123
Виртуалды зертханалық жұмыстардың танымдық қызығушылыққа қалай
әсер ететінін және оларды пайдалану кезінде тақырыпқа қызығушылықтың
қалай артатынын анықтауға болады. Виртуалды зертханалық жұмыстарды
қолдану білім алушылардың үлгеріміне оң әсер етті деп айтуға болады. Бұған
сауалнама жүргізу барысында алынған нәтижелер дәлел бола алады. Білім
алушылардың мектеп мотивациясының деңгейін тексеру Н.Г. Лусканованың
сауалнамасы бойынша жүргізіледі, ол балалардың мектепке және оқу процесіне
қатынасын, олардың эмоционалдық жағдайын көрсететін 10 сұрақтан тұрады.
Білім алушылардың әр пәнге қатынасы сауалнамалар бойынша анықталды.
Виртуалды зертханалық жұмыстар білім алушыларға тақырыпты
тереңірек және мағыналы түсінуге көмектеседі, олардың шығармашылық
ойлауын дамытады, тәуелсіз іс-әрекеттерін дамытады деп айта аламын, өйткені
виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау кезінде білім алушылар
мұғалімсіз, яғни жеке немесе сыныптастарымен топта тапсырмаларды
орындауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, онлайн-зертханалық жұмыстарды
енгізу кезінде білім алушылар теориялық материалды оңай игеріп, оларды іс
жүзінде оңай қолдана алатындығын байқауға болады. Мұны жұмыстың
қарапайымдылығымен
және
жұмыстың
мультимедиялық
режимде
орындалуымен түсіндіруге болады, ол өте түрлі-түсті суреттермен, ақпараттық
бейнелермен және орындауға оңай бақылау тапсырмаларымен бірге жүреді.
Нәтижелер бірінші тоқсанда білім алушылардың оқуға деген ынтасы мен
қызығушылығы болмағанын көрсетеді, бұл үшінші тоқсан туралы айту мүмкін
емес, өйткені біз олардың оқуға деген мотивациясының қалай жақсарғанын
және олардың үлгерімі осыдан көтерілгенін анық көреміз.
Сауалнама көрсеткендей, оқу жылы ішінде «Биология» мектеп пәніне
танымдық қызығушылық артты.
Бүгінгі таңда дайын виртуалды зертханалық жұмыстар жүктелген арнайы
платформалар
жетерлік.
Соның
бірі–Қазақстандық
BILIM
LAND,
experimentum.kz
платформалары.
Аталған
платформалар
қызықты
бейнероликтер мен конспектілердңғ, симуляторлар мен тренажерлердің,
сондай-ақ күрделілігі әртүрлі интерактивті тапсырмалар форматындағы
цифрлық сабақтардың, виртуалды зертханалық жқмыстардың жүйесі. [4,5]
Биология пәнінен виртуалды зертханалық жұмыстарды оқу процесінде
пайдалану тиімділігімен ерекшеленеді және бұл жұмыстар оқушының пәнге
деген қызығушылығының артуына өз ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: