Пайдаланылған әдебиеттер:
1
Дюркгейм Э. Метод социологии / Э.Дюркгейм. – М., 1999.
2
Парсонс Т. О структуре социального действия / Т.Парсонс. – М., 2000. – С. 438–440.
3
Смелзер Н. Социология / Н.Смелзер. – М., 1993.
4
Тард Г. Социальная логика / Г. ард. – СПб., 1996.
5
Социология молодежи: энциклопедический словарь / отв. ред. Ю.А. Зубок и
В.И. Чупров. – М. : Academia, 2008. – 608 с.
6
Российская социологическая энциклопедия / под общей редакцией академика РАН
Г.В. Осипова. – М. : НОРМА-ИНФРА, 1999. – 672 с.
7
Ковалева, А.И. Концепция социализации молодежи: нормы, отклонения,
социализационная траектория / А.И. Ковалева // Социс. – № 1. – 2003.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ
ТӘРКІЛЕУ МЕН ҚУДАЛАУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Бошыбаев Тұрғынбек Балғабайұлы, Бағбай Аружан Аскарқызы
Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институты
Аннотация
. В истории Казахстана есть очень важные темы, которые сегодня требуют
нового взгляда. Среди них проблема коллективизации сельского хозяйства. Тема
коллективизации и политических репрессий 20- 30-х гг. ХХ в. в Казахстане, в том числе и
Тургайском регионе, на сегодняшний день активно исследуется как отечественными, так и
зарубежными учеными. В статье с новых концептуальных позиций освещена тема
коллективизации сельского хозяйства и ее трагических последствий для казахского народа.
Ключевые слова:
коллективизация, репрессия, бай-кулак, духовенство.
Abstract.
There are very important topics in the history of Kazakhstan that require a new
look today. Among them is the problem of collectivization of agriculture. The topic of
collectivization and political repression in the 20- 30s of the twentieth century in Kazakhstan,
including the Turgai region, is currently being actively studied by both domestic and foreign
scientists. The article highlights the topic of collectivization of agriculture and its tragic
consequences for the Kazakh people from a new conceptual perspective.
Keywords:
collectivization, repression, buy-fist, clergy.
354
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Торғай өңіріндегі өзекті мәселе бай-
кулактардың мәселесі болып табылады. Сол кездегі қазақ ауылдарындағы
байлардың малы елдің ортақ қазаны сияқты болған. Ауыл ол ағайыннан, туыс
бауырлардан, аталас ұрпақтардан тұрғаны белгілі. Дәулетті адамдар әрқашанда
қиын жағдайда өз малымен ағайынға көмек ұшын созып отырғаны мәлім.
Жалпы бай адам барша ағайынның қамқоршысы, демеушісі болғаны сөзсіз.
Әрине, қазақ ауылындағы адамдардың қарым-қатынасында кіріптарлықта
болмай қойған жоқ, бірақ оған қарамастан қауымның ағымындағы жалпы мал
басын ұлан-байтақ өлкедегі экологиялық тұрақтылықта ғасырлар бойы
бірқалыпты өзгеріссіз ұстарлықтай көлемде өсіріп-өндіругі мүмкіндік
туғызылып тұрған.
Ауыл байларының экономикалық қуатын әлсіретуді большевиктер көсемі
Ленин 1919 жылдың көктемінде-ақ ойластырғаны белгілі. Бұған оның мына
сөзі дәлел «Сендерге малды қайта бөлу жөнінде ертелі-кеш мәселе қойып
отыруға тура келер» [1,179б.].
Әрине, қазақ ауылындағы адамдардың қарым-қатынасында кіріптарлықта
болмай қойған жоқ, бірақ оған қарамастан қауымның ағымындағы жалпы мал басын
ұлан-байтақ өлкедегі экологиялық тұрақтылықта ғасырлар бойы бірқалыпты
өзгеріссіз ұстарлықтай көлемде өсіріп-өндіруге мүмкіндік туғызып тұрған.
Жаппай ұжымдастыру және байларды әлеуметтік топ ретінде жою қазақ
қауымына үлкен зардаптарын әкелді.
1928-1929 жылдары бай-кулактарды тәркілеу науқаны басталды. Елде
ауыл шаруашылықты саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі ірі
байлардың, орташалардың ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін
олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге күш салды.
1927 жылдың желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-
ірі байлар шаруашылғын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін
комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.
Оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоқжанов, О.Жандосов т.б. кірді.
1928 жылы 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық
Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып,
жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл
жіберілді, оған қоса демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.
Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда Қаулыға сәйкес 400-ден аса
малы бар 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда малы – 300, ал
отырықшы аудандарда малы 150 ден асатын шаруашылықты тәркіге салу
белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды.
Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге
салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды.
Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мыңдай мал және ауыл
шаруашылық саймандары тартып алынды. Тәркіленген малдың 80 мыңы кедейлер
мен батырақтарға, 30 мыңға жуығы ұжымшарларға берілді. Мал мен құрал сайманға
ие болған кедейлер ауылдағы орташа-лар тобы қатарына көтерілді.
355
Байларды тап өкілі ретінде жою туралы жоғарыдан нұсқау алған
Қостанай округтік партия комитетінің хатшысы И.К.Морозов бұл істі жүргізу
үшін Батпаққараға Кетегенов пен Даниловты уәкіл етіп жіберді.
Батпаққара ауданында жалпы саны 150 бай-кулак тізімге ілігеді. Бұның
ішінде бірінші кезекте тәркіленетін 5 бай: №2 ауылдан Б.Қаралдин мен
М.Смайлов; №4 ауылдан Б.Қожабеков; №7 ауылдан Қ.Тілеулин және
№15 ауылдан О.Серікбаев болып Мәскеуден бекітіліп келді.
Тәркілеу науқанында жаппай заңсыздық орын алып, адам құқықтары
аяққа басылды. Байлар ғана емес орта шаруалардың да бар жиған мүліктері
тартып алынды. Орташа ауқатыларда бай қатарына жатқызылып, тергелді.
Торғай мұрағатында сақталған, жоғарғы жаққа жазған арызында
Исмайлов Мұхамеджан деген азамат «... Мен Қызылордада жүргенімде
Батпаққарадағы мал-мүлкімді тегіс тәркіге салған. Отбасымнан үй-жайым
тартып алынған. Тәркіленген заттар ішінде 1928 жылы 28 тамыздағы декретте
көрсетілмеген мүліктерімді де алып кеткен...».
Байлар мен орташалардың бар мүліктері тәркіленуі жергілікті халық
тарапынан туындаған қарсылыққа алып келді.
Кеңес үкіметінен әділеттілік күткен қарапайым адамдардын үміті
ақталмады. Ұжымдастыру және тәркілеу кезінде ОГПУ органдары “анти
кеңестік элементтерді әшкерлеуді” жүргізді. Шолақ белсенділер озбырлығы
жауаптылықсыз қалды. Оның орнына жазықсыз жазаланып ел қамын ойлаған,
адал азаматтар кетіп жатты.
Қазақстан бойынша 1930 жылы тәркіленген шаруалардың жалпы саны
165 мыңнан астам адам болды. Тәркілеу биліктің бірбеткейлігін және
қарсылықтың пайдасыздығын көрсетті. Шаруаларды бай мен кулактың
қатарына жатқызу қатері орын алды. Сондықтан да олар бүкіл ауыл болып
ұжымшарларға жазылуға мәжбүр болды.
Осы уақытта дінге деген көзқарас мүлдем өзгеше сипат алды. Әр түрлі
науқандар кезінде кеңестер жүргізген екі жүзді саясаттан діннің де, құлшылық
еткен адамдардың да көрген қорлықтары ешбір заңға сымайтын еді. Совет
билігіндегі большевиктер қоғамның құрылысын жасауға белсенділікпен кірісті.
Шаруашылығы мен мәдениеті мыңдаған жыл бойы қалыптасып отырған
қоғамның құрылысын өзгерте салу оңай емес. Ал қоғамның құрылысы
өзгермей оның санасы да, құндылықтары да өзгермейді, яғни ұлттың рухы мен
санасын жою мүмкін емес. Қызылдар билігі қоғамның болмысын, өзіндік
сананы түбегейлі өзгертпей өз мақсаттарына жете алмайтынын білген. Осы
себептен ұлттық құндылықтарды жою, бұрмалау, қоғамның өзіне қарсы қою
басталды. Әуелі дінге, дін өкілдеріне, байларға қысым көр-сетіле бастады.
Мемлекеттік дінге саясаты және оның Қазақстанда жүзеге асыры-лу
механизмдеріне келетін болсақ, аталған саясаттың сол кездегі екіжақтылығы
біздің назарымызды аудартады. 1929 жылы 23 майда ВКП(б) ОК дінге қарсы
комиссия мәжілісінде совет халқының 80 % дінге сенетіндігі туралы цифр
келтіреді [2,73б.]. Міне осыдан кейін дінге қарсы майдан, «идеологиялық
майдан», «мәдени майдан», тағы да басқа майдандармен дінге қарсы
социалистік шабуылды күшейтеді. Осы жылдардағы жаппай ұжымдастырумен
356
қатар мешіттерді жаппай жабу да жүргізілді. Орталық комитет саяси
бюросының «өте құпия» нұсқауында мешіттерді жабу, діни қозғалыстар мен
күресті қатаңдатуға екпін берілді. 1930 жылдың басында діни бірлестіктерді
жою жаппай, әрі күштеу арқылы жүргізіле бастады. Мұндай саясат түрлі
қарсылықтарға да тап болды. Биліктің қысымы 1929 жылы 8 сәуірдегі «Діни
бірлестіктер туралы» қаулыдан кейін қарқын алды. Оған қарсы-лық ретінде
1920 жылдың аяғы 1930 жылдардың басында халықтың ашық бас көтерулері
етек алды. Әйтсе де діни мекемелерді жабу елдегі жағдайға байланысты «астық
сақтайтын орын»,«мәдени қажеттілік» үшін деген желеулермен жүргізілді.
Билік діни мекемелерді олармен келіспей-ақ алып қойды. Әрі діни қызмет-
керлерді де тұтқындай бастады.
Батпаққара өңірінің белгілі ақыны, ишан Файзолла Сатыбалдыұлының
1929 жылы желтоқсанның 27-не Батпаққарада жазықсыз айыпталып, 10 жыл
түрмеге кесіліп, одан 1935 жылы босап, елге оралған.
Тәртіп боп жоғарыдан бекілген заң
Келгенде жөнелтуге болдың аң-таң
Обыске тал бойыңнан тінту алып
Торып жүр конвой біткен болып қатаң
Айдалдың сәрсенбі күн түстен кейін
Қысылдық не деулікке жетпей зейін
Шуласып қатын-бала жылағанда
Дүниеден пида болдық өткен дейін.
Осы өлең жолдарынан–ақ, жазалау мен қуғындау қалай жүргізілгенін
байқауға болады [3,116б.].
1929 жылғы қаулы діни мекемелерді жабу мен қызметкерлерге қысым
жасауда басты құрал болды. Діни мекемелер «күрделі жөндеуге қаражаттың
болмауынан құрылыстар бұзылуға әкелген, құнды мүліктердің жоғалуы мен
орынсыз шығындар» желеуімен де жабылған. Әртүрлі ойдан құрастылырған
шектеулер мен айыптар тағылып отырған. Мешіттің мектеп, клуб емес аборт
жасайтын мекемеге пайдаланылуы дінге сенушілерді қорлау еді. Мешіттің
құрылыс материалдарын отын ретінде пайдалану да орын алды. Жалпы діни
мекемелерді жабу Қазақстанның рухани өміріне үлкен зардаптар әкелген еді.
Қазақстанда діни конфессиялар мен ОГПУ-дың (біріккен мемлекеттік саяси
басқарма) күресі партияның нормативті-құқықтық құжаттарына, нұсқаулық-
тарға, аса құпия бұйрықтарға негізделді. 1922 жылдан 1925 жылға дейін
партияның дінге және діни ұйымдарына қатысты басты бағыты айқындалып,
жүзеге асырыла бастады. Оны негізінен ОГПУ атқарды. Большевиктер дін
қызметкерлерін негізгі жауымыз деп білді. Дінге қарсы насихат, дінге
сенушілерді мансұқтаумен қатар жүргізілді. Олардың жаппай мал-мүлкі тартып
алынды. 1928-1929 жылдары Қазақстан жеріндегі 150 мешіт пен діни орындар
қиратылды. Торғай жерінде 54 мешіт пен иман үйі болса, осының бірен -
сараңы ғана қалған болатын. Дін өкілдері мен дін жолымен жүрген қарапайым
халықты да қуғынға ұшыратты. Большевиктер партиясы өзінің идеологиясын
іске асыруда кедергі болатын басты жау деп есептеді. Өзінің ата діні ислам
жолымен жүрген қазақ қоғамы да дінсіздендіру саясатына ұшырады.
357
Сол кездері, діні ислам жолымен жүрген тұлғалардың көтерілістің бас
қасында жүргені рас. Исламның көрнекті өкілдері Ибрагимов, Айжарқын Қанаев,
Мұқантай Саматов, Ақмырза және Тоқмырза Тасовтар, Жұмағазы Байымбетов
және т.б. көптеген көрнекті діндарлар, молдалар көтерілістердің рухани
жетекшілері болғаны белгілі. Бірақ бұған оларды емес, Кеңес үкіметінің ислам
дініне қарсы ашық жаулық саясатын, жергілікті жерлерде мешіттерді қорлау,
дінге сенушілерді «әлеуметтік кауіпті элемент» деп қудалау әрекеттерін
айыптаған жөн. Сол жылдары большевиктер партиясы өздерінің идеологиясын
қазақ ауылында енгізуге кедергі жасайтын ислам діні деп білгені де құпия емес.
Сондықтан 1929 – 1931 жылдардағы көтерілістерге байланысты жазалау көрнекті
дінбасыларды түгелдей қамтыды. Тұтқындалғандардан бірде-бір дінбасы ақталып,
босатыла қойған жоқ. Тек, Бостандық, Тақтакөпір, Созақ, Сарысу, Талас,
Батпаққара, Балқаш және Шоқпар көтерілістеріне байланысты істерді қараған
кезде ғана ОГПУ үштігі 8 ишан мен молданы ату жазасына кесіп, үкім шығарды.
Ал 12 дінбасы әртүрлі мерзімдерге сотталды және жер аударылды. Сонымен,
жоғарыда айтылғандарға қысқаша қорытындылар жасар болсақ:
1)
1929–1931 жылдардағы қазақ шаруаларының наразылықтары мен
көтерілістері–кеңес империясы өктемдігіне қарсы ұлт-азаттық сипаттағы
қозғалыс болды. Оның бір орталыққа бағынатын, ұлттық мүддені белсенді
қорғайтын, тұтасқан тасқынға айналуына сталиндік-голощекиндік империя
жүйесі дер кезінде кедергі жасап, бұл ұлттық қозғалысты жөргегінде тұншық-
тырып, қанға бояп басты;
2)
бұл көтерілістердің бастаушы, жетекші күші–ауқатты қазақ шаруалары
және халыққа ықпалды дінбасылары болды. Қазақ аулының ұлттық дәстүрлі
мүдделерін империялық үстемдіктен қорғайтындай ол кезде қазақ қоғамында
бұлардан басқа әлеуметтік күштер де қалған жоқ еді. Ұлт-азаттық сипаттағы
бас көтерулерге саяси бағдар беріп, оған басшылық жасауға қабілетті ұлттық
интеллигенцияны – алаш қозғалысының көшбастаушыларын осы көтерілістің
қарсаңында ғана коммунистік империяның басқарушы және жазалаушы
аппараты біржолата талқандап, күйретіп жіберген еді;
3)
1929 – 1931 жылдардағы қазақ шаруаларының сталиндік коммунистік
империяның қатал саясатына, қазақ ауылын оның дәстүрлі даму жолынан
тайдыру әрекетіне қарсы белсенді қарсылықтарын, кезінде патшалық Ресей
империясының өктемдігіне қарсы жүргізілген қазақ шаруаларының жанкешті
ұлт-азаттық қозғалыстарының заңды, табиғи жалғасы және ең соңғы кезеңі деп
бағалағанымыз жөн. Осы соңғы, 1929–1931 жылдардағы сталиндік империяның
бас көтертпес ауыр соққысынан кейін идеологиялық арбаудың шырмауына
түскен, ұлттық санасы біржақты большевиктер идеяларымен уланған қазақ
халқы – орталықтың империялық өктемдігіне қарсы тәуелсіздік үшін бас
көтеруден қалды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардың соңында орын алған саяси-әлеуметтік
қарама-қайшылықтар Батпаққара өңіріндегі халықтың ашу-ызасын туғызды.
Елдің хал-ахуалы нашарлады. Аштықтың белгісі орын ала бастады. Мұның бәрі
жинақтала келе кедей-шаруалардың көтерлісіне ұласты.
358
Достарыңызбен бөлісу: |