Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет44/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Baker, R.S., Corbett, A.T., & Aleven, V. (2016). Intelligent tutoring systems. Handbook 
of educational psychology, 349-366. 
2.
Koedinger, K. R., & Aleven, V. (2007). Exploring the assistance dilemma in experiments 
with cognitive tutors. Educational psychology review, 19(3), 239-264. 
3.
Le, C.V., & Ognibene, D. (2019). Artificial Intelligence and Education: Promises and 
Pitfalls. OECD Education Working Papers, (194), OECD Publishing. 
4.
Liu, O. L., Bridgeman, B., & Adler, R. M. (2015). Measuring learning outcomes in higher 
education. Educational researcher, 44(5), 225-232. 


110 
5.
VanLehn, K. (2011). The relative effectiveness of human tutoring, intelligent tutoring 
systems, and other tutoring systems. Educational psychologist, 46(4), 197-221. 
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
Дуйсенбаева Айнур Кобейсинкызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Ғылыми жетекші: Тулегенова Анар Кабдыгалиевна 
Аннотация: 
В этой статье рассматривается современное образовательное пространство для 
цифровых технологий и ресурсов. Технологии, применяемые в соответствии с требованиями 
времени, делают передаваемые знания более эффективными. Отмечается, что использование 
платформ и ресурсов по предмету" Физика " является эффективным. 
Ключевые слова: 
физика, платформа, виртуальная лаборатория, интерактивные задачи. 
Abstract: 
This article examines the modern educational space for digital technologies and 
resources. Technologies applied in accordance with the requirements of the time make the 
knowledge transferred more effective. It is noted that the use of platforms and resources on the 
subject of " Physics " is effective. 
Key words: 
physics, platform, virtual laboratory, interactive tasks. 
Білім беру – қоғамның басты, әрі маңызды элементі. Соған байланысты 
оның дамуы мен өркендеуі қоғам талаптары мен даму тенденцияларын 
әрдайым баса назарға алып отырады. Бұл дегеніміз адамзат қоғамында болып 
жатқан құбылыстар міндетті түрде білім беруді ұдайы алға жылжытып, белгілі 
бір өзгерістерді жасауды талап етеді. 
Қазіргі білім беру бұған дейінгі 10 жылдықты ескере өткенде біршама 
өзгерістерге бет бұрды. Оқушының өз бетінше білім алуын қамтамасыз етіп, 
бейіндік пәндерге мән беріліп, балалардың қызығушылығын ұдайы арттыруға 
жұмыстану тиіс. Осыған сай қазіргі мұғалімнің басты мақсаты – оқушылардың 
білімін ізгілендіру, қызығушылығын арттыру, сондай-ақ сабақ сапасын көтеру 
болып табылады. Сабақтың сапасы онда қолданылатын әдістер мен оқыту 
технологияларына тікелей байланысты. Қазіргі кезде оқыту технологияларына 
да белгілі бір талаптар қойылады. Олар: 
-
оқыту мақсатының нақтылығы және ғылыми негізделуі. Бұған сәйкес оқу іс- 
әрекеті жоғары сапаға ие болады; 
-
оқу материалын толық болуы және оқыту үдерісінде жағдайлар жасалуы; 
-
оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы; 
-
оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отырылуы. 
Бүгінгі кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру 
кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен 
пайдалану қажеттілігіне көңіл аудартады. Маңызға ие сандық технологиялар 
мен ресурстарды қолдану арқылы білім беру кеңістігінде ұтарымыз көп, 
сонымен қатар білім нақты нәтижеге қарай бағытталады. Осы орайда оң 
нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай мақсат арқылы алға жылжу қажет : 


111 
-
заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық 
қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру. 
Осы мақсат негізінде қойылатын міндеттер келесідей: 
-
оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттеріне жіті назар аудару; 
-
шығармашылық қабілеттерінің ашылуына көңіл бөлу; 
-
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдістерді қолдану; 
-
қарапайым ауызша түсіндірулермен ғана шектелмей, платформалар мен 
ресурстарды қолдану арқылы тапсырмалар беріп отыру. 
Үзіліссіз тәжірибеден өтіп жүрген 3-курс студент-практиканты ретінде 
физика пәнін оқытуды оңтайландыруды жүзеге асыру жайлы айтпақпын. 
Қазіргі мектеп оқушыларына сабақ өткізу барысында ауызша сабақ түсіндіріп, 
қарапайым түрде есептер шығарту мүлде тиімсіз болып табылады. Себебі, 
өскелең ұрпақтың ақпаратты қабылдау қабілеті көбіне визуалды, яғни көріп
көз жеткізіп білу арқылы ғана мол нәтижесін бере алады. Физика пәнін өткізуде 
оқушының назарын аудартуға болатындай бірнеше платформалар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет