Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Беркімбаев Камалбек Мейірбекұлы 
 Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Кентау институты директоры,  
Кентау қаласы,  e-mail: kamalbek.berkimbaev@aeu.edu.kz
Бекбулатова Индира Усейновна 
8(702)-427-96-86.  Indi_bek@mail.ru
Тасова Асель Баймурзаевна 
8(705)-697-28-82,  asel.tasova@mail.ru 
Түркістан қаласы, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  
«Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының  докторанттары
АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК
ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Түйін. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік әлеуетін ағылшын тілін меңгертуде қалыптастырудың кәсіби 
қажеттілігі жоғары. Атап айтқанда, ағылшын тілі олардың кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешу, табысты 
кәсіби халықаралық байланыстар орнатуларына, кәсіби мақсаттағы мәселелерді шешуде әлемдік ақпарат көздері 
қорларын пайдалануларына ықпал етеді. Мақалада ағылшын тілінің білу мен оқытудағы маңыздылығы талданған.  
Болашақ  мұғалімдердің  коммуникативтік  әлеуетін  ағылшын  тілінде  меңгертуде  қалыптастырудың  қажеттілігі 
теориялық тұрғыда негізделген. Ағылшын тілін болашақ мұғалімдерге меңгертуде кездесетін қиындықтар мен ке-
дергілер айқындалып, оларды болдырмау шаралары ұсынылған. Педагогикалық шарт ұғымына түсініктеме беріліп, 
болашақ  мұғалімдердің  коммуникативтік  әлеуетін  ағылшын  тілін  меңгертуде  қалыптастырудың  педагогикалық 
шарттарын анықталған.  
Кілттік сөздер: болашақ мұғалім, ағылшын тілі, шарт, педагогикалық шарт.
Резюме. Формирование коммуникативного потенциала будущих учителей в освоении английского языка являет-
ся одним из важных проблем. Английский язык поможет будущим учителям решить профессионально-социальных 
проблем, созданию эффективных международных сотрудничество с партнерами, использованию мировых информа-
ционных ресурсов. В статье рассматривается возможности английского языка в обучении. Теоретический обосно-
ваны необходимость формирование коммуникативного потенциала будущего учителя в обучении английского языка. 
А также выявлены трудности и барьеры изучения английского языка, указаны пути их преодоления. Определены пе-
дагогическая условия формирования коммуникативного потенциала будущего учителя в освоении английского языка
Ключевые слова: будущий учитель, английский язык, условие, педагогическая условие.
Summery. The formation of the communicative potential of the future teachers in learning the English language is one 
of the important problems. The English language will help the future teachers to solving professional and social problems, 
the establishment of effective international cooperation with partners, the using of global information resources. The article 
deals with the possibilities of the English language in teaching. The necessity of theoretical development of communicative 
potential of a future teacher in training English language. As well as the difficulties and barriers of English learning, the ways 
to overcome them. Pedagogical conditions of forming communicative potential of the future teachers in laerning the English 
language.
Keywords. future teacher, English language, condition, pedagogical condition.
Қоғамдағы заманауи технологиялардың даму 
үрдісі,  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  салалар-
дың  дамуындағы    жаңа  стратегиялық  бағыттар 
сәйкесінше  білім  беру  жүйесінен  жаңа  түбегейлі 
өзгерістерді талап етеді. Атап айтқанда, білім беру 
жүйесінің ашықтығы мен халықтың барлық өкіл-
дері  үшін  қолжетімділігі,  әрі  білім  беру  деңгейі 
әлемдік стандарттар мен талаптарға сай болуы. 
Білім берудің жаһандануы – бұл қазіргі білім 
беру  жүйесінің  жаңаруы  мен  кемелденуі.  Білім 
беру  жүйесінің  болашаққа  қатысты  қабылдаған  
шешімдері қоғамның барлық салаларының талап-
тарын қарастырады және елдің даму бағыт-бағда-
рын,  бәсекеге  қабілеттілігін,  интеллектуальдық 
әлеуетін қамсыздандырады. 
Мұғалім  мамандығы  коммуникативтік  ма-
мандықтар,  атап  айтқанда  «адам-адам»  қатына-
сындағы  мамандықтар  қатарына  жатады.  Ал  оны 
табысты  іске  асыру  көп  жағдайда  тұлғааралық 
коммуникация сипаты мен сапасына тәуелді болып 
келеді. 
Қазіргі кезде ағылшын тілін түрлі әлеуметтік 
салаларда  пайдаланудың  оң  тенденциясы  байқа-
луда. Оның үстіне ағылшын тілінде өтілетін пән-
дер санын арттыру мәселесін шешуге мемлекеттік 
деңгейде  күш  салынуда.  Кәсіби  салада  ағылшын 
тілін  меңгерген  мамандарға  сұраныc  үлкен.  Осы-
ның  нәтижесінде  ағылшын  тілі  жастар  арасында 
қатынас құралы, ақпарат көзі, қазақ тілімен қатар 
қолданылатын  қосымша  тіл  деңгейіне  көтеріліп 
келеді. 
Д.Грэддолдың  пікірінше  заманауи  білім  беру 
жүйесінде  байқалып  отырған  тенденциялардың 
бірі ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің саны-
ның артуы. Бұған себеп, заманауи оқулықтар мен 
ғылымдағы соңғы жаңалықтар мазмұндалатын жа-

14
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
рияланымдардың басым жағдайда ағылшын тілін-
де жарық көруі болып отыр. Ғалымның пікірінше 
оқу  мекемелерінің  ағылшын  тілді  бітірушілері 
күнделікті  коммуникация  барысында  ағылшын 
тілін қолданатын болады, ал бұл олардың ұрпақта-
рының ағылшын тілін ана тілі ретінде қабылдаула-
рына әкеледі, әрі бұл өз кезегінде ағылшын тілін 
шетел тілі деңгейінен туған тіл деңгейіне көтеруді 
іске асыратын механизм болып табылады [1].
Ағылшын  тілін  оқып  үйренуді  жетілдіру 
тұрғысындағы «Қазақстан Республикасында 2011-
2020  жылдарға  арналған  тілдерді  дамытудың» 
мемлекеттік  бағдарламасы    аясында  да  іске  асы-
рылуда.  Бағдарламаның  негізгі  міндеттерінің  бірі  
ағылшын тілін және басқа да шетел тілдерін оқып 
үйрену  болып  табылады.  Сондай-ақ  бағдаралма-
да 2014 жылы халықтың 10%, 2017 жылы - 15%, 
2020 жылы - 20% ағылшын тілін меңгерулері мін-
деттелген. Ал елімідздің үш тілді (қазақ тілі, орыс 
тілі, ағылшын тілі) меңгерген азаматтарының саны 
2014 жылы - 10%, 2017 жылы - 12%, 2020 жылы 
-  15%-ды құрауы тиіс [2].
Білім беру жүйесіне үш тілде білім беру мем-
лекеттік  деңгейде  қолға  алынуы,  бірқатар  жара-
тылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды та-
лап етілуі, жоғары оқу орындарында көптілді оқу 
топтарын  қалыптастыру  мәселелері,  білім  беру 
мен  күнделікті  кәсіби  қызмет  салаларына  ақпа-
раттық-телекоммуникациялық  технологиялардың 
дендеп енуі, білім беру формалары мен әдістерінің 
өзгеруі,  коммуникацияның  жаңаша  түрлерінің 
(интернет  коммуникация,  қашықтықтан  комму-
никация және т.б.) пайда болуы  болашақ инфор-
матика  мұғалімдерінің  коммуникативтік  әлеуетін 
ағылшын тілін меңгертуде қалыптастыруды өзекті 
етеді. 
Дегенмен, ағылшын тілін жоғары оқу орнын-
да  оқытып  үйретуде  келесі  кедергілер  мен  қиын-
дықтардың кездесетіндігі белгілі:
-  оқытушы-профессорлар  құрамы  мен 
білімгерлердің  ағылшын  тілін  меңгеру  деңгей-
лерінің төмендігі, ағылшын тілінде сөйлеудің дағ-
дыларын жеткілікті меңгермеулері;
-  халықаралық  нарықтағы  ағылшын  тілді 
мамандардың жетіспеушілігі;
-  ұйымдастыру мен басқару инфрақұрылы-
мының мәселелері;
-  шетелдік білімгерлердің мәдени кірігуінің 
жоқтығы және т.б.
Жоғарыда  аталған  қиындықтар  мен  кедер-
гілерді жоғары білім беруде болашақ мұғалімдерге 
ағылшын тілін оқытуда кәсіби бағдарлы, коммуни-
кативтік  әдістемелерді  пайдалану,  ағылшын  тілін 
меңгертуге  арналған  элективтік  курстар  санын 
көбейту,  білімгерлердің  академиялық  ұтқырлық 
бағдарламалары бойынша шетелдік серіктес уни-
верситеттерде  бір  оқу  жылы  немесе  бір  семестр 
білім  алуларын  қамсыздандыру,  ағылшын  тілін 
меңгертуге арналған қазақ тілді қашықтықтан оқы-
ту орталықтарын құру есебінен жоюға болады. 
Осы орайда, елдің білім беру жүйесіндегі ба-
сты  тұлға  болашақ  мұғалімдердің,  атап  айтқанда 
біздің зерттеу нысанымыз болып табылатын бола-
шақ информатика мұғалімдерінің коммуникативтік 
әлеуетін ағылшын тілін меңгертуде қалыптастыру-
дың педагогикалық шарттарын анықтау маңызды. 
В.И.Андреевтің айтуы бойынша «педагогика-
лық шарт – шаралардың, мазмұн, тәсілдер  жиын-
тығы  және  оқытудың  ұйымдастырылған  түрі  мен 
тәрбие [3].
В.А.Беликовтің  тұжырымдауында«педагоги-
калық шарт -педагогикалық тапсырмаларды орын-
дауға бағытталған материальді – кеңістіктік орта-
ның және объективті мүмкіндіктердің, тәсілдердің 
тұтастығы» [4]; 
Педагогикалық шарттар  - бұл  білім беруші 
бен  білім алушы арасында қарым – қатынастың 
түрі,  оқыту  құралы,  ұйымдастырушы  қалып 
және  мазмұн  болып  табылатын  педагогикалық  
жүйенің  құрам  бөлігінің  мазмұндалған  мінезде-
месінің  бірі [5].
Педагогикалық  шарт  құрылымында    ішкі 
(субъектінің білім алу процесін қамтамасыз ететін) 
және  сыртқы  (процессуальді  құрайтын  жүй-
ені  қалыптастырушы)  бөліктері  болады.  Дұрыс 
таңдалған  педагогикалық шартты  іске асыру пе-
дагогикалық жүйенің тиімді қызметі мен дамуын 
қамтамасыз етеді. 
Ал біз педагогикалық шарт ретінде педагоги-
калық  жүйенің  тиімді іске асырылуы мен дамуын  
қамтамасыз ететін, білім беру ортасының әлеуетті 
мүмкіндіктерінің  тұтастығын  бейнелейтін  жүйені 
түсінеміз [6]. 
Болашақ  мұғалімнің  коммуникативтікәлеу-
етін  қалыптастырудың  шартын  қалыптастырудың 
оңтайлы  іске  асырылатын  орталарын  қарасты-
райық.  Олар:  қоршаған  нақтылықтыңнысанда-
ры;әртүрлі  іс-әрекет  түрлерін  орындау  үдерісінің 
субъектілері; белсенді тұлғаны қалыптастыру мен 
дамыту үдерісінің ерекшеліктері; аталған үдерісті 
ұйымдастыру  мен  іске  асырудың  орталары,  әді-
стері мен формалары; білімгерлердің кәсіби білім 
ерекшеліктері. Бұл орталар мемлекеттік білім беру 
стандарты шегінде жүзеге асырылады. В.И.Смир-
нов педагогикалық іс-әрекеттің  ықпалдылығының 
көпбейнелілігі  шартын  объективтік  және  субъек-
тивтік топқа жіктеуді ұсынады.
Субъективтік шарттар:
-  іс-әрекетсубъекттісінде  анықталған  қажет-
тіліктің, оны іске асырудың тұрақты мотивтерінің 
болуы, олардың мақсат пен іс-әрекет бағдарлама-
ларын қабылдаулары;
-  ұйымның  тәжірибесі  және  іс-әрекетті  іске 
асыру: теориялық даярлық, біліктер мен практика-
лық  әрекеттер  мен  операциялардың  қалыптасты-
рылғандығы;

15
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
- іс-әрекет мазмұны мен сипатының іс-әрекет 
субъектісінің жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі;
-  іс-әрекет  субъектісінің  эмоционалдық-пси-
хологиялық және физикалық күйі. 
Объективтік шарттар:
а) ұйымдастырушылық және орталық:
-  іс-әрекет  мақсатының  айқындығы,  сенімді 
мотивациясы,  рационалды  жоспарлау,  бақылауды 
ұйымдастыру, нақты бағалау;

топтағы 
адамгершілік-психологиялық 
жағымды ахуал;
-  іс-әрекеттің  белгілі  тәртіппен  қабылданған 
өндірістік-тұрмыстық, 
санитарлық-гигиеналық 
шарттарға сәйкестігі. 
б) Қор бойынша шарттар:
-  іс-әрекеттің  материалдық-техникалық  қам-
сыздандырылуы; 
- іс-әрекеттің ақпараттық қамсыздандырылуы; 
-  іс-әрекеттің  кадрлық  қамсыздандырылуы: 
құзыретті  басшылар,  білікті  ұйымдастырушылар, 
орындаушылар [7] .
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік әле-
уетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын 
жобалау үшін келесі зерттеу жұмыстары жүргізілуі 
тиіс: 
-  эмпирикалық  педагогикалық  материал-
дарды және педагогикалық әдебиеттерді, меншікті 
педагогикалық  тәжірибені  тұжырымдамалық  тал-
дау  негізінде  білімгерлермен  жұмыс  барысында 
басымдық  берілетін  және  таңдап  алынған  оқыту 
әдістері  мен  формаларына  негізделген  дамушы 
әлеуетті айқындау;
-  педагогикалық  практика  мен  ғалымдар 
тарапынан жасалған түрлі теориялық тәсілдерден 
коммуникативтік  әлеуетті  қалыптастыруға  байла-
нысты  эпизодтарды,  ынталандыру  тенденцияла-
рын ерекшелеу;
-  барынша  ықпалды  және  басқарылатын 
педагогикалық  шарттарды,  әдістерді,  әдістемелік 
тәсілдерді, жұмыс түрлерін іріктеу;
-  білімгерлердің  кезеңдер  бойынша  білім 
беру  үдерісіне  қатысуларын  қамтамасыз  ететін 
коммуникативтік  әлеуетті  дамытудың  педагогика-
лық мақсатқа бағдарланған логикасын құру;
-  үдерісті  болжау  және  түзету  орталарын 
іріктеу,  ұсынылатын  шарттар  жүйесінің  нәти-
желілігі мен оңтайлылығын дәлелдеу;
Жоғарыда  айталғандарды  тұжырымдай  келе, 
педагогикалық шарттар өзіне білім беру ортасын, 
педагогикалық  іс-шаралар  кешенін,  ақпараттық, 
технологиялық,  тұлғалық,  білім  беру  үдерісінің 
психологиялық  негізделуін  біріктіретінін  тұжы-
рымдауға болады. 
Отандық  және  шетелдік  ғалым  педагогтар-
дың  іргелі  еңбектерін  зерттеу  және  талдау  мен 
ой-пікірлерін  тұжырымдаулар  арқылы  болашақ 
мұғалімдердің коммуникативтік әлеуетін ағылшын 
тілін меңгертуде қалыптастырудың педагогикалық 
шарттарын анықтадық:
1)  Cтудeнттepдiң  білім  алудағы  кoмму-
никaтивтiк  ic-әpeкeтiн  коммуникативтік  әле-
ует    құpaушылapы  бoлaтын  коммуникативтік 
қасиеттер,  коммуникативтік  қабілеттер,коммуни-
кативтік құзыреттер қалыптастырылатын eтiп ұй-
ымдacтыpу; 
2)    Коммуникативтік  әлеуетті  қaлыптacтыpу-
дың мaзмұны, әдicтepi, фopмaлapы мeн opтaлapын 
пaйдaлaнудың  иілгіштігі,  кәсіби  пәндермен  пәна-
ралық байланыстың бар болуы.
3)  Элeктpoнды  oқу  құpaлдapы  мeн  кoм-
пьютepлiк  oқытушы-бaқылaушы  бaғдapлaмaдaн 
құралған,  бoлaшaқ  информатика  мұғалімдерінің 
коммуникативтік 
әлеуетін 
қaлыптacтыpуғa 
apнaлғaн бaғдapлaмaны icкe acыpу. 
4) Ағылшын тілі оқытушысының кәсіби және 
коммуникативтік әлеуетінің деңгейінің жоғары бо-
луы және ұдайы біліктілік жетілдіруі.
Жоғарыда айқындалған педагогикалық шарт-
тар болашақ мұғалімдердің коммуникативтік әлеу-
етін қалыптастырудың оңтайлы шешімдерін табуға 
жол ашады. Ағылшын тілін меңгертуде коммунки-
атвитік әлеуетті қалыптастырудың қолжетімділігін 
қамсыздандырады.
Ағылшын  тілінің  білім  саласындағы  орасан 
зор әлеуетін пайдалану жалпы адамзат мәселелері-
не  қатысты  әлемдік  ақпаратпен  қамтамасыз  ету 
үшін маңызды. Бұл өз кезегінде келіспеушілктерді 
шешу, сыни ойлаудың теориясы мен практикасын 
оқытуға әкеледі.  Мұның барлығы өз кезегінде бо-
лашақ мұғалімдердің заманауи әлем мен ұлт дең-
гейіндегі  халықтар,  ұлттар,  тілдер  мен  мәдениет-
тердің арасындағы күрделі байланыс тән болатын 
өмірге белсенді қатысуға қажетті дағдыларды мең-
герулеріне әсер етеді әрі оны қамтамасыз етеді. 
Жоғарыда  аталған  басымдылықтар  болашақ 
мұғалімдердің  коммуникативтік  әлеуетін  ағыл-
шын  тілін  меңгертуде  қалыптастырудың  маңыз-
дылығын еселей түседі. Өзара интеграцияланудың 
үдеу  кезеңіндегі  әлемде  ағылшын  тілін  оқытуда 
грамматика мен лексика ережелерінің анықталған 
санын үйретуге қарағанда коммункиация мен бір-
лескен  іс-әрекеттерді  дамытудың  ықпалды  тәсіл-
деріне оқыту маңызды.

16
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Graddol  D.  English  Next:  Why  Global  English  May  Mean  the  End  of  English  as  a  Foreign  Language.  London 
:TheBritishCouncil, 2006.
2.  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. Қазақстан Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 29 маусым № 110 Жарлығымен бекітілген.
 Астана, 2010.  
3.  Андреев В. И. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Казань: Изд-во КГУ, 1988. 
238 с.
4.  Беликов В. А. Философия образования личности: деятельностный аспект: монография. М.: Владос, 2004. 
357 с.
5.  Ипполитова Н. В. Теория и практика подготовки будущих учителей к патриотическому воспитанию уча-
щихся: дис. … д-ра пед. наук. Челябинск, 2000. 383 с., с. 29-32
6.  Смирнов В.И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. – М. : Педагогическое общество 
России, 1999. – 416 с.
7.  Akeshova  M.M.,  K.Berkimbaev  G.Meirbekova,  Zh.Daribaev,  S.Kurbaniyazov,  Z.Abdikulova  To  The  Problem  of 
Using Competence-Based Approachand Information Technologies in Formation of Communicative Competence of the Future 
Specialists Creative Education Volume 4,  No 8, China, 2013. - p.503-508.

17
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ӘОЖ 371.134
Дайырбеков Серік Сансызбайұлы 
Сырдария университетінің ректоры,  п.ғ.к., доцент, dairbekov-serik@mail.ru 
Адылбекова Эльвира Тулепбергеновна 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,
 п.ғ.к., аға оқытушы, adylbekova_elvir@mail.ru 
Әбдікадирова Ақерке 
Сырдария университетінің магистранты, akose-26.93@mail.ru 
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Түйін. Бұл мақалада ақпараттық жүйелер, автоматтандырылған жүйелер, басқарудың автоматтандырылған 
жүйесі, өнеркәсіптің барлық өндірістік ресурстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін MRP II және ERP ұйымның 
ресурстарын жоспарлау концепциясының шығу тарихы, ерекшеліктері мен ішкі жүйелері, атқаратын қызметтері 
баяндалған. Басқару моделінің сипаттамасы, қасиеттерінің мазмұны мен маңызын оқыту ерекшеліктері ашылған. 
Резюме. В статье рассматриваются информационные системы, автоматизированные системы, автомати-
зированные системы управления, разработка концепции планирование всех производственных ресурсов предприятия 
MRP II и планирование ресурсов в масштабе предприятия ERP, их подсистемы и характерные особенности, функции. 
Раскрыты особенности обучения модели управления, описания, свойства содержания и его ценности. 
Summary. The article deals with information systems, automated systems, automated control systems, development of 
the concept planning of all manufacturing enterprise resource planning MRP II and enterprise resource ERP, subsystems and 
their characteristics and functions. Some aspects of training management model, describing the properties of the content and 
its value.
Қазіргі  қоғамның  даму  кезеңі  адамның  қыз-
метінің басым бөлігін компьютерлендірумен, ақпа-
раттандырумен ерекшеленеді. Осыған байланысты 
болашақ  мамандардың  қызметінің  аясы  кеңейіп, 
ақпараттық-компьютерлік  іс-әрекетінің  тәжіри-
белік сұранысы артуда. Мұның барлығы ақпарат-
тық технологияны жетік меңгеріп, тиімді қолдана 
алатын мамандардың қажеттілігін анықтайды.
Қазіргі уақытта ақпараттардың ағыны өте көп 
болғандықтан,  оның  дер  кезінде  берілуіне,  дұры-
стығына,  толықтығына  нарықта  аса  зор  талаптар 
қойылады.  Мұнсыз  экономика  мен  әлеуметтік 
басқару  саласында  тиімді  қаржылық  іс-әрекеттер 
жүргізілмейді.  Информатиканың  индустриясын 
құру және бағдарламалық-ақпараттық өнімнің та-
уарға айналуы – қоғамда үлкен әлеуметтік өзгері-
стерге алып келді. Алынған ақпарат материалдық 
өндірістен  әлеуметтік  салаға  дейінгі  қоғамның 
барлық салаларын қамтиды.
Өндірістік  өнеркәсіптің  дамуы  өндірілетін 
өнімнің  әртүрлілендіру,  басқару  процедуралары 
мен  технологиялық  процестерді  күрделендірумен 
жалғасуда.  Бүгінгі  таңда  ешбір  мекеме  басқару 
процедурасын  орындауға  арналған  ақпараттық 
технологияны  қолданбай  жұмыс  жасай  алмай-
ды.  Бұл  процедуралар  басқарудың  автоматтанды-
рылған жүйесі көмегімен орындалады. 
Автоматтандырылған  жүйе  (the  automated 
system) — басқару міндетінің бір бөлігін адам (опе-
ратор) орындайтын, басқарьшатын объектілер мен 
автоматты  басқару  құрылғыларының  жиынтығы. 
Автоматтандырылған жүйеде автоматты құрылғы-
лар басқару объектісінен ақпарат жинақтауды, оны 
жеткізуді,  түрлендіруді  және  өңдеуді,  басқарушы 
командаларды  қалыптастыруды  және  басқарыла-
тын  объектіде  олардың  орындалуын  жүзеге  асы-
рады, яғни формальдауға оңай келетін қызметтер. 
Адам — оператор басқарудың мақсаттары мен кри-
терийлерін анықтайды және жағдайлардын өзгеруі 
кезінде оларды түзетеді. Ӏс-әрекеттеріне байланы-
сты  автоматтандырылған  жүйеде  басқарудың  ав-
томаттандырылған  жүйесі,  ғылыми  зерттеулердің 
автоматтандырылған жүйесі, құрылмалаудың авто-
маттандырылған  жүйесі,  өндірісті  технологиялық 
дайындаудың  автоматтандырылған  жүйесі,  авто-
маттандырылған жобалау жүйесі және т.б. түрлері 
болады [1]. 
Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі ақпа-
раттық  жүйелерді  жасау  мәселелерімен  айналы-
сады  және  сыртқы  әсерлерге  бейімдеуге  қабілет-
ті  икемді  жүйелерді  жасауды  ұсынады.  Әртүрлі 
бағытта  өзара  әрекеттесін  ішкі  жүйелерден  тұра-
тын  қазіргі  заманғы  ақпараттық  жүйелер:  білімді 
басқару  ішкі  жүйелері,  шешімді  қабылдау  және 
талдау ішкі жүйелері (DSS – Desion suppot system), 
ресурстарды  жоспарлау  үшкі  жүйелері  (ERP  - 
Enterprise  Resource  Planning),  сыртқы  ақпараттық 
жүйелермен  ақпарат  алмасу  блогынан  тұратын 
күрделі интеграцияланған кешен болып табылады 

18
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
[2].
Басқаруды  автомaттандыру  саласында  әйгілі 
орыстың  инженер-ғалымы  И.А.Вышнеградский 
ғылыми  зерттеулер  жүргізіп,  бірінші  бу  машина-
сын,  оның  регуляторын  математикалық  әдіспен, 
бір  ғана  динамикалық  жүйемен  талдады.  Одан 
кейін орыс ғалымдары А.М.Ляпунов және Н.Е.Жу-
ковский  математикалық  теория  үдерісінің  негізін 
салды, ол автоматты басқару машиналары мен көп-
теген механизмдерде өтті. Регуляторлық бу маши-
насының  қолданбалы  механика  теориясының  бір 
бөлімі екені ХХ ғасырдың ортасына таман белгілі 
болды.
Қазіргі  заман  талабына  сай  кәсіпорын  қыз-
метін автоматтандыру үшін басқару жүйесінде кең 
көлемде  компьютерді  қолдану,  түрлі  машиналар 
мен  техника  арқылы  ЭЕМ-ге  адам-машина  жүй-
есін енгізу, жоғары дәрежелі, сапалы, жаңа техни-
калары қолдану, басқару жүйесінің жобасын түбе-
гейлі автоматтандыруға жатқызуға болады [3].
Басқарудың  автоматтандырылған  жүйесі 
кәсіпорынды  басқару  жүйесін  автоматтандыру 
(АСУП  немесе  ағылшынша  ERP)  және  техноло-
гиялық  процесстерді  басқарудың  автоматтанды-
рылған жүйесі (АСУТП) болып бөлінеді. 
АСУП немесе ERP жүйесі жоспарлаудың ішкі 
жүйесін,  логистиканың,  кәсіпорынды,  қаржыны, 
қызметкерлерді  және  т.б.    басқарудың  модульдік 
құрылымын қамтиды. ERP технологиясын меңгеру 
үшін берілгендер қоры, дискретті математика, ин-
теллектуальды жүйе, есептеуіш желілер, экономи-
ка мен кәсіпорынды жоспарлау саласынан білімді 
болу керек.
АСУТП жүйесі үздіксіз және дискретті өндірі-
сте қолданылады. Бұл жүйеде процестің параметр-
лерін  реттеу  және  қадағалау,  құрылғыны  жүктеу 
және т.б. жүзеге асырылады. АСУТП меңгеру үшін 
есептеуіш желілер мен микропроцессорлық техни-
ка,  программалау,  өндірістік  технологиялар  сала-
сынан білімді болу керек.
Басқарудың  автоматтандырылған  жүйесінің 
шығу  тарихына  тоқталатын  болсақ,  40-шы  жыл-
дардың соңы мен 50-ші жылдардың басында ком-
пьютерлер  алғаш  рет  коммерциялық  ұйымдарда 
пайда болған кезде бір ЭЕМ бір ғана қызмет түрін 
орындау  үшін  пайдаланылған  болатын.  Ол  кезде 
ЭЕМ-ге түрлі ақпаратты өңдеуді бөліп беру туралы 
ешкімнің ойына де кірмеген еді. Пайдаланушылар 
қолмен ұзақ уақыт кететін берілгендерді өңдеу жұ-
мыстарын  машина  алмастырғанға  қанағаттанды. 
Есептеу  қуаты  өсіп,  ал  бағасы  төмендеген  сайын 
бір компьютерде немесе ЭЕМ-дер тобында бірне-
ше қызмет түрін орындау мүмкін болды. Қорытын-
ды  мәліметтер  мен  берілгендердің  қандай  да  бір 
бөлігін  бір  қосымшадан  басқасына  жіберу  үлкен 
қадам жасағанмен бірдей болған.
80-шы  жылдардың  басында  пайда  болған 
дербес компьютерлер көмегімен есеп жүргізу мен 
берілгендерді  өңдеу  жұмысын  автоматтандыру 
мүмкіндігі кішігірім компанияларға да қолжетімді 
болды.  Мұндай  компанияларда  үлкен  фирмалар-
дағыдай ақпаратты өңдеу есебін орындайтын ма-
мандандырылған әкімшілік, бухгалтерлік, техника-
лық қызметкерлер болмады. Бұл ақпаратты бір рет 
ендіріп, содан кейін қосымшаның басқа бөлімінде 
автоматты түрде пайдалануға болатын, яғни бірне-
ше қызметті орындай алатын жаңа коммерциялық 
қосымшалардың пайда болуына әкелді. 
80-ші жылдардың соңында ұйымдар шеңберін-
де  берілгендердің  бірыңғай  моделін  құру  туралы 
ой өндірістік үдерістерді басқарудың тиімді жолын 
іздеген  халықаралық  өнеркәсіптік  компаниялар-
ды  қызықтыра  бастады.  Бұл  бағыттағы  алғашқы 
қадам  өндіріс  үшін  материалдарды  жоспарлауды 
ғана қамтитын MRP (Materials Resource Planning) 
материалдық ресурстарды жоспарлау болды.
Қандай да бір экономикалық, өндірістік, әле-
уметтік салалардың қызметі барқару арқылы жүр-
гізіледі.  Басқару  қызметін  жүзеге  асыратын  жүйе 
басқару  жүйесі  деп  аталады.  Оның  жоспарлау, 
болжау,  есеп,  талдау,  бақылау,  байыптау  секілді 
жүзеге  асыратын  негізгі  қызметтері  бар.  Басқару 
жүйесінің  компоненттері  ақпараттың  алмасуына 
қатысты.  Басқару  үдерісінде  қажет  уақытта  жүй-
енің жағдайы жайлы, қойылған мақсатқа жеткенді-
гі туралы хабар алынып отырады. Мысалы, эконо-
микалық  саланы  басқару  жүйесіне  экономикалық 
саланың ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, оны эко-
номикалық ақпарат деп атауға болады. 
Экономикалық  ақпараттық  жүйе    экономи-
калық  нысанның  тікелей  және  кері  ақпараттық 
байланыс  құруда  ақпаратты  өңдеу  мен  басқару 
шешімдерін  шешуге  қатысатын  әдіс-тәсілдердің, 
техникалық  құралдардың,  қажет  мамандардың 
жиыны болып табылады.
Автоматтандырылған 
ақпараттық 
жүйе 
ақпаратты басқару мен өңдеуде дұрыс шешім қа-
былдайтын,  қажет  ақпарат  пен  әдіс-тәсілдерді, 
компьютерлік-техникалық, бағдарламалық, техно-
логиялық құралдарды пайдалана алатын мамандар 
жиынын айтуға болады. 
Ақпараттық  жүйені  кәсіпорынды  басқаруда 
пайдаланылатын  ақпараттарды  жинайтын,  өңдей-
тін, сақтайтын, тарататын бір-бірімен байланысқан 
компоненттер  жиын  деп  те  түсіндіруге  болады. 
Ақпарат  ішкі  және  сыртқы  болып  бөлінеді.  Сы-
ртқы  ақпарат  басқа  мекемелерден  алынатын  құ-
жаттардан тұрады. Ішкі ақпарат кәсіпорындардағы 

19
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
бөлімдердің қызметі мен жоспарының жүзеге асы-
рылуы туралы ақпараттарды қамтиды. 
Басқару  аймағымен  айналысатын  бірнеше 
американдық мамандар MRP концепциясын құра-
стырды. Мұнда метариалдың екі типі қолданылды: 
тәуелді сұраныс (белгілі бір уақытқа өнімді дайын-
дау)  және  тәуелсіз  сұраныс  (кәсіпорынның  қоры 
болуы).
Қойма  қорымен  байланысты  шығындарды 
азайту MRP-ның негізгі концепциясы болды. Бұл 
концепцияның негізі -  Bill Of Material (BOM – жо-
балау  бөлімі  жауап  беретін  өнімнің  ерекшелігі), 
яғни өнімге деген сұраныс пен оны жүзеге асыру. 
Сонымен қатар мұнда уақыт үлкен рөл атқарады. 
Жүйе уақытты есепке алу үшін өнімнің шығу тех-
нологиясын  білуі  керек.  Өнімді  шығару  жоспары 
негізінде  ВОМ  белгілі  бір  уақытта  қажет  бола-
тын материалдарды есептеп отырады. Бірақ MRP 
кемшілігі  -  қажет  болатын  материалдарды  есеп-
тегенімен,  мұнда  жұмыс  күші  ескерілмейді.  Сон-
дықтан  MRP  II  (Manufacturing  Resource  Planing  – 
өндірістік  ресурстарды  жоспарлау)  пайда  болды. 
MRP  II  өнеркәсіптің  барлық  өндірістік  ресурста-
рын жоспарлауға мүмкіндік берді. MRP II дамыта 
отырып ERP (Enterprise Resource Planning – ұйым-
ның  ресурстарын  жоспарлау)  концепциясы  пайда 
болды.  ERP  негізі  -  барлық  іскерлік,  қаржылық 
және басқа да қажетті ақпараттардан  жинақиалған 
берілгендердің бірыңғай қоймасын құру болып та-
былады. Бұл берілгендерді бір жүйеден басқа жүй-
еге ауыстыру қажеттілігін жояды және кез келген 
ақпарат ұйымдағы қызметкерлер үшін қолжетімді 
болады. ERP концепциясы өндірістік секторда өте 
танымал. ERP стандарты кәсіпорынның барлық ре-
сурстарын біріктіруге мүмкіндік берді.
ERP  жүйесінің  өзіндік  ерекшеліктері  төмен-
дегіше:
1.  Кәсіпорынды  басқаруда  процесті  көзқа-
расқа бағдарлау. Процеске бағдарланған басқаруда 
процестердің  (мысалы,  өнімнің  сапасы,  оған  кет-
кен шығын және т.б.) байланысы анықталады.
2.  Программалық  қамтаманың  модульдік 
құрылымымен  қамтамасыз  ететін  барлық  рұқсат 
етілген  бизнес-процестердің  немесе  олардың  бір 
бөлігін орындау мүмкіндігі бар. 
3.  Нақты  бір  тұтынушыға  және  нарық  шарт-
тарына бейімделгіш. Ол үшін жүйеде инструмен-
тальды саймандардың болуы маңызды.
4.  АСУП  техникалық  қамтамасыз  етілуі  – 
кәсіпорынның  бөлімшелері  мен  цехтарды  байла-
ныстыратын компьютерлік желі. 
ERP  жүйесінің  бірнеше  ішкі  жүйелері  бар. 
Олардың негізгілері:
- жоспарлау ішкі жүйесі. Негізгі қызметі: өн-
дірісті  жоспарлау,  қажетті  материалдарды  есеп-
теу,  өнімді  есептеу  және  олардың  орындалуын 
қадағалау.
-  өндірісті  басқару.  Қызметі:  шыққан  өнімді, 
ақау  мен  қалдықты  қадағалау,  ресурстардың 
шығын нормасын есептеу.
Әлемде ERP-нің дамыған жүйелері болып SAP 
R3,  Baan  IV,  Oracle  Applications,  J.D.Edwards,  ал 
кәсіпорынды  басқару  жүйесін  автоматтандыруда 
АСУП Галактика, 1С:Предприятие, Флагман жүй-
елерін ерекше атап өтуге болады. Ал басқарудың 
автоматтандырылған  жүйесі  туралы  айтылғанда 
көбінесе ERP, MRP, MRPII және т.б. жүйелері бір-
ден еске түседі. Бұл жүйелердің кез келгені басқа-
ру тиімділігін жоғарылатуға арналған, дер кезінде 
компьютер  көмегімен  қажетті  мәлімет  алмасуға 
болатын  механизм  ғана.  Ал  оны  құрастыратын 
және басқаратын адам екенін ұмытпаған жөн. 
Кәсіпорын  қызметін  автоматтандыру  сияқты 
кез  келген  жұмыс  орнын  автоматтандыру  қазіргі 
кезде өзекті мәселе екені белгілі. Ақпараттық жүй-
ені  автоматтандыру  қызметін  жетік  меңгеру  мақ-
сатында  бізде  «Компьютер  архитектурасы  және 
ақпараттық  жүйелер»  курсында  компьютер  архи-
тектурасымен қатар ақпараттық жүйелер, олардың 
шығу  тарихы,  қолданылу  саласы,  автоматтанды-
ру  жолдары  және  т.б.  мәселелер  қарастырылады. 
Ақпараттық  жүйелерді  автоматтандыру  барысын-
да түрлі мекемелер мен бөлімшелердің қызметтері 
автоматтандырылады.  Ол үшін жоғарыда аталған 
жүйелер секілді бағдарламаларды құру мақсатын-
да түрлі бағдарламалау орталары пайдаланылады. 
Соның бір мысалы ретінде Delphi ортасында құра-
стырылған  институттың  әскери  тіркеу  бөлімінің 
автоматтандырылған  қызметін  ұсынып  отырмыз 
(1-сурет).  Әскери  есепке  тіркеу  ЖОО-да  қызмет 
ететін және білім алатын студенттердің әскер қата-
рына шақырылатындардың санын анықтап, әскер-
ге  шақырылған  студенттердің  Қазақстан  респу-
бликасы қарулы күштеріндегі қызмет мерзімдерін 
білім алу кезеңінде ұзартуды қамтамасыз ету мақ-
сатында жүргізіледі.

20
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
1-сурет. Әскери тіркеу бөлімінің автоматтандырылған ортасы
Заманның дамуындағы жетістіктер келешек ұрпақтың білімі мен тәрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол 
болашақ маманның біліктілік деңгейіне байланысты. Сондықтан да болашақ маманның дайындық деңейі 
ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында терең мамандандырылған және қоғам талабына сай иннова-
циялық тұрғыда тіршілік ете алатындай, кәсіпорынды тиімді басқару қабілеті жоғары болуы керек.
Әдебиеттер:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік тех-
ника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа 
бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республи-
касы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. 
– 456 бет. 
2. Қойшиева Т.Қ. Ақпараттық технология құралдарына оқыту мазмұнын объектілі-бағдарлы жобалауда 
қолданылатын ұғымдар жүйесі // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2010. №2(1).
3 Томас Коннолли, Каролин Бегг, Анна Страган. Базы данных: проек-тирование, реализация и сопровожде-
ние. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. пос: - М.: издательский дом «Вильямс», 2000г.

21
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ӘОЖ  37.016:574

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет