Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51

Әдебиеттер 
1.
 
Ш.Уәлиханов. V томдық шығармалар жинағы, IV т. Алматы, 1985, 192 б. 
2.
 
С.Сейфуллин, Шығармалар. Бесінші том, Алматы, 1963. 230 б. 
3.
 
Қазақстан тарихы. Алматы, 2008 ж.  287 б. 
4.
 
Қазақ тілінің тҥсіндірме сӛздігі. Алматы, 2011 ж. 8-том, 418 б. 
 
 
МӘТІН  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ТІЛІН  ДАМЫТУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 
 
Тҧрабаева Л.Қ., Ералина Ҥ.Ш., Ергеш А. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  №84 Т.Тәжібаев атындағы  
жалпы орта мектеп, Шымкент, Қазақстан 
   
Резюме
 
  В статье  рассматривается  психолингвистический  аспект развития разговорный речи молодого 
поколения.  Также  сделан акцент на правильное слово  в употребление при развитии речи.  
 
Қоғам  ӛмірін  ізгілендіру  мен  демократияландыру  ӛскелең  жеткіншектерді  тәрбиелеуде  кӛркем 
шығарманың  немесе  шағын  ғана  мәтіннен  қҧралған    әңгіменің  мән-мағынасын  санамен  ой  елегінен 

167 
 
ӛткізе отырып, тереңірек тҥсінуге мҥмкіндік береді. Сондықтан қазір жас ҧрпақты ізгілік, имандылық 
тҧрғыда ӛмір сҥріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете алатын, бәсекелеске бейім ӛмірге икемділігін, 
ҧлттық, жалпы адамзаттық қҧндылықтарды тҧтастықта меңгере алатын, патриоттық сезімі қалыптасқан 
жаңа азаматты тәрбиелеудің қажеттігі туындауда. Ол ҥшін алдымен баланың тілін дамыту керек.   
Тіл  дамьпу  -  бала  бір  жарым  жасқа  келгеннен  бастап  оны  қоршаған  ҥлкендер  қолға  алатын, 
басқарып,  бағыт  беріп  отыратын  ҥдеріс  екендігін  педагог  ғалымдар  ӛз  еңбектерінде  атап  ӛткен 
болатын.  Ата-аналар,  бала-бақша  тәрбиешілері,  мҧғалімдер  баланың  тілін  дамыту,  баланың  тек  қана 
сӛйлеуін  ғана  емес,  сонымен  қатар  ойлауын,  интеллектін,  жалпы  дамуын  дамыту  екендігін  дҧрыс 
тҥсініп,  осы  жолда  атқаратын  міндеттердің  жҥйелі  тҥрде  ҧйымдастырылуына  ҥлкен  назар  аударуы 
керек. 
Баланың сӛйлеуі тілін жоспарлы және саналы тҥрде дамьпу ҥшін, әдіскерлерден тәрбиешілерге, 
мҧғалімдерге сӛйлеу тілінің механизмдері мен кҧрылымдарын білу қажет болады. 
Сӛйлеу  -  адам  психикасының  шығармашылық  қызметі.  Бірақ  мҧндай  шығармашылық  қызметі 
белгілі  бір  анатомиялық-физиологиялық  негізде  ғана  дами  алады.  Тілді  жҥйелі  тҥрде  дамыту,  даму, 
ойлау аппаратының қҧрылымдары, сӛзді ақтау механизмдері әбден толық қалыптасып болғаннан кейін 
ғана қолға алуға болатын ҥдеріс. Баланың сӛйлеу аппараттары ғалымдардың айтуынша, бала бір жарым 
жасқа келгенде, қальптасып болады екен. Осы кезден бастап, баланың сӛйлеу тілі дамуы оны қоршаған 
ортаның  сӛйлеуіне  еліктеп,  солардан  ҥлгі  алады.  Бала  мектепке  келгенде,  оның  сӛйлеу  тілі  біршама 
қалыптасып,  ӛзінің  интеллекті  дамуының  деңгейіне  сәйкес,  тілдегі  сӛздерді  де  сондай  деңгейдегі 
сҧрақтарды  қоя  алады.  Бірақ  бастауыш  сынып  оқушыларының  әңгімелерін  ата-ана,  мҧғалім  әрдайым 
қолпаштап, кӛтерме сҧрақтар қойып, баланың ойын әрі қарай дами тҥсуіне ықпал етіп отыруы керек. 
Себебі, бастауыш сынып оқушыларында монологтық тіл дами қоймайды. Олар қысқа мәтіндерді де ӛз 
сӛзімен  мазмҧндап  беруді  білмейді,  оның  орнына  оқылғанда  сол  кҥйде  бере  салады.  Оқылған 
мәтіндерде  бастауыш  сынып  оқушылары  ең  басты  айтылар  ойды  айыра  алмайды,  мәтінді  бӛліктерге 
бӛліп  жоспарлау  мен  мазмҧндау  жолдарын  әлі  де  біле  қоймайды.  Сондықтан  да  оқушы  ӛз  әсерін 
жеткізуге  асығып,  бір  сюжеттен  екіншісіне  секіре  әңгімелеп,  мәтін  мазмҧнын  жҥйелей  алмай, 
мазмҧндау  барысын  тҥсініксіздеу  етіп  жібереді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  асыға  сӛйлеуі 
олардың кекеш, тҧтықпа болуьна әкелуі мҥмкін. 
Сәби  кезінде  баланың  сӛйлеуі  ҥлкендерге  еліктеу  жолымен  дҧрысталып  қателері  жӛнделіп 
отыратын болса, мектепке келген кездерінде бҧл әдіс ӛте нашар әсер етеді. Себебі, баланың оқу ҥдерісі 
мҧғалімдер  мен  ата-аналардың  бақылауында  болып,  пәндер  бойынша  жҧмыстар  орындау  арқылы 
баланың сӛйлеу стилі нақты қалыптасып, әдеби нормаға лайықтала бастайды. 
Оқушылар мәтіннің мазмҧнын сол кҥйде қайталап айтып берсе, мҧғалім бала оны тҥсінген деп 
ойламауы керек. Мәтіннің мазмҧнын тҥсінуі  - баланың мәтін мазмҧнын ӛз сӛзімен, мәтінге айтылған 
мазмҧнды  ӛз  тіліндегі  сӛздік  қор  арқылы  жарыққа  шығаруынан  кӛрінеді.  Тіл  дамыту  барысында 
оқушыларды  сӛздің  мәні  мен  қолданылу  орнына  сын  кӛзбен  қарай  білуге  ҥйрету  керек  екендігін 
ҧмытпау  ӛте  қажет.  Сӛздердің  мағыналары  оларға  әр  тҥрлі  сӛздер  тіркесінде  тҥрлі  мағынаға  ие 
болатынын  да  мҧғалім  балаға  аңғартып  отыруы  керек.  Мысалы:  «Жақсы бала»  деген  тіркесте  жақсы 
сын  есімі  зат  есімнің  (бала)  сын-сипатын  білдіріп  тҧрса,  «жақсы  сӛйлейді»  деген  тіркесте  етістіктің 
(сӛйлейді) жай-кҥйін білдіріп тҧр. 
Сонымен бірге, балаға сӛздің мағынасы сӛзді орнына лайық қолдануға кӛптен-кӛп байланысты 
екендігін  де  ҧғындырып  отыру  керек.  Бала  сӛзді  сӛйлеу  мақсатына  орай,  дҧрыс  қолдана  білу  ҥшін, 
балада  сӛздік  қор  ӛте  бай  болуы  қажет  екендігі  белгілі.  Сӛздік  қор  актив  және  пассив  болып  келеді. 
Актив  сӛздік  қорды  молайту  ҥшін,  мҧғалім,  сӛздерді  қолданудың  орны  мен  лайықты  тҧстарын 
мысалдар тҥрінде кӛп кӛрсетіп, дағдыландырып отырады. 
И.И.Павловтың анықтауынша, бір сӛз ҥш тҥрде кездеседі екен: кӛрінетін, естілетін, айтылатын. 
Бҧл мағынасында біз  әріпті,  дыбысгы,  сӛйлеу  тілінің  қозғалыстарын айта  аламыз.  Бҧл  ҥш  сигналдың 
бірінен екіншісіне ӛтетін ҥдерістері болып, ол ҥдерістер жҥйелі тҥрде болып отьрады. 
Баланың  сӛздік  қорын  дамыту  туралы  айтқанда,  оның  актив  (белсенді)  және  пассив  қорының 
қызметтері туралы айтып кету қажет болады. Баланың актив қоры оның кҥнбе-кҥн пайдаланып жҥрген 
сӛздері  есебінен  қҧралады.  Пассив  қор  актив  қордың  қоймасы  деуге  де  болады.  Бірақ  бала  оқу 
ҥдерісінде сӛздік қорьн актив қорға айналдыру ҥшін, сабақ ҥдерістерінде арнайы ҧйымдастырылған тіл 
дамьпу жҧмыстары; дағдыландыру жаттығулары болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының тілін 
дамыту  -  балаларды  сӛйлеу  мақсаттарына  лайық  сӛздерді  орыңды  қолдануға  және  сӛздің  мағынасын 
тҥсіне  білуге  ҥйрететін  ҥдеріс.  Сӛздердің  тура  және  ауыспалы  мағынасы  мен  кӛп  мағыналық 
қасиеттерін  тҥсіне  отырып,  оқушы  ойланады,  логикалық  ойлай  білу  дағдылары  қалыптасады.  Ойлау 
операцияларьн  (теңеу,  анализ,  синтез,  абстракциялау  және  нақтылау,  жинақтау,  иңдукция,  дедукция) 
іске  қоса  білуді  ең  басында  салыстыру  тҧрады.  Сӛздердің  мағынасы  мен  қызмегін  тҥрлі  реңктерде 
салыстыра отырып, оқушы оның қолданылу орнын да, сӛйлеу стиліне лайықты қолданылуын да байқай 

168 
 
алады. Әрине, бҧл аналогиялық әдіс больп саналады, және аналогия әрдайым дҧрыс тҧжырымға әкеле 
бермеуі  мҥмкін.  Толыққанды  ойлау  операциялары  оқушыда  олардың  грамматикалық  біліктері  мен 
дағдылары  қалыптаскан  соң  ғана  жҥзеге  асады.  Мектепте  мәтіндерді  оқьпу  тек  хабарлаушы  ҥдеріс 
болмауы керек. 
Басқаша айтқанда, оқушы тек қана мәтіннің мазмҧнын біліп, сол туралы ғана ойланбауы керек, 
сонымен  қатар,  бала  мәтіңдегі  мазмҧн,  ондағы  кейіпкерлер,  сюжет  сӛздер,  олардың  байланыстары 
арқылы  берілгенін  де  бақылап  отыруы  қажет.  Сонымен  қатар  мҧғалім  кӛркемдегіш  роль  атқарып 
тҧрған  сӛздерді  оқушыларға  тҥрлі  мағынасында  тҥсіндіріп,  сӛйлем,  мысалдар  қҧрастырып,  қолдану 
жолдарына дағдылаңдыру керек. 
Бастауыш сынып оқушылары мектепке алғаш келгенде, оқулықтардан кӛп лексикамен танысып, 
солармен  жҧмыс  істеуге  кіріседі.  Бала  сондайлық  ҥлкен  кӛлемдегі  лексиканы  меңгеру  ҥшін  қазіргі 
кезеңде меқтептерде сӛздің мағынасын тҥсіндіріп қоюмен шектеліп жҥргені белгілі. Сӛздің лексикалық 
мағынасын ҧғыңдыру мен баланың тілін дамыту мҥмкін емес, себебі, сӛздің грамматикалық кҧралымы 
туралы  дҧрыс  әрі  жҥйелі  тҥсінік  алмай  тҧрып,  оқушы  сӛзбен  жҧмыс  істеудің  жолдарын дҧрыс  игере 
алмайды. Соңдықтан  мәтінмен жҧмыс істеу  барысыңда  сӛздің лексикалық мағынасымен бір мезгілде 
оның грамматикалық қҧрылымын да тҥсіндіріп отыру -тіл дамьпу методикасында аса қажет әдісгің бірі 
деп ойлаймыз. 
Л.А. Айдарованың айтуынша, тілді ҥйретуде ең алдымен, оның (тілдің) қарым-қатынас қҧралы 
екендігі алдыңғы қатарда болуы керек. 
Ал  бастауыш  сыныптарда  ана  тілін  оқьпу  арқылы  тіл  дамыту  барысында  біз  мәтінмен  жҧмыс 
істеуде тіл заңдылықтарын ҥйреніп отыру жҧмысы қамтылып отырылуы керек деп санаймыз. 
И.И.Жинкин  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  ҥшін  олардың  оперативті  есінің  (память) 
мҥмкіншіліктерін  анықтап  алған  дҧрыс  дейді.  Себебі,  тіл  дамьпу  жҧмыстарының  мақсаты  баланың 
сӛйлеу мҥмкіндіктері қай деңгейде тҧрғандығына тікелей байланысты болатыны белгілі. 
Мәтінді  оқыту  барысында  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  ӛте  тиімді  әдіс  болып  саналады. 
Себебі,  тҧтас  мәтіндер  тілдің  барлық  тҧлғаларында  кездеседі.  Сонымен  бірге,  мәтінде  сӛйлеу 
стильдерімен  қатар,  сӛздердің  тҥрлі  функциялары  да  беріледі.  Оқушьларға  осындай  мәтіндерді  жан-
жақты  талдау  арқылы  сӛз  байлықтарын  арттыруға  кӛмектесу  -  мҧғалім  мен  әдіскерлердің  міндеті 
екендігі белгілі. Оқушылардың психологиялық дамуьн дҧрыс бақылай отырып, мәтінмен жҧмыс істеу 
барысында  оқушылардың  тілін  дамыту  жҧмыстарын  дҧрыс  ҧйымдастыруға  болады.  Оқушылардың 
сӛйлеуі мен ойлауын дҧрыс дамьпуға дҧрыс ҧйымдастырылған жҧмыстардың жҥйесі ҥлкен ықпал ете 
алады.  Бастауыш  сыныптарда  тіл  дамыту  әдістемесі  -  балалардың  тілді  еркін  пайдалана  білу 
дағдыларын  қалыптастыруды  кӛздейді.  Ӛз  бетімен  осындай  дағдыларды  қолдана  алатын  қалыпқа 
жеткізу  дегеніміз  -  бастауыш  сынып  оқушыларында  байқау  және  талдай  білу  дағдыларын  да 
қалыптастыратыны сӛзсіз. 
 
Әдебиеттер
 
1.
 
Сәрсен Т. Ақпаратты қалыптастырудың моделі. // Қазақстан мектебі. 2009. №3. 
2.
 
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев.Р.М.  Педагогика. Оқу қҧралы. – Алматы, 2000. -384 б. 
3.
 
Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Оқулық. –Алматы, 2004. 415 б. 
4.
 
Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нҧрлы әлем», 2003. – 368 б. 
 
 
ТАҒЫЛЫМЫ  МОЛ  ТАРИХИ  ТҦЛҒА 
 
Турабаева Л.Қ., Абдуллаева З., Жақыпбеков Х.С., Қҧлжанова Қ.Ш. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, №84 Т.Тәжібаев атындағы  
жалпы орта мектеп, Шымкент, Қазақстан 
 
Кӛрнекті қайраткер, ғалым, академик Дінмҧхаммед Ахметҧлы Қонаевтың туғанына бҥгінде 100 
жыл толып отыр. Ол кӛзі тірісінде-ақ ерен еңбегінің арқасында халық кӛсеміне айналып ҥлгерді. Кҥллі 
қауымның «Димекең», «Димаш аға» деп еркелетіп атауынан-ақ оған деген зор ықыластың бар екенін, 
кӛпшіліктің Димаш атамызға арқа сҥйегенін аңғаруға болады. 
Дінмҧхаммед  Ахметҧлы  отыз  жылдан  астам  уақыт  ел  басқарды.  Ол  24  жыл  Қазақстан 
Компартиясының  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы,  алты  жылдан  астам  уақыт  ҚазКСР 
Министрлер  Кеңесінің  тӛрағасы  болды.  Басшылық  қызмет  атқарып  жҥрген  кезде  Дінмҧхаммед 
Ахметҧлы  ӛнеркәсіп,  қҧрылыс, сауда  және  ауыл  шаруашылығының дамуына  ат  салысты.  Әлеуметтік 
және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс 
қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді. 

169 
 
Дінмҧхаммед Ахметҧлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жҧмысшылар кенті 
мен  43  қала  пайда  болды.  Оның  ішінде,  ӛнеркәсіп  орталығы  болып  саналған  Рудный,  Екібастҧз, 
Шевченко  (қазіргі  Ақтау),  Никольский,  Степногорск,  Теміртау,  Жаңатас,  Кентау,  Арқалық  қалалары 
салынды. 
Дінмҧхаммед  Ахметҧлы  арқасында  Қазақстанның  ӛнеркәсіп,  оның  ішінде  тҥрлі-тҥсті 
металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бҥкілодақтық кӛлем бойынша мыстың ҥштен бір бӛлігі, 
қорғасынның  70%-ынан  астамы,  мырыштың  40%-ынан  астамы  қазақ  жерінде  ӛндірілді.  Ӛскемен 
қорғасын-цинк  және  титан-магний  комбинаттары,  Соколов-Сарыбай  мен  Лисаков  кен-байыту 
комбинаттары,  Жезқазған  мен  Балқаш  таукен-металлургия  комбинаттары,  Ермаков  пен  Ақтӛбе 
ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтӛбе қаласындағы шығарылған хром кенінің кӛлемі артты. 
Кемеңгер  тҧлға  металл  ӛңдеу  және  кӛлік  жасау  салаларында  ӛндіріс  тиімділігін  арттырып, 
Ӛскемен,  Орал,  Қарағанды,  Петропавл,  Шымкент,  Алматы  қалаларында  кӛлік  жасау  зауыттары 
қҧрылды.  Алматы  ауыр  машина  жасау  зауыты  шығарған  ӛнім  әлемнің  40-тан  астам  мемлекетіне 
таралды. Қазақ жерінің аумағында кӛмір мен мҧнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика 
ӛнеркәсібінің  ірі  орталығына  айналды.  Жамбыл  мен  Шымкент  қалаларында  орналасқан  комбинаттар 
сары фосфор ӛндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. 
Қазақстан Республикасының Ҧлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмҧхаммед Ахметҧлы 
Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. 
Біраз  ғылыми  жҧмыстарын  шаруашылық  пен  ӛндірістік  тәжірибеден  ӛткізді.  Ӛз  еңбектерінің  халық 
шаруашылығына  тигізер  пайдасының  зор  екендігін  іс  жҥзінде  дәлелдеген  еді.  Ӛндіріс  тиімділігін 
арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жҥйесіне ерекше кӛңіл бӛлді. Қазақ ӛнерін жоғары 
бағалаған  Дінмҧхаммед  Ахметҧлы  ӛнерде  жҥрген  жандарды  жан-жақты  қолдап,  қазақ  мәдениетінің 
дамуына ықпал етті. Ӛнер ордалары салынып, мәдениет ҥйлері ӛз қызметін бастады. 
Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тҧрғын ҥйлер 
тҧрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. 
Дінмҧхаммед  Ахметҧлы  Қонаевтың  бастамасы  бойынша  қазақ  жерінің  сол  кездегі  астанасы 
Алматы қаласында Ҥкімет ҥйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан 
Республикасының  Ҧлттық  Ғылым  Академиясының  ғимараты  тҧрғызылды.  Қала  кӛшелерінің  саны 
артып,  жаңа  тҧрғын  ҥйлер  салынып,  12  ықшам  аудан  ашылды.  Мектеп  пен  бала-бақша 
ғимараттарының  қҧрылысы  басталып,  Оқушылар  сарайы  жас  ӛнерпаздарға  есігін  айқара  ашты. 
Республика  Сарайы,  Спорт  және  Мәдениет  Сарайы,  «Медеу»  спорт  кешені,  Ҧлттық  Кітапхана,  цирк 
сынды  мәдениет,  білім  және  спорт  нысандары  бой  кӛтерді.  Авто,  аэро  және  темір  жол  вокзалдары, 
әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақҥйлері салынып, қала 
кӛркін ашты. 
Елдің  жан-жақты  гҥлденуіне  септігін  тигізген  Дінмҧхаммед  Ахметҧлы  ҥш  мәрте  Социалистік 
Еңбек Ері атанып,  сегіз  рет  Ленин  орденімен, Еңбек  Қызыл Ту  орденімен,  тағы  басқа  еліміздің  және 
шетел мемлекеттерінің ордендері мен медальдарымен марапатталған. 
Дара  тҧлға  Дінмҧхаммед  Ахметҧлы  Қонаевтың  салиқалы  саясаты  кезінде  интернационалдық 
қарым-қатынас орнатылып, халықтар достастығы нығая тҥсті. Оның даналығы мен нақыл сӛздері кез-
келген  салада  жҥрген  талай  жастың  биіктен  кӛруіне  арқау  болды.  Атап  айтсақ,  ол  әкімшіл-әміршіл 
жҥйе  заманында  Олжас  Сҥлейменовтың  «АЗиЯ»  еңбегіндегі  айтайын  деген  ойларына  аса  мән  беріп, 
тҥрлі  сын-жаладан  арашалап  қалды. Аты аңызға  айналған тҧлға  Дінмҧхаммед Ахметҧлының  ӛмірден 
ӛтсе  де  оның  еңбектері  бҥгінде  халық  игіліне  қызмет  етіп  отыр.  Қазақстан  тарихында  есімі  алтын 
әріптермен жазылған Дінмҧхаммед Ахметҧлы қазақ елінің дамып, кӛркеюіне сҥбелі ҥлес қосып, халық 
есінде кемеңгер тҧлға ретінде мәңгілікке сақталады. 
 Д.А.Қонаев  ӛз  елін,  халқын,  сҥйетіні  соншама  қызметтен  кетсе  де,  халқының  қамын  ойлаумен 
болған.  «Ақиқаттан  аттауға  болмайды»  деген  соңғы  кітабында:  «Мен  әулие  емеспін,  сәуегейлік 
жасағым  да  келмейді.  Бопсаға  да  жоқпын.  Бірақ  туған  елімнің  тҥтіні  тҥзу  шықса,  туы  биіктен 
желбіресе, абыройы асып, адамдары, бақытты ғҧмыр кешсе деген тілек ҥстіндегі жанның бірімін»-деді. 
1960  жылы  қаңтар  1962жылы  желтоқсан  және  1964  жылы  желтоқсан  1986  жылы  желтоқсан 
аралықтарында  ел  билігін  ӛз  тізгінінде  ҧстаған.  Қазақстанның  Кеңес  Одағындағы  рӛлін  нығайтты. 
Павлодар  қаласын  Хрущевгорд  деп  ӛзгертуден,  Маңғыстау  облысын  Тҥркіменстанға  беруден  сақтап 
қалды. Ӛзбекстанға ӛтіп кеткен 3,5 мың га қазақ жерінің қомақты бӛлігін қайтарып алуға қол жеткізді. 
Ақын  О.Сҥлейменовты  «диссидент»  жасауға  тырысқан  М.Сусловтың  әрекетіне  тосқауыл  қоя  білді. 
Қазақстан  картасындағы  Торғай,  Жезғазған,  Маңғыстау,  Талдықорған  сияқты  жаңа  облыстардың 
ашылуы  осы  кісінің  еңбегімен  тікелей  байланысты.  Оның  тҧсында  қазақтың  тҧңғыш  екі  сериялы 
фильмі,  он  екі  томдық  энциоклопедиясы  жарыққа  шығып,  Алматыда  ғажайып  архитектуралық 
ансамбльдер  бой  кӛтерді. Кҥрделі, қиын  уақытта  басшы  болған бҧл  адамның  қай  істеде  Қазақ  елінің 
алдында  сіңірген  еңбегі  толассыз.  Ол  кісінің  айтқан  нақыл  сӛздері  мен    кҥнделікті  тіршілік  пен 

170 
 
қызметке қатысты әр тҥрлі ойлары, пікірлері де халық арасына қазіргі кезде кеңінен таралған. Мысалы: 
«Билікке  кӛтерілдім,  бірақ  халықтан  аласа  екенімді  ҧмытпадым.  Қайтып  ашар  есігімді  қатты 
жаппадым. Тҥптің тҥбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара 
жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сҥйедім, содан 
ҥйрендім»,- дейді. 
Д.А.Қонаев жоспарлы, әкімшіл-әміршіл жҥйе тҧсында елге билік жҥргізсе де ҥлкен жетістіктерге 
қол  жеткізіп,  реапубликаны  тоқырауға  ҧрындырған  жоқ.  Мысал  ретінде  кӛрсеткіштерді  сараптап 
кӛрелік.  Қазақстанның  1955  жыл  мен  1985  жылдың  аралығында,  яғни  30  жыл  ішінде  7  Қазақстанға 
ӛсіп, ӛркендеді. 43 жаңа қала ӛмірге келіп, облыс саны 19-ға жеткізілді. Ҧлттық ӛнім 7 есе ӛсті. Электр 
энергиясын  ӛндіру  14  миллиорд  киловат  сағаттан  85  миллиардқа,  кӛмір ӛндіру  28 миллион  тоннадан 
136 миллион тоннаға жетті. Ӛзі терең білімді, ғҧлама ғалым болған соң осы салаға ӛте кӛп кӛңіл бӛледі. 
Ол кісінің Республиканың Ғылым академиясын басқарған жылдардағы ерен еңбегін айтпауға болмас. 
Академияның материалдық-базасын нығайтуға, ғылыми зерттеу инстуттарының жаңа ғимараттары мен 
ғалымдарға арнап тҧрғын ҥй салуға барлық кҥшін жҧмсады. 
Ал  білім  жҥйесін  жетілдіруде  сіңірген  еңбегі  тіпті  ерекше.  Димекеңнің  кезінде  жоғары  оқу 
орындарының  саны  26-дан,  55-ке  дейін,  студенттер  саны  70  мыңнан  275  мыңға  дейін,  институт 
мҧғалімдерінің  саны  9  мыңнан  22  мыңға  дейін  ӛсті.  Барлық  облыстарда  мектепке  мҧғалімдер 
дайындайтын  педагогикалық  институттар  ашылды.  Ӛскеменде  жол  қҧрылысы,  Рудныйда 
индустриалды  -  ӛндірістік,  Целиноградта  инженерлік-қҧрылыс,  Қостанайда  ауыл  шаруашылығы, 
Алматыда энергетика, архитектура және қҧрылыс, темір жолдары, автомобиль жолдары институттары 
ашылды.  Қарағандыда  еліміздегі  екінші  мемлекеттік  университет  бой  кӛтерді.  Алматыдағы  бірінші 
университетіміз – қара шаңырақ ҚазҦУ-дің жаңа студенттер қалашығы пайда болды. 
Ӛз  дәуірінде  Қазақстанның  гҥлденуі  мен  халқының  кемелденуіне  ӛлшеусіз  еңбек  сіңірген 
дарабоз тҧлғаны қалай мақтасақ та жарасымды. Ӛйткені профессор С. Әубәкіров айтқандай: «Ол кӛзі 
тірісінде қандай абырой мен атаққа, бақ пен даңққа ие болса, дҥниеден ӛткен соң да сондай қҧрметін 
жоғалтпаған, тарихта сирек кездесетін ҧлы тҧлғалардың бірі». 
Қонаев  туралы  естелік  жазбаған  ақын-жазушылар,  журналистер  замандас,  қызметтес  болған 
адамдар  жоқтың  қасы  шығар.  Д.А.Қонаевты  «Аңыз  адам»  деуге  боларлықтай.    2012  жылы 
Д.А.Қонаевтың 100 жылдығы республикамыздың барлық  ӛңірінде кең кӛлемде аталып ӛтуде. 
 
 
ӘОЖ 82-1:24-265.2 
 
М.МАҚАТАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ  ТАҒДЫРЫНЫҢ КӚРІНІСІ  
 
Тҧрдалиева Р. С., Ерімбетова  А. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан  
 
Резюме 
В данной  статье  рассматривается  прoблема  народных  судеб  в  поэмах  М.Макатаева    
 
Summary 
This  article  is  devoted to the problem of peoples destiny in M.Makhataevs poetry 
 
Әдебиет, соның ішінде поэзия-ең кӛне, мәңгі жас жанр. Буыны бҧзылса да, ырғағынан жаңылса 
да-айқай, бітпес дау. Бірақ жаңалық та бірбеткей, ӛжет, ӛлермен. Ал жаңалықты ойлап табатын, поэзия 
әлемінде  ӛзінің  сҥрлеу  жолын  салатын  кім?!  Әрине,  ақын.  Ал,  Мҧқағали  соған  лайық.!  «Ғажайып 
даналықтың бір кӛзі-Мҧқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады»-деп Ә.Тәжібаевтың пікір 
білдіруі де тегін емес шығар. Шын мәнінде, Мҧқағали бір ғасырда бір туар ақын екенін бҥкіл халыққа 
таныта білді.  
«Жалпы суреткердің ӛзіндік даралығы болу ҥшін оның идеялық позициясы биік болумен қатар, 
ол  дарынды  болуы  да  басты  шарт»,-дейді  белгілі  әдебиетші  сыншы  ғалым  Әбдіхамит  Нарымбетов 
[1.122].  Осы  пікірге  біздің  орайластыра  айтарымыз,  оған  қоса  қаламгердің  ӛзіне  дейінгі  әдебиет 
классиктерінің  тәжірибесіне  де  мықтап  арқа  сҥйеуі  қажет.  Міне,  осындай  қасиеттердің  бәрі  тал 
бойынан тҥгел табылатын Мҧқағали Мақатаев-қандай шығарма жазса да, оны әдебиеттің саф алтындай 
мінсіз, мәңгі туындысына айналдырған аса сирек таланттардың бірегейі. 
Ақынның  кӛркем  туындыларының  ішіндегі  жекелеген  поэмаларының  кӛркемдік  ерекшелігін 
суреттеуде,  «Ӛмірдастан»  («Бала  шақтан  болашаққа»)  поэмасының  идеялық  ерекшелігі,  «Аққулар 
ҧйықтағанда»  поэмасының  идеялық-кӛркемдік  ерекшелігі,    «Райымбек,  Райымбек»  поэмасындағы 
халық тағдырының кӛрінісі сипаттарын ашып, қандай қасиеті болу керектігін аңғаруға болады.  

171 
 
Алпысыншы-жетпісінші  жылдардағы  поэмаларда  кейіпкердің  ішкі  дҥние  тереңдігін,  биік 
интеллектуалды  адамдардың  образын,  ҥлкен  азаматтық  пафосын  талпынысы  лирикалық  бастаудың 
кҥшеюіне  алып  келеді.  Лирикалық  кейіпкер-поэмадағы  кӛркемдік  бейнелеу  формаларының  жаңа 
белгіліренің бірі ретінде ерекшелене тҥсті. 
Лирикалық  поэма  қазақ  ақындарының  да  творчестволық  шеберлік  белгілерінің  бірі  екенін 
айтқанда,  мҧның  ӛзі  қоғам  сипатымен  орайлас  уақыт  тудырған,  әдебиет  дамуындағы  жанрлық 
кӛріністің ҧлғаюы, ізденіс мҥмкіншіліктерінің бір саласы деп қараған жӛн. 
Поэма  туралы  сӛз  қозғағанда  ең  алдымен  оның  мәнін  айқындайтын  басты  белгісі-эпикалық 
сипатын, сондай-ақ бҧл ҧғымының бҥгінгі таңдағы мазмҧнын негізге алудың маңызы бар. 
Жыр әлемінде ӛз ойын, ӛмір шындығын кӛркем тілде ақындық биік тҧрғыдан тҧтас шеберлікпен 
жырлау екенінің бірінің қолынан келе бермейді. 
Мҧқағали  Мақатаевтың  соғысқа  қарсы  пафосқа  толы  шығармаларының  бірі  -  «Ӛмірдастан» 
поэмасы. Поэманың ӛзегінде соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі, әже, әке, жеңге, балалық дәурені жҥрегін 
сыздатқан  ауыр  кҥнге  айырбасталған  лирикалық  кейіпкер  тағдыры  жатыр.  Шығармада  жеке 
тҧлғалардың ішкі әлемінің дамуындағы ҧнамды қасиет сияқты актуальды проблемалар қойылған. Ол-
жақсылық пен жамандық арасындағы кҥрес, адамдық, адамгершілік қасиеттер. Бҧл қҧблысы поэмадағы 
бейтаныс  жолаушы,  қайрымды  қарт,  Дариға  жеңге,  лирикалық  кейіпкер  образдары  арқылы  кҥрделі 
лирико-философиялық  жҥйеге  енеді.  «Ӛмірдастандағы»  лирикалық  кейіпкер  Ж.Нәжімеденовтың 
«Келін»  поэмасындағы  лирикалық  кейіпкермен  тағдырлас.  Солай  бол  тҧрса  да  Мҧқағали  Мақатаев 
поэмасының ауқымы кең. Онда философиялық тҥйін, тереңдік басым. «Ӛмірдастандағы» тақырыптық 
желі-ӛмір.  Шыр  етіп  ӛмірге  келгеннен  бастап,  ат  жолын  тартып  мінер  азамат  болғанға  дейінгі  адам 
ӛмірінің сан қырлы сипатын тамаша жыр жолдарына айналдарыған [2.16] .
 
 
Ақын  бір  ғана  тақырыпты  игеріп  қоймай,  соғыс,  бейбітшілік,  ӛмір,  ӛлім,  махаббат,  қатыгездік 
сияқты  жалпылық  ҧғымдардың  сырын  ашып,  тҧңғиығын  барлаған.  Ақынның  бҧл  ҧғымдарды  ӛзінше 
бейнелеуі, ӛзінше тҥйсініп жалғауында философиялық ой жатыр. 
«Аққулар  ҧйықтағанда»  шығармалары  Мақатаев  ақындығының  биік  шыңы.  Ақынның  осы  екі 
шығармасы қазақ поэзиясындағы жақҧттай жарқыраған Ілиястың «Кҥйші», Әбілданың «Портреттері», 
Қалижанның «Ақсақ қҧлан» Хамиттің «Әке сыры», Жҧбанның «Жыр туралы жыр» дастандарымен иық 
тіресе  тҧрған  ӛте  сҥйкімді,  адам  жанын  тебірентетін  туынды  деп  айтуымыз  керек»,  -  деп  қазақ 
әдебиетіндей Мҧқағали дастандарының ӛзіндік тҧғырын кӛрсетеді [3.4].  
Табиғат  талақ  еткен  жанның  трагедиясына  қҧрылған  «Аққулар  ҧйықтағанда»  поэмасы  –  ғажап 
туынды. Бір тҥнде, бір деммен табиғат пен ақын сезімінің ҥндесуінен туған дҥние. 
Поэма ҥш бӛлімнен тҧрады.  
Бірінші бӛлімінде Жетім кӛлдің жайы, әсем кӛрінісі, ӛткен кездегі бақытты кезеңдері баяндалып, 
аққуларымен  ҥндескен  сҧлулығы  бейнеленген.  Ал  екінші  бӛлімінде  кӛлдің    киелі  аққуларынан 
айрылуынан  себепкер  оқиға  жырланады.  Ол  оқиға:  жалғыз  баласы  ӛлім  аузында  жатқан  шарасыз 
ананың  тәуіп  шалдың  айтқанын  істеп,  Жетім  -  кӛлдің  аққуын    атуы  еді.  Сол  оқтан  ҥркіген  аққулар 
кӛлдерімен  мәңгілікке  қоштасып    ҧшып  кетеді.  Ананың  жағдайы,  баланың  ӛлімі,  оқиғаның 
трагедиялық нәтижесі соңғы ҥшінші бӛлімде ӛте керемет шеберлікпен жеткізген. 
«Аққулар ҧйықтағанда». Ерекше табиғат аясындағы, тау басындағы Жетімкӛлдің суреті, ондағы 
жарастықта ӛмір сҥрген аққулар, киелі қҧсқа қатыгездік жасамау, халықтық ҧғым, жалғызын ӛлімнен 
арашаламақ  болған  ана  байламы.  Елге  келген  алапат  соғыс  зобалаңы  сондай    киеге  атқан  оқтан 
туындағанына меңзейді. Экологияны бҧзбауға, халық киесін қҧрметтеуге шақырады». 
«Аққулар  ҧйықтағанда»  поэмасындағы  автордың  айтайын  деп  отырғаны  ӛз  перзенті  ҥшін  жан 
ҧшыру ғана емес, санаға әбден сіңген қасиетті ҧғымға да қарсы шығу. Ӛкініш пен ҥміттің, қайғы мен 
дерттің арасындағы ана жҥрегінің қарс айрылуы, нағыз психологиялық жан кҥйзелісін берудегі деталь.  
Тау  басындағы,  тҧйықта,  таста  тҧнған  жаңбырдың  тамшысындай  жәудіреп  мӛлдір  кӛл  жатыр. 
Оның аты – «Жетім кӛл». Аңсаған әні – ақ қанатты аққуларынан, аяулы аруларынан айрылған айдын 
бетінде бҧл кҥнде «болған ӛмір ҧқсайды болмағанға». Кӛркем кӛл, кӛк шырша кӛктей ӛскен кӛгілдір 
таудың кӛз жанарындай мӛлдірейді. Сондай сәттегі кӛп суреті бойынша бейнеленді: 
Қанатынан аққудың балапандап, 
Ән ҧшатын сымпылдап таң атарда. 
Сҥйінші бер дегендей бір толықсып
Сыбырлайтын «Жетім кӛл» Алатауға. 
Тына қалып бҧлбҧл да жаға – талда, 
Қарайтҧғын айдынға, ақ отауға. 
Таң мен кҥннің арасы таянғанда,  
Таудың басы алаумен боялғанда, 
Тірілетін таудағы бар тіршілік, 

172 
 
Қанатынан аққудың оянған ба?! [4.69] 
Қаймағы  бҧзылмаған  сҧлу  сурет!  Кестелі  тіл,  образбен  ойлау,  теңеумен  сӛйлесу,  сылдырап 
келген келісім әдемі әсер береді. 
 Аққуды атпау – атадан балаға жалғасып жеткен жақсы жоралғы, жарасымды дәстҥр ғана емес, 
адамгершілік асыл қасиет заңы, сҧлулықты сҥйе білудің, бағалай білудің ҥздік ҥлгісі. Халық тҥсінігінде 
аққу – қасиетті қҧс, киелі ҧғым. Сондықтан оған суық қару оқтамаған, оқтатпаған. әңгіме әлде қандай 
ырымда емес, ҧнамды ҧғымда. Қасиетті қастерлеп, сҧлулықты сақтай білуде. Табиғаттың тҧнып тҧрған 
сырлы суретін сҥттей ҧйыған кҥйінде қорғап қалуда. Поэмада екі бірдей сабақтас идея бар. Оның бір 
қасиетке оқ атпау, тәтті тыныштық шырқын бҧзбау, яғни адамгершілік пен ізгілікті дәріптен, уағыздау 
болса екіншісі, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа  жанашыр, қамқор болу. Тҥйіп айтқанда, сҧлулықты 
сҥю, сақтау қасиеті. Автордың айтар ойы, кӛздеген  нысыны, алтын арқау идеясы осы. 
М.Мақатаев  орнатып  кеткен  сҧлулық  мҧнараларының  бірі  «Аққулар  ҧйықтағанда»  поэмасы 
жаратылыс  әлемі  мен  адамзат  болмысының  философиялық,  психологиялық  сәттерінің  сан  тарау 
қойнауына  байлатып,  тҧңғиық  тереңіне  батыратын,  тіршілік  жайлы  сыр  тастап,  ойға    жетелейтін, 
әсемдік әсеріне бӛлейтін шығарма екені сӛзсіз. Поэмада осы идеялық мақсатты автор әке мен ананың 
ішкі психологиялық қақтығысы, жан кҥйзелісі арқылы берген. М.Мақатаев поэмасындағы психологизм 
адам санасындағы ҧғым, тҥсінік туралы сезім арпалысын кӛрсетеді.  
Терең  оймен,  ыстық  ықылас  сезіммен,  халқын  сҥйген  жҥректен  жазылған    Мҧқағали  
шығармаларының бірі- «Райымбек, Райымбек» поэмасы.   
Райымбек-ХҤІІ  ғасырда  ӛмір  сҥріп,  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  кҥрескен  халық  батыры. 
Поэма-болған  оқиғаларды  қҧр  тізбектейтіндей  тым  ҧзақ  емес.  Қайта  әрбір  шумағына  сыр  кӛмкеріп, 
тармағына ой тҥйген терең дҥние.    
Поэма ҥш бӛлімнен тҧрады. 
Бірінші бӛлімде ақын қазақ елінің басына тҥскен ауыртпашылықты, елінен, жерінен айырылған 
халықтың мҧңы мен зарын, ауыр тағдырын сезініп, жҥрек қанымен жазғандай әсерде жырлайды.  
Екінші  бӛлімде  халық  қайғысын  кӛтерер,  қара  тҥнді  айықтырар  кім  бар  деген  сҧраққа  Қабай 
жырау  арқылы  жауап  іздейді,  жас  бала  Райымбектің  елім  деп  соққан  жҥрегінің  лҥпілі,  жастықтың 
жалынды оты баяндалы.     
Ҥшінші  бӛлімде  албанның  жас  батыры  Райымбек  танылып,  қолбасшылыққа  қолы  жетуін  ҧлт 
мақтанышы ретінде бағалап асқақ ҥнмен суреттейді.  
Поэзия  әлеміне  Мҧқағали  лирикалық  ӛлеңдерімен  бірге  бірнеше  поэмалар  әкелді.  Бҧлар  талай 
сырды жан-жақты баяндай отырып, тарихты тағы бір қырынан таныта тҥседі. 
Жау  жайпап  ӛткен  далада  баудай  тҥскен  боздақтарды  қҧзғын  қҧстардан  қорғай  жҥріп  Қабай 
жырау  қабырғасы  сӛгіле  толғанады.  Айналасындағы  кӛріністерден  басы  айналғандай,  ӛз  кӛзіне  ӛзі 
сенбегендей халдегі қарт жырау «ӛңім болса, тәңірім, тарт жанымды, тҥсім болса, ҧйқыңнан оятпағын» 
деп жалбарынады.        
«О, тәңірім! 
Неғылған шаққа айналды?!  
Бір ӛзіңе жалынып, жақ байланды,  
Тҥнің тҧнып, ақ таңың атпай қалды,      
Не қылығы жҧртымның жақпай қалды?! 
Кӛлім кеуіп,ӛзенім ақпай қалды.  
О, Тәңірім! 
Неғылған шаққа айналды». [4.93] 
Қазақтың зарын зарлап, мҧңын мҧңдап тҧрған Қабай жырау сол халықтың жинақталған бейнесі, 
рухани  ӛкілі  сияқты.  Сондықтан,  Қабай  жыраудың  айтар  толғау,  торығу,  дҧғадай  мінәжат, 
жалбарынышты  тілектерін  қансырап,  қалжыраған  халық  кӛкірегінен  тӛгіліп  жатқан  зар-мҧң  деп 
қабылдаған ләзім шығар...   
Мынау  зарзап  кӛріністен  жігері  қҧм  боп,  бармағы  шайнаулы  кҥйінде  «ҥзеңгіге  аяғын  салып 
тҧрған» Қабай жырау мен қансыраған даладан табылып, қарт жыраудың соңына ерген кішкентай бала 
тҧтас ғҧмырындағы кеше мен бҥгіннің, бҥгін мен ертеңнің  арқауына алтын тіндей қосақтала ӛрілген 
рухани жалғастық.  
Мҧқағали  Мақатаев поэзиясында  не жырласа да  ӛзіндік  ҥні  естіліп,  ӛзіндік  қолтаңбасы кӛрініп 
тҧрады.  Әр  уақыт,  әр  мезгіл,  әрбір  адам  бейнесінде  ӛз  тҧсындағы  шындық,  кӛріністер  айқын 
аңғарылады.  Ол  асқар  ала  тауынан  бастап,  байлықтағы  бҧтасына  дейінгі  қимылды,  ӛсуді,  ӛшуді 
ӛзгерістері қатаң бақылап, жыр жолдарына айналдырып отырады. Оның поэзиясы-елінің тарихы.  
М.Мақатаев  ҥлкен  азаматтық  категориялармен  ойлайтын  ақын.  Жанына  жауһардай  жиған  биік 
адам танымы  ҧлғайып, ол  жеке тағдыр, жеке тҧлға арқылы сатылап, ел, жҧрт, халық деген ҧлы ҧғымға 
кӛтеріледі. 

173 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет