығуларды орындаудың бөліп өткі-
зу формасы барынша қарапайым және қолдан ке-
летін мүмкіндігі бар түрі [9].
Сондықтан, студенттерді әдістемелік нұсқау бе-
руге үйретуді жалпы дамыту жаттығуларын бөліп 
өткізу әдісімен орындау кезінен бастау керек.
Жалпы  дамыту  жаттығуларын  табысты  үйре-
туді  қамтамасыз  ету  үшін  оқытушыларға  келесі 
біліктілік пен дағдыларды меңгеру қажет:  
а)  Оқытылып  үйретілетін  жаттығуды  орындай 
білу:  бүтіндей  жєне  бөліп-бөліп,  әртүрлі  қалып-
тағы дененің тұру жағдайында, әртүрлі қарқынмен 
(орындау) жасау; 
ә) Оқытылып, үйретіліп орындалатын қозғалы-
сты  түсіндіре  білу:  терминологиялық  аталуымен 
және түсіндіру, бейнелеп көрсету жолдарымен;
б)  Терминологиясымен  жєне  сөз  әдісі  ереже-
сімен:  сөз  интонациясы,  дикциясы,  логикалық 
екпінімен қимыл-қозғалысты түсіндіре білу; 
в)  жаттығуларды  орындаудағы  әдістерді 
білуі,  сонымен  бірге  жалпы  және  жеке  қателерін 
(қарқынның, ырғақтың, әдістің) орындау барысын-
да табуы тиіс; 
г) жаттығуларды орындаудағы әдістемелер мен 
әдіс-тәсілдердің  қателерін  түзетуді  игеру  (түсін-
діре  білу,  орындалуын  қайталау,  жаттығулардың 
бөлімдерін  орындау  және  оны  орындау  кезінде 
нұсқау беру).
Әдістемелік нұқсау беруді үйретуді күрделі емес 
жаттығулар үйлесімен бастаған дұрыс. Әдістемелік 
ұсыныс терминологиясы, көлемі және негізгі бағы-
ты  жағынан  зерделілікпен  құрылу  керек.  Оқытып 
үйретуді дағдының қалыптасуы біртіндеп, тапсыр-
мамен орындалатындай етіп өткізу қажет [10].
Бұл жағдайда, бір тапсырмадан басқа келесісі-
не  өту  алдындағы  тапсырма  материалдарын  жет-
кілікті жағдайда үйреніп, меңгерген соң ғана іске 
асырылуы тиіс екені анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Матвеев А.П. Теория и методика физической культуры. Москва: ФиС, 1991.
2. Аманбаев Р.Р., Қалдыбаев М.К. Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен методикасының 
түсініктері. Алматы, 1992.
3. Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. – Алматы: Нұрлы әлем, 2000. -116б.
4. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. -552б. 
5. Бекбатшаев Т., Әшімов Ж. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. – Алматы, 1982. -55б.
6. Абзалов Р. Ұлттық ойындар. – Алматы, 1989. -35б.
7. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні. –Алматы, 1985. -83б.
8. Жанабаев Қ. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар. – Алматы, 2000, 37б.
9. Мұхамеджанов Б. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. – Шымкент: Ғасыр-ІІІ, 2006. 166б.
10. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан: Тұран, 2004. 
-277б.

150
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 796.07
Жилисбаев Нагашбек Келисбекович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистр-оқытушыcы
Баетов Дүйсенбек Мынжасарович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистр-оқытушыcы,  Түркістан қаласы
САБАҚТА  ДЕНЕ  ЖҮКТЕМЕЛЕРІН  МӨЛШЕРЛЕП  БӨЛУ ЖӘНЕ ДЕНЕ  ЖАТТЫҒУЛАРМЕН 
ШҰҒЫЛДАНУ БАРЫСЫНДА ДЕНЕ САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ЖЕТІЛДІРУ
Түйін. Мақалада бұған тек дененің тазалығы ғана емес, сонымен қатар күн тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден 
бас тарту, өмір сүру стилі дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыруға, әрбір мектеп 
жасындағы бала дені сау, күшті, қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұрлым ұзақ жасауды қарасты-
рылған.
Кілтті сөздер: Дене дайындалғандығы,  дамыту, білім беру, диагноздау, руханият, жетілдіру, дағды.
Резюме. В статье не только чистота тела, а также соблюдение режима дня, отказ от вредных привычек, за-
ниматься физическими упражнениями, правильно организовать стиль жизни, каждый ребенок школьного возраста, 
здоровые, сильные, мощные, стать свежей, лучше действовать, предусмотрено создание более длительный.
Ключевые слова: Ориентация, психика, развитие личности, саморазвитие, физическая культура.
Summary. The article not only purity of the body, as well as the compliance regime of the day, avoiding harmful habits, to 
exercise, to organize a style of life, every child of school age, healthy, strong, powerful, become fresh, it is better to act, provides 
for the establishment longer.
Keywords: Orientation, psyche, personal development, self-development, physical education. 
Дене жүктемесі – бұл шұғылданушылардың ағ-
засына дене жаттығуларының белгілі бір әсер ету 
шамасы. 
Жүктеменің  мөлшері  –  бұл  көлемінің  параме-
трлерімен  және  өнімділігімен  өлшенетін  оның 
анықталған шамасы.
Жүктемені мөлшерлеу (дозировка) оның көлемі 
мен  қарқындылығын  қатаң  уақытпен  мөлшерлеу 
(регламентациялау) болып табылады.
Жүктеменің  көлемі  орындалған  жаттығулар-
дың  санымен,  шұғылдануға  жұмылған  уақытпен, 
ара  қашықтықты  бағындырған  километражбен 
және басқа көрсеткіштермен анықталады.
Өнімділік қозғалыс қарқыны және жылдамдық 
көрсеткіштері, үдеу, жүрек қан тамыры соғу жиілі-
гі көрсеткіштерімен сипатталады. Дене жаттығула-
рын орындау кезінде олардың арасындағы байла-
ныс  кері  пропорционалды  тәуелділікті  көрсетеді, 
яғни неғұрлым жүктеме көлемі көп болған сайын, 
өнімділік  соншалықты  аз  немесе  керісінше.  Бұл-
шық  ет  жұмысының  сипатына  қарай  жүктемелер 
стандартты және айнымалы болуы мүмкін.
Жүктеменің  ықпалы  әсері  орындалған  жұ-
мысқа ағзаның реакциясы болып табылады. Оның 
көрсеткіштері-жүрек  соғуы  жиілігі  және  оқушы-
лардың сыртқы шаршау белгісі. Дене жүктемелері 
кезіндегі шаршау дәрежесі бойынша сыртқы бел-
гілерінің  бірте-бірте  сатылануы  (градациясы)  1  – 
кестеде көрсетілген.

151
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Жоғарыда  көрсетілген  барлық  көрсеткіштер 
әртүрлі  деңгейде  және  әртүрлі  қатынаста  шұғыл-
данушылар ағзасына дене жүктемелерінің әсер ету 
мөлшерін көрсетеді, яғни шұғылдану сабағы про-
цесінде  жүктемені  анықтауға  және  реттеуге  мүм-
кіндік береді.
Жүктемені үйлесімді мөлшерлеудің (дозирова-
ния) ілімдік-әдістемелік негізін ағзаның дене жат-
тығуларының  жаттыққандықтың  дамуының  әсер 
етуіне бейімделу заңдылықтары құрайды.
Осыдан  келіп  келесі  әдістемелік  ереже  тұжы-
рымдалған  және  ғылыми  негізделген:  жаттығу 
әсерін  қамтамасыз  ететін  жүктеменің  сәйкестігі 
(ағзаның  жеке  қызметтік  мүмкіндіктері),  жүкте-
мені  біртіндеп  артуы  (қызметтік  мүмкіндіктерін 
қамтамасыздандыратын),  жүктеменің  жүйелілігі 
(олардың бір ізділігі және үзіліссіздігі).
Дене  жүктемелері  әрбір  нақтылы  жағдайда 
өз  параметрлері  бойынша  үйлесімді  болуы  тиіс 
(көлемі,  қарқыны,  демалыс  аралығы),  яғни  жат-
тығудың  тиімділік  әсерін  қамтамасыз  етеді.  Жет-
кіліксіз  дәрежедегі  жүктеменің  тиімді  әсері  бол-
майды, өйткені оқытып, үйрету уақытын жоғалтуға 
әкеледі,  ал  шамадан  артық  жүктеме  ағзаға  зиян 
келтіреді.
Егер  жүктеме  бірқалыпты  болып  өзгермесе, 
онда оның әсеріне ағза дағдыланып дамыту ықпа-
лын  жоғалтады,  сондықтан  дене  жүктемелерін 
біртіндеп арттыру міндетті талап болып табылады.
Дене жүктемелеріне ағза реакциясының көрсет-
кіштеріне  іс  тәжірибеде  барынша  ақпаратты,  үй-
лесімді және кең ауқымда пайдаланылатын жүрек 
соғысының жиілігі (ЖСЖ) болып табылады.
Жүрек  қан  тамыры  жүйесінің  қызметтік  мүм-
кіндіктерін  арттыру  мақсатында  жүктемені  мөл-
шерлеу кезінде олардың шамасы ЖСЖ көрсеткіші 
бойынша минутына 130 рет соғудан төмен болма-
уы тиіс (мұнда жүректің максимальды соғу көлемі 
байқалады). Сондықтан, ЖСЖ минутына 130 рет 
соғуға тең болса жүктеме мөлшері жаттығу жүкте-
месінің бастамасына сәйкес келеді.
Сауықтыру  мақсатында  жүктеменің  үйлесімді 
көлемі  (диапазоны)  шұғылдану  сабағында  ЖСЖ 
минутына 130 дан 170 рет соғуға дейінгі аралықта 
болады  (А.А.Виру,  1988ж).  Сондықтан,  жеткен-
шек  және  жасөспірім  шақтағы  оқушылармен  өт-
кізілетін шұғылдану сабағындағы барынша жалпы 
нығайтатын  сауықтыру  әсерлілігіне  орташа  және 
үлкен қарқындылықпен аэробты бағыттағы орын-
далатын  жаттығулармен  жетеді  (қозғалыс-қимыл 
ойындары,  эстафета,  спорт  ойындары,  суға  жүзу, 
жүгіру,  шаңғыда  жүру  және  т.б.  жәрдемімен)  [1, 
45б.].
Орташа  қарқындылықтағы  жүктеменің  көлемі 
минутына  ЖСЖ  130-160  рет  соғуды,  ал  үлкен 
қарқындағы минутына 161-175 рет.
Дене жүктемелерін қатаң реттеу және олардың 
демалыспен  кезектестірілуі  органдардың  және 
мектеп  жасындағы  балалардың  ағза  құрылымы-
ның қызметтік жандануына дене жаттығуларының 
бағытты әсер етуін қамтамасыз етеді.
Дене  тәрбиесі  сабағында  жүктеменің  параме-
трлерін  реттеуге  көптеген  әртүрлі  әдістер  және 
әдістемелік  тәсілдермен  қол  жеткізуге  болады, 
олардың ішінде барынша тиімдісі және орындауға 
қолайлысы мыналар:
-қайсы бір жаттығудың қайталау санын өзгерту;
-жаттығудың жиынтық санын өзгерту;
-қайсы  бір  жаттығудың  орындалу  жылдам-
дығын өзгерту;
-қозғалыс  амплитудасын  арттыру  немесе  азай-
ту;
-сыртқы ауырлық мөлшерін түрлендіру;
-күрделіленген немесе жеңілдетілген жағдайда 
жаттығуларды  орындау  (мысалы,  қырға,  қыратқа 
жүгіру немесе стадионның жүгіру жолағымен жү-
гіру және құмда жүгіру және т.б.);
-бастапқы қалпын өзгерту (мысалы, жартылай 
отырып және отырып жоғары секіру, еденде және 
орындыққа қолды тіреп бүгіп, жазу және т.б.);
-жүгіру,  суға  жүзу,  шаңғымен  жүгіру  ара 
қашықтығын өзгерту;
-спорт  ойындарында  сабақты  әдеттегі,  үлкей-
тілген немесе кішірейтілген алаңда өткізу;
-қолданылатын әдістерді түрлендіру (бірқалып-
ты, ойындық, жарыстық және т.б.);
-жаттығуларды  орындау  арасында  уақыт  және 
демалыс сипатын арттыру немесе азайту.
Әрбір  нақтылы  жағдайда  оқытушы  сабақтың 
міндеттерін  тиімді  шешу  үшін  дене  жүтемелерін 
реттеудің барынша тиімді әдістерін қолданады.
Сабақтың  жалпы  және  моторлы  тығыздығы. 
Сабақтың  тиімді  әсерлілік  көрсеткіштерінің  бірі 
оның  тығыздығы  болып  табылады.  Сабақ  тығыз-
дығын бүтіндей және бөліктермен анықтау қажет. 
Бұл  сабақтың  дайындық,  негізгі  және  қорытын-
ды  бөлімдеріндегі  жұмыстарды  ұйымдастырудың 
әртүрлі  мүмкіндіктерімен  және  жағдайларымен 
байланысты.  Сабаққа  немесе  оның  бөлімдеріне 
жұмсалған жалпы уақыт 100 ден қабылданады. Са-
бақтың  тығыздығы  жалпы  (педагогикалық)  және 
моторлы (қозғалыстық) болып айырмаланады.
Сабақтың  жалпы  тығыздығы  –  бұл  сабақтың 
жалпы  уақытындағы  ақталған  педагогикалық 
жұмсалған уақыттың қатынасы. Сабақтың жалпы 
тығыздығы  өзіне  келесі  педагогикалық  мақсатқа 
лайық  шараларды  кіргізеді  (В.Ф.Новосельский, 
1989) [2, 115б.].
1/ оқушыларды үй тапсырмасын тексеруге, оқу, 
үйрету міндеттерін белгілеуге ұйымдастыру;
2/ ілімдік мәліметтерді түсіндіру және бекіту;
3/ жалпы дамыту жаттығуларын өткізу;
4/  нұсқау  беру,  реттеу,  түзету  (қателерді  жөн-
деу), көмектесу, сүйемелдеу;
5/ спорт қондырғыларын дайындау және жинау, 
сабақта  оқушыларды  қажет  жағдайда  орын  ауы-

152
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
стыру, қозғалту және т.б.;
6/ дене жаттығуларының әдістерін үйрету, дене 
сапаларын тәрбиелеу;
7/ оқушыларды әдістемелік дайындау, өздігінен 
шұғылдана  білуін,  сонымен  бірге  ұйымдастыру 
дағдыларын қалыптастыру;
8/ оқушылар мотивациясын;
9/  көрнекілік  құралдарын  техникалық  құрал-
дарды, жаттығуды көрсетуді пайдалану;
10/ педагогикалық бақылау;
11/  қорытындылау,  босаңсыту  жаттығуларын 
орындау, үй тапсырмасын белгілеу;
12/ сабақтағы тәрбие жұмысы.
Сабақтың  немесе  оны  бөлімдерінің  жалпы 
тығыздығын  (ЖТ)  анықтау  үшін  сабақтағы  бел-
сенді қызметтің (БҚ) уақыт көрсеткіші қосылады. 
Бұған  дене  жаттығуларын  орындауға  жұмсалған 
уақыт, мұғалім тапсырмасын тыңдау, бақылау және 
сабақты  ұйымдастыру  кіреді  (яғни  күткен,  босқа 
күткен уақыттан бөлек).
Бұл  уақыт  100%  көбейтіледі  және  сабақтың 
жалпы уақытына бөлінеді ( t жалпы)
ЖТ =  tбқ Һ100%
t жалпы
Дұрыс  жүргізілген  дене  тәрбиесі  сабағының 
жалпы тығыздығы 100 жақындайды.
Сабақтың  жалпы  тығыздығының  төмендеуіне 
келесі себептер әкеледі:
-сабақтағы ақталмаған бос тұру (сабақтың кеш 
басталуы, сабақ өтілетін орынның және құрал-жаб-
дықтардың  өз  уақытында  дайын  болмауы,  жат-
тығуды орындар алдындағы кезек күту);
-сабақтағы оқушылар үшін керексіз және әсері 
жоқ бос сөздік ақпарат;
-бұйрықты және тапсырманы көп рет қайталау-
дан уақытты үйлесімді пайдалануды туындататын 
шұғылданушылардың  қанағаттанғысыз  тәртібі, 
яғни оқушыларға ескертпе жасау, түсіндіруді қай-
талау және т.б. 
Мұғалімнің  сабаққа  дайындалмағандығы, 
үзілісті  туындататын  сабақтың  ойластырылмаған 
мазмұны мен ұйымдастырылуы.
Мысалы,  егер  оқытушының  кінәсінен  са-
бақтағы бос тұру 1 минутты құраса, онда сабақтың 
жалпы тығыздығы мынаған тең:
ЖТ  = 44 мин •100%   =  97,7 %
 
  45 мин
Сабақтың  моторлы  тығыздығы  (МТ)  –  бұл 
оқушылардың  қозғалыс  әрекетіне  тікелей  пайда-
нылған уақыт бірлігінің, сабақтың жалпы созылу 
уақытына қатынасы.
Сабақтың моторлы тығыздығын (МТ) есептеп 
шығару үшін дене жаттығуларын орындауға жұм-
салған  уақытты  t  дене  жаттығуы  100%  көбейтіп 
және  жалпы  сабақтағы  шұғылдану  уақытына  t 
жалпы бөлеміз:
МТ  = t дене жат. •100%
 
  t жалпы
Мысалы,  оқушылардың  дене  жаттығуларын 
орындауына  жұмсалған  уақыттың  жиынтығы  30 
минутқа тең (қалған 15 минут оқытушының түсін-
діруіне, сабақ өтілетін орынды дайындауға, байла-
нысты тапсырмалар арасындағы демалыс аралығы 
және т.б.).
Бұл  жағдайда  сабақтың  моторлы  тығыздығы 
мынаған тең болады:
МТ =  30 мин. •100%  = 66,6 %
 
  45 мин
Сабақ  процесінде  моторлы  тығыздық  үнемі 
ауысып  отырады.  Бұлай  болу  себебін  бәрінен 
бұрын  қолданылатын  жаттығулардың  мазмұны-
ның  айырмашылығынан,  оны  орындайтын  орын-
ның  мүмкіндігінен  және  қолдану  әдісінен  екенін 
түсінген дұрыс.
Сабақтың  моторлы  тығыздығы  көрсет-
кіштерінің  өзгеруі  сабақтың  типіне  де  тәуелді, 
осылай қозғалыс әдістерін жетілдіру және дене са-
паларын дамыту сабағында  ол 70-80% жетуі мүм-
кін, ал қозғалыс әрекетін үйрену және білімді қа-
лыптастыру    сабақтарында  шұғылданушылардың 
ақыл-ой  қызметіне  елеулі  уақыт  жұмсалуы  талап 
етілетін  болғандықтан,  моторлы  тығыздың  50% 
деңгейінде болады.
Сабақтың  моторлы  тығыздығының  маңыз-
дылығына  қарамастан,  ол  100  жете  алмайды,  өй-
ткені  кері  жағдайда  оқу  материалын  түсіндіруге, 
оны оқушылардың ұғынуына, қателерді талдауға, 
мүмкіндік болмай, ол бүтіндей оқу жұмысының са-
пасымен тиімділігінің төмендеуіне әкелер еді.
Дене  жаттығуларымен  шұғылдану  барысында 
дағдыларын қалыптастыру Оқушылардың оқу қы-
зметінің  белгілі  бір  міндеттерді  шешуге  сабақты 
ұйымдастыру  формасы  ретінде  оқытушылардың 
өзбетінше дербес жұмысы алға шығады.
Дербес жұмыстың негізгі, спецификалық мақ-
саты оқушылардың дербес, өзбетімен жұмыс жүр-
гізуін қалыптастыру болып табылады.
Дербес жұмыстың бастапқы белгісі оқушылар-
дың  басқалардың  көмегінсіз  немесе  салыстырма-
лы түрде аз ғана көмегімен өздігінен жұмыс атқа-
руы болып табылады.
Дербестік  дәрежесі  оқушылардың  жасы  және 
таным  мүмкіндіктеріне  байланысты.  Майда  мек-
теп жасындағы балаларда дербестік, яғни өздігінен 
әрекет жасау бірнеше кезекте еліктеу, көз алдына 
елестету (келтіру) әрекетінде көрінеді. Орта және 
жоғары сыныптар жасында дербес жұмыстар бы-
лай  жүргізіледі.  Әртүрлі  білім  көздерімен,  яғни 
дене тәрбиесі саласы бойынша оқулықтармен, оқу 
және көрнекті құралдармен, жаттығу тапсырыстар-
дағы,  бақылау-оқыту  тапсырмаларындағы,  оқыту 
бағдарламаларындағы  ұсынылған  және  алгорит-
мдік  ұйғарымдар  принципі  бойынша  жасалынған 
және т.б. оқу материалдарымен іс жүзіндегі дербес 
жұмыстар.
Дене  тәрбиесінен  оқу  және  көрнекілік  құрал-

153
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
дарымен  дербес  жұмыс  оқушылардың  оқы-
тушының  сұрағына  берген  жауабынан  көрінеді 
(мәтінді  оқығаннан  кейінгі,  көрнекілік  құралын 
көргеннен  кейін)  немесе  білімді  бақылау  бағдар-
ламасы  бойынша  жауапты  таңдау  варианты  мен 
(білімді бағдарланған бақылау).
Оқу  тапсырма-карточкаларында  бір  немесе 
бірнеше сабақтарда әрбір шұғылданушы орындай-
тын жаттығулар тіркеледі (жалпы дене дайындығы 
үшін бұрын үйренген қозғалыс әрекетін бекіту).
Карточкамен үйлесімді жұмыс жасау үшін жақ-
сы материалдық-техникалық базаның болуы және 
оқытушының оқушылармен өзара толық түсіністік 
жағдайы  болғанда  ғана  мүмкін  болады.  Бұл, 
оқушылардың  бір-біріне  кедергі  жасамай  және 
спорт  қондырғыларына өз  кезегін  күтпей  шұғыл-
дануына мүмкіндік береді.
Жаттығу-тапсырыстың  мәні  шұғылданушы-
ларға  оны  табысты  ұйымдастыруы,  өзінің  қозға-
лыс  мүмкіндігін  іске  асыру  мақсатында  тапқы-
рлық,  белгілі  бір  машық,  ептілікті  көрсету  қажет 
жаттығулар ұсынылады.
Бақылау-үйрету тапсырмасы (тапсырма-нұсқау) 
оқушылардың  сабақтың  міндеті  ескеріліп  дербес 
шығармашылық қызметіне бағытталған. Олар әр-
бір сынып, сабақ, оқытып, үйрету сатысы үшін өң-
деліп жасалынады.
Дене тәрбиесі сабағында келесі бақылау-үйрету 
тапсырмалары қолданылады: а/ қозғалыс біліктілі-
гімен  дағдыларын  қалыптастыру;  ә/  жалпы  және 
арнайы дене дайындығы; б/ қозғалыс әрекетін ұй-
ымдастырудың тиімді формаларын, жеке және топ-
тық жаттығуларында, ойындарда және сайыстарда 
тәсілдік әдістердің мақсатқа сәйкестігін ұғыну.
Тапсырманың бірінші бөлімін оқытып, үйрету 
бағытында  болады  (мысалы,  қыздырынуға  ұсы-
нылған  жекеленген  жаттығулардан  олардың  жүй-
елілігі  сақталып  жаттығулар  кешенін  құру  (мы-
салы,  құрастырылған  жаттығу  кешенін  қолданып 
сыныппен қыздырынуды өткізу).
Алгоритмдік  типпен  оқытып,  үйрету  бағдар-
ламасының  құрамына  жүйелілікпен    күрделілігі 
артатын  және  қозғалыс  әрекетін  табысты  меңге-
руге оқушыларды біртіндеп келтіруге бағытталған 
өзара байланыстағы оқу тапсырмаларының кешені 
кіреді.
Бұл жаттығу кешені оқу тапсырмаларының 5-6 
сериясынан  тұрады.  Бірінші  сериясы  үйретілетін 
қозғалыс  әрекетін  меңгеру  үшін  қажетті  оқушы-
лардың  дене  дайындығы  деңгейін  арттыруға 
бағытталған жаттығулардан тұрады. Екінші – үй-
ретілетін негізгі қозғалыс әрекетпен, немесе негіз-
гі элементін меңгеру. үшінші – үйретілетін қозға-
лысты орындауды қамтамасыз ететін жаттығулар. 
Төртінші  және бесінші сериялар – қозғалыс әре-
кеті  әдістерін  жекелеген  бөліктермен  (элемент-
термен)  үйретумен  байланысты  жаттығулар.  Ал-
тыншы серия – әдістерді жетілдіруге бағытталған 
жаттығулар.
Оқушыларды  дербес  жұмысқа  дайындар  ал-
дында  оларға  алдағы  дербес  қызметтің  мазмұны 
мен көлемін, оның мақсаты, сонымен бірге орын-
дау  әдісі  туралы  (егер  бұл  әдіс  оларға  әлі  таныс 
болмаса),  яғни  оқушыларға  тапсырманы  қалай 
орындау  және  не  істеу  керектігі  жайлы  нақтылы, 
дәл нұсқау беруі тиіс.
Дене  жаттығуларын  өздігінен,  дербес  орын-
дауды  бақылаудың  негізгі  құралы  оқушылардың 
жауабы мен қозғалыс әрекеті, сонымен бірге оның 
дұрыстық дәрежесін, анықтау бойынша оқытушы-
ның аналитикалық қызметі болып табылады.
Оқушылардың сабақтағы өздігінен дербес қыз-
метін қалыптастыру бойынша педагогикалық күш 
салудың  логикалық  соңғы  нәтижесі  атқарылған 
жұмысты  немесе  оның  бөлігінің  қорытындысын 
шығару  кезіндегі  талдау,  олардың  жетістіктерін 
анықтау,  олардың  алдағы  оқу  әрекетінің  сипаты 
мен дұрыстығын анықтау болып саналады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының конституциясы, Алматы:  Қазақстан 2000-96 б.
2. Назарбаев Н.Ә., Қазақстан 2030 Білім, 1997-176 б.
3. Әлімжанова Г. Ерғазиева К. «Салауатты өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-32 б.
4. Қайымова Ш. «Салауатты өмір салтын құру», «Өзіндік таным», 2005-45 б. 
5.  Абдрахманова  А.  «Салауатты  өмір  салтына  құрылымдық  модель»,  «Валеология  дене  тәрбиесі 
спорт» №12 -2003.-35-60б.
6. Есжанов Б. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Ислам әлемі».2005-96 б. 
7.  Исламова  А.  «Педагогикалық  салауаттанудың  даму  негіздері»,  «Мектептегі  дене  шынықтыру» 
2004-160 б.
8. Қосуақова З.   «Оқушылардың   салауатты   өмір   салтын    ынталандыру» «Валеология дене тәр-
биесі спорт». 2003- 45б.

154
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 380:202.2

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет