Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата21.02.2017
өлшемі5,54 Mb.
#4619
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48

ГАЖ  әдісі.  ГАЖ-ды  ойдағыдай  және  нәтижелі  қолдану,  кӛбінесе,  дҧрыс  қҧрау  мен  жҧмыс 
ережелері бойынша жҥргізіледі. ГАЖ қҧрылымы тӛмендегідей тӛрт міндеттемеден тҧрады: 

 
картадан алынған кеңістіктегі тапсырмаларды ӛңдеу мен барлап білу және енгізуді қамтамасыз 
ету немесе мәліметтерді енгізу; 

 
сақтау және іздеу. Талдануға тиісті мәліметтерді шҧғыл алу, олардың маңыздылығын дәлелдеп 
тҥзету; 
• талдауды жасау және ӛңдеу. Есепті шҧғыл тҥрде шешу; 

 
мәліметтерді әр тҥрде бейнелеу (карта, кесте, сурет диаграмма блогы, жергілікті сандық ҥлгі, 
т.б.). 
ГАЖ-ды  қолдану  негізінде  біз  кеңістіктегі  кӛп  мӛлшерлі  мәліметтерді,  сандық  карталарды 
қолдану аркылы бір уақытта талдау жҥргізуге мҥмкіндік береді және экологиялык болжам мен табиғи 
ортаға  әсердің  кешенді  бағалау  процедураларын  оңайлатып,  аномалияларды  жедел  тҥрде  анықтап, 
оларды жоюға арналған қажетті шараларды ҧйымдастыруға кӛмектеседі. 
Кеңістіктік  мәліметтер  тҥсінігі.  Кеңістіктік  мәліметтер  дегеніміз  -  географиялық 
ерекшеліктерді айқындау  ҥшін карталарды  қолдану.  Географиялық  ерекшелік дегеніміз  -  жер  бетінде 
немесе жерге жақын орналасқан зерзаттар. Географиялық ерекшеліктерге табиғи компоненттер (ӛзен,  
жер  бедері,  ӛсімдік),  антропогендік  қҧрылымдар  (жолдар,  қҧбырлар,  ғимараттар)  және  жер  бетінің 
аумақтық бӛлшектері (аудандар, аймақтар, округтар және саяси бӛлшектер) жатады /3/. 
Географиялық  акпаратты  карталар  нҥктенің,  сызықтың  және  аудандардың  кӛмегімен  нақты 
ӛмірді ҥлгілейді. Символдар мен мәтіндер осы зерзаттарды сипаттайды. 
Нҥктелер  сызық  немесе  аудан  тҥрінде  бейнелеуге  ӛте  ҧсақ  болып  келген  географиялық 
ерекшеліктердің  дискретті  орналасуын анықтайды. Мысалы, қҧдық,  телефон бағаналары, ғимараттар. 
Нҥктелер сонымен бірге тау шыңы сияқты ауданы жоқ зерзаттарды кӛрсетеді. 
Сызықтар  аймақтарды  бейнелеуге  келмейтін  ӛте  тар  географиялық  зерзаттарды  (кӛше,  ӛзен) 
немесе ҧзындық кӛрсеткіші бар, бірақ кӛтерілім контуры сияқты ауданы жоқ зерзаттарды бейнелейді. 
Аудандар  -  біртекті  зерзаттардың  орналасуы  мен  формалары  баp  штаттар,  аймақтар,  жер 
бӛлінділері, топырақ типтері және жерді пайдалану зоналары сияқты тҧйық фигуралар. 
Беткі  қабат  Жердегі  әрбір  нҥкте  ҥшін  маңызы  бар  нәрсені  бейнелейді.  Мысалы,  кӛтерілім. 
Жердегі әрбір нҥкте кӛтерілімге ие. Miне, сол беткі қабаттарды кӛрсетудің қиындығы - олардың нақты 
шекараларын  кӛрсету  мҥмкін  емес.  Сондықтан  беткі  қабатты  кӛбінесе  сызықтар  сериясы  арқылы 
кӛрсетеді. 
Кӛтерілім  контуры  -  бірдей  мағыналы  сызықтарды  анықтайтын  изосызық  типі.  Изосызықтар, 
сонымен  бірге,  жауын-шашын  ағыны,  ластану  концентрациясы  және  су  деңгейі  сияқты  басқа  беткі 
қабат типтерін кӛрсетуде пайдаланылады /4/. 
Бейнеақпараттарды 
карта 
калай 
кӛрсетеді? 
Географиялық 
зерзаттар 
туралы 
бейнеақпараттарды карта символ және мәтін кӛмегімен ҧсынады. Мысалы, жолдар әpтҥрлі жолдардың 
кластарын кӛрсету ҥшін берілсе, ағындар мен судың бӛліктері кӛбіне суды бейнелейтін кӛгілдір тҥспен 
белгіленеді. Ал  арнайы символдар  спецификалық зерзаттарды  (темір жол,  аэропорттар) кӛрсету  ҥшін 
пайдаланылады.  Қала  кӛшелері  олардың  аты  және  мекен-жайының  диапазоны  арқылы,  арнайы 
ғимараттар олардың аты және функциялары арқылы бейнеленеді. 
Кеңістіктік  ӛзара  байланысты  карталар  қалай  кӛрсетеді?  Ӛзаpa  байланыстар  біз  ҥшін  ӛте 
маңызды,  олар  бiзгe  жағдайды  тҥсініп,  шешім  қабылдауға  кӛмектеседі.  Ақпараттардың  орналасуына 
негіделген  географиялық  зерзаттар  арасындағы  ӛзара  байланыс  кеңістіктік  ӛзара  байланыс  деп 
аталады.      Кеңістіктік  ӛзаpa  байланыстар  картада  жобаланады,  ал  оларды  тҥсіну  сізге  байланысты. 
Мысалы, сіз тӛмендегілерді анықтай аласыз: 

 
қандай географиялық зерзаттар басқалармен біріккен; 

 
қандай  географиялық  зерзаттар  басқалармен  кӛршілес  (темір  жол  автомобиль  жолын  бойлай 
ӛтеді); 

 
ауданда қандай географиялық зерзаттар бар

 
қандай  географиялық  зерзаттар  қиылысады  (темір жол автожолды кесіп ӛтеді); 

81 
 

 
қандай географиялық зерзаттар басқаға жақын орналасқан; 

 
географиялық зерзаттардың кӛтерілімдегі ерекшелігі; 

 
географиялық зерзаттар арасындағы салыстырмалы ерекшелік. Осы ӛзара байланыстардан ӛте 
пайдалы ақпараттар алуға болады. 
Мысалы,  трассадан  ғимаратқа  дейін  маршруты  анықтауға,  пошта  посылкаларын  жеткізу  ҥшін 
тиімді  маршрутты  анықтауға,  жаңа  мектепті  салуға  қолайсыз  болатын  аймақтарды  және  т.б. 
мәселелерді анықтауға болады. 
Біздің  тҥсінігімізше,  ГАЖ  қҧрудың  жалпы  қағидаларын  да,  нақтылы  жобаларын  да  қҧру 
географиялықтәжірибе  мен  географиялық  зерттеулердің  қолайлы  ортасын  қҧруға  бағдарланады.  Бҧл 
жҧмыстың мақсаты - ГАЖ идеологиясын және қосымшаларымен бірге  ArcGis сияқты кҥрделі де кӛп 
жоспарлы пакетті тҥсіну, ал тҥсіну бір тәсілмен ғана, яғни ӛзінің ГАЖ-жобасын қҧру жолымен мҥмкін 
болады.  Географиялық  зерттеулерде  міндетті  тҥрде  карта  жасалынады.  Карта  нақты  топографиялық 
негізде  салынады,  бірақ  мҧның  ӛзі  шартты  координаттарда,  сондықтан  бҧларды  байланыстыруға 
қатысты  қиындықтар  туындайды.  Ең  қолайлы  тәсіл  -  бҧл  полигонның  нҥктелері  мен  ӛзіне  тән 
шыңдарын  кӛлемді  GPS  жҥйесіне  байлау.  Карта  белгілі  бір  жоспарланған  жобаға  интегралданғаннан 
кейін, онда бақылау нҥктелерінің анағҧрлым массиві қалыптасады, ал бҧл Arеview-да жҧмыстың негізгі 
аналитикалық әдістеріне ҥйренуге мҥмкіндік береді. Олардың ішінде - кӛп компонентті сҧраныстарда 
нҥктелерді таңдау,  аналитикалық  тақырыптар  қҧру,  нҥктелердің  кеңістіктік  орналасуына  байланысты 
атрибуттарды  иемденy,  легендаларда  арнайы  маркерлер  мен  маркер-диаграммаларды  қолдану, 
тақырыптар мен кестелерді байланыстыру, болжау стратегиясын жҧмыспен ӛтеу /5/. 
Aл  енді  ERMAPPER  геоақпараттық  жҥйесіне  келсек,  оның  маңызы  ӛте  зор.  Ӛйткені  оны 
жҧмыстың қай саласында болса да қолдану тиімді. ERMAPPER геоақпараттық жҥйесі: 

 
ғарыштық суреттер мен аэрофотосуреттерді қарауда; 

 
ҥлкен бейнеленулермен жҧмыс істеу ҥшін; 
• 
геофизиктерге сейсмикалық зерттеулерде қажетті мҥмкіндіктерімен; 

 
тӛтеншe жағдайлардың алдын алуда

 
оның алгоритмінің ерекше концепциясы болуымен; 

 
мҧнай-газ индустриясын қҧру жҧмыстарында; 

 
жылдам ақпарат алуда; 

 
мәліметтерді жоғарғы деңгейде алу жҧмыстарында қолайлы /5, 6/.  
 Геоақпараттық  жҥйелердің  қоғам  ӛмірінің  барлық  салалары  белсенді  араласуы  артқан  сайын 
геоинформатиканы  ғылыми  бағыт,  технология,  оқу  пәні  ретінде  теоретикалық-методологиялық 
қабылдау керектігі пайда болады. 
Қазіргі  геоинформатика,  бір  жағынан,  геоақпараттық  жҥйелер  олардың  мәлімет  базасын  және 
географиялық  білім  негізі  компьютерлік  ҥлгілеуін  зерттейтін  ғылым  саласы  ретінде  кӛрінсе,  басқа 
жағынан, тәжірибелік, ең бірінші кезекте, басқармалық мәселелерді (ГАЖ технологиялары) шешу ҥшін 
қолданылатын  технология,  ҥшінші  жағынан,  коммерциялық  ГАЖ,  аппараттық  әдістемелік  ӛнімдер 
базасы және банкісінің ӛндірісі ретінде қабылдануда. 
 
Әдебиеттер  
1.
 
Е.Ахметов, М.Кунаев. Геоақпараттық жҥйе негіздері. «Арыс» баспасы, 2008; 
2.
 
Н.Н.Керімбай. Геоинформатика негіздері. Алматы, Қазазқ университеті, 2006; 
3.
 
Веселовский А.С., Кожаринов Т.П. «Построение базы запросов пользователя в экологической 
геоинформационной системе». - 2000, с.16-27. 
4.
 
Лурье  И.К.,  Косиков  А.Г.,  Ушакова  Л.А.,  Карпович  Л.Л.,  Любимцев  М.Ю.,  Тутубалина  О.В. 
Компьютерный  практикум  по  цифровой  обработке  изображений  и  созданию  ГИС. 
(Дистанционное зондирование и географические информационные системы).-Москва, 2004,-174 
с. 
5.
 
Е.М.Ахметов,  Е.И.Кӛлдеев.  Arcview  GIS  және  MAPINFO  PROFESSIONAL  геоақпараттық 
жҥйелеріне кіріспе. Алматы, 2008; 
6.
 
Чухии К.В. Графические информационные системы. Санкт-Петербург, 2004, с.198-219 
 
 
 
 
 
 
 
 

82 
 
ӘОЖ 631.30  
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН  ЖОБАЛЫҚ –ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҦМЫСЫН 
ҦЙЫМДАСТЫРУ 
 
Бозшатаева Г.Т., Оспанова Г.С., Тҧрабаева Г.Қ. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматриваются вопросы организации проектно-исследовательской деятельности 
школьников по экологии. 
Summary 
In this article consider 
questions of organization design and researches pupils in the ecology.
 
 
Экология  –  бҥкіл  әлем  болып  шешуді  қажет  ететін  кӛптеген  мәселелерді  қамтитын  ауқымды 
ҧғым. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы адамзат ӛркениетінің тҧрақты дамуына бағытталған ең 
ӛзекті және кезек кҥттірмейтін бағыттарының бірі болып табылады.  
Ауаның,  судың,  топырақтың  ластануы,    қалпына  келмейтін    табиғи    ресурстардың  сарқылуы, 
биосфераның  тҧрақтылығының бҧзылуы  мен алуан тҥрлілігінің  кемуі, адамдардың денсаулығының   
және    ӛмір  сҥру    жағдайларының    нашарлауы    кҥшейіп  отыр.  Адамның    қоршаған    ортаға  мҧндай  
айтарлықтай  әсері  экологияның  анықтамасын  ӛзгертті.  
Ол    кӛптеген  білім    салаларына    кеңінен  енді.  Экологиямен  жаратылыстану    және  техникалық  
ғылымдардың    гуманизациясы,  экономика,  әлеуметтану,    мәдениет  және  т.б      байланыстырыла  
бастады. 
Экологиялық    білім    беруге  деген  қажеттілік  адамның    ӛміріне    қажет    қолайлы      ортаны  
қамтамасыз  етумен   байланысты.  Қоршаған  ортаның   сапасы   адамның негізгі   қҧқығының   бірі   
—      денсаулықты      және      дамудың      негізгі      мақсатын      анықтайды.      Экологиялық      білім  беру    
табиғатқа    адамгершілік    қатынасты    қалыптастыру,   табиғатты   ӛзгертудің   шекті   мӛлшерін   
анықтау ҥшін,   адамның   одан   әрі   ӛмір   сҥруі   мен   дамуына мҥмкіндік   беретін   мінез-қҧлқының   
арнайы    әлеуметтік-табиғи  заңдылықтарын  меңгеру   ҥшін  қажет. 
  Оқушыларда,    студенттерде,      сондай-ақ,    жалпы   халықта  табиғатқа   деген  тҧтынушылық  
қатынас  басым; экологиялық    мәселелердің    әр    адамның    жеке    басы ҥшін   маңызды   екенін   
қабылдау    деңгейі      тӛмен;    адамды      қоршаған      ортаны      зерттеу      мен      сауықтыруға      арналған   
жҧмыстарға   іс  - жҥзінде   қатысуға   деген   қажеттілік  дамымаған. 
   Экологиялық      білім      берудің      негізгі      мақсаты        —  табиғатқа      деген      жауапкершілік   
қатынасты   қамтамасыз ету. Экологиялық  білім  беру дегенде  әрбір адамның   жалпы    экологиялық    
мәдениеттілігін        қалыптастыруға      бағытталған      ҥздіксіз      білім,      тәрбие      беру      және  даму   
процестерін   тҥсінеміз.   Экологиялық   жауапкершілік   адамның   мына   қасиеттерімен   байланысты:   
ӛз  іс-әрекетін      бақылау,    табиғи    ортадағы    ӛзінің      іс-әрекетінің      жақын      кезеңдегі      және   
болашақтағы   нәтижелерін болжай   білу,   ӛзіне   және   басқаларға   сын   кӛзбен   қарай  білу және  
т.б.   
  Қызметі   табиғи   ортаға   және   адамың   денсаулығына   зиянды   әсер   етуімен   байланысты   
адамдардың барлығының   қажетті   деңгейде   экологиялық дайындығы міндетті  тҥрде  болуы  керек.   
  Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты  педагогтардың  халықаралық  экологиялық  қозғалысы 
қоршаған  орта  саласындағы  білім  беруді  (экологиялық  білім  беру)  жалпы  білім  беру  жҥйесін 
жетілдірудің маңызды бағыты  деп есептейді. 
 Бір-бірімен  байланысты  экологиялық  білім  беру  мен        білім      беру        жҥйесін    
экологизациялауды    бӛліп кӛрсетуге болады. 
  Экологиялық      білім        беру      дегеніміз        —        әр      тҥрлі  деңейдегі    экологиялық    білімдерді   
меңгеру.   Экологиялық  білім  берудің  екі  негізгі  бағыты   бар:  қоршаған ортаны   қорғаудың   жалпы   
ілімі   негізінде   тәрбиелеу және   табиғат   пен   антропогенді   экожҥйелердің   ӛзара қатынасының   
жалпы      заңдылықтары      туралы      арнайы  білім
 
беру.    Ал      білім  беру  жҥйесін  экологизациялау  — 
экологиялық    ойлардың,    ҧғымдар,    принциптер    мен кӛзқарастарды   басқа   пәндерге   енгізу   
және   экологиялық    білімді   әр    тҥрлі    салалардың    мамандарын дайындау. 
 Мектептен  бастап    балаларға  экологиялық  білім  мен  тәрдиені  қалыптастырудың,  тәжірибеміз 
кӛрсетіп отырған тиімді  жолдарының  бірі - жобалық-экологиялық жҧмыс. 
  Мектепте  жҥргізілетін  жобалық-экологиялық  жҧмыс  оқу-тәрбие  ҥдерісінің  шеңберіндегі 
болашағы  ҥлкен  практикалық  қызметтің    тҥрі  болып  табылады.  Бҧл  қызметтің  зерттеушілік  сипаты 
мектеп оқушыларында белсенділікті, ғылыми экспериментке жауапкершілікпен қарау, ӛз аймағының, 
қаласының,  тҧрғылыкты жерінің экологиялық жағдайын зерттеушілігіне қызығушылықты арттырады. 

83 
 
Бҧл қызмет тҥрінің даму келешегін мектептердің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым- қатынастар, 
жоғары    оқу  орындарының  оқытушыларының,  ғалымдар  мен  Ғылыми-зерттеу  интституттарының 
мамандарының зерттеушілік практикумдар жҥргізуі мен  зерттеу жобаларына жетекшілік етуі арқылы 
арттыруға  мҥмкіндік  бар.  Мысалы,  мектептегі  экологиялық  мониторинг    (су  қоймасының,  ӛзеннің    
кҥйін зерттеу мен бақылау, қыналық мониторинг және т.б.) аясында орындалатын жҧмыстар [1]. 
  Мектеп  тәжірибесі  оқушылардың  жобалық  зерттеушілік  жҧмыстарының  тиімділігінің 
жоғарылығын  кӛрсетеді.  Себебі,  ол  белсенді  танымдық,  іздену,  зерттеу,  автор  позициясынан  
дәлелдеуге  қабілеттің  қалыптасуы  және  оны  қорғауға  бағытталған.  Ӛте    тиімді  зерттеушілік 
жобалардың мысалы ретінде мыналарды атап кӛрсетуге болады: «Таза су», «Сҥйікті қалама - таза ауа», 
«Жануарлар дҥниесін қорғау» және т.б.  
 Шығармашылық  жобалар,  әдетте  қатысушылардың бірлескен  қызметінің  нақты  қҧрылымының 
болмауымен сипатталады. Олар соңғы нәтиженің жанрының тҥрінің талаптарына сай туындайды және 
дамып отырады. 
   Ойын тҥріндегі жобалар экологиялық білім берудің тәжірибесінде әдетте, сирек қолданылады, 
бірақ  мҧндай жобалар ойын жағдайында оқушылардың шешім қабылдау тәжірибесін алуға мҥмкіндік 
береді. 
   Ақпараттық  жобалар    белгілі  бір  объектілер,  қҧбылыстар  туралы  ақпарат  жинауға,  жобаға  
қатысушыларды  осы  ақпаратпен  таныстыруға,  оларды  талдауға  және  қорытындылай  білуге 
бағатталған.  Мҧндай  жобалар,  зерттеушілік  жобалар  сияқты  нақты  анықталған  қҧрылымнан  тҧрады: 
жобаның тақырыбы, оның ӛзектілігі, жобаның мақсаты, ақпаратты алу кӛздері (статистикалық ӛңдеу, 
талдау,  салыстыру,  қорытындылау  және  т.б.),  нәтижелерді  шығару  тҥрі  (мақала,  реферат,  баяндама, 
бейнефильм, мектепішілік конференция). 
   Практикалық іс-әрекетке бағытталған жобалар қатысушыларды басынан белгіленген сипаттағы 
нәтижені алуға бағытталған қызметті орындауына негізделген. Мысал ретінде соңғы нәтижесі мынадай 
тҥрде    болатын  жобаларды  келтіруге  болады:    мектептің  ғылыми  қоғамының  жҧмыс  бағдарламасы,  
мектеп  жанындағы    ҥлескі  жобасы  және  т.б.    Практикалық  іс-әрекетке  бағытталған  жобалар  нақты 
анықталған  қҧрылымды  қажет  етеді.  Ол  жобаға  қатысушылардың  әрқайсысының  қызметін 
анықтайтын, әрқайсысының қорытынды  нәтижені шығарудағы қатысу дәрежесін кӛрсететін сценарий 
тҥрінде  болуы  мҥмкін.  Кезеңдерге  бӛлінген  жҧмыстарды  жҥргізу,  талқылау  қатысушылардың 
бірлескен қызметін ҥйлестіруге мҥмкіндік береді. 
 «Менің отбасым электр қуатын тиімді пайдалана ма?», «Менің отбасым суды тиімді пайдалана 
ма?», «Менің жасыл достарым», «Қоқыстар А -дан Я-ға дейін»  атты экологиялық  жобалары облыстық 
деңгейдегі  «Менің  экоҥйім»  бағдарламасының  қҧрамдас  бӛліктері  болып  табылады.  Бҧл  жобаларға 
қатысу  оқушыларда  ғылыми  техникалық  шығармашылықтың,  қоршаған  ортаға    және  ӛзінің 
денсаулығына  жауапкершілікпен  қараудың  дамуына  әсер  етеді.  Бағдарламаның  мәні    балалар  мен 
ересектерді  отбасының  қорын  пайдалану,  оларды  тиімді  қолдану  әдістерін  зерттеуге  бағытталған 
практикалық  қызметке  тарту  болып  табылады.    Бағдарлама  ресурстарды  (су,  электр  қуаты)  тиімді 
пайдалану әдістері мен  пайдалану әдістемелерін; бӛлме ӛсімдіктерінің тҧрғындардың  денсаулығына 
әсер  етуі  мен  тҥрлік  қҧрамы  мен  қасиеттерін;    жас  зерттеушілердің  отбасыларындағы      тҧрмыстық 
қоқыстың  әртҥрлі    тҥрлерінің  табиғат  пен  шаруашылықтағы    қайта  ӛңдеу  барысында  ыдырауының 
әдістері мен уақытын зерттеу әдістемелерін қамтиды. 
Ӛзінің    және  кӛршілерінің  отбасыларының  мҥшелеріне  сауалнама  жҥргізе  отырып,  ӛз 
пәтерлеріндегі  есептегіш  қҧралдардың,  электр  қуатын  және  су  есептегіш  қҧралдарының,  
кӛрсеткіштерін  зерттей  келе,  отбасының суға  жҧмсайтын, қаптау  қҧралдарына    шығындарын есептей 
отырып,  балалар  «керек  емес  заттарды»  тастамауға,  ресурстарды  пайдаланудың  тиімді  жолдарын  
пайдалана бастады. 
Алған  білімдері  мен  практикалық  дағдыларын  балалар    мектепте,  мысалы    мектептің 
экологиялық  паспортын  жасауда,  пәтерді  жасылдандыруда,  ғимараттарды  қысқа  дайындауда, 
жылытуда, электр қҧралдарын  сатып алу мен су есептегіш қҧралдарын орналастыруда қолдана алады. 
 Сыныптардың    кәсіптік  бағдарына  байланысты  жобалар.  Мектептегі  Экология      -  кӛптеген 
жалпы білім беретін пәндердің (география, биология, химия, физика, информатика, шет тілі және т.б.) 
арасындағы байланыстырушы    тізбек  болып  табылады.  Кӛптеген  гимназиялардың екінші сыныбынан 
тоғызыншы сыныбына дейін «Экология» пәні енгізілген. Экологиялық бағдарлама шеңберінде  балалар 
ӛздері  тҧратын  қаладағы  қоршаған  ортаның      кҥйін  зерттеуге  бағытталған  экологиялық  зерттеулер 
жҥргізеді. Экологиялық жобалар  әртҥрлі пәндер бойынша алған білімдерін интеграциялауға мҥмкіндік 
береді.    Сондай  ақ  оларды    бағдарламаның  бӛлімдері  бойынша  қорытынды  сабақтарды  жҥргізудің 
нҧсқасы    ретінде    немесе      бағдарламада  ҧсынылған  материалды  сабақ  сабақтан  тыс    жҧмыстардың 
қҧрылымында  тереңірек  меңгеру  мақсатында    кӛлемді    шығармашылық  жҧмыс  тҥрінде    пайдалануға 
болады. 

84 
 
  Мектепте  сыныптан  тыс  жҧмыспен  байланысты      жобалардың  мағызы  зор.  Жобалық  қызмет 
мектептердің    білім  мен  тәрбие  беру  ҥдерісінде    кеңінен  пайдаланылады.  Мысалы,  жоғары  сынып  
оқушылары  орындаған    «Республика  ҥй»  жобасы  мектеп  Парламентінің  қҧрылымын  жетілдіруге 
бағытталған. 
  Жоба бойынша жҧмыс істеу әдістемесі  ҥш кезеңнен тҧрады:  
-  ҧйымдастыру-дайындық  кезеңі:  идеяның  пайда  болуы,  тақырыпты  анықтау,  ақпарат  кӛздерін 
таңдау,  жобаны  жҥзеге  асырудың  бағыттық,    маршруттық  сызбасын  жасау,  шығармашылық  топты 
қҧру, болашақ қызмет пен іс-әрекеттерді жоспарлау; 
-  технологиялық:  ақпаратты  жинау  мен  талдау,  қажетті  эксперименттерді  жҥргізу,  нәтижелерді 
ӛңдеу; 
- презентациялық, жариялау: мини-маркетинг, жобаны қорғау. 
Бҧл  оқыту    әдісінің  дәстҥрлі  әдістерден    тҥбегейлі    айырмашылығы    жҧмыстың  әртҥрлі 
кезеңдерінде оқушылар ӛз бетінше жҧмыс істейтіндігінде болып табылады.  Педагог  кеңесші  немесе 
жобаның толыққанды  қатысушысы болуы мҥмкін. Мҧғалімнің жобалық жҧмысты ҧйымдастырудағы 
рӛлі тӛмендегідей: 
-  оқушыға    практикалық  маңыздылығы  бар,  қызықты  тақырыптарды  таңдауға  кӛмектесу  не 
ҧсыну; 
-  оқушылардың  ӛз  бетінше  зерттеушілік  жҧмысын  ҧйымдастыра  білу,  зерттеу,  іздену  әдістерін 
мҧғалімнің ӛзінің жақсы меңгеруі; 
-    пән  бойынша  оқу-тәрбие    ҥдерісін  оқушылардың  ӛзбетінше  жҧмыстарының  әртҥрлі  
басымдылықтарына  бағыттау  (ӛзбетінше  жҧмыстың  шығармашылық,  ізденістік,  зерттеушілік  сипаты 
бар жеке, жҧптық, топтық тҥрлері) [2]. 
Жобаның  жҥзеге  асуының  табысты  болуы  ҥшін,  жҧмысты  бастамас  бҧрын  мҧғалім  тӛмендегі 
мәселелерді шешіп алуы тиіс: 
-    жобаның  білім  беру  мақсаттары,  оның  әдістемелік  және  дидактикалық  қамтамассыз  етілу 
мҥмкіндіктері және т.б.; 
-   жобаға қатысушылардың саны  (қатысушылардың тобы, сынып және т.б.); 
-  берілген  жоба  бір  пәннің  шеңберінде  орынала  ма,  жоқ    бірнеше  пәндердің    интеграциялануы 
арқылы  орындалады
-  жобаның мерзімі мен шеңбері; 
-  ақпараттың  мҥмкін  болатын  барлық  кӛздері  (кітапхана,    кеңес  беру,  дәрістер,  сауалнамалар, 
бақылау,  теледидар,  Интернет,  ҧсынылған  әдебиеттер  тізімі,  білім  беру  және  басқа  мекемелермен, 
ғалымдармен байланысжасау нҧсқалары және т.б.). 
  Жобаны орындау барысында  оқушыларға  тӛмендегі нҧсқаулар беріледі: 
- жобаның  атын ойлап табыңыздар; 
-    шешілетін  экологиялық  мәселелерді  бӛліп  кӛрсету.    Объектілердің  орналасуының  сызбасын 
салыңыздар. 
  Табиғат ортасының кҥйін анықтау ҥшін  тӛмендегі зерттеулерді жҥргізу қажет:  қажетті зерттеу 
әдістерін  таңдау,  зерттеу  мақсаттаын  тҥсіндіріңіздер.  Сіз  қандай  әдістерді  таңдадыңыз,  олардың  мәні 
неде?  Ӛзіңіздің жобаңызды негіздеу ҥшін жҥргізілген зерттеулердің қандай нәтижелері қажет? Қандай 
зерттеулерді  сіз ӛз бетінше орындай аласыз? 
  Жоба  тӛмендегі  бӛлімдерден  тҧруы  керек:  тақырыптың  ӛзектілігі,  экологиялық  мәселелер, 
олардың  орын  алу  себептері,  қоршаған  ортаның  сапасын  анықтауға  мҥмкіндік  беретін    әдістер, 
экологиялық мәселені шешудің тиімді жолын теориялық  тҧрғыдан негіздеу. 
  Жобалық сипаттағы  тапсырмаларды  бағалағанда тӛмендегі кӛрсеткіштер есепке алынады:  
-  мәселенің ӛзектілігін анықтау; 
-  экологиялық мәселені талдау тереңдігі; 
- мониторингтік зерттеулердің  әдістемелерді меңгеру
-  экологиялық  жағдайлардың  дамуын  болжауға  арналған  зерттеулердің  практикалық 
маңыздылығы; 
- экологиялық жағдайды шешуге  қосқан жеке ҥлесі. 
Тәжірибе  кӛрсетіп  отырғандай        іс-әрекеттік  білім  беру  мен          жобалық  әдіс  жаңа  тҧрпатты 
мектептің міндеттерін жақсы шешеді. Оқушылар бҥкіл оқу материалын  зерделеп, ӛз басынан ӛткізуі 
керек.  Бҧл  ҥшін  жобалық  әдіспен  оқыту  ӛте  тиімді.  Жобалау  оқушыларға  ӛмірдегі  және  оқытудағы 
білімнің    рӛлін    тҥсінуге  кӛмектеседі.  Білім  алу    мақсат  емес,  оқытудың  қҧралы  бола  отырып,  әрбір 
жобаға  қатысушының  мәдени  қҧндылықтарды  ӛзбетінше  меңгеруге  мҥмкіндік  береді.  Оқушының  
қандай-да бір жобаны жасауға белсенді қатысуы, адам қызметінің жаңа тәсілдерін меңгеруге мҥмкіндік 
береді) [3]. 

85 
 
  Жобалық әдістің факторларына мыналарды жатқызуға болады: оқушылардың  мотивацияларын 
жоғарылату, белсенді практикалық іс-әрекетке  қабілетті дамыту, мҧғалім мен оқушылардың бірлескен 
шығармашылық іс-әрекеті арқылы оқу тәрбие ҥдерісінің демократизациялануына  қол жеткізеді.  
 Оқыту жобалары балалар мен ересектер ҧжымдарының жағдайында жеке қызметтердің бӛлінуі 
арқылы  жҥреді.  Жҧмысқа  кӛптеген  мамандар  тартылады.  Олар  қойылған  мәселені  шешудің  мҥмкін 
болатын  технологиялық  шешімдері  мен  ойлау  қызметін  ҧйымдастырудың  жолдарын  кӛрсетеді. 
Топтарда жеке адамдар арасында серіктестік  қатынастар  негізінде шығармашылық орта қалыптасады. 
Жобалық  іс-әрекет    мектеп  оқушыларында  ҧжымдылық  сезімдерін  дамытуға  жағдай  жасай  отырып, 
әрбір жобаға қатысушының  бӛлектенген қызметінің мҥмкіндіктерін кемітеді [4]. 
 Мектептегі  экологиялық  зерттеулерді  орындау  және  нақты  экологиялық  жобаларды  жҥзеге 
асыру  деңгейіне  ӛту,  экологиялық  білімдердің  тек  танымдық  жағы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оларды 
нақты іс-әрекетте жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді.   
 Қазіргі бейінді мектеп жобалық мектеп ретінде қарастырылады. №15 Д.И.Менделеев атындағы 
химия  –  биологиялық  бағыттағы  мектеп  лицейде  экологиядан  оқушылармен  жобалық  зерттеушілік 
қызметті  ҧйымдастырудың  тәжірибесі  жинақталған.  Ол  белсенді  танымға,  ізденіске,  зерттеуге, 
авторлық  кӛзқарасын  дәлелдей  білуге  және  оны  қорғауға  бағытталған.  Жобалық  технологиялар 
міндетті  оқу  бағдарламасын  оқытуда  да,  қосымша  пәндерді  оқытуда  да,  сабақтан  тыс  тәрбие 
жҧмыстарында да қолданылады. 
 Жобалық  зерттеу  жҧмыстарын  орындау  нәтижесінде  оқушылар  алынған  білімдері  мен 
қалыптасқан  дағдыларын  іс  жҥзінде,  мысалы    ҥйінің  немесе  мектептің  экологиялық  паспортын 
жасауда, бӛлме ӛсімдіктерін ӛсіруде, т.б. қолдана алады. 
                        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет