Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Білім берудегі жасанды интеллект Уэйн Холмс,Майя Бялик,Чарльз Фейдл. 
2.
Жасанды интелект 
Сакамото Маки. 
3.
 
https://nauchniestati.ru/spravka/obrazovatelnaya-robototehnika/ 
4.
 
https://nsportal.ru/npo-spo/obrazovanie-i- pedagogika/library/2017/06/20/ 
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛЫ МҰСЫЛМАН МАТЕМАТИКТЕРІ 
Жамантай Закария Нурмахамбетұлы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Ғылыми жетекші: магистр Сабитбекова Гулмира 
Аннотация. 
В данной статье рассмотрены биографии и труды великих математиков 
средневековья. Приведены примеры вклада ученых в математику и другие области науки. 
Ключевые слова. 
Алгебра, задачи альмукабалы, трактат, тригонометрия, арифметика. 
Annotation. 
This article examines the biographies and works of the great mathematicians of 
the Middle Ages. Examples of scientists' contributions to mathematics and other fields of science 
are given. 
Keywords. 
Algebra, almukabala problems, treatise, trigonometry, arithmetic. 
Шығыстың математикасы, ежелгі грек математикасынан басты 
айырмашылығы, шығыс математикасында тәжірибеге басымдылық берілетін. 
Сондықтан да, шығыс математика мектептерінде есептеу және өлшеу маңызды 
болды. Математиканың қолданыс аясына-сауда, қолөнер, оптика, география, 
астраномия, механика, құрылыс т.б салалар кірді. 
Орта ғасырдағы ұлы математиктер жайлы сөз болғанда бірден Әл-Хорезми 
еске түседі. Толық аты- Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (780-850 
ж). Ұлы математик, астроном және географ Мұхаммед Әл-Хорезми 8 ғасырдың 
соңында, 9 ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Ол кездерде Орта Азия 
Араб халифалығының құрамына кіретін еді. Құрылыс, сауда саттық, қолөнер, 
егіншілік т.б салаларды дамыту үшін: астрономия, геодезия, геометрия сияқты 
ғылымдарды дамыту қажеттілігі туады. Осы дәуірдің ең үздік ғалымдары бұл 
ғылымдардың қолданыстыға пайдаларын білетін, ал Мұхаммед Әл-Хорезми 
олардың көшбасшысы іспетті еді. Әл-Хорезми дүние ғылымдарына өте үлкен үлес 
қосқан. Ол алгебра пәнінің атасы болып есептеледі. Ал алгебра сөзі оның “әл жебр 
уәл мұқабала” (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) еңбегінен 
шыққан. Оның арифметикалық еңбегі үнді цифрларына негізделген болып қәзіргі 
кезде біз қолданып жүрген ондық есептеу системасының және осы системаның 
Еуропада таралуына себеп болған. Басқада орта Азиялық ғалымдар сияқты олда 
Араб халифатының астанасы болған Бағдад қаласындағы даналық үйінде қызмет 
етті. Араб елінің көптеген ғалымдары жұмыс істеген даналық үйі қазіргі кездегі 
ғылым академиясы іспеттес болған. Оның кітапханасы ескі қолжазбаларға бай, 
және өзінің астрономиялық обсерваториясы болды. Тарихшылардың сөздеріне 
қарағанда Әл Хорезми жер көлемінің шеңберін нақтылау үшін, мередиан 


118 
градусының ұзындығын есептеу ісіне қатысқан. Даналық үйінің көптеген 
ғалымдары осы іске қатысқан. Осы істе нақтыланған өлшемдер 700 жылдан бері 
өзгермеді [1]. 
Әл Хорезми алгебра мен алмукабала есептері жайлы қысқаша кітап 
жазған, онда адамдарға қажетті арифметиканың қиын және жеңіл есептері бар. 
Мысалы: 
6x-13=5x-8x теңдеуі 
Екі жағынан да 13 пен 8-ден қосу арқылы, 
Алджабр әрекетін іске асырамыз. 
Нәтижесінде 6x+8x=5x+13 болады. 
Екі жағынан да 5x пен 8-ді ала отырып, 
Алмукабала әрекетін жасаймыз, 
Нәтижесінде х=5 шығады. 
Әл Хорезмидің бізге жеткен еңбектері: Үнді есептері туралы кітап, онда 
үнді ғалымдарының математикаға қосқан үлесі жоғары бағаланады; 
Алгебра мен алмукабала есептеулері туралы қысқа кітап (осыдан 
«алгебра» термині қалыптасты) және астрономиялық кестелер жинағы. 
Әл-Хорезми синус, косинс, тангенс, котангенс функцияларын егжей- 
тегжейлі қамтитын тригонометриялық кестелер жасады. Он екінші және он 
үшінші ғасырларда әл-Хорезми кітаптарының негізінде «Кармен де 
Алгорисмо» (Александр Вильдье) және «Алгоризмус вулгарис» (Джон 
Сакробоско) шығармалары латын тілінде жазылды, ол көптеген ғасырлар бойы 
өзекті болып қалды. XVI ғасырға дейін оның арифметика жөніндегі 
кітаптарының аудармалары Еуропа университеттерінде математика бойынша 
негізгі оқулықтар ретінде пайдаланылды [2]. 
Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни (973-1048 ж). Ұлы ғалым, 
ойшыл, астроном, географ, математик, тарихшы ғалым. Ол Орта Азияда 
Хорезмнің Қият деген қаласының шеткі бір ауылында дүниеге келіп, Үргеніште 
білім алады. Жастайынан білімге қызыққан Бирунидің ғылым аясы өте кең 
болды. Ол математика, физика, тарих, химия, медицина, астрономия, 
астрология, география, теология, психология, антропология, әлеуметтану 
сияқты ғылымдарды зерттеді. Хорезмді Ауған патшасы Махмуд басып алған 
соң Бируни Газниге көшеді, кейіннен Үндістанда тұрады. 
Бирунидің ең танымал еңбегі –“Масудтың каноны еңбегі ”деген 
туындысы еді. Бұл еңбекте көптеген халықтардың жетістіктері жазылған. 
Сонымен қатар бұл еңбекте тригонометрияның түгел курсы қамтылған. 
Птоломейдің синустар кестесіне қосымша ретінде, тангенс, котангенс, секанс 
сияқты кестелерін көрсеткен. Оған қосымша ол жерде сызықтық, тіпті 
квадраттық интерполяция да болған [3]. 
Омар Хайям (1048-1131 ж.). Омар Хайям 1048 жылы Қазіргі Иранның 
Нишапур деген өлкесінде бай қуатты отбасыда дүниеге келген. Жастайынан 
зерек бала 8 жасында математиканы, философияны, және астраномияны терең 
зерттей бастайды. Ал 10 жасында құранды толық жаттап қари болады. 
Кейіннен Омар 12 жасында Нишапур медресесінің шәкірті болды. Кейін Балх, 
Самарқанд, Бұхара қалаларындағы медреселерде білім алған. Онда хакім, яғни 


119 
дәрігер біліктілігін алып, ислам құқығы мен медицинасы курсын үздік бітіріп 
шығады. Бірақ дәрігерлік тәжірибе оны қызықтырған жоқ. Ол атақты математик 
және астроном Сабит ибн Курраның еңбектерін, грек математиктерінің 
еңбектерін зерттеді. Хайямның балалық шағы селжұқтардың Орта Азияны 
жаулап алуының сұрапыл кезеңінде болды. Көптеген адамдар, соның ішінде 
ғалымдардың едәуір бөлігі қайтыс болды. Кейін Хайям өзінің «Алгебрасының» 
алғы сөзінде ащы сөздерді жазады: Артымызда азғантай шыдамды топты 
қалдырып, ғалымдардың өліміне куә болдық. Бұл кезеңдегі тағдырдың 
ауырлығы олардың ғылымын жетілдіруге және тереңдетуге толықтай 
берілулеріне кедергі жасады. Қазіргі таңда ғалым болып көрінетіндердің 
көпшілігі ғылымдағы жалғандық пен екіжүзділіктің шегінен шықпай, 
шындықты өтірікпен киіндіреді. Ал ақиқат іздеп, шындықты жақсы көретін, 
өтірік пен екі жүзділіктен бас тартуға тырысып, мақтану мен қулықтан бас 
тартатын адам кездессе, оны өздерінің менсінбеушіліктері мен келекелеріне 
айналдырады. 
Басты еңбектері: арифметика мәселелері, Әл жебр мен әл мүкабала 
есептерінің дәлеледемелері туралы, Евклидтің еңбегіндегі қиын мәселелерге 
түсініктемелер, даналық таразысы, болмыс туралы фәлсапалық кітап. 
Хайямның «Алгебра және Әлмұқабала мәселелерінің дәлелдемелері 
туралы трактаты» бар, онда теңдеулердің классификациясы берілген және 1-ші, 
2-ші және 3-ші дәрежелі теңдеулердің шешімі көрсетілген . Трактаттың бірінші 
тарауларында Хайям әл-Хорезми сипаттаған квадрат теңдеулерді шешудің 
алгебралық әдісін баяндайды. Келесі тарауларда ол Архимедке дейінгі кубтық 
теңдеулерді шешудің геометриялық әдісін әзірлейді: бұл әдісте бұл 
теңдеулердің түбірлері екі қолайлы конустық қималардың қиылысуының ортақ 
нүктелері ретінде анықталды [4]. 
Бұл ғалымдардың математика саласының дамуына есепсіз үлес қосты. 
Бұдан басқа да математика саласына өз үлестерін қосқан мұсылман ғалымдар 
жетерлік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет