111
-
заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық
қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде қойылатын міндеттер келесідей:
-
оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттеріне жіті назар аудару;
-
шығармашылық қабілеттерінің ашылуына көңіл бөлу;
-
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдістерді қолдану;
-
қарапайым ауызша түсіндірулермен ғана шектелмей, платформалар мен
ресурстарды қолдану арқылы тапсырмалар беріп отыру.
Үзіліссіз тәжірибеден өтіп жүрген 3-курс студент-практиканты ретінде
физика пәнін оқытуды оңтайландыруды жүзеге асыру жайлы айтпақпын.
Қазіргі мектеп оқушыларына сабақ өткізу барысында ауызша сабақ түсіндіріп,
қарапайым түрде есептер шығарту мүлде тиімсіз болып табылады. Себебі,
өскелең ұрпақтың ақпаратты қабылдау қабілеті көбіне визуалды, яғни көріп,
көз жеткізіп білу арқылы ғана мол нәтижесін бере алады. Физика пәнін өткізуде
оқушының назарын аудартуға болатындай бірнеше платформалар бар.
Достарыңызбен бөлісу: