Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Ниязова Гүлжан Жолаушықызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доценті
Тел.: 8 7053121977,  ngulzhan@bk.ru
Хайтбаева Насиба
6М060200 - Информатика мамандығының 2-курс магистранты
Абдурашидов Абдулхамид
6М060200 - Информатика мамандығының 2-курс магистранты
Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДАҒЫ 
GOOGLE APPS МҮМКІНДІКТЕРІ
Түйін.  Мақалада  білім  беруде  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  маңыздылығы  тұжырымдалған. 
Білім берудің сандық ресурстары түрлері мазмұндалған. Білім беруде Google Apps ұсынатын мүмкіндіктер айқын-
далған. 
Резюме  В  статье  рассматривается  необходимости  использования  информационных  технологии  в  образова-
тельном процессе. Определены виды образовательных цифровых информационных ресурсов. Выявлены возможности 
Google Apps в образовании.
Summary. The article discusses the necessity of the use of information technology in the educational process. The types 
of educational digital content. Revealed the possibility of Google Apps for Education
Болашақ  білім  –  бұл  аралас  білім,  яғни  оқу 
процессіне  күндізгі  және  электронды  оқытудың 
үйлестірілген формасы. Қазіргі таңда аралас оқыту 
тәжірибеден  өткізілуде  (дәстүрлі  және  электрон-
дық оқыту).  Болашақта  аралас  оқу  формасы орта 
білім беру саласында басымдыққа ие болмақ. 
Білім беру саласында ақпараттық-телекомму-
никациялық  технологияларды  дамытудың  барлық 
жаңа  үрдістерін  ескеру  және  оларды  білім  беру 
процессінде пайдалану елдегі білім беру деңгейін 
жаңа деңгейге шығаруға көмек береді 
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік 
бағдарламасында (http://egov.kz):
-  барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарын 
электрондық  оқу  жүйелерімен  2017  жылы  50  %, 
2020 жылы 100% дейін қамту;
-  ерекше  қажеттіліктері  бар  (инклюзивті 
білім  беру)  балалар  үшін  АКТ  көмегімен  сапалы 
білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  –  2017 
жылы – 30 %, 2020 жылы - 50%.
-  мектептер  мен  техникалық  және  кәсі-
би  білім  беру  үшін  ашық  қолжетімділіктегі  элек-
трондық контенттің көлемі 2017 жылы 60 %, 2020 
жылы – 90% жеткізу көзделеді.
Ал  бұған  қол  жеткізудің  негізгі  шаралары 
ретінде:
-  жоғары оқу орындары жанында студент-
тердің ғылыми жұмыстарын іске асыру үшін қа-
жетті  құралдармен  жабдықталған  зертханалар-
ды ашу;
-  білім  беру  процесстерін  бөліктей  элек-
трондық форматқа көшіру қарастырылады;
-  білім  беру  процессіне  мамандықтар  бой-
ынша  нақты  бір  кәсіби  қызметке  арналған  жаңа 
бағдарламалық  шешімдер  мен  қосымшаларды 
тәжірибелік  пайдаланудың  негізгі  машықтарына 
оқытуды енгізу қарастырылады.
Оқыту  үдерісін  ақпараттандыруға  бағыт-
талған жоғары білім беру орындарын ақпараттан-
дыру үдерісі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың 
тиімділігін  арттыру  мақсатымен  ақпараттық-ком-
муникациялық  технологияларды  қолдану  пробле-
маларын зерттеудің көкейкестілігін анықтайды.
Осыған байланысты оқыту үдерісін жетілдіру-
дің  психологиялық-педагогикалық  мақсаттарын 
іске  асырушы,  оқу  үдерісіне  ақпараттық-комму-
никациялық технологияларды ендірудің келесі ең 
перспективалы үш бағыттары бөліп көрсетіледі:
Бірінші  бағыт  -  интеллектуалды  оқытушы 
жүйелерді қолдануға негізделген, ол өз кезегінде, 
мәліметтер қорын, экспертті-оқытушы жүйелерді, 
жасанды интеллект жүйелерін қолдану.
Екінші бағыт - гиперорта жүйесін, электрон-
дық  кітаптарды  қолдануды,  оқуға  мақсатталған 
бағдарламалық 
құралдарды, 
автоматтанды-
рылған  оқытушы  жүйелерді  жетілдіру.  Интернет, 
қашықтықтан оқыту.
Үшінші  бағыт  -  телекоммуникация  құралда-
рын  пайдалануға  негізделген.  Телекоммуникация 
құралдары өзіне компьютерлік желілерді, телефон-
дық, теледидарлық және спутниктік байланыстар-
ды енгізу.
Сандық  peсуpстаpды  кeлeсi  түpлepгe  бөлугe 
бoлады:
•  Кoнтeнт  (oқу  мазмұны)  –  имитациялық 
мoдeльдep, opталаp, интepбeлсeндi бағдаpламалаp 
мeн тeсттep, сoндай – ақ таpатылатын oқу ақпаpат-
таpы. 

71
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
•  Инстpумeнтаpийлep    –  oқу  пpoцeссiнe 
ықпал  eтeтiн,  кoнтeнттi  тoлықтыpатын  әp  түpлi   
құpалдаp.
•  Сepвистep – элeктpoнды пoшта, фopумдаp, 
сауалдаp.
Кoнтeнттi  мынандай  тoптаpға  да  жiктeугe 
бoлады: 
•  Өзi алынатын peсуpстаp: oқу нысандаpы, 
oқу  пpoцeсiнiң  басқа  да  қатысушысына  бepугe 
бoлады, oлаpдаң кoнтeкссiз – ақ мағынасы бoлады, 
мысалы, куpс мoдульдepi, элeктpoнды oқулықтаp, 
тeсттep, сабақтаp.
•  Элeмeнттep:  peсуpсты  құpаушылаp,  oлаp 
да басқа peсуpспeн байланысты бoлады. Элeмeнт-
тep кoллeкциясы таpтымды бoлуы кepeк. Oлаp ди-
дактикалық жәнe ақпаpаттық бoлып бһлiнeдi.
•  Кoллeкциялаp: өзінe жeткiлiктi бiлiм бepу 
peсуpстаpы  мeн  oлаpдың  элeмeнттepiнiң  жиын-
тығы;  кoллeкциялаpмeн  жқмыс  жасағанда  пайда-
ланушы  өзiнe  бөлeк  peсуpстаpды  таңдап  алуына 
бoлады. Кoллeкциялаp бipтeктi нeмeсe гeтepoгeн-
дi  (әp  түpлi  ақпаpаттық  жәнe  oқу  матepиалдаpы) 
бoлады.
Білім беруге арналған электронды білім  беру 
контенттерін  құрудағы  компьютерлердің  әлеу-
еттілігінің  төмендігі  бұлттық  технологиялардың 
қызметтерін  пайдалану  арқылы,  бағдарламалық 
қамтамалардың  құнына  байланысты  мәселелер 
парапар еркін таралымдағы аналог бағдарламалар-
дың негізінде біртіндеп шешімін тауып келеді [1].
Бұлттық технологиялар арқылы білім берудің 
сандық ресурстарын құру әдістемелеріне арналған 
мұғалімдерге  ұсынылатын  әдістемелік  нұсқау-
лардың,  арнайы  педагогикалық  әдебиеттердің  қа-
зақ  тілінде  жарық  көрмеуі,  көбінесе  мерзімді  ба-
сылымдарда  қысқа  мақалалар  түрінде  баяндалуы 
аталған  технологияны  қолдануды  жетілдірудегі 
бүгінгі күні байқалып отырған мәселелерінің бірі. 
Сондықтан қазіргі кезде барлық пән салалары 
бойынша болашақ мұғалімдерді сандық білім беру 
ресурстарын еркін таралымдағы аналог бағдарла-
малар мен бұлттық технологиялар мүмкіндіктерін 
пайдаланып  құруға  даярлықтарын  қалыптастыру 
қажет.
Қазіргі таңда білім беру орталары үшін ең ірі 
провайдерлердің  бірі  Microsoft  және  Google  ком-
паниялары жатады. Бұл компаниялар мектеп, кол-
ледж және университтерге бұлтты ақысыз негізде 
қолдануды ұсынады. 
Білім  беру  саласында  қолдану  мақсатында 
Google  Apps  Education  Edition  пакеті  әзірленген.  
Google Apps Education Edition – бұл бұлтты  есеп-
теулерге  негізделген  Web-қосымша,  білім  беру 
орталарының  студенттері  мен  оқытушыларына 
тиімді қарым-қатынас жасауға және бірігіп жұмыс 
жасауға қажетті құралдарды ұсынады. Google кор-
порациясы көптеген қосымшалар мен қызметтерді 
ұсынады және ол қызметтерге Интернетке қосулы 
болған  кезде  кез-келген  браузер  терезесі  арқылы 
қол  жеткізуге  болады.  Google  компаниясымен 
ұсынылған  Google Apps  тегін  базалық  және  кәсі-
би пакеттермен ұсынылған (сурет 2).Google Apps 
кілттік  және  перифериялық  қызметтер  негізінде 
білім  алушының  жеке  ортасын  құрастыруға  бо-
лады.  Бұлттық  технологиялардың  мүмкіндіктерін 
пайдалану  білім  беру  үдерісін  онлайн  режимін-
де  ұйымдастыруға  жол  ашып,  білімгерлердің  оқу 
тапсырмаларын орындау нәтижелелерін топ болып 
талдау,  комментарийлер  жазу  арқылы  пікірталас 
ұйымдастыруға мүмкіндіктер ұсынады [2].  
Пайдаланушылар  тарапынан  Google  Apps 
Education Edition-ді білім беруде пайдаланудың не-
гізгі артықшылықтарын қарастырайық: 

72
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Сурет 2- Google Apps негізінде білімгердің дербес оқу ортасы
-  аппараттық қамсыздандыруға төмен дәре-
жедегі талатар қойылады (Интернетке қол жеткізу 
мүмкіндігі бар болу міндетті шарт);
-  бұлттық технологиялар арнайы бағдарла-
малық  қамсыздандыруды  сатып  алу  және  қызмет 
көрсету  шығындарын  қажет  етпейді  (қосымша-
ларға  веб-браузер  терезесі  арқылы  қол  жеткізуге 
болады);
-  Google Apps  барлық операциялық жүйе-
лерді және студенттер және білім беру мекемелері 
пайдаланылатын тұтынушы бағдарламаларын қол-
дайды;
-  құжаттармен  жұмыс  жасау  кез-келген 
Интернетте  жұмыс  жасауды  қолдайтын  мобильді 
құрылғылар көмегімен жүзеге асырылады; 
-  барлық  Google  Apps  Education  Edition 
құралдары тегін қолданыста.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Солдатова Г., Зотова Е., Лебешева М., Шляпников В. Интернет: возможности, компетенции, безопасность. 
Методическое пособие для работников системы общего образования. — М.: Google, 2013. — 165 с.
2.  Ярмахов Б., Рождественская Л. Google Apps для образования. – СПб.: Питер, 2015. -224 с.

73
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Давлетова Венера Мавляновна
 магистр оқытушы,  Venera.davletova@ayu.edu.kz
Ниязова Гулжан Жолаушиевна
 педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
8-7053121977,   ngulzhan@bk.ru
Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ  БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ
Түйін.. Дамушы қоғамға бәсекеге қабілетті білімге ие, адамгершілігі жоғары деңгейде, таласты жағдайларда 
өзіне жауапкершілік алумен шешім қабылдау біліктілігі бар, дамуға құштар, ел ертеңіне жауапкершілік сезімі қалып-
тасқан мамандар қажет. Мақалада білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі негізделген. 
Кілттік сөздер: білім беру, білім беру бағдарламасы, болашақ мұғалім
Резюме.  Развивающемуся  обществу  нужны  современно  образованные,  нравственные,  предприимчивые  люди, 
способные самостоятельно принимать ответственные решения в ситуации выбора, быть мобильными, динамичны-
ми, конструктивными специалистами, обладать развитым чувством ответственности за судьбу страны. В статье 
актуализирован необходимость совершенствование образовательной системы. 
Ключевые слова: образования, образовательная программа, будущий учитель.
Summary.  Developing  modern  society  necessary  educated,  ethical,  entrepreneurial,  and  able  to  make  responsible 
decisions in situations of choice, to be mobile, dynamic, structural specialists, have developed a sense of responsibility for the 
fate of the country. The paper describes the need for the improvement of the educational system. 
Keywords: education, education program, future teacher.
Қоғамның қазіргі жағдайы болашақ мамандар-
дан  шеберлікті,  білікті,  ақпараттық  өсіп-жетілуді 
ғана  емес,  сапалы  коммуникативтік  даярлықты  да 
талап етеді. Бәсекеге қабілетті маман бұл қойылған 
мақсатқа  кәсіби  міндеттер  мен  анықталған  тұлға-
лық сапаларға ие болу есебінен жылдам әрі өзгер-
мелі  орта  шартына  бейімделуі,  оларға  жеткілікті 
жеңіл бағдарлануы, күрделі міндеттердің  шешімін 
табуы [1]. 
Маманның  бәсекеге  қабілеттілігі  кәсіби 
іс-әрекет,  мінез-құлық  мәдениеті,  оның  жоғары 
адамгершіліктік-этикалық жоғары деңгейі, негізін-
де маманның оң имиджін қалыптастырады. 
Білім беру бағдарламасын енгізу, зерттеу, мо-
ниторинг жасау және тиімділігін бағалау негізгі 6 
кезеңнен тұрады (сурет 1):
Сурет 1- Білім беру бағдарламасын зерттеу және түпкілікті жетілдіру сұлбасы
 

74
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Қажеттіліктерді  талдау  қорытындысы  бой-
ынша 5В011100 - «Информатика» мамандығының 
білім  беру  бағдарламасының  (БББ)  төменде  көр-
сетілген мақсаттары бекітілді:
-  жаңа  бiлiмдi  алу,  тарату  және  меңгеруде 
бiртұтас  үздiксiз  бiлiм  беретiн  процесс  негізінде 
информатика саласындағы жоғарғы білікті маман-
дар даярлау;
-  патриотизм  сарынындағы  тәрбие,  әр  түрлi 
ұлттар  мен  ұлыстардың  салт-дәстүріне,  әр  түрлi 
халықтардың мәдениеттеріне құрмет көрсету;
-  жалпы  адамзаттық  және  әлеуметтiк  -  жеке 
құндылықтарды қалыптастыру;
-  экологиялық,  физикалық,  этикалық, 
құқықтық  мәдени  және  ойлау  мәдениетін  қалып-
тастыру;
- ана тілін, түрік тілін, ағылшын тілін және ұл-
таралық қатынас тілдерін игеру;
- заманауи талаптарға сәйкес, кәсіби қызметте 
білім мен машықтарын қалыптастыру;
-  бәсекеге  қабілетті  болу,  креативті  ойлауға 
машықтанған,  еңбек  нарығында  әрдайым  кезде-
сетін өзгерістерге әзірлену;   
-  әлеуметтік  этикалық  жауапкершіліктерді 
ескере отырып, өмiрлiк жағдайларда қалыптасқан 
кәсiби мәселелерді шешуге даярлану [2].
 Білім беру бағдарламасының модулдерін иге-
ру барысында білім алушыларда кәсіби құзыреттер 
кешені қалыптасады. Білім беру бағдарламасының 
элективті  модулдері  білім  алушыларға  нақты  бір 
траекторияны  таңдауға  мүмкіндік  береді.  Негізгі 
оқу жоспарында келесідей екi жеке бiлiм беру тра-
екториялары:  бағдарламалау  технологиясы  және 
бағдарламалық  қамтамасыздандыру  көрсетілген. 
Бағдарлмалау технологиясы білім беру троектори-
ясына келесі элективті пәндер кірістірілген: мате-
матикалық және компьютерлік модельдеу, бағдар-
ламалық қамтама даярлау технологиясы, жасанды 
интелект  негіздері,    (Open  GL)  үш  өлшемді  гра-
фика,  компьютерлік  жүйелердегі  мәліметтерді 
Білім беру бағдарламасын кепілдендіретін қосымшалар мен механизмдер 
және сертификат 
1  Білім беруде 
күтілетін 
нәтижелерді зерттеу 
мен жариялау 
Оқыту программалары, силлабустар; 
Академиялық саясат 
Студент абыройы кодексі 
Студенттің жол көрсеткіші 
2  Студенттердің 
жетістіктері мен 
ілгерілеуін бақылау 
Ағымдық бақылау 
Аралық аттестациялау 
Қорытынды аттестациялау 
3  БББ периодты талдау 
мен мазмұнын түзету 
Кафедра деңгейінде қорытындыны талдау 
Факультет деңгейінде қорытындыны талдау 
Университет деңгейінде қорытындыны талдау 
4  Жоғары тұрған ұй-
ымдардың бағдарла-
маларын бекiту 
бойынша ресми 
процедуралар 
БББ пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) 
және ПОӘК-нін құрастыру мен бекіту 
бойынша  ішкі нормативтік құжаттар  
5  Бағдарламаларды 
іске асырудың 
үздіксіз тексеруі 
Сыртқы тексерулер: 
ҚР БҒМ ЖОО жоспарлы мемл.аттестациясы; 
ЖОО-ның мамандандырылған және  
институционалды аккредитациясы; 
СМК сыртқы аудиті Өкілетті кеңестің жыл 
сайын болатын бақылауы. 
Ішкі тексерулер: 
СМК іщкі аудиті Университет және факультет 
Оқу әдістемелік Кеңесі тарапынан БББ 
мониторингі Қарым-қатынас нәтижелері 
Құрылымдық бөлім жетекшілерінің есебі 
6  Басқа мүдделі жақ-
тармен, тұтынушы-
лармен және жұмыс 
берушілермен тұр-
ақты өзара іс-әрекет 
Жұмыс берушілерге жыл сайын өткізілетін 
сауалнамалар; 
Студентерге жыл сайын өткізілетін 
сауалнамалар; оқытушы-профессорлар және 
қызметкерлерге жыл сайын өткізілетін 
сауалнамалар. 
 

75
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
қорғау, мобильді қосымшалар даярлау, электронды 
білім беруге арналған бағдарламалық өнімдер мен 
стандарттар, WEB қосымшаларын даярлау (PHP). 
Екінші  білім  беру  траекториясының  мазмұны  ке-
лесі  пәндерден  тұрады:  имитациялық  модельдеу, 
бағдарламалық  қамтама  даярлауды  басқару,  экс-
перттік жүйелер, анимация жасау технологиялары, 
ақпараттық қауіпсіздік негіздері, мультимедиялық 
қосымшалар даярлау, ақпараттық білім беру ресур-
старын даярлау негіздері.  Білім беру бағдарлама-
сының құзырлықтар  модульдері өзара байланысы 
матрица түрінде келтірілген.
Қажеттіліктерді талдау барысында білім беру 
бағдарламасына  байланысты  (1-кестеде  көрсетіл-
ген) халықаралықпен қатар ұлттық және ішкі мате-
риалдар мен құжатнамалар қарастырылғандықтан, 
бекітілген мақсаттар толық мемлекеттік білім беру 
стандарты мен университет миссияларымен толық 
сәйкес келеді. 
Болашақ  5В011100-Информатика  мұғалім-
дерін даярлауға бағытталған білім беру бағдарла-
масын мазмұндық тұрғыда ұдайы жетілдіру бүгінгі 
күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Нарықтық  экономиканың  шарттары  қоғам 
қажеттіліктерінің  өзгеріп  отыруына,    ғылыми  ой 
жетiстiктері мен аймақтық қажеттiлiктерге байла-
нысты ғылыми зерттеулердегi және мамандық бой-
ынша  жоғарғы  бiлiмнiң  бейiмделуiн  қажет  етеді. 
Осыған  орай  жұмыс  берушілер  қауымдастығы 
құрылған.  Қауымдастық  мүшелігіне  аймақтық 
барлық бизнес құрылымдар, сонымен қатар кафе-
дра тарапынан ынтымақтастық жайлы келісімшарт 
жасасқан  ұйымдар  кіреді.  Жұмыс  берушілер  қа-
уымдастығы мүшелерінің қызметінің бір аспектісі 
ретінде, түлектердің мақсатын анықтау ұйғарымы-
на  араласуын  және  құзырлығын  белгілеуін  атап 
айтуға болады. Осы білім бағдарламасына сәйкес, 
бакалавр  мамандарды  даярлау  барысында  еңбек 
нарығының  қажеттіліктерін  анықтау  мақсатында 
жыл сайын жұмыс берушілерді сауалнамалау жүр-
гізіледі.
Мамандық бойынша оқу үдерісі білім алушы-
лардың білім бағдарламасын меңгерудегі оқу және 
бақылау іс-шараларының құрамынан тұрады (1-су-
рет). Оқу іс-шаралары білім алушылардың акаде-
миялық  сабақтардың  барлық  түрлерін  жүргізуге, 
өзіндік  жұмыстар  мен  кәсіптік  тәжірибелерді  ұй-
ымдастыруға байланысты.
Мамандарды әзірлеу оқу жоспары, білім стан-
дарты  және  пән  бағдарламаларына  сәйкес  жүр-
гізіледі. 
Білім  беру  бағдарламаларын  қалыптастыру 
мақсаттарын қалыптастыруда басымдылыққа:
Сурет 1 – 5В011100 - 
«Информатика» білім 
бағдарламасын 
меңгеру схемасы

76
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
– БББ құрылым мен мақсатының Еуропалық 
және ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестігі;
– халықаралық еңбек нарығында бәсекелестік 
қабілетіне бағыттылық; 
– Осы бағдарламаны жүзеге асырушы ЖОО–
дағы алдыңғы тәжрибелерді есепке алу (мемлекет 
ішінде және шет елдерде);
– білім беру инновациясын енгізуді және білім 
алушылардың  шығармашылығын  дамытуды  қол-
дану мен іске асыру.
Қорыта  айтқанда,  5В011100-«Информатика» 
мамандығының  білім  беру  бағдарламасы  универ-
ситет миссиясына сәйкес, сонымен қатар, Еуропа-
лық және Ұлттық біліктілік шеңберіне сай, айқын 
әрі нақты мақсатта жұмыс жасайды. Мақсаттар на-
рық талаптарына сәйкес жүйелі түрде жаңартылып 
отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Berkimbaev  K.M.,  Kerimbaeva  B.T.  The  formation  of  professional  competencies  of  future  specialists  //  New 
Educational Review. – 2012. Р. 271 – 278.
2.  Ниязова Г., Міндетбаева А., Шектібаев Н.Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру. Қазақстан-
ның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал. №2(29), 2015. –Б.146-152

77
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ӘОК 378
Ниязова Гулжан Жолаушиевна
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, п.ғ.к.
Түркістан қаласы, 8 705 3121977,  ngulzhan@bk.ru.
БІЛІМ БЕРУДЕ  MIND MAPPING ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Түйін.  Мақалада  қоғамның  ақпараттық  ортасының  сипаттамасы,  білім  беруде  ақпараттық-телекоммуни-
кациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері айқындалған. Білім беру мақсатында әзірленетін электронды 
оқу-әдістемелік қорлардың түрлі пішімдерін пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған. Білім 
беруде мультимедиалық эффектілі контенттері құру мен қолданудың қажеттіліктері мазмұндалған. Білім беру қор-
ларын қалыптастыруда майнд менеджмент технологиясын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық мәселелері 
талданған. Ментальді картаны пайдаланудың өнімділігі мен ықпалдылығының ұстанымдары негізделген. Ментальді 
карталарды білім беруде пайдалану бағыттары, оларды құруға арналған кейбір қолданбалы бағдарламалық жаб-
дықтар   мен онлайн қызметтер туралы баяндалған. 
Кілттік сөздер: білім беру, ақпараттық орта, электронды білім беру қорлары, майнд менеджмент технологи-
ясы, ментальді карталар. 
Резюме. В статье рассматривается характеристика информационной среды общества, особенности использо-
вания информационно-телекоммуникационных технологий в образовании.  А также дается анализ преимуществам и 
недостаткам различных форматов подготовки электронных учебно-методических ресурсов. Определены необходи-
мости создания и применения мультимедийных контентов обучения. Рассмотрены психолого-педагогические пробле-
мы использования технологии майнд менеджмент  в формировании образовательных ресурсов. Приведены принципы 
и эффективности использования ментальных карт. Определены  основные направления их использования в образова-
тельном процессе и прикладные программы, онлайн сервисы создания ментальных карт. 
Ключевые слова. образование, информационная среда, элеткронные образовательные ресурсы, технология май-
нд менеджмент, ментальные карты. 
Summary. The article deals with characteristics of the information environment of the society, peculiarities of the usage 
of information and communication technologies in education. Also it gives analysis of the advantages and disadvantages of 
different formats, preparation of electronic teaching resources. The necessity and use of multimedia content training is pointed 
out in this article. Psychological and pedagogical problems of the use of technology in shaping the Mind management of 
educational resources are stated out. The principles and efficiency of mental maps are given in this article. The basic directions 
and application of their use in the educational process, online services creating mental maps are pointed out.
Keywords.  education,  information  environment,  electronic  educational  resources,  technology  Mind  management,  the 
mental map.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет