483
босаңсып, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке
жүйкесі мен әртүрлі мүшелердің қызмет белсенділігі арта бастайды [2. 437бет].
Дене жаттығулары денсаулықты нығайтып, дененің өсуі мен дамуына,
жүйке жүйесінің қызметіне, адамның бір қалыптан екінші қалыпқа ауысу
жылдамдығына, тірек-қимыл жүйесінің өсіп жетілуіне, оның қызметінің
дамуына, қимыл-қозғалыстарының дұрыс бағытталуына, тіпті адамның ақыл-ой
қабілетінің артуына да барынша ықпал етеді. Спорт ойындары мен
жаттығулары арқылы жүйке жүйесінің қозу және тежелу қасиеттері реттеліп,
шектеліп, баытталады. Дене жаттығулары бұлшық еттердің қан айналысын
жақсартып,
олардың
жұмысына
қажетті
қоректік
заттармен
қамтамасыздандыру күшейеді де, адамның жұмысқа қабілеттілігі артады. Дене
шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде, яғни аптасына 6-8 сағаттан кем
шұғылданбайтын адамдар сирек сырқаттанады және оларда инфекциялық
аурулар асқынусыз жеңіл әрі жылдам өтеді [3. 75бет].
Дене шынықтыру нәтижесінде адамның организмнің төзімділігі өте
жоғары деңгейде болады. Дене жаттығуларының сауықтыру әсерінің
тиімділігін барынша жоғарылату мен жұмысқа қабілеттілікті максималды
арттыру үшін әртүрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаларға арналған оптималды
қимыл режимдерін сақтау қажет. Дене шынықтыру мақсаты мен мазмұнын,
киімдері мен құрал жабдықтарын, таралуы мен тиімділігін сыртқы орта,
тұрмыс, тамақтану жас және жынысқа байланысты қарастыру қажет. Дене
шынықтыру мен спорт қоғамның және жеке әрбір адамның салауатты өмір
салтын қалыптастырудағы негізгі бөлім болып табылады [4.102бет].
Адамның жасы мен денсаулық күйі ескеріле отырып, дұрыс әрі жүйелі
түрде ұйымдастырылған дене шынықтыру мен спорттың денсаулық үшін маңызы
зор. Әсіресе дене жүктемелерін біртіндеп беру, жүйелі орындау және дұрыс
мөлшерлеу тәріздес негізгі принциптер сақталынса, денсаулыққа пайдасы аса зор.
Дене шынықтыру мен спорттың барлық түрлерінің адамның қозғалыс
әрекеті арқылы атқарылатыны баршамызға белгілі. Спорттық жаттығуларда ең
әуелі вегетативтік (қан айналу, тыныс алу) мүшелер қызметімен неғұрлым
тиімді қамтамасыз етілетін бұлшық ет жүйесі белсендіріледі. Бұлшық еттер
адам организіміндегі әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимал
жүйесінің белсенді бөлігі болып табылады.
Дене шынықтыру жаттығулары – дене тәрбиесінің едәуір күшті және
тиімді сауықтыру құралдарының бірі. Ол денсаулықты сақтау мен нығайтуға
ғана емес, сонымен бірге жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: