Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Теория спорта. Под ред. В.Н. Платонова. Киев: Высшая школа, 1987.
2.
Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. М.: ФиС. 1991
3.
Ақпаев Т, А., Адамбеков М. I., Тастанов Ә. Ж, Оқушылардың дене тәрбиесін
қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері. Алматы, 2002.
4.
Волков Л.В. Физические способности детей и подростков. -Киев: Здоров'я, 1981.
5.
Верхошанский Ю.В. Основы специальной физической подготовки спортсменов. -
М.: Физкультура и спорт, 1988
.
375
ҚАЗАҚ ЭТНОНИМІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Елеусов Баубек Аймаханулы, Тұрсынбек Раушангүл Сатбайқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Аннотация.
В этой статье историческая наука, лишенная идеологического
доминирования, изучает сложные изменения в истории, исследуя все проблемы
отечественной истории. Одним из главных является переписывание на основе достоверных
данных нашей истории и научно точное толкование сущности казахского имени. Сущность и
содержание, происхождение слова "Казах" анализируются с научной точки зрения на основе
первоисточников и исследований.
Ключевые слова:
История Отечества, название "Қазақ", казахские тенденции, летопись.
Abstract.
In this article, historical science, devoid of ideological dominance, studies complex
changes in history, exploring all the problems of national history. One of the main ones is rewriting
on the basis of reliable data of our history and scientifically accurate interpretation of the essence of
the Kazakh name. The essence and content, the origin of the word "Kazakh" are analyzed from a
scientific point of view based on primary sources and research.
Keywords:
History of the Fatherland, the name "Kazakh", Kazakh trends, chronicle.
Бүгінгі таңда еліміз Егемендік алып, тәуелсіздік тұғырына қол жеткізгелі
бері қоғамымызда біршама сапалы түбегейлі өзгерістер болды. Идеологиялық
үстемдіктен арылған тарих ғылымы Отан тарихының барлық мәселелерін
зерттеуге еркіндік алды және тарихтағы күрделі өзгерістер әрбір қазақ азаматы
алдына зор міндеттер қойып отыр. Солардың ең бастыларының бірі төл
тарихымызды ақиқат деректер негізінде қайта жазу және қазақ атауының мәнін
ғылыми тұрғыдан дәл түсіндіру болып табылады. Мемлекетіміздің кешегісі мен
бүгінгісі арасындағы тарихи байланыстылық мәселелері тек тарихшы
зерттеушілердің ғана емес, сонымен қатар жалпы оқырман қауымның, тіпті
шетелдік ғалымдар мен азаматтардың да қызыға ынта қоюын туғызып
отырғаны анық. Біздің негізгі көтерген тақырыбымыз «қазақ» сөзінің мәніне
байланысты болғандықтан осы тақырыптың өзектілігін мынадан көреміз.
«Қазақ» атауын зерттеу күрделі, сан қырлы құбылыс болғандықтан, қоғам
өмірінің
бар
саласымен
ықпалдасатындықтан
ол
тарихшылардың,
философтардың, саясаттанушылардың, филологтардың, әлеуметтанушылардың
зерттеуінің негізгі нысаны. Мәселені қарастыруда бір жақтылыққа ұрынбау
үшін оларды өзара байланыста қарағанымыз абзал. Қ.Т. Жұмағұлов айтқандай:
«мәліметтерді сыни електен өткізбей, жеткілікті пайдаланбай, сондай-ақ өзге
деректермен салыстыруға болмайды. Деректердің бірін-бірі толықтырып
отыратын мәліметтерді қатар пайдалану тәсілімен бірге пән аралық бағыттарда
кеңінен пайдалануы керек» [1, 488 б.].
Қандай да бір этнос, ұлт туралы сөз болғанда оның ат-атауына тоқталмай
өту мүмкін емес. «Қазақ» сөзінің мәнін айқындау халқымыздың тарихын
зерттеудің аса қажетті де күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның
қажеттілігі қазақ ұлтының өткені мен келешегіне тікелей байланысты болса,
күрделілігі аталмыш мәселе төңірегінде көп жазылып шиырланып,
шытырманға айналып кеткендігінде. Діни және тарихи аңыздарға негізделген
376
пікірлерді қарастырсақ «қазақ» атауы жайында біраз деректерге көз жүгірте
аламыз. «Қазақ» -«қази-ақтан» шыққан дейді. Айтушылар бұларды татар-
монғолдан, хандары Шыңғыс тұқымынан болған деседі. Алғаш мұсылман
болған Береке хан, екіншісі ХҮІІІ ғасырда Ғазан ханда иман келтіріп, дінге
кірген. Содан осы екеуінен әр уалаяттарда еді. Мұның кезінде монғолдардан да
көп адам дінге кірген. Өзбек өлген соң ұлы Жәнібек хан исламға енген
көшпенділерді үшке бөліп- Ұлы жүзге Үйсінді датқа қойып, Жалайыр атты
кісіні оған орынбасар етті. Орта жүзге Арғынды бек етіп, Найманды оған
көмекші етті. Кіші жүзге Алшынды би қойып, Жаппасты оған көмекшілікке
тағайындады. Билікті өздеріне тапсырып, тек жылына екі рет хан алдына есеп
беріп отыруға шақырған. Олар әмірді қабыл алып, Еділ, Жайық, Нұра, Есіл,
Жем орталарында көшіп-қона жүріп хан жарлығына сәйкес бітірген істері,
ахуалдарын айтып есебін тапсырып тұрды. Бұларға ешқандай муфтидің керегі
жоқ, өздері қази-ақ екен деп, сонан «қазақ» келіп шыққан дейді. Ислам дінін
уағыздаушы кейбір молдалар қазақтың арғы тегін арабқа жақындатқысы келіп,
«қазақ» сөзі араб тіліндегі «қазы-ақ» «қазы-хақ» дегеннен, «алаш» деген сөз
Анес деген сахабаның атынан шығыпты –мыс дейтін ғылымға жараспайтын ой-
жорамалдарын келтіреді алайда фольклоршы Ә.Диваев осы жазған
молдалардың арабтың «қазы-ақ» деген сөзінен шыққан деген пікірлеріне және
халық арасында кеңінен тараған қазақ деген сөз арабтың «құдайдың құлы»
дегендеріне де қосылмайтынын айтып, оларды теріске шығарған.Ә.Диваев
өзінше қорытынды жасай келе қазақ сөзінің асылы «кең далада еркін жүрген
адам» деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңыздарынан толық байқауға
болады деп тұжырымдады [2, 183 б.].Қазақ руханиятының ең бай қазынасы –
ауыз әдебиеті. Қазақ атауының мән-мағынасы туралы айтылған пікірлердің
бірсыпырасы қазақ халқының арасында сақталған аңыздары мен шежірелері
деректерді сабақтаудан туған. Зерттеушілердің бір тобы өз бақтарын аңыз
ертегі тектес мәліметтер арқылы сынағылары келген[3, 448 б.]. Тек қазақ
зиялылары ғана емес, Н.И.Веселовский, Н.И.Крафт та «қазақ» ат-атауының түп-
төркінін халықтың ауыз әдебиетінің желісінен іздеп көреді.
Қазақ аңыздары мен шежірелері «қазақ», «алаш», «жүз» деген атауларды
бір-бірімен байланыстыра баяндайды. Аңыз-әпсаналар өте көп, бұлардың
кейбіреулері қоғам дамуының заңдылықтарына үйлеседі. Ал кейбіреулері
белгілі бір саяси немесе діни мақсаттар үшін боямалап көрсетілген бос сөз
болып шығады. Біз ел ішіне біршама кең тараған мына бір аңыз әпсананы тілге
тиек етпекпіз [4].Қорыта айтар болсақ зерттеушілердің көбі негізінен аңыздарға
(тотем, миф) сүйеніп өз пікірлерін білдірген. Біз бұлардың айтқандарымен
толық келіспеуімізге де болады, бірақ халықтарда тотем болады, дәлірек айтсақ
ол көне заманда болған. Қазақ халқы арасында таралған тарихи аңыздың
жүйесімен «қазақ» деген сөздің төркіні кәдімгі жыл құсы қаз аққудың «қаз»
деген ұғымынан шыққан, яки осыдан өзгерген немесе қазға теңеу арқылы пайда
болған деп есептейді. Дегенмен де қазақты «аққазға» айналдыруға ешкімнің де
құқығы жоқ екенін де ескергеніміз жөн болар деп ойлаймын.«Қазақ»
этнониміне талдауға әр ғасырда әртүрлі деректер келтіреді мәселен
8-13 ғасырларда Қазақ атауының күмән тудырмайтын алғашқы рет қолданылуы
377
Египет Мамлюктері Мемлекетінде кездеседі.Онда «қазақ» сөзіне «еркін»,
«қаңғыбас» деген мағына берілген. Аталған семантика қазақ сөзіне әу баста
әлеуметтік мағына беріліп, оның әке шаруашылығына мұрагер болып қалмаған
(түркі қоғамында мінарат деп аталған салт бойынша мүлкінің негізгі мұрагері
кенже ұлы болады да үлкендері жеке шаңырақ көтереді), негізінен, өз руын,
тайпасын, қоғамын уақытша тастап, соғыс жорықтары арқылы күн көретін
үлкен ұлдарға қарата айтылған деп есептеуге болатынын білдіреді.Сондай-ақ
қазақ түсінігі ХІІІ ғасырдан да ертерек пайда болған деп болжам жасау да
шындықтан алшақ кетпейді, бірақ оның дәл хронологиясын дәлелдейтін нақты
дәлел жоқ. Дегенмен, бұл тұрғыдан келгенде, жазба деректерде жанама
мәліметтер кездеседі. Қазақтану үрдісі жалпыға ортақ, сатылы сипатта болды.
Ол түрлі тайпалары арасында да, араб шығыс қоғамында (салук) да, Батыс
Европада (Норви викингілері) да, Русьте (кезбелер) де көрініс тапты. Әр
жағдайда да терминологиялық өзгешелік болғанымен, осы әлеуметтік
құбылыстардың түпкі мәні бір екендігі байқалады.ХҮ-ХҮІІ ғасырлар қазақ
атауының тұтастығын сақтауда аса зор маңызы болды. Өз кезеңінде Ақ Орда,
Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы шеңберінде жергілікті
этникалық негізде мемлекеттіктің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас
халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті.
Моғолстандағы сияқты Ақ Орда да қоғамдық қатынастардың одан әрі дамуы
туғызған құбылыстардың бәрі рулық және тайпалық байланыстарды барған
сайын үзе түсіп, жекелеген этникалық топтардың этникалық жағынан
араласуына, халық ретінде қалыптасудың жеделдеуіне жеткізді[5.]. Қазақ
халқының қалыптасу процесінің баяулауына, оның уақыт жағынан ұзаққа
созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда
болған мемлекеттердің әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың,
Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа
бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы қатынастардың баяу
дамуы, сыртқы саяси жағдайлардың қолайсыз болуы салқынын тигізді. Біртұтас
мемлекет қана халықтың этникалық құралу процесіндегі ықпалдардың әсерін
жойып, оның этнос ретіндегі мәдени-шаруашылық дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен нығаюында ерекше дамыған екі аудан-
Түркістан мен Жетісу маңызды роль атқарды. Шынына келгенде, қазақ
ммлекеттігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Ақ Орда мен Әбілхайыр
хандығында да, қазақ хандығында да халықтың ортақ қоныстану аумағы болды.
ХҮ ғасырдың ортасында қазақ хандығының құрылуы-Дешті Қыпшақ,
Моғолстан, Мауереннахр және оларға іргелес орналасқан аймақтардағы
этносаяси дамудың заңды қорытындысы болып табылады. ХҮ ғасырдың
40-50 жылдарында қалыптасқан саяси жағдайлар Керей мен Жәнібек
хандардың Моғолстанның батысы Шу бойы мен Қозыбасы тауы аралығында
жаңа хандық құруға өте қолайлы ықпал етті.[6, 216 б.].
Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік
құрылымдар өтпелі кезеңнің мемлекеттері болды. Қазақ хандығының құрылуы
– этникалық тұрғыдан алғанда, жағдайды түбірінен өзгертеді. Хандықтың
негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар Әбілхайыр ханға қарсы күресте
378
жергілікті халықтың күшін пайдаланса, соларға арқа сүйесе, өздері құрған
дәстүрлерін қолданады.Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын
этникалық тұрғыдан қарастыра келе, ол- қазақ халқының қалыптасуы кезеңін
аяқтап, этникалық процесті халықтық деңгейге көтерді және халықтық деңгейге
көтерілген этносқа «қазақ» атты этнонимді бергізді деп ой түйіндейміз. Қазақ
хандығының құрылуы-Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз жүріп келген
этникалық процестер мен ғасырлардағы саяси құрылымдардың дамуының
заңды қорытындысы болды. Сонымен бірге бұл оқиға – мемлекеттіліктің
дамуындағы да белесті бір кезең болуымен ерекшеленеді. Хандықтың
құрылуының тарихи маңызын біз аталған этникалық, мәдени-рухани, саяси
процестерді жеке-жеке қарастырғанда көре аламыз. Қазақ хандығының
құрылуының аса зор маңызды жағына, оның этникалық дамуды бір сатыдан
екінші сатыға көтеруі, бір деңгейден екінші деңгейге жеткізуі жатады. Қазақ
халқының қалыптасуының аяқталуы ХҮ ғасыр ортасында Қазақ хандығының
құрылуымен байланыстырылады. Сондықтан да біз қарастырып отырған
оқиғаның этникалық маңызы басымырақ көрінеді.
Қорыта келе айтарымыз, ХҮ-ХХ ғасырларда; яғни соңғы жарты мың жыл
бойына (кейбір үзілістермен) «қазақ» сөзінің мәндерін ашуға азды-көпті үлес
қосқан 80-нен астам маман-ғалымдардың арасынан сөз мәнін түбірден өрбітіп
түсіндірген бір де бір жан болған емес.«Қазақ» деген атау тарихи
деректемелерде «қыпшақ», «маңғыт», «ноғай» деген дәстүрлі этнонимдерді
ысырып тастап неге екені белгісіз, бірден орнығады. Бұл жайт атаудың өзі емес,
атауға арқа болған рухани мәдени салауаттардың хатқа түспес бұрын көп уақыт
тұрақты қолдануда жүргенін аңғартады. «Қазақ» деген атаудың шығу тарихы
туралы баспасөз бетінде дүркін-дүркін пікір алмасу болып жататыны көпке
мәлім. «Қазақ» атау туралы ғалымдар тарих бетіне түскен барлық
деректемелерді тереңге алып барды. «Касог», «хазар», «қаз» секілді өздері
сұранып тұрған атаулар, этнонимдер, терминдер, ұғымдар жан-жақты
сараланып та, бағаланып та болды.»Шежіре, ауызекі аңыз, әңгімелер
халқымыздың түп атасын «қазақ» есімді атаға тірейді. Бірақ бізге мәлім тарихи
деректер мұндай баба тұлғаны адамның есімін білмейді. Егер шежіре мұнан
20 буын бұрын 30-50 адамнан тұрған болып көрінеді. Ата арқылы 14 ғасырдың
қазағының санын алсақ мұнан артпайды. Демек, шежірені тарихтың бірден-бір
қайнар көзі бұлағына жатқызу менің ойымша ағаттық. Сондықтан шежірелік
санаға абай болған жөн.«Сақ» этнонимі біздің жыл санауымыздың бастапқы
кезеңінде-ақ тарихи қайнар бұлақтардан қалыс жатты. Ал ұмыт қалған атаудың
араға 1,5 мың жыл салып, ХҮ ғасырға қайта оралуына илану қиын. Сөйте тұра
«қазақ» деген сөз тағдыр қалауы бойынша халқымыздың төл есіміне, мемлекеті
мен ата-мекенінің атауына айналды. Ендігі жерде қазақ баласы дұрыс аталған
ұлттың есіміне мойын бұрып, бұзылып аталған есімге жалпаңдағанын кілт
доғарды, бұзылған атамаларға намыстанатын болды, ұлт атауын ұлттық
игіліктің ту басына қойды. Әрине, өзін - өзі қастерлеу осындайдан басталады.
Оқта – текте өзге жұрттарда кездесіп қалатындай көршілер қойған лақап атауға
еріп (мәселен, Қытай халықтарына, «қытай» деп атау берген біздің ата –
бабаларымыз, олар өздерін «хань» деген), басқаша аталып кеткенімізге «Совет
379
халқы болып» іштей тәубәшілік білдіріп қойғанымызда жөн болар. Дүниеде
атауын жоғалтып алған халықтар аз ба? Мәселен, көрші ұйғыр халқы өздерінің
төл атымен бір мың жылдан кейін қайта табысқан. Ең бастысы қазақ деген бір
ауыз сөз қазақтардың өзі сүйетін ұранына айналды. Қазақ дегенді естісек
еңсеміз көтеріліп, мақтанып қалатын жағдайға жеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |