Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. Ә. Туған елім – тірегім, (Құрастырғандар: М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов). Алматы: 

Рауан, 2001. 128 б.

2. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік 

бағдарламасы 

3. Пралиев С. Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан 2009. 

4. Жантурина М. Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі // Бастауыш мектеп, 2009. №5, 48-50-б.

5. Нургендирова А. Дарынды оқушылармен жұмыстың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары // Мектеп 

директоры, 2009. №3, 14-16-б.

6. Омарқұлова С. А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру // 

Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4-б.

7.  Темірбаева  С.  Дарынды  оқушылармен  жүйелі  жұмысының  маңызы  //  Қазақ  әдебиеті  және 

мемлекеттік тіл, 2009. №7-8, 11-12-б.

8. Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие туралы, 2010. №6, 7-9-б.

9.  Исабекова  А.  К.  Дарынды  балаларды  айқындаудың  тиімді  жолдары  //  Қазақ  тілі  Қазақстан 

мектебінде, 2010. №11, 17-21-б.

10. Абиш А. Дарынды балалармен жұмыс // Мектеп (Шымкент), 2006. №8, 29-31-б.


245

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЛАУДЫҢ ЖОҒАРҒЫ 

ДӘРЕЖЕСІНЕ ЖЕТКІЗУДЕГІ ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Манбаева Ж. О.

Қарағанды қаласындағы обылыстық мамандандырылған ДБА

«Мұрагер» мектеп-интернаты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



«Бала-балқытылған алтын»

К. Д. Ушинский 

Аңдатпа

Мақалада физика сабағынан дарынды оқушылардың жоғары ойлау деңгейіне жетуі үшін сын тұрғысынан ой-

лауда  Блум  таксономиясын  қолдану  ерекшеліктері  қарастырылады.  «Линзалар.  Линзаның  оптикалық  күші. 

Линзадан кескін шығару» тақырыбы бойынша өткен сабақта Блум таксономиясын қолдану мысалы келтірілген.

Аннотация

В статье рассмотрено применение таксономии Блума по критическому мышлению на уроках физики для 

достижения высокого мыслительного уровня у одаренных детей

В статье приведены примеры по таксономии Блума на тему: «Линзы. Оптические силы линз. Изображения, 

вызываемые линзами».

Abstract

In the article was discussed the using of the Bloom’s taxonomy for critical thinking in physics lessons to achieve a high 

level of thinking with gifted children. In the articlewere given examples from Bloom’s taxonomy on theme: «Lenses. The 

optical power of the lens. Images produced by the lens». 

Біздің мемлекетіміздің қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат –өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы 

бар,  адамгершілігі  жоғары,  жан-жақты  білімді,  өз-өзін  сыйлай  білетін,  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру. Бұл тақырыпты алған себебім: ДБМ «Мұрагер» мектебі бірыңғай дарынды балаларды 

оқытатын үздік мектеп, сол үшін ең маңызды мәселе білім екендігі белгілі. 

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н. Назарбаевтың 

сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі 

ұрпақ  бейнесінен  көрінеді.  Осыдан  барып  жас  ұрпақтың  бойындағы  іскерлік  қабілетін  ашу  және 

оларды шығармашылыққа баулу бар ұстаздың міндетті.

Дамудың  жетістікке  жеткісі  келетін  кез  келген  мектеп,  ең  алдымен,  білім  беру  саласын  жолға 

қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу 

жаңа  формация  ұстаздың  еншісіне  тиері  анық.  Қазақстан  Республикасының  жаңа  педагогикалық 

білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дары-

ны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке 

тұлға»  деп  көрсетілген,  яғни  ол  ізгілігі  мол,  әр  іске  жаңашылдықпен,  үлкен  ізденіспен  зерттеуші 

ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, 

толыққанда құзырлы адам [4, 85-б].

Зерттеу  жұмысының  мақсаты  –  «Блум  таксономиясын»  қолдана  отырып  ойлаудың  жоғарғы 

деңгейіне жету үшін жағдай жасау.

Зерттеу  міндеті  –  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  зерттеудің  жүйелігін,  бірізділігін  және 

сабақтастығын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже – балалар деңгейлік тапсырмаларды орындауға үйренуі.

Менің сабақ барысында зерттелу сұрағым: Деңгейлік тапсырмаларды бере отырып оқушылардың 

ойлауын жоғарғы нәтижеге жеткізу.

Бүгінгі  таңдағы  білім  беру  жүйесіндегі  қарқынды  өзгерістер  мектептегі  оқыту  процесінің  де 

жаңаруына  ықпал  етті.  Осындай  ауқымды  үрдістердің  біріне  оқушыларға  Блум  таксономиясына 

негізделген деңгейлік тапсырмаларды беруді айтуға болады. 

Блум  таксономиясы  1956  жылы  Бенджамин  Блумның  төрағалық  етуімен  білім  беру  комитеті 

әзірлеген сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын 

иерархиялық  моделі  болып  табылады  (1,  43-б).  Демек,  аталмыш  жүйе  оқушылардың  біртіңдеп 

төменгі  деңгейден  (білу,  түсіну,  қолдану)  бастап,  жоғарғы  деңгейлі  (талдау,  жинақтау,  бағалау) 

тапсырмаларды орындауды негізге алады. Мұндай сұрақтар оқушылардың ойлау жүйесімен қоса, 



246

танымдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауын  дамытып,  оның  негізгі  мәліметтерді  түсініп  қана 

қоймай, алған білімін өз әрекетінде қолдануға мүмкіншілік береді. Ойлаудың жоғарғы деңгейінде 

оқушылар мәселенің жекелеген элементтерін талдап, жинақтап, өз ойын пайымдайды.

Менің  аталмыш  үлгіде  өткізілген,  сабағымның  тақырыбы:  «Линзалар.  Линзаның  оптикалық 

күші. Линзадан кескін шығару», деп аталып, 8- сынып оқушыларының линзалардың түрлерімен та-

нысуын, линзадан кескін алуды үйренуін, линзаның оптикалық күшінің формуласы арқылы есеп-

тер шығарып үйренуін алға тарттым. Ең негізгі міндеттер оқушылардың линзалар туралы ақпарат 

алып,  оларды  Блум  бойынша  сабақтың  тапсырмаларын  орындауға  үйрету,  топта  жұмыс  жасауға 

дағдыландыру  болды.  Сондай-ақ,  сабақ  барысында  «Топтастыру»,  «Шартты  белгілер»,  «Тірек 

сөздер»  «Ментальді  карта»  стратегиялары  қолданылды.  Сабақтың  ұйымдастырушылық  кезеңінде 

сыныптың психологиялық ахуалын жақсарту, тұлғааралық байланысты орнату мақсатында «Шаттық 

шеңбер»  жасалды.  Осыдан  кейін  оқушылардың  сабаққа  құлшынысы  жоғарылағанын  байқадым. 

Сынып  топтастырылып  алғашқы  деңгейдегі  тапсырмалар  оқушылардың  жалпы  тақырып  бойын-

ша білімін тексеруге бағытталды. Оқушылардың берген жауаптары қысқа, әрі нақты болды. Түсіну 

деңгейінде  оқушылар  тақырып  бойынша  дәптерлеріне  кескін  салып,  осылайша  нәрседен  линзаға 

дейінгі қашықтықты, линзадан кескінге дейінгі қашықтықты сызба арқылы көрсетті. Қолдану деңгейі 

бойынша.


1-сурет  оқушылардың  алған  білімдерін  қандайда  бір 

мәселелрді  шешуде  пайдалана  алу  іскерлігі  тексеріледі. 

Айталық,  1-суретте  жинағыш  линзаның  бас  оптикалық  осi, 

фокусы  және  линза  алдында  тұрған  АВ  нәрсесi  көрсетiлген. 

Осы нәрсенiң линза арқылы алынған кескiнi қандай болады? 

деген  сұрақ  беріліп,  оқушылардың  топтық  жұмысымен 

ұласты. Ал, адам көзінің оптикалық күші 58 дптр-ға тең. Оның 

фокустық қашықтығы қандай? деген есепті оқушылар формуланы қолдану арқылы шешті.

Блум  таксономиясындағы  ойлаудың  жоғарғы  деңгейіне  сай  келетін  тапсырмалардың  алғашқы 

легін  талдау,  одан  кейін  жинақтау  құрайды.  Мұндай  тапсырмалар  оқушыларға  тақырыптың  же-

келеген аспектілері бойынша ойларын дәлелдеуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, жаңа ой-

лар туындатуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында талдауға арналған тапсырмалар келесідей бол-

ды: линзаның бас оптикалық осін, қалыңдығын,  қосалқы ось, фокусын, оптикалық центрін сызып 

дәлелде,  тәжірбие  арқылы  жасау  керек  ойынды  дәлелде,  линзадан  кескінге  дейінгі  қашықтықты 

талда. Бұл тапсырмада оқушылар зертханалық тәжірбилер жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар 

алдын  ала  дайындалды.  Оқушыларға  әр-түрлі  линзалар,  сызғыш,  экран,  жарық  көзі  берілді. 

Алдымен оқушылар жарық көзін, линзаны және экранды бір түзу бойына орналастырып, жарық 

көзі мен линзаны экранда жарық көзінің анық кескіні шыққанша қозғады экранды жарық көзінің 

үлкейтілген, кішірейтілген және оған тең кескін алынып тәжірбие өз мәресіне жетті. Келесі қадам 

жарық  көзін  қолдарына  ұстап  тұрып  көздерін  жұмып,  нольдік  нүктесін  есептейді.  Оқушылар 

барлық  тәжірбиелерде  көзден  линзаға  дейінгі  d,  экраннан  линзаға  дейінгі  f  қашықтықты  1  мм-ге 

дейінгі дәлдікпен өлшеді. Сондай ақ жұқа линзаның формуласын пайдалана отырып, линзаның F 

бас фокустық қашықтығын есептеп, оны метрмен көрсетті, линзаның D оптикалық күшін аңықтады, 

қорытынды жасап ойларын ортаға салды. Дөңес линзаның кескіндей отырып әр топ линзаның бас 

оптикалық осін, қалыңдығын, қосалқы ось, фокусын, оптикалық центрін сызып дәлелдеді. Жалпы, 

бұл  тапсырманы  орындау  барысында  оқушылардың  қызығушылығының  айтарлықтай  жоғарғы 

деңгейі байқалды. Оқушылардың бірлескен топтық әрекетті әрбір баланын білімге құштарлығын да-

мытып, зерттеуге ынталандырды. Жинақтауда берілген оптикалық жарықтың таралу заңдылықтарын 

жарық сәулелері жөніндегі түсінікке сүйене отырып қарастыратын бөлімге арналған «Оптиканың 

өмірдегі маңызы» атты тақырыпқа эссе жазу оқушылардың негізгі теориялық білімімен қоса жаңа 

ойлар мен көзқарастар туындатты. Осы деңгейдегі басты мақсат тақырып ішінде ерекше байланыс 

орнату,  абстрактілі  қатынастарды  жиынтығы  негізіндегі  қорытындылар  жасау,  яғни  нақты  өнім 

жасауға негізделген. Дәлірек айтсақ, оқушылардың өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен 

шығармашылық  ойлау  дағыларын  дамытуға  мүмкіншілік  беретін  эссе  жазу  тапсырмасы  берілді. 

Оның негізгі бөлімінде балалар мәселе мен негізгі сұрақты қарауда теориялық және практикалық 

негізді  қамтиды.  Осылайша  дәлелдер  мен  талдаудың  дамуын  болжайды,  сонымен  қатар  бұл 

сұрақ  бойынша  бар  мәліметтерге  қарағанда  басқа  дәлелдермен  ұстанымдарды  негіздейді.  Эссеге 

қойылатын осындай талаптардың оқушылардың ойдағыдай іске асырғандығын байқадым. Мысалы, 

оқушылар линзалардың пайдасы мен зиянын нақты дәлелдер келтіру арқылы ойларын ортада пай-

ымдады. Тіпті оқулықтан тыс ақпараттар да ортаға салынды. Оптикалық құралдардың қасиеттері, 

олардың үлкейту және кішірейту мүмкіншіліктері, тұрмыста қолданылуы туралы сөз қозғалды.

Блум таксономиясындағы аса маңызды деңгей- бағалау. Аталмыш деңгейде берілетін тапсырма-

лар ең алдымен, тақырыппен байланысты болып, өзге пәндермен де байланысы, бүгінгі күнделікті 


247

өмірмен  байланыстылығы,  нақты  жағдаят,  және  оны  шешудің  жолдары  көрініс  беруі  тиіс.  Осы 

мақсатты орындау үшін мен 6 қалпақ стратегиясын қолдануды жөн санадым. Мұндағы қызыл қалпақ 

оқушылардың бойында пайда болған сезімдерді (шиеленіс, таңдану, қорқу, қызығушылық) сипат-

тау мен ерекшелінеді. Ал, ақ қалпақ бізге әрі қарай жұмыс істеу үшін қандай ақпарат қажет деген 

сұраққа  жауап  берсе,  жасыл  қалпақ  жаңадан  пайда  болған  ойларды  анықтайды.  Сары  қалпақ  не 

үшін оны істеуге болады деген мәселені қарастырады. Қара қалпақ кемшіліктерді анықтайды, ал көк 

қалпақ қол жеткізілген жетістіктермен әрі қарай жасалатын қадамдарды айқындайды. Сондықтан 

«6-қалпақ» стратегиясын қолдана отырып, 

«Көруді  жақсартуға  арналған  линзаларды  таңдаудағы  кеңестерінің  топтамасын»  пайымдауға 

арналған  тапсырма  берілді.  Ақ  қалпақтағы  оқушы  линзалардың  медицинада  аса  жоғарғы 

маңызға ие екендігін айта келіп, линзаларды таңдауда адамдардың алдын ала дәрігер мен кеңесіп, 

нұсқаулықпен міңдетті түрде қажеттігін айтты. Қара қалпақтағы оқушы линзалардың зиянын, одан 

кейбір жағдайларда көздін қисаятындығын ортаға салды. Ал қызыл қалпақтағы сезімтал оқушы қай 

жағдайда болсын адамдардың қауіпсіздікті сақтау керектігін алға тартты. Жасыл қалпақты оқушы 

сабақ барысында алған білімін тиянақтай келе, линзалардың өзгеде салаларда қолданылатындығын 

атап көрсетті. Сары қалпақтағы оқушы сабақтың бойында айтылған мысалдарды қайта жаңғырту мен 

шектелсе, көк қалпақты оқушы линзалардың оң және теріс қасиеттері туралы ойларын пайымдады.

Кемшіліктері:  Олар  бағаны  әділ  қоя  алмайды,  бір  сыныптың  оқушылары  болғандықтан  топ 

басшысы  өз  топ  мүшелерінің  көңілдерін  қимай  жоғары  бағалайды.  Сонымен  бірге  олардың 

өздігінен жұмыс жасауларына ықпал жасадым, өздігінен білім алып, пікір алмасуына, бір-бірлерін 

үйретулеріне бағыт-бағдар беруге тырыстым. 

Өзімнің таңдап алған физика пәніме байланысты оқушылардың ойын тексеру үшін, сауалнама ал-

дым. Сауалнаманы тексерген кезде оқушылардың көбісі физика пәнінің оқытылу сапасы ұнайтының 

және сабақтың топтық түрде өткенін қалайтынын жазған.

Бұл стратегия оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға ынталандырады, зерделей білуге, мәселені 

талқылауға, шешуге дағдыландырады. Оқу пирамидасына сүйенсек, оқушылардың алған ақпараты 

есте сақтауының орташа пайызы аудио-визуалды қабылдау кезінде -20%,ал талқылау кезінде 50%. 

Яғни, біз Чиксентмихаим (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» 

деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіспіз (1, 73-б). Олардың айтуы бойын-

ша, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық 

пайда  болады  екен.  «Сұрақ  дұрыс  қойылса,жауап  бермейтін  бала  жоқ»  немесе  «Сұрағы  қандай 

болса, жауабы сондай болады» деген халық мақалдарында айтылғандай біз сабақ барысында «Көп 

қырлы сұрақтар» қоя білуге және сол сұраққа жауап алуға оқушыларды үйретеміз. 



Кесте №1. Оқушылардың белсенділіктерін бақылау

Есімдері


1-оқушы (А)

2-оқушы (Б)

3-оқушы (Д)

Зерттеуге дейінгі 

оқушылардың 

қабілеттері.

 Сұрақтарға жауап 

берді, өз ойын айтты.

Кейде тыңдаушы рөлін 

атқарды.


Мұғалім сұрақ қойып, 

оқушыны жетеледі 

Зертеуден кейін 

оқушыладың 

қабілеттері.

Сұрақтарға ғылыми 

тұрғыда жауап бере 

алады, өз-ойын өте 

жақсы жеткізеді.

Барлық сабаққа жақсы 

қатысып отырды.

Өз ойын кей тапсыр-

маларда жақсы жеткізе 

біледі.


Қосымша түсіндірмелер:

Бақылаған 4 сабақта оқушылардың прогресі анықталды. Әр бақылауда баланың көрсеткіші, жұмыс 

атқаруы топтың мүшелеріне байланысты болатынын анықтадым. Жалпы балалардың жауаптары 

нақты, тура, физика тілімен сөйлеуге жетеледім.

Блум  таксономиясының  жинақтау,  бағалау  шыңына  жеткізу  –  дарынды  балаларға  сабақ 

беретін  мұғалімдердің  міңдеті.  Алдағы  уақытта  іс-тәжірибеме  өзгерістер  енгізіп,  толықтырып, 

жалғастырамын.  Алдағы  уақытта  мектебімдегі  жаңа  бағдарлама  бойынша  оқыған  мұғалімдердің 

шығармашылық тобын ұйымдастыру, мұғалімдермен кері байланыс орнату, сабақтың құрылымын 

өзгертіп жаңа әдістерді енгізу, бағалауды жетілдіруді, тәжірибеме енгізу – жоспарым. 

«Физика сабағында дарынды оқушыларды ойлаудың жоғарғы дәрежесіне жеткізудегі деңгейлік 

тапсырмалардың маңызы» тақырыбын әлі толықтай зерттеп, жалғастыру қажет. Иә, Блум такономи-

ясына сабақ құру, сабақ өткізу уақытты көп алып, уақыттан ұтылатынымды білемін. Бірақ бойында 

дарынды қасиеттері бар оқушыны ашу- менің міңдетім. Ізденісті қоршаған ортамен, табиғатпен бай-

ланыстыру, табиғатты тану, білу, үйрену физика деп ұғамын. 

Осыған орай физика пәнін оқытуда мұғалім мына қызметтерді бөліп қарағаны жөн:


248

•  оқыту – физикалық білім, білік, және дағды жүйесін қалыптастыру:

•  тәрбиелеу – қызығуды, танымдық дербестікті, жеке құзыреттілікті қалыптастыру:

•  дамыту – физикалық ойлауды және шығармашылық құзыреттілікті дамыту:

•  бақылау–шынайы білімнің бақылау мен бағалаудың құралы.

Келешек ұрпақ қабілеттерін дамыту өзекті міндет болып табылатындығын көрсетті. Сондықтан 

баланың сабақ барысындағы іс-әрекеттің жоғарғы деңгейге жеткізуімді мақсат етім. Оқушы физика 

сабағында жаңа бағдарламаның модульдерің пайдалана отырып деңгейлік тапсырмаларды өздігімен 

орындауға  жетеледім,  бағыт-  бағдар  бердім.  Олар  берілген  тапсырмаларды  маңызды  орындауға 

ұмтылуда.



Әдебиеттер тізімі

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, екінші деңгей, үшінші басылым, 2012.

2. Үлестірме материалдар.

3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.

4. Хабаршы ғылыми журналы. Алматы. 2008.

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИИ РАЗВИТИЯ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ 

НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ

Майкотова Д. А.

Средняя школа им. К. Шайменова

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

Аңдатпа

Мақалада  математика  сабақтарында  сыни  ойлауды  дамуту  технологиясын  қолдану,  маңызды 

құзыреттіліктірдi қалыптастырудың негiзi ретінде қарастырылады. 

Аннотация

В статье рассмотрены основы формирования ключевых компетентностей, способствующих использованию 

технологии развития критического мышления на уроках математики. 

Abstract

The article covers the basics of formation of the key competencies that promote the use of technology in the development 

of critical thinking in math class.

Современная  система  образования  строится  на  предоставлении  учащимся  возможности  раз-

мышлять, сопоставлять разные точки зрения, разные позиции, формулировать и аргументировать 

собственную точку зрения, опираясь на знание фактов, законов, закономерностей науки, на собствен-

ные наблюдения, свой или чужой опыт. Все это способствует интеллектуальному и нравственному 

развитию личности, умению работать с информацией, формированию критического и творческого 

мышления. Но не все педагоги применяют технологии, способствующие формированию вышепере-

численных способностей.

В  средней  общеобразовательной  школе  им.  К.  Шайменова  обучаются  дети  разного  уровня  со-

держания образования. Анализ психологического обследования детей показал, что 20% учащихся 

основной школы имеют низкую мотивацию к учебной деятельности. Поэтому мы должны создать 

условия для развития и реализации способностей всех учащихся: и с высоким учебным потенци-

алом, и с отсутствием интереса к учебе. Мы должны формировать новую систему универсальных 

знаний, умений и навыков, а также опыт самостоятельной деятельности и личной ответственности 

учащихся, то есть ключевые компетентности, что и определяет современное качество образования. 

Достижение данной цели не сводится лишь к усвоению конкретных знаний, а предполагает станов-

ление готовности выпускника к продолжению образования, к успешности в условиях неопределен-

ности современного мира. Формированию ключевых компетентностей способствует технология раз-

вития критического мышления. Образовательная среда – неотъемлемый компонент урока.


249

Под средой понимается, прежде всего, особая атмосфера учения, стиль взаимоотношений между 

учителем и учеником, особая организация пространства, которые необходимы для полноценного и 

эффективного обучения. Представляется вполне уместным, прежде чем говорить о среде обучения 

как таковой, обратиться к конкретному уроку. Именно реальный урок становится поводом к раз-

мышлениям о среде, способствующей внедрению в практику инновационных технологий, а через 

это о переходе к новому подходу к обучению – личностно-ориентированному. Для учителя важно 

осознать  актуальность  среды  как  компонента  учебного  процесса. Что  же  позволяет создать имен-

но такую атмосферу в классе? Успешное выстраивание взаимоотношений в процессе обучения во 

многом обусловлено:

•  личностью учителя;

•  его педагогическим инструментарием;

•  способностью осуществлять постоянную рефлексию и корректировку процесса обучения. 

Основная функция учителя сегодня – направляющая. На данном этапе уместно использовать тех-

нологию развития критического мышления.

Технология  развития  критического  мышления  –  это  «изобретение»  американской  педагогики. 

Данная технология основана на творческом сотрудничестве ученика и учителя, на развитии у школь-

ников аналитического подхода к любому материалу. Она рассчитана не на запоминание материала, 

а на постановку проблемы и поиск ее решения, а так же включает в себя рефлексию, как учителя, так 

и ученика. В ходе обучения рефлексию школьника ориентируют на исследование двух сфер: первой, 

связанной с его предметными знаниями, и второй, психологической, т. е. обращенной к нему само-

му как субъекту деятельности и к самой деятельности. А. В. Хуторской (2001) предлагает методику 

организации  рефлексии  ученика  на  уроке.  Она  строится  в  соответствии  с  внутренней  структурой 

рефлексивного акта и включает в себя следующие этапы:



1.  Остановка предметной деятельности. Это означает, что выполняемая по данному учебно-

му предмету деятельность должна быть завершена или приостановлена. Все внимание учени-

ков обращается на предстоящий анализ деятельности.

2.  Восстановление  последовательности  выполненных  действий.  Ученикам  предлага-

ется  устно  или  письменно  описать  все  свои  действия  при  выполнении  рефлексируемой 

деятельности.

3.  Изучение составленной последовательности действий с точки зрения её эффективности, 

продуктивности, соответствия поставленным задачам и пр. Параметры для анализа рефлек-

сивного материала предлагаются учителем или определяются самими учениками на основе 

учебных целей.



4.  Выявление  и  формулирование  результатов  рефлексии.  Результаты  рефлексии  могут 

быть представлены как:

• идеи, предположения, ответы на вопросы и т. п. по содержанию предметной деятельности;

• приемы и способы действий, которые использовались в ходе деятельности;

• гипотезы, прогнозы по отношению к осуществлению дальнейшей деятельности, по ее каче-

ственной и количественной стороне.



5.  Проверка гипотез на практике в последующей предметной деятельности.

Примечательно, что при таком подходе в обучении рефлексии, широко используется многооб-

разие её форм, наиболее соответствующих возрастным и индивидуальным особенностям учеников. 

Так, рефлексия учащимися своей учебной деятельности может быть осуществлена не только в рече-

вой форме, но и в графической форме (младшие школьники, например, «рисуют» свой день, учени-

ки средних классов подбирают цвета для закрашивания таблиц с разными элементами выполнен-

ной деятельности, старшие школьники строят графики изменения параметров своей деятельности 

на протяжении урока). Гибкая стратегия в использовании различных рефлексивных форм анали-

за деятельности, безусловно, положительно мотивирует детей и способствует их более успешному 

овладению. 

Методические приемы для развития критического мышления, включающие в себя групповую ра-

боту, моделирование учебного материала, ролевые игры, дискуссии, индивидуальные и групповые 

проекты, способствуют приобретению знаний, обеспечивают более глубокое усвоение содержания, 

повышают интерес учеников к предмету, развивают социальные и индивидуальные навыки.

Технология развития критического мышления включает в себя три стадии: вызова, осмысления и 

размышления.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет