Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата21.02.2017
өлшемі5,54 Mb.
#4619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев.    «Қазақстан-2050»  Жолдауы.  Астана, 
2013.– Б. 1-3. 
2.
 
А.Нҧржігітов.  Оқушылар дарндылығын дамыту әдістемесі.  Шымкент, 2001.– Б. 30. 
4.
 
Ә.Қ.Бҥркіт.  Жас ҧрпаққа этнопедагогикалық тәрбие беру. Оқушыларға отбасылық тәрбие беру 
әдістемесі. №1 (01) 2013. «Ата-ана және мектеп» журналы. Шымкент, 2013.– Б. 10. 
5.
 
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы - Алматы, Рауан, 1998. 
6.
 
Оршыбеков Ы. Қазақ халқының  педагогикалық мәдениеті. Алматы, Білім,1981. 
 
ӘОЖ  2-756:512.133 
 
ХХ ҒАСЫРДЫҢ  20-30 - ШЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖҤЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Аққҧл Н.Қ. 
№83 жалпы орта мектебі, Шымкент, Қазақстан  
 
Резюме 
В статье рассматривается подготовки учительских кадров 20-30г. ХХ века. 
 
Summary 
The articl deals with of teacher training in 20-30y. XX 
 
Қазан  тӛңкерісі    қанауға  негізделген  ескі  қоғамды  жойып,  еліміздің  қоғамдық  ӛмірінде  жаңа 
ӛзгерістерге тҥрткі болды. Соның бірі -1917 жылдың   9 қарашасындағы декрет бойынша, оқу-ағарту 
жӛнінде  мемлекеттік  комиссия  қҧрылып,  еліміздегі  халық  ағарту  ісін  қайта  қҧрудың  негізін  жасауға 
жол ашты.  
Атеистік  бағытты  ҧстанған  билік    1917  жылдың  15  желтоқсанында  бҧрын  шіркеуге  бағынып 
келген  діни  оқу  орындарын  Халық  ағарту  комиссариатының  қҧзырына    беріп,    жалпы  білім  беретін 
мектеп болып қайта қҧрылды. Кеңес ҥкіметінің арнайы декреттерімен мектептерде оқуға сословиелік 
және  ҧлттық  шектеушілік,  әйелдердің  оқуға  теңсіздігі  жойылды.  Соның  негізінде  1918  жылы  31 
мамырда    Халық  ағарту  комиссариатының  қаулысымен  ҧлдар  мен  қыздарды  бірге  оқыту  тәртібі 
енгізілді. 
1918  жылдың  16  қазан  айында      қабылдаған  «Бірыңғай  еңбек  мектебі  туралы  декларация»  [1] 
негізінде мектептің жалпыға бірдей, барлық басқышының тегін болуы, жаппай міндетті бастауыш білім 
беру, оқытудың мазмҧны мен әдістері жӛнінде формализм және схоластиканың болмауын, балалардың 
қызығуын ескеру, олардың белсенділігін, ӛзінше жҧмыс істеуін дамыту, мектептердің ӛмірмен тығыз 
байланысты  болуын,  еңбекке  баулу  сияқты      іс-шаралар  аясында    жаңа  білім  беру  жҥйесі  қҧрылды. 
Мектеп екі басқыштан тҧратын тоғыз жылдық болып қҧрылды: бірінші басқыш  5 жыл, екінші басқыш 
4  жыл.  Уақыт  ӛте  берілген  қҧрылым  ӛзгерді  -  бастауыш  басқыш      4  жыл,  ал    екінші  басқыш  екі 
концентрге бӛлінді - 3 жыл және 2 жыл. 
Айта кететін жағдай, жаңадан қарулы қанды соғыс арқылы билікке келген кеңес ӛкіметінің білім 
саласы  бойынша  алғашында  нақты  бағдарламасы  болмады.  Тығырықтан  шығу  ҥшін  большевиктер 
ӛздеріне  балама  пікірде  болған  «Алаш»  партиясының  білім  туралы  қағидаларын  пайдаланды  деуге 
болады.  Ӛйткені  қазақ  либерал-демократиялық  қозғалысының  жетекшілері,  «Алаш»  партиясының 
кӛшбасшылары  Қазан  тӛңкерісіне  дейін  бастауыш  мектептен  бастап,  университетті  аяқтағанға  дейін 
барлық  білім  мекемелерінде  қазақтарды  оқыту  ана  тілінде  болу  қажеттілігін,  және  ақысыз  оқыту  
туралы мәселелерді алға қойған болатын[2]. 
Жалпыға  бірдей  міндетті  бастауыш  оқытуды  жҥзеге  асыру  тікелей  кәсіби  педагогикалық 
кадрлардың  мектепте  тҧрақтануына  жағдай  жасау  мен  олардың  кәсіби  біліктілігін  кӛтеруді 

25 
 
ҧйымдастыруға тікелей байланысты болды. Оның ҥстіне Қазақстанда  ағартудың мемелекеттік жҥйесін 
қалыптастырудың  бірінші  қадамындағы  қиыншылықтар  мҧғалім  кадрлары  жетіспейтін.  Тығырықтан 
шығу  ҥшін  педагогикалық  мамандарды  даярлау  жҥйесін  қҧру  кезек  кҥттірмейтін  міндетке  айналды. 
Әрине,  бҧл  міндетті  ол  кезде  жҥзеге  асыру  оңай  болмады,  «тар  жол,  тайғақ  кешулерден»  ӛтуге  тура 
келді.  
Білім  беру  жҥйесінің  алғашқы  баспалдағы  -    бастауыш  мектепке  баса  назар  аударылды. 
Нәтижесінде  ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстанда бастауыш мектеп мҧғалімдерін даярлаудың 
әртҥрлі тҥрлері - апталық, жылдық және оданда кӛп оқу мерзімінде ашыла бастады[3].  
1918 жылы Верный (Алматы-Т.А.), Перов (Қызылорда), Ташкент, ал 1919 жылдан бастап Әулие-
Атада  (Тараз),  1920  жылы  Орал,  Орынбор,  Семей,  Павлодар,  Қостанай  және  тағы  басқа  қалаларда 
мҧғалімдерді  даярлау  курстары  әртҥрлі  мерзімінде  ашыла  бастады.  Әрине,  қысқа  мерзімдегі  курстар 
болашақ  мҧғалімдерге  қажетті  кәсіби  білімді  толық  бере  алмады.  Сонда  да  болса,  «жоқтан  бар», 
«қалауын тауып, қар жандыруға» тура келді. 
1921  жылы  мемлекеттік  жҥйеге  енгізілген  мҧғалімдерді  даярлау  курсынан  2.840  мҧғалім 
ауылдық  және  жергілікті  жерлердегі  мектептерге  жіберілді.  Алайда,  жҥргізілген  жҧмыстарға 
қарамастан,  Қазақстанда  бастауыш  білім  беру  жҥйесі  ӛзінің  міндеттерін  орындай  алмады.  Оған 
жоғарыда  айтылған  себептермен  қатар,  1920  жылғы  жҧт,  1921  жылдағы  аштық  білім  беру  ісіне  кері 
әсер  етті.  Білім  алу  емес,  ӛмір  сҥрудің  ӛзі  мәселеге  айналды.  Панасыз  балалардың  саны  жылма-жыл 
ӛсіп  отырды.  Айталық,  1921  жылдың  желтоқсанында  Қазақстан  бойынша  панасыз  балалардың  саны 
100.000-ды  қҧраса, 1922 жылдың наурызында 408.022 жетті. Сондықтан елде бір жылдық, екі жылдық, 
ҥш жылдық мектептер ғана жҧмыс істеді[4].  
1921 жылы 15 маусымда  Халық ағарту комиссариатының кәсіподақ бюросында  педагогикалық 
білім  бойынша    секция  қҧрылды.  Тамыз  айында  осы  секцияның  «Қаз  ССР-ның  педагогикалық 
техникумдары  жӛніндегі    қайта  ӛңделген  қаулысы»  бекітіледі.  Соған  сай,  1921-1922  оқу  жылының 
басында  оқу  орындарында  республиканың  бастауыш  мектептер  ҥшін  мамандар  даярлау  жҥйесіне  
тҥзетулер  енгізіледі.  Яғни,  мҧғалімдер  курстары  педагогикалық  техникумдар  болып  қайта 
ҧйымдастырылды.  Мысалы,    1922  жылы  Орынбор,  Қостанай  және  Ақтӛбеда    3  жылдық  мҧғалімдер 
курсы педагогикалық техникумы  болып ҧйымдастырылады[5]. 
1921  жылы  педагогикалық  техникумдар  жӛніндегі  қаулыдан  бастап  педагогикалық  білім  беру 
стандартты  және  жҥйелі  болды.  Педагогикалық  техникумдарға    І  басқышты  бітірген  адамдарды 
қабылдады.  Техникумның  бірінші  және  екінші  курстарында  студенттер  мектептің  2  басқышындағы 
мектеп  кӛлеміндегі  білімдерді,  жалпы  білімдерді  алды,  келесі  екі  курстарда  педагогикалық  даярлық 
курсында білім алды. 1925 жылы республикада 4 жылдық оқу мерзімі бар 14 педагогикалық техникумы 
болды, онда 2395 адам оқыды, соның ішінде 1415 қазақ ҧлтынан болды. Кӛптеген педтехникумдарда 
қазақ жастары ҥшін дайындық курстары ашыла бастады[6]. 
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстандағы халық ағарту саласының алдында қазақ халқының 
кӛшіп-қону    ерекшеліктеріне  байланысты  бастауыш  мектептің  тҥрін  анықтау,  бірыңғай  еңбек 
мектебінің  келесі  басқыштарында  оқыту  ҥшін  балаларды  дайындауды  қамтамасыз  ету  мәселесі  ӛткір 
тҧрды.  Алайда  бҧл  міндеттерді  тез  арада  іске  асыру  кӛптеген  қиындықтарды  туғызды.  Біріншіден, 
Қазақстандағы  мектептердің  қҧрылымы  және  оқу-тәрбие  жҧмысының  мазмҧны  бойынша  ӛзіндік 
ерекшеліктері  болды.  Екіншіден,  Қазақстандағы  ҧлт  мектептерін  қҧру  жолында  елдің  кӛшпелі  ӛмірі, 
сонымен  байланысты  халықтың  бытыраңқы  қоныстануы,  қатынас  пен  байланыстың  нашарлығы. 
Ҥшіншіден,    мҧғалімдердің  аздығы,  оқу  ҥйлері  мен  қҧрал-жабдықтардың  тапшылығы  ҥлкен  кедергі 
болды.  Тӛртіншіден,  кӛшпелі  қазақтардың  жағдайы  отырықшы  аудандардан  мҥлде  ӛзгеше  яғни, 
кӛшпелі  қазақтарды  отырықшыландырғанға  дейін  қазақ  мектептерінің  кӛпшілігінде  бірінші  және 
екінші  бӛлімдер  (сыныптар)  ғана  болды.  Сондықтан  кӛшпелі  және  жартылай  кӛшпелі  ауыл 
тҧрғындарының жағдайларын  ескере отырып, мектеп жанынан интернаттар ашуды қолға алу қажеттігі 
туды. 
Орта  Азия  Республикаларының  бӛлінуі  кезеңінде  білім  және  денсаулық  мекемелерінің  ахуалы 
ауыр  еді.  Мектеп  жасындағы  балалар  154776  болса,  соның  20823-і  ғана,  яғни  небәрі  12,1  пайызы 
оқитын. 
 
Мектептердің оқушылар мен мҧғалімдердің ҧлттық қҧрамы тӛмендегідей еді: 
 
мектеп 
оқушылар 
оқытушылар 
европалық 
105 
9283 
242 
қазақтар 
125 
7913 
200 
ӛзбектер 
37 
2830 
79 
тағы басқалар 

842 
15 
 

26 
 
Жоғарыдағы  мәліметтер  мектеп  жҥйесінің  қаншалықты  нашар  болғандығын  кӛрсетеді. 
Бюджеттік  мҥмкіндіктер  тіпті  мектепке  дейінгі  мекемелердің  ӛзін  қажетті  жабдықтармен  жартылай 
ғана  қамтамасыз  етіп  отырғандықтан  жҥйені  кеңейтуге  мҥмкіндік  болмады.  Мысалы  1923-1924 
жылдары біздін облысымызға, шеңберінде, мәдени аудандары бар Ташкент қаласын қосқанның ӛзінде 
смета бойынша 2182757 сом қажет болатын, ал іс жҥзінде 1043960 сом бӛлінді [7]. 
ВКП  (б)  Қызылқҧм  болыстық  комитетінің  зерттеу  шолуында  қысқаша  былай  деп  атап  ӛтілді. 
1927 жылы  екі мектеп жҧмыс  істеді,  оларда барлығы 38 адам оқыды. Ал тҧрғындар 23 мыңнан астам 
еді[8].  
1926 жылы Қазақстан халқы 6.230.000 адамды қҧрады.  Соның ішінде, қазақтар - 58,2%, орыстар 
- 20,5%,украиндар - 13,8%, немістер - 1,0% және басқа ҧлттар - 6,5%. 
Кеңестік  билік    Қазақстанды  «халықтар  лабораториясына»  айналдыруды  ескере  отырып,  ана 
тілінде оқылатын мектептер ашты. 1925 жылы Қазақстан аумағында 73 - татар, 40 - ӛзбек мектептері 
болды.  
Статистикалық мәліметтер бойынша, 1925-1926 оқу жылында қазақ ҧлтының мектеп жасындағы 
балаларының  12%,      39,1%  -  орыс  ҧлтының  және  13,4%  -  ӛзбек  ҧлтының  балалары  қамтылды.  1926-
1927  оқу  жылының  аяғында    мектеп  жасындағы  балалардың  23,6  пайызы  бастауыш  мектепке 
қамтылды, ал қазақ ҧлтының балалары ҥшін  бҧл кӛрсеткіш 14 пайызды қҧрды[9]. 
Ал енді оқушыларға сабақ беретін педагогикалық мамандардың кәсіби деңгейіне келетін болсақ, 
1927  жылғы  санақ  бойынша  жоғары  білімі  бар  мҧғалімдер  0,6  %,    оның  ішінде  арнайы  білімі  бар 
мҧғалімдер - 0,04 %,  орта біліммен - 36,84 %, оның ішінде арнайы педагогикалық білімі бар - 12,0 %,  
тӛменгі білімі бар - 63 %, оның ішінде арнайы педагогикалық білімі бар - 9,4 %-ды қҧрады. Әрине, бҧл 
кӛңілді кӛншітпейтін қҧбылыс. Мҧғалімдердің жетіспеушілігі бастауыш жалпы білім алуға кедергілер 
келтірді.  Сондықтан  1927  жылы    қабылданған  халық  ағарту  жҥйесіндегі  білім  берудің    бесжылдық 
жоспарында «... І басқышты мектептерді сондай-ақ жаңадан ашылатын мектептерді толық қамтамасыз 
ету  ҥшін,  Қазақстанда  бесжылдықтың  аяғына  дейін  3230  педагогтар  қажет.  Оларды  жыл  кӛлемінде 
оқыту:  
1927-1928 жылдары - 730,  
1928-1929 - 771,  
1929-1930 - 791,  
1930-1931 - 938.  
Техникумдар  мен  педкурстардан  2334  адам  шығарылады.  Әр  жыл  сайын  кӛрсеткіштер 
мынандай:  
1927-1928 - 630,  
1928-1929 - 488, 
1929-1930 - 530,  
1930-1931 -730, қалғандары 886 адам, педагогикалық білімі бар 2 басқышты бітірген кадрлармен 
адамдарды  толтыру,  ал  қалған  бӛлімді  -  бҧрынғы  мҧғалімдерді  қайта  даярлау»  керектігі  атап 
кӛрсетілді[10].  
1930 жылы 27 тамызда ҚАКСР ҥкіметі жалпыға бірдей міндетті оқу Декретін қабылдады. Онда 
республикадағы  барлық  балаларды  жалпыға  бірдей  оқуға  тарту  міндеті  қойылды,  жергілікті  ӛкімет, 
жергілікті жердегі халыққа білім беру органдары осы бағытта сан қырлы және сонымен бірге  кҥрделі 
жҧмыстар жҥргізді. 1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу 
енгізілді. Әзірше тек кӛшпелі аудандар қамтылмай, онда жалпыға бірдей міндетті оқуды 1931 жылдың 
кӛктемінен енгізуге рҧқсат етілді. Ӛйткені, бҧл аудандар отырықшы және жартылай отырықшы болды.  
Осыдан  келіп,  халық  ағарту  комиссариаты  оқу  жылының  кӛшпелі  аудандардағы  тӛмендегі 
қҧрылымын бекітті[11]:  
1) Халық бір жерде ең кӛбі 3-4 ай отырғандықтан, бҧқаралық мектептің негізгі тҥрі жылжымалы 
мектеп болды;  
2)  жылжымалы  мектептер  уақытша  сипаттағы  шараларды  атқарды,  ӛйткені  кӛшпеліліктен 
отырықшылыққа кӛшкендіктен олар қалыпты бҧқаралық еңбек политехникалық мектептерге айналды. 
Сондықтан бағдарламалық қысқарту мен оқу уақытын қысқартудан жылжымалы мектептер тыйылды;  
3) оларда  сабақтар кӛшпелі халықтың шаруашылық-экономикалық мҥддесіне сәйкес жыл бойы 
жҥргізілді.  
Қазақстандағы  бастауыш  мектеп  8  бен  11  жас  арасындағы  барлық  балаларды  қамтыды. 
Бастауыш  мектепте  оқымаған  11-15  жастағы  жеткіншектер  ҥшін  бір  және  екі  жылдық  мектеп 
курстарын  қҧрастыруды  қарастырылды.  20-30  жылдардағы  бастауыш  білім  берудің  дамуы  кҥрделі 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  жҥрді.  Ерекше  қиыншылықты  ауылдық  жердегі  қазақ  мектептері 
бастарынан ӛткізді. Бастауыш сыныптардағы оқушылар санының аздығы, оқушылардың шығып кетуі 
республикамыздың барлық мектептеріне тән еді. 

27 
 
Қазақ  мектептерінің  жҧмысында  да  ҥлкен  олқылықтар  болды.  Мектеп  сыныбындағы  балалар 
санының  ӛте  аз  болуы,  мектепті  тастап  кетушілердің  санының  кӛп  болуы,  оқушылардың  бастауыш 
мектептен  орталау,  орта  мектепке  ӛтуін  қиындатты.  Бҧл  кемшіліктерді  жою  мақсатымен 
республикамыздағы мектептердің орналасуы қайта қаралды. Мектеп жасындағы барлық балалар  және 
мектеп оқушыларының сыныптан сыныпқа ӛтуі қатаң есепке алынды. Мектепте оқушылардың сабаққа 
ҥнемі қатысуына, дәлелсіз сабақтан қалмауына, мектепке бармай қоюға ерекше бақылау қойылды. 
1934  жылдың  аяғы  1935  жылдың  басында  әр  мектептің  бастауыш  сыныптарындағы 
кемшіліктерді  жою  мақсатында  тексерулер  жҥргізілді.  Сыныптар  бойынша  оқушылар  контигентінің 
қозғалысы, мектеп жасындағы балалардың есебі жҥргізілді. 
30-шы  жылдардың  басында  Қазақстанда  педагогикалық  техникумдардың  саны  тез  ӛсті.  1932-
1933 оқу жылында олардың саны 32-ге жетті. Алайда  30-шы жылдардың ортасына дейін Қазақстанда 
бастауыш мектептің мҧғалімдерін дайындаудың ең кең тараған тҥрінің бірі  курстық дайындау болып 
қала берді.  
Мҧғалімдерді  ынталандыру  мақсатында  бірқатар  шаралар  жҥзеге  асты.  Ауыл  мҧғалімдері 
беделге ие болды. Бастауыш мектеп  мҧғалімдерінің еңбек ақысы жылдан жылға ӛсті. 1931 жылы ӛткен 
жылмен  салыстырғанда  ол  23,6  пайызға  ӛсті.  1932  жылдың  қантар  айынан  бастап  бастауыш 
мҧғалімдердің орташа еңбек ақысы айына 90 сомды қҧрды. Мҧғалімдер ҥшін тҧрғын ҥй қҧрылысына 
арнайы ассигнованиялар кӛбейді. Ауылдық жерлерде мҧғалімдер тегін пәтер, жылу, жарық және басқа 
да жеңілдіктермен қамтамасыз етілді.  
1936  жылдың    10  сәуіріндегі  «Бастауыш  және  орта  мектеп  мҧғалімдері  ҥшін  дербес  атақтар 
туралы»  қаулыға  орта педагогикалық оқу орындарын енді ғана аяқтаған педагогикалық жҧмыстарға 
икемді    мҧғалімдерге  бастауыш  мектеп  мҧғалімі  деген  атақ  беріледі.  Жҥргізілген  аттестация 
нәтижесінде  30500  мҧғалімнің  ішінде  2225-сі  дербес  мҧғалім  атағына  сай  болмады,  ал  18449-ы 
педагогикалық  техникум  курстарына  немесе  мҧғалімдік  институттарға  емтихан  тапсыру  шартымен 
уақытша қалтырылды[12]. 
 «Біртҧтас  еңбек  мектебі  туралы»    декларацияға  сай    білім  берудің  жаңа  жҥйесін 
қалыптастырудағы негізгі қағидалары, мектеп типтері, олардың қҧрылымы анықталды. Онда білім беру 
жҥйесінің  барлық  мектеп  типтерінің  сабақтастығы  мен  бірлігі  ҧстанымдары  кӛрінсі  тапқан.  8-17  жас 
аралығындағы балалар ҥшін тоғыз жылдық оқу ҥлгерімен екі сатыға бӛлінген біртҧтас еңбек мектебі 
қҧрылды. Бірінші - 8 жастан 13 жасқа дейін балалар ҥшін 5 жыл оқу және екінші - 13 жас пен  17 жас 
арасындағы  балалар  ҥшін  4  жылдық  оқу.  12  жылдық  оқу  мерзімінің    орынына  9  жылдық  оқуды 
белгілеу бҧқараның  балаларына жеңілдету мақсатынан туындады. Бҧл мектепке дейінгі мекемелерден 
бастап университетке дейінгі мектеп жҥйесі ҧсынды.  
Бастауыш, орта және жоғары білім берудің арасындағы алшақтық  жойылып, жҥйе қалыптасты. 
Халық ағарту комиссариатында мектеп реформасы жӛнінде ҥш комиссия қҧрылды: біртҧтас, кәсіптік 
және  жоғары. Осы  салалардың  тәжірибелік жҧмыстарына  тікелей басшылық  жасауды  Бас  әлеуметтік 
тәрбие  (Главсоцвос),    Бас  кәсіби  білім  (Главпрофобр),  Мемлекеттік  ғылыми  кеңес  (ГУС)  және  оның 
оқу-әдістемелік секторы жҥзеге асырды. 
Жалпы  Қазақстанның  мектеп  жҥйесінің  қалыптасуы  КСРО-дағы    басқа  республикаларға 
қарағанда    ӛзіне  тән    ерекшеліктері  болды.  Ол    республиканың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына 
байланысты  болды.  Ҧлан-ғайыр  жерлерде  шашыраңқы  халықтың  орналасуы,  қазақ    халқының 
ӛміріндегі шаруашылық тҧрмысы, ерекше шаруашылықпен айналысуы, оқуға барлық балаларды қамту 
ҥшін  барлық жағдайларды жасаумен қатар  мектеп интернаттар ашу қолға алынды. Бҧл білім берудің 
ХХ ғасырдың  20 - 30-шы жылдарын қамтыған  - жалпыға бірдей бастауыш білім беруді енгізу және 
жаңа білімдік  мекемелерді қалыптастыру кезеңі болатын. 
 
Әдебиеттер: 
1.  1918  жылдың  16  қазан  айында      қабылдаған  «Бірыңғай  еңбек  мектебі  туралы  декларация» 
ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 53, 24 п. 
2. Сембаев А.И. Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы.   
3. ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 53, 42 п. 
4. ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 65, 27 п. 
5. ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 14, 64 п. 
6. ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 3, 34 п. 
7. Қазақ ССР Сырдария губерниялык комитетінің материалдары мен баяндамаларынан. 8-9 сәуір, 
1925 ж. 
8. ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 653 
9.
 
Статистикалық мәліметтер. ООММ. қор 26, 1 тізбе, іс 24.  
 

28 
 
ӘОЖ- 378.147     
       
ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОҚЫТУ 
ЖҤЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР  
 
Ақтаева Ҧ.Ж., Бектуреева Г.У., Саржанова М.Ж.  
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Рассмотрены требование  и общие принципы дидактики используемые при обучение технических 
дисциплин 
 
Summary 
The requirement and the general principles of didactics used are considered at training of technical 
disciplines. 
 
 «Қазақстан  -2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  атты  Елбасы 
Н.А.Назарбаевтың жолдауындының «Білім және машық – заманауи білім беру жҥйесінің, кадрлар даярлау 
мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары»  атты  4-ші  тарауында    «...Қазіргі  әлемде  жай  ғана  жаппай 
сауаттылық жеткіліксіз, біздің азаматтарымыз ҥнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи ӛндірістерде 
жҧмыс машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» делінген. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамыту  туралы  Мемлекеттік  бағдарламасында  да  
«...экономиканың барлық салалары ҥшін жоғарғы білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың 
сапасын  арттыру...»  және  «...кәсіби  міндеттерін  дербес  әрі  шығармашылық  тҧрғыдан  шешуге,  кәсіби 
қызметтің  тҧлғалық  және  қоғамдық  маңызын  тҥсінуге  оның  нәтижелері  ҥшін  жауап  беруге  қабілетті 
кәсіби  қҧзіретті  жеке  тҧлғаны,  бәсекеге  қабілетті  маманды  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  білім 
беруді басқарудың тиімді жҥйесі қҧрылатын болады...» деп атап кӛрсетілген.  
Оқытуды    ҧймыдастыру    тҥрлері    мен    әдістерін    жетілдірудегі    тҥпкі    мақсат,    тиімді    әдіс-
тәсілдерді,  дидактикалық  қҧралдарды  пайдалана  отырып  студенттердің  таным  мен  ойлау  қабілеттерін  
дамыту  болып  табылады.   
Оқытуды  ҧймыдастыруда техникалық пәндерді оқытуда, оқытушыларға  қойылатын талаптар: 

 
 студенттердің  білім мен дағды деңгейін анықтау; 

 
 курс, бӛлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылау; 

 
 оқу ҥдерісінің әртҥрлі кезеңдеріндегі жҧмыс тиімділігін 
анықтап, оқыту міндетін нақтылау; 

 
 оқыту мазмҧны мен қолданылатын әдістер және тәсілдермен ҧштастыру; 

 
тест, қисынды тапсырмалар және тірек сҧрақтарын қолданып, конспект дайындау; 

 
оқытудың барынша тиімді әдістері, тҥрлері мен қҧралдарын қолдану; 

 
оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке тҥзету енгізіп отыруға мҥмкіндік 
беруімен бағалау; 

 
 студенттердің білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланыстылығын  ескеру; 

 
 келешек мамандығына, танымға ҧмтылуға кҥш жҧмсау тҧлғаның ойлауын, қиялын, ерік-
жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасау; 

 
 қойған мақсаттарды іске асыру; 

 
 студенттердің  білімін дәлелдеу және негіздеу, ең бастыны бӛліп алу, себеп-салдарлы 
байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алу. 
Дидактика  –  оқыту,  жалпы  оқыту  туралы  және  кәсіптік  білім  беруді  зерттейді.    Педагогикалық 
зерттеулерде қағидаларды келесі  қҧрылымда кӛрсетеді: оқытудың қағидалары (студенттердің әртҥрлі іс-
әрекеттерін  қамтамасыз  етеді),  оқытудың  мазмҧны  мен  әдістерін  іріктеу  қағидалары  (дидактикалық 
қағидалар,  олардың  мәні,  бағыттылығы).  Сондықтанда,  оқыту  қағидалары  дидактикалық  қағидалары 
негізінде  қарастырылады.  Сонымен  қатар  қағида  дегеніміз  –  негіз,  кӛзқарас,  пікір  деген  ҧғымдарды 
білдіреді. Қандай болмасын ілімнің, ғылыми кӛзқарастың негізгі басы, алғашқы жағдайы болады. Оқыту 
қағидалары-оқытудағы пікір, кӛзқарас. Студенттерді  тәрбиелеу  және оқыту  мақсатына  сәйкес  оқытудың 
сипатын айқындайтын негізгі басшылық ережелер. 
Қағида/принцип    (латын  сӛзі)  -  басшылыққа  алатын  пікір,  негізгі  талап,  қағида.  Дидактикалық 
қағидалар  -  оқытудың  мазмҧнын,  ҧйымдастыру  тҥрлерін,  әдістерін  оқытудың  мақсаты  мен 
заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жҥйесі.  
 Оқыту  қағидалары  дидактиканың  категорияларына  жатады.  Олар  оқыту  заңдарын  және 
заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. 

29 
 
 Дидактика  тарихында  зерттеушілер  оқыту  қағидаларын,  негізгі  қағидаларды  белгілеуге  кӛп  кҥш 
салды. 
 Дидактикалық қағидалар нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға 
қойылатын талаптары ӛзгеріп отырғандықтан, кейбір қағидалар секіріп (табиғатқа сәйкестік, саясаттық), 
кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту қағидаларының санын 
қысқартуды ҧсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ҧсынып келеді.  
Заманауи  қағидалар  оқу  ҥдерісінің  барлық  қҧрамдас  бӛліктеріне  (логикасына,  мақсатына, 
міндеттеріне,  мазмҧнын  қалыптастыруға,  тҥрлері  мен  әдістерін  таңдауға,  ынталандыруға,  нәтижелерді 
жоспарлау мен талдауға) ӛз талаптарын ҧсынады. 
Оқыту  қағидалары  кез  келген  оқытушының  дидактиканың  қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып 
оқытудың  мазмҧнын,  амал-тәсілдерін  және  ҧйымдастыру  формаларын  таңдап,  студенттердің  жоғары 
нәтижелерге  жеткізуі  шарт.  Оқытушы қағидаларды  дҧрыс  таңдаса, оқытуды  дҧрыс  ҧйымдастырса сабақ 
тиімді және нәтижелі болады. 
Студенттердің қол жеткізген білімділік деңгейі және олардың танымдық бағыты ескеріле отырып, 
техникалықк  білім  беру  жҥйесінің  тҧлғалық  бағдар  беруге  бейімделуін  басты  сҧрақтардың  бірі  деп 
есептеуге болады. 
Тҧлғаға  бағдарлану  қағидасы  студенттердің  мамандығына  деген  қызғушылығын  арттыру,  кәсіби 
қабілеттерін қалыптастыру, логикалық ойларын дамыту арқылы орындалады. Бҧл аталған міндеттердің оң 
шешімін табу ҥшін студенттерді дамыта оқыту әдістемесін ҧтымды қолданып жетуге  болады.                                                                                           
Психологияда оқыту мен дамудың ӛзара байланысы туралы мәселе ӛте ертеден зерттеле бастаған. 
Кӛрнекті  психолог  Л.С.Выготский  ӛз  кезегінде  осы  проблеманы  шешу  жолдарын  талдай  келе,  баланы 
оқыту мен дамытудың ӛзара байланысының негізгі ҥш бағытын кӛрсете келе, дамыту оқытуға, ал оқыту ӛз 
кезегінде дамытуға ықпал етеді деген қорытынды жасайды. Бҧл жерде оқыту жаңа қҧрылымдардың ескі 
қҧрылымдарға  бойлай  енуі  ретінде  тҥсініледі,  сондықтан  оқыту  дамытудың  соңына  ілесіп  қана  қоймай, 
жаңа туындылар аша отырып, оның алдында болуы керек.  
«Дамыта  оқыту»  терминіне  әдіскерлер  сақтықпен,  ҥлкен  жауапкершілікпен  қарайды.  Студентті 
дамыту психикалық, ал оны оқыту әдістемелік ҥдеріс. Демек, студенттің психикалық дамуын психология 
ғылымы зерттейді және ол міндетті тҥрде психологиялық зерттеулер нәтижесіне сҥйенеді.  
Дамыта оқыту қағидаларын жалпы және арнайы деп бӛлуге болады. Арнайы қағидалар жҥйенің 
жекелеген  элементтерімен  қатысты  болады.  Жалпы  қағидалар  студентті  техникалық  ілімін  дамытуға 
бағытталады.  
Дидактикалық ережелер - оқыту қағидасын қолданудың жекелеген кандай да бір жағын ашуда 
бастылыққа алынатын 
ережелер
. Мысалы, кӛрнекілік қағидасын іске асырудың бір ережесі: тҥрлі 
кӛрнекіліктерді қолдануға болады, бірақ олардың санын кӛбейтудің қажеті жоқ.  
Техникалық пәндерді оқытудың дидактикалық қағидаларының жүйелігі. 
 Қағидалар  –  оқу  –  тәрбие  ҥдерісін  қҧруды,  сабақ  беру  мен  оқытудың  бҥкіл  барысын  айқындап, 
басшылыққа алатын қағидалар.  
   Оқытып – ҥйретудің негіздеріне немесе оқытуды дидактикалық  қағидаларына мыналар жатады:  

 
ғылымның оқытудың тәрбиелік сипаты;  

 
теорияның тәжірибемен байланысы;  

 
жҥйелік пен дәйектілік; кӛрнекілік, 

 
 саналылық пен белсенділік;  

 
оқытудың тҥсініктілігі мен қолданушылығы; 

 
 білімді меңгерудің біліктілігі;  

 
политехникалық ҥрдістер.  
Жалпы  тәрбиелеу  ҥдерісінде  оқытып  –  ҥйретудің  сипаты  еңбекке  баулуға  байланысты.  Бҧл 
зертханадағы сабақтарды студенттерге идеялық – саяси, адамгершілік, еңбек, дене, ақыл – ой, эстетикалық 
тәрбие беру міндеттерін кешенді тҥрде шешумен тҥсіндіріледі: 
Дамытып  оқыту  қағидасы  жан –  жақты  тәрбиелеуге  студенттерді  ғылыми  біліммен,  сарамандық 
шеберлікпен  және  дағдымен  жарақтандыруға    олардың  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға бағытталған.  
Теорияны  тәжірибемен  байланыстыру  қағидасы.  Техникалық  пәндерді  оқыту,  сабақтардың 
ерекшеліктері  оларды  теориялық  және  практикалық,  тәжірибелік  деп  бӛлуге  болады.  Студенттерге 
теориялық  деректер  белгілі  бір  тәртіп  бойынша  беріледі;  яғни  бағдарламаның  жаңа  тақырыбын  оқып, 
білгеннен  кейін  ӛткен  материалды  практикалы(есеп  шығару)  және  тәжірибемен(зертханалық)  бекіту, 
алынған білім негізінде студенттерде сарамандық шеберлік пен дағдыларды қалыптырастыру ісі ескерілуі 
тиіс. 

30 
 
Сабақ мақсатының айқындылығына оның ҧйымдастырылуы да мазмҧн кӛлемі  студенттерді оқыту 
мен тәрбиелеудің әдістері мен қҧралдарын таңдауға байланысты. Сабақ барысында бірнеше дидактикалық 
мәліметтердің біреуі басым келіп, ол бҥкіл сабақтың барысына ықпал етуі де мҥмкін. 
Оқытушы сабақ ӛткізгенде, ол басты және қосалқы мақсаттарды айқындайды және сабақ барысында 
оған жету ҥшін барлық кҥш жігерін жҧмсайды. 
Тәрбие берудің мақсаты еңбекке сҥйіспеншілікпен қарау, еңбек адамдарын қҧрметтеу, адамдардың 
еңбек  нәтежиелеріне  силастықпен  қарау,  материалдар  мен  тағам  ӛнімдерін  ҧқыптылықпен  және  ҥнемді 
жҧмсау, аспаптарға, қҧрал мен басқа да оқу заттарына ҧқыпты қарау болып табылады. 
Эстетикалық  талғамды,  кӛпшілік  ортасындағы  мінез  –  қҧлық  мәдениетін  тәрбиелеу.  Сондай  –  ақ 
сабақтарда  жҧмыстың  кәсіптің  бағдарын  анықтауды,  адамдардың  енбек  қызметінің  алуан  тҥрлерімен, 
олардың ӛндірістің жалпы жҥейсіндегі рӛлімен танысуын жҥзеге асыру.          
Мақсат  –  студенттерді  материалды  салысыруға,  талдау  жасауға,  қорытуға  ҥйрету.  Бҧл  мақсатты 
жҥзеге асыру ҥшін оқушыларға шығармашылық жобалар беріледі соның нәтижесінде олар материалдық 
ерекшелігі мен айырмашылығын жҥйелілігін айыра білу қабілетін дамытады. 
Оқытуға  қойылатын  талаптардың  бастапқы  белгілі  жҥйесін  оқыту  ҥдерісінің  қағидалары  деп 
атайды. Оқыту ҥдерісінің бірнеше қағидаларын атауға болады. 
Оқыту  үдерісінің  мақсаттылық  қағидасы.  Әрбір  сабаққа  дайындалу  ҥшін  ең  алдымен  оның 
мақсатын  анықтайды.  Мақсатсыз  сабақ  жақсы  нәтиже  бермейді.  Ӛйткені  оқыту  әдістері  олардың 
мақсаттарына байланысты. Осыған орай әрбір баланың және ҧжымның ерекшеліктерін еске алып, мҧғалім 
оқыту  жҧмыстарының  формаларын,  мазмҧнын,  әдістерін  іріктеп  алады.  Оқыту  мен  тәрбие  жҧмыстарын 
осындай  мақсатпен  ҧйымдастыру  мҧғалім  мен  оқушылардың  іс  -  әрекеттерінің    ҥнемі  жоспарлы  тҥде 
ӛтуіне игі әсер етеді. 
Оқытудың  ғылымилық  қағидасы.  Бҧл  қағида  табиғат,  қоғам,  мәдениет,  ойлау  дамуының 
заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық қағида оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске 
алынып,    оқыту  процесінде  жҥзежге  асырылады.  Ғылымилық  қағидасы  оқушылардың  таным  қабілетін 
дамуына, дҥниеге кӛзқарасының және жоғарғы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. 
К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту-бҧл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, 
қиялының  дамуы,  баланы  еңбекке,  ӛмірге  дайындау.  Оқыту  ғылыми  ережелер  мен  теориялардың 
оқушылардың кӛзқарасы мен еніміне ҧласуымен сипатталады.  
Оқыта отырып тәрбиелеу – бҧл студенттердің ӛмірге, білімге қатысы, ақыл – ойының қабілеттілігі, 
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.  
Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай ҥдерісінде іске асырылады. Бҧл ҥш категория бірін 
– бірі ӛзара нығайтады, толықтырады. 
Түсініктілік  қағидасы.  Тҥсініктілік  қағидасы  оқытуды  оқушылардың  дайындылық  деңгейіне  сай 
ҧйымдастыруды  талап  етеді.  Сонымен  бірге  оқушыларға    тапсырма  «ең  таяу  даму  зонасына»  сәйкес 
берілуі тиіс, яғни тапсырманы оқытушы  басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету 
керек  (ОСӚЖ).  Егер  тапсырма  аса  ауыр  болса,  онда  студенттердін  ықыласы  тӛмендейді,  сенімі  кетеді, 
кҥшіне зиян келеді. 
Тҥсініктілік қағидасынан оқыту ережелері туады. Мысалы:  
1.
 
Жеңілден қиынға кӛшу. Бҧдан оқушыларды таным іс - әрекетіне бірте – бірте ҥйрету, яғни нақты 
фактілерден жалпы қорытындыға кӛшу ҧғымы туады. Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен 
жалпы қорытындыға кӛшуді индуктивті жол деп атайды. 
3.Қарапайымдылықтан кҥрделілікке кӛшу.  
2.
 
Белгіліден  белгісізге  кӛшу  деп  студенттердің  ӛткен  сабақтан  алған  біліміне  сәйкес  жаңа  сабақ 
материалын меңгеруін, яғни ӛткен сабақ ҥстінде білімді терең тҥсініп, игеруін айтады.  
Жүйелілік  және  бірізділік  қағидасы.  Оқыту  ҥдерісінде  оқу  бағдарламалары  мен  тақырыптық 
жоспарда  кӛрсетілген  тақырыптар  бойынша  теориялық  және  практикалық  мәселелер  бірізділікпен 
белгіленеді.  Жҥйелілік  және  бірізділік  қағидасы  оқыту  ҥдерсінде  студенттерді  ҥнемі  ӛз  бетімен  жҧмыс 
істеуге  (сабақ    ҥстінде,  ҥйде  кітаппен,  лабораторияда,  шеберханаларда  және  тағы  басқа),  сонымен  бірге 
студенттердің білімін жҥйелі тҥрде тексеріп отырып есебін алып отыруда, оларды кҥнделікті сабақтарға 
дайындылықпен келуге де ҥйретеді.  
Саналылық пен белсенділік қағиадсы. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылық пен 
белсенділігіне  қабылдап,  оның  ӛмір  және  практикамен  байланысын  тереңдету,  оқылатын  фактілер  мен 
қҧбылыстардың мәніне тҥсіну болады. 
Сабақ  ҥстінде  берілген  тапсырмаларды  студенттердің  саналылық  пен  орындауы,  олардың 
белсенділігін  арттырады.  Әрбір  іс  -  әрекетін  орындауда  студенттер  оның  теориялық  және  практикалық 
мәніне терең тҥсінуі қажет.  
Студенттердің дҥние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми – техникалық даму 
кезеңіндегі  оқутудың  жаңа  ҥдемелі  әдістері  мен  формалары  ықпал  жасайды.  Сонымен  бірге  саналылық 

31 
 
және белсенділік принципін іске асыруда оқытушы мен студенттердің бірлесіп істейтін шығармашылық 
жҧмыстары да игі әсер етеді.  
Кӛрнекілік  қағидасы.  Кӛрнекілік қағидасын  алғаш зерттеп, оған мәді  ҥлес  қосқан  Я.А.Коменский, 
К.Д.Ушинский тағы басқа.  
Оқыту ҥдерісінде сӛз бен іс, теория мен практика ӛзара байланысты болады. Әр тҥрлі кӛрнекілікті 
қолданудың  нәтижесінде  сабақ  әрі  тҥсінікті,  әрі  қызықты  болып  ӛтеді.  Кӛрнекілік  абстракты  ҧғымды 
игеруге әсер етеді.  
Сонымен,  кӛрнекілік  қағидасының  оқыту  материалдарын,  әсіресе,  теориялық  ережелерді  терең 
оқытуда,  берік  есте  сақтауда  алатын  орны  ерекше.  Кӛрнекі  қҧралдар  оқу  материалдарын,  әсіресе, 
теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл тҥсіну ҥшін қолданылады. 
Педагогикалық  үдерістің  бағыттылық  қағидасы.  Педагогикалық  ҥдерістің  бағыттылық  қағидасы 
жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие ҥйлесімділігіне ықпал жасайды.  
Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық қҧрылыстың ӛз табиғатынан шығады – оқыту мен тәрбие 
жҧмысы жҥйесінің тҧтас, мызғымас бірлігі.  
Ақыл  –  ой,  дамгершілік  және  еңбек  тәрбиесін  тығыз  бірлікте  қамтамассыз  ету  педагогикалық 
ҥдерістің бағыттылық қағидасының негізін қҧрайды. Адамның білімге, әртҥрлі іс - әрекетіне сенімділігіне, 
сонымен бірге ақыл – ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және ӛнімді еңбек ҥдерісінде дамиды. «Еңбек білім 
беру  мен  қатар  жҥрмейінше,  саяси  және  қоғамдық  тәрбие  мен  қатар  жҥрмейінше,  тербиелік  пайда 
келтірмейді, бейтарап ҥдеріс болады» - дейді А.С.Макаренко.  
Педагогикалық  ҥдерістің  басты  идеясы  –  оқыту  және  тәрбиелеу  жҧмысында  мақсаттың, 
міндеттердің,  қағидалардың,  заңдылықтардың  мазмҧнының,  әдістер  мен  формулаларының  бірлігі, 
тҧтастығы  және  ӛзара  байланыстылылығы.  Бҧл  идеяны  іске  асыру  ҥшін  ең  алдымен  ғылымның  соңғы 
жетістіктеріне сәйкес әр тҥрлі  жабдықтармен, оқыту машиналарымен, технологиялық қҧралдарымен, атап 
айтқанда, символикалық экранды – динамикалық дыбысты – техникалық қҧралдармен жабдықтау, оқыту 
және тәрбие ҥдерісінің сапасын және тиімділігін арттырады.  
Оқыту  мен  тәрбие  ҥдерісінде  моральдық  –  психологиялық  жағдайдың  да  мәні  ӛте  зор.  Сабақ 
ҥстінде,  тәрбиелік  шараларды  ӛткізу  ҥдерісінде  тәрбиешілер  мен  студенттер  арасындағы  бір  –  біріне 
тілектестік, жанашырлық, қомқорлық және қиын жағдайларда ӛзара кӛмек іс - әрекетінің сапасына тиімді 
ықпал жасайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет