Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

Абусейтов Бекахмет Зайнидинович
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасының доценті, 
Халилаев Абдисадык Нурлакович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының доценті 
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙ ӨРІСІ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ СПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Түйін. Бұл мақалада спортшыларды оқу-жат-
тығу үдерісіне психологиялык   және   дене   дайын-
дығы   әдістемесін   дайындап,   спортшылардың 
оқу-жаттығу  сабағына  қызығушылығын  артты-
рады,  өзін-өзі  жетілдіруіне  орнықты  мотивация 
қалыптастырады,  төзімділігін,  сезімталдығын 
дамытуға және назарды жұмылдыруға мүмкіндік 
туғызады, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу 
тәсілдерін        меңгеру        үдерісін        жеделдетеді,  
шығырмашылықпен  тұтқиылдан  ойлап  табудың 
жасырын ішкі қабілетін дамыту қамтылған.
Кілтті  сөздер:  Дене  тәрбиесі,  дене  жетілуі, 
жұмыс қабілеттілігі, денсаулық, психикалық сау-
лық,  функционалдық  қалып,  қозғалыс  белсенділігі, 
дене  мәдениеті  құндылықтары,  өндірістік  дене 
мәдениеті.
Резюме.  В  этой  статье  рассматривается 
спортсменов в учебно-тренировочный процесс ме-
тодики психического и физической подготовленно-
сти,  готовит  спортсменов  в  учебно-тренировоч-
ной и повышает интерес к уроку, самореализации, 
формирует устойчивое мотивация, выносливость, 
чувствительность,  способствует  мобилизации  и 
на развитие внимания, самоконтроля и саморегуля-
ции, способы ускорит процесс усвоения, развитие 
способности придумывать скрытых внутренних.
Ключевые  слова:  Физическое  воспитание,  фи-
зическое  совершенство  работоснособность,  здо-
ровье,  здоровье  психическое,  функциональное  со-
стояние,  двигательное  активность,  ценность 
физической  культуры,  пройзводственная  физиче-
ская культура.
Summary:  This  article  discusses  athletes  in  the 
training  process  methods  of  mental  and  physical 
fitness prepares athletes in training and increases the 
interest in the lesson, self-realization, creates a strong 
motivation,  endurance,  sensitivity,  to  inspire  and  to 
develop focus, self-control and self-regulation, ways to 
speed up the process of learning, developing the ability 
to think of hidden internal.
Key words: Physical education, physical perfection, 
efficiency,  health,  mental  health,  functional  status, 
physical activity, value of physical culture.
Спортшыларды интеллектінің рөлі және спорт-
тық  іс-әрекеттегі  сферасы,  дүние  танымы  спорт-
шыға жаттығу және жарыстық қызмет барысында 
әртүрлі  күрделіліктегі  міндеттерді  жүйелі  түрде 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  жасайды,  сондықтан 
спорттық  іс-әрекеттегі  нәтижелілікте  маңызды 
рөлді интелект, яғни олардың ой өрісі және оның 
даму деңгейі ойнайды. Б.Д ж. Кретти: «Интеллект 
коэфиценті (1Q) бойынша интеллектуалдық даму-
дың ең төменгі деңгейі әдетте 110-120 балл болады, 
егер одан төмен болса спорттық шеберлікті жетіл-
діру мүмкін болмайды»,-деп тұжырымдайды. Сон-
дықтан «Күш болса, ақыл қажет емес» деген халық 
мәтелі спорттық қызметке мүлде сәйкес келмейді. 
Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін күшті қа-
лай, қандай сәттерде пайдалану қажет екенін білу 
қажет. Мысалы, жоғары деңгейдегі (әлемдік, олим-
пиада ойындарында және т.б.) жарыстарда жоғары 
нәтиже  көрсетіп  жүрген  ДЗЮДО  күресінің  балу-
андары қисынды және жедел ойлауда сәтсіз күре-
скен  балуандарға  қарағанда  жақсы  көрсеткіштері 
болғандығы  белгілі.  Америкалық  психолог  Оглви 
өз әріптестерімен АҚШ-тың олимпиадалық коман-
далары мүшелерінің ойлаудағы қабілеттері жоғары 
оқу орындарының ең үздік студенттерімен тең ке-
летінін  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеді.  Жеңіл  атлети-
каның даңқты жаттықтырушысы В.И. Алексеевтің 
бұрынғы  шәкірттерінің  арасынан  елуден  астам 
адам тек спорттан емес, басқа салалардың ғылым 
докторлары  және  ғылым  кандидаттары  ғылыми 
дәрежелерін қорғады [1].
Фехтование сайысының жаттықтырушысы А.П. 
Мордвин:  «Фехтование-бұл  екі  ақыл  иесінің,  екі 
жетілген дененің барынша қысқа уақыт аралығын-
да күрделі әдіс-тәсілдер арқылы іске асыратын сай-
ысы», - деп жазады.
Ал  КСРО-ның  бокстан  бірнеше  дүркін  жеңім-
пазы  Н.Королев:  «Табыс  негізі...  сайыс  кезіндегі 
ақыл, ой. Менің терең сенімім бойынша, ақыл, па-
расатпен  қатаң  басқарылған  қару  ретінде  жоғары 
нәтижелерге жеткізеді»,- деп тұжырымдайды [2].
Әр  түрлі  спорт  түрлерінде  ақыл,  ойдың  (ин-
теллектінің)  рөлі  және  оның  сипаттамасы  спорт-
шылардың  алдына  бұл  іс-әрекет  түрлерін  алға 
шығаратын  міндеттерінің  күрделілігіне  және  түр-
леріндегі айырмашылықтарына байланысты бірдей 
емес.  Мысалы,  америкалық  психолог  Д.Тотаның 
ғылыми  дәләлдемелері  бойынша  спорттық  гим-
настикада  жаттығуларды  табысты  меңгеру  спорт-
шылардың ақыл, ойының, яғни интеллектісінің да-
муымен тығыз байланысты деп санамайды (алайда 
бұл гимнасттардың интеллект деңгейі төмен деген 

79
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ұғымды білдірмейді). Спорттық және көркем гим-
настика, синхронды жүзу, мәнерлі сырғанау шығар-
машылық  сипатта  болады  (жаңа  бағдарлама  дай-
ындау, музыкалық сүйемелдеуді және костюмдерді 
таңдап, іріктеу). Олимпиада ойындарының ашылу 
және  жабылу  салатанатындағы  шоу-бағдарлама-
ларды көрген адамдарға терең түсіндіру артық [5].
Спорттық  нәтижелер  мен  төзімділікке  байла-
нысты спорт түрлерінде және суға жүзетін қыздар-
дың жаңалықшылдығына спортшылардың шығар-
машылық елестету, қиялдау сияқты ерекшеліктері 
арасында кері байланыстар анықталады. Бұлардың 
екуінде  де  спортшылардың  жаттығу  үдерісі  бір 
сарынды  жұмыспен  байланысты  болады.  Мұны 
шағармашылықта бейімі жоқ, білім деңгейі төмен 
спортшылардың да жақсы орындайтыны белгілі.
Ресейлік  ғалым  А.А.  Белкин  «Гимнастиканың 
психологиялық және психогигиеналық аспектілері» 
атты  1977  ж.  Смоленск  қаласында  өткен  Бүкіло-
дақтық  симпозиумда  жасаған  баяндамасындағы 
гимнастикамен  шұғылданатын  «репродуктивті» 
балалардың  көп  жұмыс  істеуі,  көп  рет  қайталауы 
мүмкін  екені  құпия  емес...  Барлық  «орташалар», 
барлық  «сынақталғандар»  күні  бойы  спорт  залда 
отыратын,  көп  жаттығатын,  нәтижелері  тез  өскен 
сияқты  көрінетін  оқушыларды  оқу-жаттығу  топ-
тарына  таңдамай  жинағанымыздан  пайда  болады. 
Біздер  «шығармашыл»  балаларды  бағаламаймыз, 
көбіне оларды жақсы көрмейміз, шеттетеміз. Бір та-
ныс жаттықтырушы: «Ол бала жаттығуда  оқушы-
лармен  бірге  жаңа  қозғалыс  элементтерін  қалай 
ойлап табады? Мен өз беделімді жоғалтамын ғой, 
яғни ол мен қалай айтсам, соны орындауы тиіс»,- 
дейді. Бірақ, мен бұл өткен күнгі іс деп ойлаймын. 
Болашақ  гимнастта  шығармашылық  сапа  бірінші, 
негізгі  тұрғыда  болуы  тиіс  және  оқушылармен 
жаттығудағы шығармашылық жұмыста туындаған 
жаңа тәсіл (комбинация) өз жаңалығымен ерекше-
ленеді»,- деп қорытындылаған болатын [3].
Спорт ойындары, шахмат, желкенді спорт және 
т.б. спорт түрлерінде басты орынды  кеңістіктік ой-
лау  қабілеті  алады.  Америкалық  психологтардың 
АҚШ-тың  фехтованиядан  чемпион  қыздарының 
интеллектісіне  берген  сипаттамасы:  олар  абстрак-
талы  ойлауда  өте  жоғары  қабілетті  меңгерген, 
туындаған идеяны тез ұғынады және зерек оқушы-
лар болып табылады [4].
Оларға,  оймен  көз  алдына  елестету,  тәжірибе 
жүзінде тексеру және шығармашылықтың жоғары 
деңгейін  көрсету  тән,  яғни  өзін  сын  тұрғысынан 
бағалайтын еркін ойлы жеке тұлғалар.
Көптеген  тәжірибелі  яхта  жүргізуші  спорт-
шылар  желкенді  спортта  ең  басты  нәрсе  не  де-
ген  сұраққа  «көре  білу»  деп  жауап  береді.  Әрине 
бұл  қасиет  тәжірибемен,  дәлірек  айтқанда  басқа 
функцияларды  орындау  үшін  сананы  босату  «ав-
топилотының»  дамуымен  пайда  болады.  Мұнда 
сөз құстың ұшу биіктігінен ара қашықтықты көре 
білу қабілетінің көрінуімен ондағы өзінің меншікті 
жағдайы қалпын барлық құрайтындарымен көрсе-
тетін кеңістіктік ойлау жайлы айтылып отыр. Яхта 
жүргізуші  спортшы  өзін  ұстау  қалпынан  (пози-
циясынан)  байқайтын  жекелеген  үзінділерден  ол 
тұтастай  бейнені  құруы  тиіс.  Олар  алысты  «көре 
білуімен» қырқылған фигуралардан бүтінді құрай-
тын геометриялық денелердің, заттардың ойша ай-
налуы  сияқты  тапсырмаларды  жеңіл  орындайды 
және т.б. Кейбір тәжірибелі яхта жүргізуші спорт-
шылар  оларға  сызба  геометриясының  көп  көмегі 
тигені жайлы естеліктерінде айтады [6]
Спорттың  ойындық  түрлерінде  жекелеген 
спортшыларды  және  команданы  жетілдіру  ненің 
дұрыс  жасалғанын,  қандай  қателіктер  жіберілді, 
оларды қандай жолмен түзетуге болатынын талда-
усыз мүмкін емес. Осыдан келіп спортшылар мен 
жаттықтырушылардың  интеллектісінің  бір  саласы 
аналитикалық ойлау маңыздылығы көрінеді.
Интеллектінің  маңыздылығы  спортшы  тек 
дұрыс қана емес, сонымен бірге тез ойлауды қажет 
ететін  жеке  сайыс  және  спорттың  ойындық  түр-
лерінде  өте  зор.  Сондықтан  бұл  спорт  түрлерінде 
интеллект тәсілдік және жедел ойлауда бәрінен де 
жиі іске асады. Спорттық басылымдарда ойлаудың 
бұл  түрлерін  бірдей  санап,  теңестіруді  түбегейлі 
дұрыс деп айтуға болмайды. Дегенмен, жедел ой-
лау  өзінің  сипаттамасы  бойынша  тәсілдік  ойлауға 
жақын болғанымен алда болатын жағдайды болжа-
умен  байланысты.  Алайда  тәсілдік  ойлау  өңделіп 
дайындалған жоспарға сәйкес дайындыққа көбірек 
байланысты, ал жедел ойлауда - осы жоспарды іске 
асыруға  байланысты  ойластырылған  әрекетке  ке-
дергі жасалатын болса жедел түзету еңгізуге бола-
ды. Сонымен, жедел ойлау тәсілдік ойлауды жүзеге 
асыру құралы болып табылады.
Бұдан басқа, жедел ойлау спортшының тәсілдік 
жоспары болмаса да көрінуі мүмкін. Барлық ойын-
дық  ситуацияларды  болжалдай  бермейтін  болған-
дықтан спортшы алдын ала дайындалмаған тәсіл-
дік шешімсіз «сол орында» пайда болған міндетті 
шешуі тиіс. Мұндай шешімдердің үлкен бөлігі осы 
жерде  және  қазір  өзекті,  оларды  тексеруге  уақыт 
жоқ, өйткені бірнеше секундтардан кейін спортшы-
лардан мүлдем басқа әрекет жасау талап етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Родионов А.В. Психология спортивного поединка.
Москва.ФиС.1962
2.  Бутенко  Б.И.  Проблемы  психологии  спорта.  Мо-
сква. ФиС,1962
3. Белкин А.А. Психологические и психогигиенические 
аспекти гимнастики. Смоленск 1977.
4. Ильин Е.П. Психология спорта. Москва Санкт-Пе-
тербург 2008
5.  Новиков  Б.И.  Психологическая  подготовка  спор-
тсменов видов спорта к соревнованиям. - М; ФиС, 1968
6.  Шаронова  П.А.  Особенности  мыщления  в  парус-
ном спорте. Москва ФиС, 2002 

80
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Байжуманов Болат Шаймерденович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы 
Қойшыбаев Арман Балтабаевич
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  «Дене тәрбиесі» кафедрасының магистр-оқытушысы
БАЛАЛАР   МЕН  ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ 
БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Түйін:  Бұл  мақалада  балалар  мен  жасөспірім-
дер  спорт  мектептеріндегі  педагогикалық  үдерісті 
тиімді  басқарудың  негізгі  шұғылданушылардың 
(оқушы,  студент)  дене  дайындығы  деңгейін  арт-
тыруға,  олардың  салауатты  өмір  бейнесіне  қы-
зығушылық ынтасын дамытуға бағыттау, олардың 
өз қабілеттерін көрсетулері үшін дайындауда қоғам-
ның әлеуметтік сұранысын орындау қолда бар қоғам-
дық қатынастарды жетілдіруі қарастырылған .
Кілтті  сөздер:  Білім  беру,  оқытып,  үйрету, 
бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене  дайындағандығы, 
дене тәрбиесі.
Резюме: В данной статье рассматриваются ос-
новные  эффективного  управления  педагогическим 
процессом занимающихся в детско-юношеских спор-
тивных  школ  (учащихся,  студентов)  в  повышении 
уровня  физической  подготовленности,  интерес  к  их 
облику направить на развитие мотивации здорового 
образа  жизни,  совершенствование  социальной  по-
требности общества в подготовке их для выполнения 
своих услугах, предусмотренных в имеющихся обще-
ственных отношений, способностей.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образование 
развитие личности, саморазвитие, физическая куль-
тура.
Summary:  This  article  discusses  the  basic  effective 
management  of  the  pedagogical  process  is  engaged 
in  detsko-youthful  sports  schools  (pupils,  students)  to 
increase  the  level  of  physical  fitness,  interest  in  their 
appearance to invest in the development of motivation of 
a  healthy  lifestyle,  improving  social  needs  of  society  in 
preparing them to perform their services provided to the 
existing public relations abilities.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development, personal development, physical education.
Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектеп-
теріндегі  оқу-тәрбие  үдерісінің  өзгеше  ерекшелі-
гі  қосымша  білім  беру  жүйесіне  қатынасымен 
анықталады.  Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт 
мектептеріндегі  дене  мәдениеті  бойынша  қосым-
ша білім беруді қалыптастырулың негізгі жағдайы 
оқушылардың  мотивтері  мен  мазмұны  бойынша 
әртүрлі білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыра-
тын вариативті және дифференциалды педагогика-
лық бағдарламаларды іске асыру болып саналады.
Күнделікті өмір тіршілігіндегі спортпен шұғыл-
дану барысында қалыптасқан жеке ерекшеліктерін 
пайдалана  білу  оқушының  спорт  мектебінің  тір-
шілік тынысына енуіне мүмкіндік жасайды. Спорт 
болашақ  спортшылардың  жоғары  нәтижелерге 
жетуі  үшін  тек  дене  сапаларын  жаттықтырумен 
ғана  шектеліп  қоймайды,  сонымен  бірге  олардың 
алдына  психологиялық  дайындығын  да  қамтама-
сыз  ететін  қатаң  талап  қояды.  Спортшыны  нәти-
желі дайындау жағдайларының бірі оның тіршілік 
ұстанымдарының күшейтілген шамданушылығын, 
жоғары талаптану бастамасын құру болады.
Балалар мен жасөапірімдер спорт мектептерін-
де  білім  берудің  өзгеше  ерекшелігі  оны  басқару 
жүйесінде  де  көрінеді.  Балалар  мен  жасөспірім-
дер  спорт  мектептеріндегі  педагогикалық  үдерісті 
тиімді  басқарудың  негізгі  шұғылданушылардың 
(оқушы,  студент)  дене  дайындығы  деңгейін  арт-
тыруға,  олардың  салауатты  өмір  бейнесіне  қы-
зығушылық  ынтасын  дамытуға  бағыттау,  олар-
дың  өз  қабілеттерін  көрсетулері  үшін  дайындауда 
қоғамның  әлеуметтік  сұранысын  орындау  қолда 
бар қоғамдық қатынастарды жетілдіру болып табы-
лады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  білім  беру  үдерісі  қосымша  спорттық  білім 
беру  үдерісі  ретінде  қарастырылады.  Спорт  мек-
тептеріндегі қосымша спорттық білім берудің мақ-
саттары келесі міндеттерді жүзеге асыруды алдын 
ала айқындайды:
• спорттық қызметтің қандай да бір қызықтыра-
тын түрлерінің есебінен негізгі білім түрлерін да-
мыту;
•  шұғылданушыларды  (оқушы,студент)  толық 
жабдықталған, қолайлы, қуаныш сезімі ұялайтын, 
яғни «күтілмеген нәтижелі жағдай» және қарым-қа-
тынасты жақсаратын ортамен қамтамасыздандыру;
• дербес білім алу жолын таңдауына көмектесу 
(дене  мәдениеті  мен  спортты  меңгеруі  бойынша 
алға жылжу аясы).
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  қосымша  спорттық  білім  берудің  әлеуметтік 
маңыздылығы жеке тұлғаның кешенді дамуы мақ-
саттарының  келесі  кешенімен  қамтамасызданды-
рылады:
• қосымша бағдарламалар арқылы іске асырыла-
тын танымдық дамумен;
• жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қаты-
нас тәжірибесі кіретін, әлеуметтік бейімделумен;
• әлеуметтік бастамалардың дамуымен;

81
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
•  кәсіби  (профильді)  бағдарламалар  арқылы 
спорттық  қызметті  сапалы  түрде  және  нәтижелі 
таңдаумен;
•  спорттық  дайындықты  кәсібилікке  дейін 
бағдарлаумен;
• әртүрлі спорт түрлерінен деңгейі мен мазмұ-
ны  бойынша  әртүрлі  бағдарламаларды  меңгеру 
арқылы  оқушылардың  шығармашылық  потенциа-
лын ашумен;
• бос уақытты ұйымдастырудың құралдары мен 
формаларын таңдауға мүмкіндік туғызатын бағдар-
ламалардың әртүрлігі бейнедегі танымдық пробле-
малар  жиынтығы  (пролематика)  бойынша  жалпы 
мәдениетті,  оның  ішінде  қызметтік  бос  уақытты 
тиімді өткізу мәдениетін дамытумен байланысты.
Білім  беру  мақсаттары  өзінің  дамуын  оқу  ма-
териалының  мазмұнынан  оқыудың  білім  беру 
бағдарламаларын дұрыс құрудан алады. Дене мәде-
ниеті мен спорт саласындағы спорт мектептерінде 
қосымша  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны 
мыналарды алдын-ала қарастырады:
•  жеке  тұлғаның  спорттық  шығармашылыққа 
және спорттағы өз қажеттіліктерін орындау моти-
вацияларын дамыту;
•  оқушылардың  қарым-қатынастық  қабілет-
терін, дербестігін, жеке мәдениетін дамыту;
•  шұғылданушылардың  (оқушы,студент)  дене 
және ақыл,ой дамуын түзету;
•  балалар  мен  жас  жеткеншектердің  асоциаль-
дық мінез-құлық, іс әрекетінің алдын алу шарала-
ры.
Дене  мәдениеті  бойынша  балалар  мен 
жасөспірімдер  спорт  мектептерінде  жеке  тұлға-
ның  өзін-өзі  еркін  анықтау  аясы  ретінде  қосым-
ша  білім  беруді  тиімді  ұйымдастырудың  жағдайы 
оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерінің  мотиві 
мен мазмұны бойынша әртүрлі қанағаттандыратын 
вариативті және дифференциалды оқу бағдарлама-
ларын жүзеге асыру болып табылады.
Шұғылданушылардың  басты  қажеттіліктеріне 
мыналар жатады:
•  оқушылардың  өздерінің  жеке  қабілеттерін 
тамытуға, сол сияқты олардың өз таңдаған спорт-
тық  қызметіне  қызығушылығы  өздігінен  жүзеге 
асыруға,  өзін-өзі  жетілдіруге  және  өзін-өзі  дамы-
туға ұмтылуы ретінде алдын ала келісілген шығар-
машылық (креативті) қажеттіліктер;
•  спорт  түрлері  бойынша  негізгі  білім  беру 
бағдарламасына кірмейтін білім көлемін арттыруға 
ұмтылумен  анықталатын  спорт  мектебі  оқушыла-
рының танымдық қажеттіліктері;
•  өз  қатарларымен,  ересектермен,  әріпте-
стерімен,  педагогтармен,  жоғары  дәрежелі  спорт-
шылармен  қарым-қатынаста  жүзеге  асырылатын, 
коммуникациялық (қатынастық) қажеттіліктер;
• қосымша білім алу нәтижесінде жеке пробле-
маларын  шешу  қызығушылығымен  пайла  бола-
тын, оқып, үйрену немесе қарым-қатынас аясында 
жатқан компенсаторлы қажеттіліктер;
• кәсіпке дейінгі және кәсіби спорттық дайын-
дыққа  белгілеумен  байланысты  кәсіби  бағдарлық 
прогматикалық қажеттілік;
•  қол  бос  кездерді  мазмұнды  ұйымдастыруға 
ұмтылумен байланысты бос уақыт қажеттілігі.
Оқу  материалдарының  мазмұнында  шұғыл-
данушылардың  (оқушы,  студент)  жоғарыда  көр-
сетілген  қажеттіліктерді  жүзеге  асыру  барысында 
балалар  мен  жасөспірімлер  спорт  мектептеріндегі 
оқу-тәрбие  үдерісін  басқаруды  ұйымдастыруды 
жетілдірудің негізгі бағыты ретінде нормативтік құ-
жаттарды өңдеп дайындау қарастырылуы мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 
шұғылданатындарды спорттық дайындаудың өзге-
ше ерекшелігі бағдарлама мазмұнына енген барлық 
теориялық білімдер спорттық практикада сынақтан 
өткізіледі, спорттық қызметтің әртүрлі салаларын-
да танымдық, қатынастық, әлеуметтік өздігінен жү-
зеге  асыру  тәжірибесіне  ұласады.  Мысал  түрінде 
мұндай  дайындыққа  туристік-өлкетану  бағытын 
келтіруге  болады.  Практикада  жинақталған  мек-
тептен  тыс,  сол  сияқты  қосымша  спорттық  білім 
беру,  туристік-  өлкетану  бағыты  қоршаған  әлемді 
іс жүзінде танып, білуге мазмұндық түрі бойынша 
оқушыларды  қызықтырып,  тартудың  ұқсастарын 
жеткілікті дәрежеде шартты айырмалайды. Туризм 
және  өлкетану  оқушыларды  тұрғылықты  ортасы-
ның  (аймақ,ел)  табиғат  және  мәдени  ерекшелік-
терін  түсінудің  өзара  толықтыратын  екі  жолы  бо-
лып табылады.
Туризм мен өлкетануға бөлінуінің шарттылығы 
аймақтың табиғат және мәдени ерекшеліктері есеп-
ке алынып туристік жұмыстардың құрылуы бағдар-
ламадағы жалпы жорықтардың санымен байланы-
стырылады, ал өлкетану жұмыстары өзіне туристік 
жұмыстардың  жорық,  саяхат  сияқты  түрлерін  ен-
діреді.
Сол сияқты туризм мен өлкетанудың бір бағыт 
аясындағы өзара толықтырылуы практикалық-қол-
данбалы, сол сияқты жұмыстар орындалатын елді 
мекенде  игеру  тәсілдері  бойынша  әртүрлі  қажет-
тіліктерін  қанағаттандыру  үшін  жағдай  жасауды 
қамтамасыз етеді.
Қосымша білім беру бағыты ретінде туризмнің 
негізінде  спорттық  қондарғыларды  пайдаланумен 
әртүрлі дәрежедегі күрделілікпен жорықтар мен са-
яхаттар ұйымдастыруда жатыр.
Туризм  бойынша  бағдарламалар  кәсіби  кол-
ледждер мен кәсіби мектептердің оқушылары мен 
орта  және  жоғары  сынып  жасындағы  балаларға 
басымырақ  белгіленіп,  есептелген.  Бағдарлама-
лар  оны  дайындаған  жетекшілердің  мамандығы-
на,  оқушылардың  қызығушылық  ынтасына,  жер-
гілікті  жағдайларға  барынша  әртүрлі  бағыттағы 
бейнеде  болуы  мүмкін.  Солай  болғанмен  туризм 
бойынша бағдарламалардың көпшілігі техникалық 
қауіпсіздік  ережелері  мен  алғашқы  медициналық 

82
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
көмекті,  тұрғылықты  жерді  бағдарлау  ережелерін 
меңгеруден  тұратын  жорыққа  және  саяхатқа  тео-
риялық  және  практикалық  дайындықты  ендіреді. 
Туризм бойынша бағдарламалар дене дайындығы, 
спорттық жаттығуларды өткізу бойынша шығылда-
ну сабақтарын алдын ала қарастырады. Туризм бой-
ынша  бағдарламаның  мазмұнында  сонымен  бірге 
оған туған өлкені таныстыратын туристік мүмкін-
діктері мен өлкетануды практикалық-бағдарлаудан 
білімі болуы да кіреді.
Өзінің  бағыттылығы  бойынша  балалар  мен 
жасөспірімдер спорт мектептерінің педагогикалық 
бағдарламалары  негізгі  үш  түрге  бөлінуі  мүмкін: 
білім беру, оқу және бос уақытты тиімді пайдалану.
Мұндай  бағдарламаның  идеологиясы  төтенше 
әртүрлі бейнеде, оның негізгі сипаттамалары келесі 
үлгілік құрылымда ұсынылуы мүмкін:
•  жасы  бойынша:  мектеп  жасына  дейінгілер, 
бастауыш,  орталау,  орта  мектеп  оқушылары  мен 
жасжеткеншектер үшін;
•  жынысы  бойынша:  аралас,  ер  балалар  үшін, 
қыздар үшін;
•  созылу  ұзақтығы  бойынша:  бір  жылдық,  екі 
жылдық және т.б.;
• іске асыру формалары бойынша: топтық, жеке;
• спорттық қызмет түрі бойынша.
Спорттық  қызмет  түрі  бойынша  балалар  мен 
жасөспірімдер  спорт  мектептерінің  спорттық 
бағдарламалары  мамандық  саласы  және  көп  са-
лалы  болып  бөлінеді.  Меңгеру  деңгейі  бойынша 
бағдарламалар мыналарға бөлінеді: жалпы мәдени, 
тереңдетілген, кәсібі бағдарланған және т.б.
Қосымша  спорттық  білім  беру  бағдарламасы-
ның бірқатар жіктелуі бар. Бағдарламалық жобала-
уды бастауға кірісер алдында педагогқа бағдарла-
маның  «негізгі  бағыттылығын»    бірден  айқындау 
ұсынылады. Әдетте бағдарламаның мына төрт түрі 
айырмаланады: 
1. Бағыт көрсету, хабардар ету. Мұндай бағдар-
ламалардың негізгі бағыты балалардың дене мәде-
ниеті мен спорттың қандай да бір саласы бойынша 
жеке тұлғалық хабардарлық бағдарын қалыптасты-
румен байланысты.
2. Маңызды, күрделі, іргелі: Мұндай бағдарла-
малардың мақсаты – қандай да бір спорттық сала-
дан маңызды білімді меңгеру.
3. Қолданбалы (технологиялық). Бұл бағдарла-
ма түрінің басты мәні қандай да бір спорт түрі бой-
ынша балалардың белгілі бір қызмет тәсілдері мен 
біліктіліктер жиынтығын меңгеруі үшін жағдай жа-
сау болып табылады.
4.  Ақпараттық.  Курстың  мақсаты  -  әрбір  бала-
ның, жасөспірімнің иелігіне қандай да бір спорт са-
ласы туралы ақпараттар ағымын беруге мүмкіндік 
жасау.
5.  Бос  уақытын  тиімді  өткізу  бағдарламалары 
– бұл бағдарламалар спорт мектептерінде тұрақты 
оқитын  тәрбиеленушілерге,  сол  сияқты  шұғылда-
нуға кезеңдермен қатысатындарға арналады.
Қазіргі  кеде  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт 
мектептеріндегі  спортшыларды  дайындаудың  іс 
тәжірибесінде балалардың бос уақыттарын тиімді 
пайдалану бағдарламасына үлкен маңыз берілуде.
Бұл  бағдарлама  балалардың  жалпы  көпшілік 
спорттық мерекесі ретінде ұйымдастырылуы, және 
аз  адаммен  орындалатын  сипатта  (камералы)  бо-
луы да мүмкін.
Бос  уақытты  тиімді  пайдалану  бағдарлама-
ларының  мазмұн  мен  ауқымдылығы  бойынша 
ұйымдастырушы  ретінде  жекелеген  жаттықты-
рушылардың,  педагогтардың  қатысулары  мүм-
кін. Балалар бұл бағдарламаларға барлық уақытта 
белсенді  қатысады,  олардың  ішінен  қабілеттерін 
дұрыс педагогикалық басшылыққа сәйкес ұйымда-
стырушылық міндет жүктелуі мүмкін. Балалардың 
бос  уақытын  тиімді  өткізу  бағдарламалары  ба-
лар  ұжымдарында  тәрбиеленушілердің  олар  үшін 
бағдарламаға  дайындалып,  қатысу  өз  сапаларын 
дамытудың  маңызды  қозғаушы  күші  болып  табы-
латын  шығармашылық  жетістіктерін  көрсетеді. 
Бос уақытты ұтымды өткізу жеке тұлғаның таным-
дық, қарым-қатынас, шығармашылық аясын еркін 
таңдауы болып табылады.
Балалардың  сабақтан  бос  уақыттарын  тиімді 
пайдалану  бағдарламаларын  дене  мәдениеті  мен 
спорт саласында потенциалды мүмкіндеріне мына 
тапсырмалар жатады:
өзін-өзі жетілдіру;
• әлеуметтік-тарихи ортақ мүддегілікке жататы-
нын сапалы ұғыну;
• жалпы адамзаттың адамгершілік құндылықта-
рын сақтау;
• әлеуметтік белсенділік;
• спорттық жоғары жетістіктерге жетуге бағыт-
тылық.
Балалардың  сабақтан  бос  уақыттарын  тиімді 
пайдалануға  арналған  бағдарламалар  білім  беру 
бағдарламаларына қарағанда адамның дене дайын-
дығын, интелектуалдық, әсерленушілік мүмкіндік-
терін жоғары дәрежеде көрсетеді.
Егер білім беру бағдарламасында қызметтің ба-
сты түрі танымдық қызмет болса, онда демалысты 
тиімді өткізу бағдарламасында оқу-тәрбие үдерісін 
жетілдіруде үлкен маңызға ие ойындық қызмет бо-
лып табылады.
Бос уақытты тиімді пайдалану бағдарламасын-
дағы  ойындық  қызмет  формалары  барынша  көп 
бейнелі. Бұларға мазмұндық-рөлдік ойындар, ойын-
дық еліктеу (имитациялық) үлгілеулері, демонстра-
циялық, театрландырылған ойындар, ойын-конкур-
стар  жатады.  Бұл  бағдарламаларда  қазіргі  кездегі 
ойындардың  негізгі  түрлері  мен  тренингтер,  яғни 
оның ішінде мына төмендегілер пайдаланылады:
• дене және психикалық;
• интеллектуалдық-шығармашылық;
• әлеуметтік;

83
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
• кешенді.
Ойындық  технологиялар  бос  уақытты  тиімді 
пайдалану бағдарламасының көрністік, динамика-
лық  сипатын,  оның  мазмұнын  сезіммен  қабылдау 
бағдарын алдын-ала анықтайды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін-
дегі  қосымша  білім  беру  практикасы  балалардың 
сабақтан бос уақытын тиімді пайдаланудың бағдар-
ламасын жүзеге асырудың байытылған тәжірибесін 
көрсетеді.  Жоспарланған  бағдарламаның  созылу 
ұзақтығына, мақсатына және оған балалардың қа-
тысу дәрежесіне байланысты демалысты тиімді өт-
кізу бағдарламасы бірнеше түрлерге бөлінеді:
Бір  реттік  ойындық  бағдарлама,  яғни  мұнда 
басқарушы қатысушылардың дайындық талап етіл-
мейтін  қандай  да  бір  спорттық  жаттығуды  орын-
даумен  байланысты  балаларды  ойынға  қосады. 
Балалардың  жасына  және  спорттық  тапсырманы 
таңдауына  байланысты  30  минутқа  және  одан  да 
көпке созылуы мүмкін.
Ойынға  қатысушылардың  алдын  ала  дайын-
дығымен тапсырмалық тақырып бойынша бағдар-
ламаның  конкурстық  ойындары  («Брейн-ринг», 
«Турнир» және т.б.). Мұндай бағдарламаларды пе-
дагогтар мен ересек спортшылардың дайындауына 
және өткізуіне болады.
Шет  елдердегі  озық  білім  беру  практикасын-
да  технологиялық  өңделіп,  дайындалған  мұндай 
бағдарламалар «curriculum», яғни «жүгіру жолағы», 
«мақсатқа жету жолы» деп аталады, олар дәстүрлі 
«syllobus» оқу бағдарламасынан (курс бағдарлама-
сы, лекция, жоспар, сабақ кестесі) айырмаланады.
«Сurriculum»  бағдарламаларында  терең  анық 
және  нақтылы  ойластырылып  дайындалған  білім 
беру  немесе  спорттық  мақсаттар  мазмұндалған. 
Егер алға қойылған мақсаттар барлық мәселелерді 
қамтитын  глобальды  сипатта  болса,  онда  соңғы 
мақсатты  тапсырмалар  мен  одан  әрі  бөлінетін 
арасындағы  бір  ізді  байланысты  көрсетумен  си-
патталады.  Мақсаттарды  анықтауға  ерекше  назар 
аударылады, немесе мақсат-барлық бағдарламалар 
мазмұнының тұтастығына кепілдік беретін жүйеге 
жасаушы  элемент.  Мақсаттарды  тұжырымдаудың 
алгоритмін  Д.Л.  Моррисей  орындалатын  әрекетті 
сипаттайтын етістіктің анықталмаған формасынан 
немесе бұйрық райынан басталатын келесі сәттерді 
атап көрсетті:
талап соңғы нәтижені анықтайды;
•  мақсатқа  жетудің  тапсырылған  мерзімін 
нақтылайды;  күш,  құрал,  уақыт  және  қуаттардың 
мүмкін болатын максимальды мөлшерін белгілеу;
• бұл мақсатқа жетудің дәлелін айқындау үшін 
қажетті қай жерде мүмкін, спорттық жұмыстардың 
талап етілген нәтижелерінің сандық сипаттамасын 
көрсету;
•  не  және  қайда  істелінген  болуы  тиіс  екенін 
түсіндіру;
• бірегей оқу циклының нақтылы кезеңдеріндегі 
оқытып, үйрету міндеттерін қою;
•  спорттық  жаттығуларды  меңгеру  үдерісінде 
жаттықтырушы мен оқушылар қызметін үйлесімді 
ұйымдастырудың  тәсілдерін,  мүмкіндік  жағдайла-
ры мен формаларын сипаттау;
• оқушыда бұрыннан бар, даму үстіндегі спорт-
тық  біліктілігі  мен  дағдыларын,  пәндік  саласын, 
танымдық, әлеуметтік аясын меңгеру үшін қажетті 
әртүрлі  біліктілік  дәрежелерін  қалыптастырудың 
әдістері мен тәсілдерін сипаттау;
• диагностика тәсілдерін анықтау және нәтиже-
лерін бағалау;
•  егер  нәтижелер  күтілген  нәтижеге  жетпесе, 
оқытып,  үйрету  үдерісін  түзетудің  варианттарын 
бағдарлау;
• дене жаттығуларының барлық курсын меңгеру 
үшін қажетті материалдық, уақыт, адам және ресу-
старды есептеу.
Бұл  бағдарламалардың  немесе  технологиялар-
дың стандартты бағдарламалардан айырмашылығы, 
олар оқушыларға спорттық қызметті белсенді мең-
герудің құралы мен мүмкіндік жағдайын белгілей-
ді, яғни оларға өзін және өз күшін байқап көруге, 
қызықты  шығармашылықпен  шұғылдануға  және 
қарым-қатынас  жолдарын  іздеуге  өз  ісін  таңдауға 
және оны айқын, айтарлықтай нәтиже түрінде лай-
ықты  аяқтауға,  ойлап  табушылық,  фантазияларды 
еркін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың  мұндай  қызметке  қатысуының 
ерекше мәні бар, яғни оларға бұрыннан бар спорт-
тық қабілеттерін жетілдіруге және жаңаларын мең-
геруді  қамтамасыз  етеді,  спортта  жоғары  нәтиже-
лерге жетудің мүмкіндік деңгейлерін арттырады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениеті мен спорт педаго-
гикасы (лекциялық жинақ)
2. Лихачев Б. Педагогика (курс лекция) Москва. 2006г.
3. Каинова Э.Б. Общая педагогика физической куль-
туры и спорта. Москва. 2007г
4. Ахмедзянов М. Н. Физическое воспитание учащих-
ся в деятельно-сти начинающего педагога: учебное по-
собие. Челябинск. 1997.Баранов В. А.,
5. Венглинский Г. П., Столяр К. Э. Теория и практика 
физической культуры в вузе. М., 2004.
6. Барчуков И. С. Физическая культура: учебное по-
собие  для  студентов  высших  учебных  заведений.  М.: 
ЮНИТИ, 2003.
7. Боген М. М. Физическое совершенство как основ-
ное  понятие  теории  физической  культуры  //  Теория  и 
практика физической культуры. 1997. № 5.
8. Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика: учебник 
для вузов. СПб., 2000. (Учебник в электронной библиоте-
ке СГИ).
9. Вислогузова М. А., Сушкова Ф. Б. Технология подго-
товки к твор-ческой педагогической деятельности. М., 
1995.
10.  Голиков Е. А. Маркетинг и логистика: учебное 
пособие / Изда-тельский дом «Дашков и К». М., 2001.

84
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет