ҼОЖ 796.03
Аудандарда спорт жҧмыстарын ҧйымдастырудағы «Жігер» спорттық қоғамдық
бірлестігін қҧрудың маңызы
Уанбаев Е.Қ., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.,
Уанбаева Ф.Ж., Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ., Ҿскемен қ.
VAlekseeva@ektu.kz
Қазақстанның облыстарының аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде спорттық
жұмыстардың толық, қҽзіргі заман талабына сай жүргізіліп жатпағаны бҽрімізге мҽлім.
Қазіргі кезде ауылдық жерлерден қалаға кҿшу сипаты айқын байқалып тұрса да ауылдық
жерлерде адамдардың 40 %-ы тұратыны статистикалық мҽліметтерден белгілі. Сол
адамдардың мҿлшермен алғанда 80 %-ы жергілікті қазақ ұлтынан екені де дҽлелденген
шындық. Ал, кейінгі осыдан тҿрт жыл бұрын ҿткен 2004 жылғы Афина Олимпиада
ойындарына қатысқан 119 спортшының 21 %-ы ғана қазақ ұлтының азаматтары екен. Осы
532
жерде бір ащы шындық қылаң береді. Ауыл спортын кҿтеру, жандандыру дегеніміз –
қазақ спортын жандандыру, халықаралық спорт додаларында қазақ ұлты ҿкілдерінің үлес
салағын кҿбейту деген сҿз. Сонда ғана біз Қазақстан мемлекетіндегі тұрып жатқан
жергілікті ұлттың тарихи қалыптасқан 61%-на сай спортшыларды дайындай аламыз. Ол
үшін, ауылдық жерлерде дене тҽрбиесі жҽне спорт жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді
жолдары қажет болады. Біз мақаламызда осы мҽселелерді тілімізге тиек етпекпіз.
Ғылыми мақаланың мақсаты – аудандардағы спорт жұмыстарын зерттеу, оны
ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Қазіргі кездегі аудандардағы дене тҽрбиесі жҽне спорт жұмыстарының жағдайын
анықтау.
«ЖІГЕР» спорт бірлестігінің орнын, маңызын айқындау.
Жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын кҿрсету.
Мақала жазуда мынандай ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: статистикалық,
мекемелік құжаттарды зерттеу, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, эксперименттік сынақтар
жүргізу.
Қазіргі кездегі еліміздің аудандарында дене мҽдениеті жҽне спорт жұмыстарын екі
мекеме басқарып отыр. Олардың бірі, үш жыл мҿлшерінде жаңадан құрылған аудан Ҽкімі
құрамындағы дене мҽдениеті жҽне спорт бҿлімі. Бұл бҿлімде бҿлім бастығы жҽне екі-үш
қызметкер жұмыс істейді. Екіншісі, аудандық білім беру бҿлімі, оның дене тҽрбиесі жҽне
бастапқы ҽскери дайындық пҽндерін қадағалап, бақылайтын, бағыттап, басқаратын
ҽдіскері. Барлық аудан орталықтарында балалар жҽне жасҿспірімдер спорт мектептері
жұмыс істейді. Олар орташа үш-тҿрт спорт түрінен жаттықтыру сабақтарын жүргізіп,
мҿлшермен 300-400 шақты аудан балаларын қамтиды.
Ауданның ауылдарында негізгі спорт жұмыстарын жүргізетін дене тҽрбиесі
мұғалімдері. Ұйымдастыру орны мектептің спорт залы. Егер ауылда, ауыл ҽкімі
құрамында спорт нұсқаушысы жұмыс істесе ол үлкен жетістік. Ҽйтпесе кҿптеген
аудандарда жастар ісі жҽне спорт нұсқаушысы қызметі қатар атқарылады. Сонымен қатар
ҽрбір ауданның, мҿлшермен үш-тҿрт ауылында аудандық спорт мектебінің бҿлімшесі
ашылып, спорт түрінен спорт үйірмелері жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде барлығы 1415, ауылдық жерлердегі
мектептерде 884 дене тҽрбиесі мұғалімдері жұмыс істейді. Ол мамандардың 532-і жоғары,
233-і арнайы орта білімді. Қалған 119 маманның басқа саладан немесе орта мектеп
бітірген ғана білімдері бар. Пайыздық кҿрсеткішпен қарастырсақ 60,3 % - жоғары, 26,3% -
арнайы орта, 13,4 % - басқа білімді немесе ҽлі ЖОО-да оқып жатқан адамдар. Графикалық
кҿрініске салып қарасақ ол мынандай жағдайды кҿрсетеді:
№ 1 графикалық кҿрініс
ШҚО-ның ауыл мектептеріндегі ДТ мамандарының білім деңгейлері
533
61%
26%
13%
Жоғарғы білімді
арнайы орта білімді
басқа мамандар
немесе орта білімді
Облыс аудандарындағы ауылдарда жұмыс істеп жатқан, ол мамандардың 51-і, яғни
5,7 %-ы жоғары, 197-і, яғни 22,3 %-ы І-ші, 200-і, яғни 22,6 %-ы ІІ-ші санатты мұғалімдер.
Ал қалған 436 адам, яғни 49,3 %-ы мұғалім санатты мамандар (№ 2 графикалық кҿрініс).
№ 2 графикалық кҿрініс
ШҚО-ның ауыл мектептеріндегі ДТ мамандарының кәсіптік шеберлік деңгейі
6%
22%
23%
49%
Жоғарғы санатты
I-санатты
II-санатты
Мұғалім санатты
Сонда жай, қарапайым есеппен алғанда 100 мұғалімнің 6-уы жоғары, 45-і І, ІІ-і санатты,
қалған 49-ы тҿмен немесе категориялары жоқ мұғалімдер.
Облыста 28 балалар жҽне жасҿспірімдер спорт мектебі, 6 олимпиадалық ізбасарлар
спорт мектебі, барлығы 34 спорт мектептері жұмыс істейді. Облыстың спорт
мектептерінде барлығы 19 220 оқушы, оның ішінде ауылдық жерлерде 6 987 оқушы спорт
түрлерімен шұғылданады. Ол жалпы балалардың 36,3 %-ы.
Облыс спорт метептерінде 764 жаттықтырушы оның 497 толық штатта, 437-нің
арнайы білімдері бар; 71 бапкер жоғары санатты, 75-і бірінші санатты. Аудандардағы 17
балалар жҽне жасҿспірімдер спорт мектептерінде 237 жаттықтырушы жұмыс істейді,
оның 149 толық штата, 149 арнайы білімді, 83 бапкер арнайы жоғары білімді.
534
Облыстың спорт мектептерінде 54 халықаралық дҽрежедегі спорт шебері (ХДСШ),
199 спорт шебері (СШ), 567 спорт шеберіне үміткер (СШҮ), 771 – 1 спортық дҽрежелі
спортшылар жаттығады. 2007 жылы мынандай дҽрежелі споршылар дайындалды:
ХДСШ – 27 адам, соның ішінде ауылдық жерлерден 2;
СШ – 89 адам, соның ішінде ауылдық жерлерден 9;
СШҮ – 190 адам, соның ішінде ауылдық жерлерден 15;
1-ші спортық дҽрежелі спортшылар – 323 адам, соның ішінде ауылдық
жерлерден 36.
Кҿпшілік разрядты спортшылар – 4 051 адам, соның ішінде ауылдық жерлерден
1 756.
Осы статистикалық мҽліметтер бойынша аудандарда дайындалатын жоғары
дҽрежелі спортшылар, жалпы спортшылардың 10 % -дайын ғана құрастыратынын кҿріп
отырсыздар. Кҿпшілік разрядты спортшылар жалпы спортшылардың 43,3 %-ын
құрастырады. Аудан спорт метептерінде: волейбол, баскетбол, футбол, еркін күрес, грек-
рим, самбо, дзю-до күресі, бокс, жеңіл жҽне ауыр атлетика, казақша-күрес, тоғызқұмалақ,
таэквандо, армрестлинг, гір спорты, ат спорты, шаңғы, хоккей, стол үсті теннисі,
акробатика спорт түрлерінен, барлығы 21 спорт үйірмелері жұмыс істейді.
ШҚО-ның барлық оқушылар саны – 239298, олардың 117 930-ы, яғни 49 %-ы ауылдық
жерлерде оқитындар (қаланың оқушыларының саны 121 368). Статистикалық мҽліметтер
бойынша барлығы 42 583 оқушы спорт түрлерінен үйірмелерге қатысады. Ол жалпы
оқушылардың 17,8 %-ы. Осы спорт үйірмелерге қатысатын оқушылардың 10,9 %-ы, яғни
13187-сі қаланың спортшылары. Ауылдық жерлердегі спортшы, оқушылардың саны
29396, яғни ол ауыл оқушыларының 25 %-ын құрастырады. Осы статистикаға қарағанда
ауылдық жерлердегі спорт үйірмелерінің жағдайлары жақсы секілді, бірақ оның саны бар
сапасы жоқ. Ҿйткені ол оқушылар қағаз жүзінде жазылғанмен жоспарлы, жүйелі түрде
жаттығу, жарыстарға қатысу, спорт дҽрежелерін орындау жағынан қала спортшыларынан
кҿп кейін қалып жатыр. Оған дҽлел біздің қаладағы ЖОО-на облыс аудандарынан келіп
оқып жатқан, спорттық разряд, дҽрежелері тҿмен студенттер.
№ 1. графикалық сурет.
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
Ряд1
Ряд1
51%
49%
4,60%
1,40%
10,50%
17,90%
Қала
оқушыла
Ауыл
тұратын
ШҚО
бойынш
Ауыл
бойынш
Қаладағ
ы
Ауылдағ
ы
Осы оқушылардың 11084, яғни 4,6 %-ы арнайы медициналық топқа жатады, оның 3 410
оқушысы ауылдық жерлердікі, яғни 1,4 %-ы. Олардың қалада оқитын 1171-і, яғни 10,5 %,
ауылдық жерлерде оқитын 610-ы, яғни 17,9 %-ы дене тҽрбиесі сабағына қатысады.
Президенттік тест жұмыстары. 2006 жылы 60 396 оқушы Президенттік тест
тапсырса оның 7439-ы ұлттық, 2941-і Президенттік деңгейдегі сынама жаттығуларының
нормаларын орындады (17,3 %). 2007 жылы 59826 оқушы Президенттік сынама тапсырды,
оның 27047, яғни 45,2 %-ы ауылдық жерлердікі.
535
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық жерлердегі спорт жұмыстарының
жағдайларын кҿздеріңіз кҿрді. Бұл алдыңғы қатардағы, Республикалық ауыл
спартакиадасының жеңімпазы болған облыстың жағдайы. Сондықтанда мемлекетіміздегі
аудандардағы жағдайлар, бір-бірлерінен кҿп артық болып кеткен жерде емес қой деп
ойлаймыз. Осындай қазіргі нарық экономикасы кезеңінде біздің ұсынар тиімді
жолдарымыз мынандай:
1.
аудандарда дене тҽрбиесі, сауықтыру дене тҽрбиесі, спорт, кҿпшілік спорт
жұмыстарын ұйымдастыру моделін іске қосу.
2.
осы жұмыстарды ұйымдастыратын «ЖІГЕР» ерікті спорт қоғамдық бірлестігін
құру.
3.
аудан деңгейінде барлық мекемелерде дене мҽдениеті ұжымдарын құру,
кҿпшілік спорт-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
4.
ауылдарда «Мҽдени-спорттық орталықтар» құру, спорт үйірмелерін, денсаулық
топтарын ашу.
«ЖІГЕР» спорт қоғамдық бірлестігінің орны нарық экономикасы заманында ҿте маңызды
сипат алады. Ол тҿмендегідей қағидаларға негізделген:
1. Заңдылық нормалық негіздері: А) Қазақстан Республикасының Президентінің
19.12.1996 жылғы № 3276 Үкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасында 1996-2000-
шы жылдары спортты жаппай дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жҽне Қазақстан
Үкіметінің 10.08.1999 жылғы № 1126 «спорт қоғамдарын құру» туралы қаулысын. В) ҚР
Президентінің 28.12.06 жылғы № 230 Үкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының
дене мҽдениеті жҽне спортты 2007-2011 жылдарда дамыту» туралы мемлекеттік
бағдарламасын, оны орындау шаралары туралы 19.03.07ж № 209 Қазақстан Үкіметінің
қаулысы. С) Қазақстан республикасының «Қоғамдық бірлестіктер» туралы 31.05.1996ж.
№ 3-1 заңы.
2. Оның нарық экономикалық негізі. Аудан орталығында кассалық аппарат қойылып,
барлық ауылдардағы «Мҽдени-спорттық орталықтарындағы» спорт үйірмелерінде
жаттығатын оқушыларға абонометтер жҽне тҿлеген ақшаларының чектері беріледі. Кеңес
кезеңінде спортты ұйымдастырудың ондай мүмкіншіліктері болмады. Ол кезде адамдар
тек мемлекеттің қаражатына қарап отырды. Ақылы спорт үйірмелерін ашу туралы заңдар
болмады. Спорт жаттықтырулары тегін болды, бірақ спорт түрлерінен ауылдарда спорт
мектептері ашылмады. Аудан орталығындағы бір спорт мектебінде қазіргідей тҿрт-бес
жаттықтырушы жұмыс істеді, кҿп штаттағы жаттықтырушыларды алғанға қаржы
бҿлінбеді. Қаражат кҿп бҿлінбегеннен соң (колхоз, совхоз нұсқаушысы штатына, жарыс
ҿткізуге ғана қаржы бҿлінді) спорт үйірмелері ұйымдастырылмады.
Біздің ойымызша ауылдық жерлердегі сауықтыру дене тҽрбиесі, спорт жҽне
кҿпшілік спорт жұмыстарының негізгі бҿлігін аудандық ерікті спорт қоғамдық
бірлестіктері жүргізуі керек. «ЖІГЕР» спорт қоғамдық бірлестігі облыстық дене мҽдениеті
жҽне спорт басқармасынан лицензия алып ауылдарда «Спорт мҽдени орталықтарын»
ұйымдастырады, спорт түрлерінен ақылы жүргізілетін үйірмелер ашады. Ал нарық
экономикасы заманында ақылы спорт үйірмелерін ашпай біз ауыл спортын кҿтере
алмаймыз. Шет елдердің жұмыс тҽжірибелерін зерттей келе біздің оған кҿзіміз жетті.
Экономикасы озық елдерде: Америка Құрама Штаттарында, Батыс Европа елдерінде
кҿпшілік спорт үйірмелері ақылы. Спортшы жоғары жетістіктер кҿрсете бастағанда ғана
мемлекет қамқорлығына алынады. Ол елдерде аталары мен апалары зейнетақы
қаржыларына, ҿздерінің немерелеріне спорт үйірмелеріне қатысатын абономенттер сатып
беріп, сыйлық жасайды.
Қазіргі кезде аудандардың ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептерде ғана
спорт залдар, жоғарғы дҽрежелі мамандар бар. Сол мамандар мен спорт залдарды біз ҿте
тиімді пайдалана білуіміз керек. Негізгі ауыл спортын кҿтеретін күш осында. Осы кезге
дейін ауыл дене тҽрбиесі мұғалімі спорт түрлерінен үйірме жұмыстарын тегін орындаса,
қазір ол жұмысына ақша алатын болады. Осы кезге дейін дене тҽрбиесі мұғалімі
536
таксистке, мал бағушыға, тракториске, мал дҽрігеріне ақша тҿлеп жұмыстарын
орындатып, олардың балаларын тегін жаттықтырған. Ендігі кезде ол бапкерлік, ҽдіскерлік
жұмысына еңбекақы алатын болады. Ҽлеуметтік теңсіздік дұрысталады. Ауыл адамдары
малдарын баққан, емдеген, шҿбін шапқан адамға ақша тҿлейтіні секілді, балаларының
денсаулығын нығайтатын, жоғары спорттық кҿрсеткішке жеткізетін спорт түрінің
жаттықтырушысына да ақша тҿлеуге үйренеді.
Қорытынды. Ауылдық жерлерде «Спорт-мҽдени орталығын» ашу арқылы бүкіл
ауыл балалары сараптан, тексеруден ҿткіземіз. Дене тҽрбиесі мұғалімдері дене тҽрбиесі
сабақтарында барлық балаларды кҿріп, біліп, тексеріп, спорт түрінен икемдіктерін байқап,
орталықтағы спорт түрлеріне бағыттайды. «Спорт-мҽдени орталығындағы» спорт
түрлерінің жаттықтырушылары іріктеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл баларының дарынын,
қабілеттіктерін анықтайды. Осындай жұмыстар арқылы ауылдың барлық балалары
тексеріліп, бірде-бір дарынды, қабілетті бала сырт қалмайды. Олар ауыл «спорт-мҽдени
орталықтарында» жаттығып, бастапқы дайындықтан ҿткеннен кейін сол жердегі
жаттықтырушылардың берері азайса аудандық спорт мектебіне, спорт интернатына, аудан
орталығында ұйымдастырылған спорт сыныптарына ауысуы, спорт дҽрежесі,
кҿсеткіштері жоғары болса ары қарай облыстық, Республикалық спорт интернаттарына
ауысулары қажет болады. Осындай кҿп деңгейлі сараптау арқылы, «Спорт-мҽдени
орталықтарында» кҿптеген спорт түрлерін, ҽсіресе Олимпиадалық спорт түрлерін ашу,
балаларды бағыттау, іріктеу жұмыстарын жүргізу арқылы біз ауыл спортын дамытамыз,
дарынды балаларды түгел қамтимыз. Осындай тиімді жолдар арқылы ғана біз ауыл
балалары арасынан келешек Жақсылық Үшкемпіровты, Даулет Тұрлыхановты, Бекзат
Саттархановты, Бақтияр Артайовтарды тҽрбиелей аламыз.
Ҽдебиеттер
1. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Ауылдық жердегі дене тҽрбиесі, сауықтыру дене тҽрбиесі,
спорт, кҿпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары. //Научно-
теоретический журнал. «Теория и методика физической культуры» Алматы, Академия
туризма и спорта. 2006 г № 1, С 142-149.
2. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Аудандардағы дене мҽдениеті жҽне спорт жұмыстарын
жандандырудағы кҽсіптік шеберліктің маңызы. //Материалы международной научно-
практической конференции. Сб. научных трудов. Усть-Каменогорс, 08.12. 2006 г. - С. 29-
34.
3. Уанбаев Е.Қ. Ауылдық жерлерде дене тҽрбиесі, сауықтыру дене тҽрбиесі, спорт жҽне
кҿпшілік спорт жұмыстарын жетілдірудің негізгі жолдары. //Научно-педагогический
журнал ВАК. «Ұлт тағылымы» Алматы, Мин. образования и науки РК. 2007 г. №3(1), С
52-57.
4. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мҽдениеті жҽне спорт жұмыстарын
ұйымдастырудағы ауыл мектептерінің рҿлі. //Материалы секционных заседаний
августовского совещания работников образования ВКО. Усть-Каменогорск, ИПК, ПРО,
24.09.2007г.
5. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Аудандарда дене мҽдениеті жҽне спорт жұмыстарын
ұйымдастырудың негізгі бағыттары. //Областной журнал ИПК «Педагогический Вестник»
№ 3, 2007.
537
―Сырдария‖ университетінің 10 жылдығына арналған
―Жаңа ҽлемдегі Қазақстан жҽне Ұлттық білім беру проблемалары‖ халықаралық ғылыми-практикалық
конференция еңбектері
Труды международной научно-практической конференции
―Казахстан в новом мире и проблемы национального образования‖ посвященной 10-летию университета
―Сырдария‖
Жауапты редактор
Редактор
538
Кҿркемдік редактор
Техникалық редактор
Достарыңызбен бөлісу: |