Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет40/81
Дата27.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#10571
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Стратегический  план  развития  Республики  Казахстан  до  2020  года.  Утвержден  указом 

Президента Республики Казахстан от 1.02.2010г. № 922 

2. Агентство РК по статистики - 

http://www.stat.kz

 

3. 



«Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020»

 

 



Кенжебекова Г.А. 

оқытушы 

Ж.К.Букенов атындағы 

Қарағанды банк колледжі 

Қазақстан, Қарағанды 

 

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ 



АЙМАҚТЫҢ КЛАСТЕРЛІК САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру барысында еліміздің негізгі міндеті ұлттық 



шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру 

 

276 


және  қолдау  болып  табылады.  Бұның  бірден  бір  әдісі  –  экономиканың  дамуында  кластерлік 

саясатты ұстану. 

Әлемдік  шаруашылықтың  жаһандануы,  нарықтық  экономика  жағдайында  мемлекеттің 

бәсекеге  қабілетті  ел  қатарына  қосылуы  экономиканың  кешенді  дамуына  негізделеді.  Маңызды 

бағыттардың  бағыттардың  бірі  –  негізгі  өндірісті  қосалқы  кәсіпорындармен  үйлестіре  дамытуға 

көзделген  кластер  саясатын  жасау.  Республика  аймақтарында  қазіргі  заманғы  талаптарға  сай 

кластерлерді  құру  маңыздылығы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауында бірнеше рет аталып өтілді. 

Кластерлердің  құрылуы  мен  дамуы  мәселелерін  негіздеуде  Қарағанды  облысының 

экономикалық  құрылымын  талдау,  институционалдық  орта,  инфрақұрылым  ерекше  маңызға  ие 

болады. Біздің аймақтағы кластерлердің негізі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты. Сонымен 

қатар  аймақтың  географиялық  орны  мен  табиғи  ресурстардың  молшылығы  да  бәсекеқабілетті 

салалар мен формалардың пайда болуына әкеледі. Қарағанды облысының территориясында алты 

кластер  құру  барысы  жүріп  жатыр.  Олар:  металлургия,  химиялық  өнеркәсіп,  құрылыс 

индустриясы, фармацевтикалық өндіріс, тамақ өнеркәсібі, туризм [1]. 

Қарағанды  облысында  әлемдік  еңбек  бөлінуіндегі  қара  және  түрлі  түсті  металлургия 

саласында  бәсекеге  қабілеттілікті  қалыптастырудың  алғышарттары  қалыптасқан.  «Арселор 

Миттал Теміртау» АҚ (қара металлургия, незізгі өнеркәсібі Теміртау қаласында орналасқан) және 

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (түрлі түсті металл өнеркәсібі, негізгі өнеркәсіптері Жезқазған 

және  Балқаш  қалаларында  орналасқан)  ірі  компаниялары  осы  өнеркәсіп  секторының  негізгі 

шаруашылық субьектілері болып табылады. Өз меншіктеріне тоқ өндіруші, көмір өндіруші және 

т.б.  технологиялық  жағынан  өзара  байланыстағы  өнеркәсіп  обьектілерін  ала  отырып,  бұл 

компаниялар  белсенді  түрде  вертикалды  технологиялық  бірлестіктер  құрап  келеді.  Машина 

жасау,  прибор  жасау  және  т.б.  кәсіпорындардың  толық  қолданылмаған  потенциалының  болуы 

себепті,  ірі  кәсіпорындардың  батыс  жеткізушілерінен  бас  тартып  отандық  жеткізушілермен 

келісімдерін  қайта  жасауы  Қазақстан  өңірінде  жеткізуші-тұтынушы  желісінің  тарихи  қалыптаса 

бастауын  көрсетеді.  Шикізаттар,  материалдар,  құрал-жабдықтар  және  оларға  қажетті  қосалқы 

бөлшектер,  т.б.  қажеттіліктері  үшін  ірі  корпорациялармен,  тәуелсіз  жеткізушілермен 

экономикалық өзара байланысқа түсуі импорталмастыру бағдарламасы бойынша көзделді [2]. 

Аймақтың  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  кластер  құрушы  құрылымдардың  әсерін 

бағалаған  кезде  келесілер  қарастырылған:  жұмыс  бастылық  құрылымы  мен  саны,  кадр 

қажеттілігі, сатылған өнімнің көлеміне қарай жұмыс бастылықтың икемділігі мен еңбекақы. 

Экономика ғылымында кластер өсу критерийінің бірі  – ондағы жұмыс бастылық санының 

өсуі. Жеткізушілер желісінде жұмыс бастылық санының өзгеру динамикасын зерттеген кезде тау-

кен металлургия кластеріндегі ірі корпорациялардың жұмыс бастылық саны орасан болған және 

барлық жұмыс бастылықтың жартысын алған. Сонымен, жеткізуші желісіндегі жұмыс бастылық 

қарқынының өсуі корпорацияларға қарағанда кластердің өсуін куәландырады. 

Кластерлер  –  бұл  байланысты  компаниялар  және  ұйымдар  тобы,  жанындағы  пайданы 

қолданып,  экономикалық  мамандануды  көрсетеді.  Ешбір  ел  барлық  кластерларда 

мамандандырылу  мүмкін  емес.  Басымдылығы  бар  экономика  салалары  саны  әрқашанда: 

шектеледі  және  осындай  «негізгі»  салаларды  дамыту  барлық  экономиканы  алға  жылжыту 

қозғалтқышы  болады.  Яғни  экономикаға  ықпал  ету  көзқарасы  тұрғыдан  кейбір  кластерлер 

басқалармен салыстырғанда мемлекет өркендеуі үшін әрқашанда аса маңызды болады [3]. 

Мемлекет мүмкіндіктері бюджет жағынан болсын, әлде шешім қабылдау немесе оны жүзеге 

асыру  артықшылығы  жағынан  болсын  әрқашанда  шектеулі.  Үкімет  экономиканың  барлық 

салаларымен  келісілген  жұмыс  атқарса,  Қазақстан  экономикасы  бұдан  ұтар  еді,  бірақ 

шыңдығында мемлекетте ең қауырт бағыттарға жұмсауға тиіс шектеулі мүмкіндіктері бар. 

Егер  жеке  кластерлер,  басқалармен  салыстырғанда  ел  өркендеуіне  шешуші  маңызы  бар 

болса, онда мемлекеттің борышы – оларға аса назарын аудару. Бұл кластерлер уақыт өте өзгереді, 

сондықтан  оларды  сұрыптау  жиі  қайта  қарастырылып  тұру  қажет.  Бірақ  тәжірибелік  қажеттілік 

осы немесе басқа кластерлер пайдасына таңдау жасау әрқаашанда сақталады. 

Осы арада дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру барысында кластерлік бағыттың 

артықшылықтарын қосып айтуға болады. Олар: 

–  біріншіден,  кластерлер  ресурстарға,  қызметтерге,  ақпарат  пен  қажетті  институттарға 

тиімді мүмкіншілік беру жолымен еңбек өнімділігін арттырады; 

– екіншіден, кластерлер инновациялардың дамуын ынталандырады; 



 

277 


– үшіншіден, олар инвестициялардың келуін арттырады. 

Жақсы  кластерлік  саясат  –  бұл,  ең  алдымен,  компанияларға  бәсекелес  болуға  бөгет 

болатын, мәселелерді анықтау және шешу. Мұндай мәселелерге кластермен пайдаланатын, көлік 

инфрақұрылысын  жақсарту,  басқару  дағды  деңгейін  жоғарлатуға  бағытталған,  инвестициялар, 

белгіленген кызмет көрсету, дағды және жеткізілім қамтамасыз егу үшін шет ел компанияларды 

катыстыру.  Осы шаралардын  кейбірі  каржы  кұралдарын  талап  етпеуі  мүмкін.  Кластерлік  саясат 

бәсекелестікті  жоғарлату  мақсатымен,  кластердің  экспортты  диверсификациялау  мүмкіндігімен 

анықталады [4]. 

Осыған  орай  дағдарыс  кезіндегі  экономикалық  дамудың  секторлық  және  кластерлік 

ыңғайының салыстырмалы сипаттамаларын көрсетіп кетуге болады. 

 

Кесте  1  –  Экономикалық  дамудың  секторлық  және  кластерлік  ыңғайының  салыстырмалы 



сипаттамалары 

Секторлық ыңғай 

Кластерлік ыңғай 

1. Тұрақты байланыстар желісіндешаруашылық 

етуші 

субъектілер 



арасындағы 

бірдей 


көзқарасты кәсіпорындар тобын белгілеу. 

1.  Желідегі  әр  түрлі  көзқарасты  (көбінесе  комплиментарлы) 

стратегиялық топтарды белгілеу. 

2.  Соңғы  өнімдерді  өндіретін  салаларға 

саясатты бағыттау. 

2.  Ұқсас  технологияларды,  ақпараттарды,  біліктіліктерді, 

тұтынушыларды,  ресурстарды,  өткізу  арналарын  қолданатын 

өзара байланысты салалардағы саясатты бағыттау. 

3.  Өндірушілер  арасындағы  тікелей  және 

тікелей емес бәсекелестікті қолдау. 

3.  Кластердің  көптеген  мүшелері  тікелей  бәсекелестер  болып 

табылмайды,  бірақ  жалпы  қажеттіліктер  мен  ынтымақтастыққа 

әкелетін шараларды құрайды. 

4. 


Бәсекелестермен 

сирек 


кездесетін 

кооперациялар. 

4.  Тұтынушылар,  жабдықтаушылар  және  мамандандырылған 

институттар  арасындағы  өзара  қарым-қатынастарға  саясатты 

бағыттау. 

5.Бәсекелестерге субсидиялар, қорғаныстар мен 

әсер  етулерді  алуға  бағытталған  үкіметпен 

сұхбат. 


5. Бизнес пен үкімет арасындағы аса конструктивті және тиімді 

сұхбаттың негізі. 

6.  Бар  траекторияларда  диверсификациялар 

формаларын іздеу. 

6.  Синергетикалық  эффекті  мен  жаңа  комбинацияларға 

мүмкіншілік. 

 

7. 


Өнімділік 

пен 


бәсекеқабілеттілікті 

жоғарылатуға 

мүмкіншіліктің кең диапазоны. 

 

Кластерді  дамытуды  реттеу  саясаты  өнеркәсіп  саясаты  болып  табылмайды,  себебі 



кластерлік саясат аймақтық кешенді саясатына қатысты аймақты ұйымдастыру, кадрды дайындау 

инфрақұрылымдар сияқты әртүрлі проблемаларды шешеді [5]. 

Қазіргі  заманғы  мемлекеттік  кластерлік  саясаттың  ерекшеліктерін  сипаттайтын  кейбір 

ережелерді бөліп көрсетуге болады. 

1.  Экономикалық  дамудың  қазіргі  заманғы  теориясы  мен  көптеген  елдердің  практикасы 

кластер  феноменіне  сүйенеді,  ал  кластерлер  өз  алдына  белгілі  бір  қызмет  аясында  әр  түрлі 

шаруашылық  етуші  субъектілердің  өзара  тығыз  байланысы  желісі  негізінде  құрылған  қиын 

экономикалық  құбылыс.  Кластерлер  негізгі  белгілерімен  қатар  бірнеше  ерекшеліктерге  ие, 

олардың бірлесуі белгілі бір елдің бәсекелік басымдығын тудырады. 

2.  Дамыған  да,  дамушы елдер де кластерлердің дамуы  мен  құрылуына  мемлекеттік көмек 

көрсетуді қажет етеді. Кейінгісінде тек қана нормативті-құқықтық және қаржылық базамен қамту 

ғана емес, сонымен қатар ірі отандық және шетелдік компаниялардың, шағын және орта бизнес 

өкілдерінің,  қаржылық,  ғылыми-зерттеу  құрылымдарының,  тауар  нарығының  және  өндіріс 

факторлары  нарығының,  инфрақұрылым  және  қолдау  институттарының  арасында  инициатор 

және активті делдалдық қызметті де мемлекет атқаруы тиіс. 

3.  Кластерлер  мемлекеттік  директиваның  негізінде  құрылуы  мүмкін  болмағандықтан 

(жоспарлы  экономика  масштабындағы  территориялы-өндірістік  кешен  тәрізді),  мемлекеттік 

реттеу  органдары  кластердің  бар  болуын  көре  алуы  керек,  сонымен  қатар  оның  өткен  және 

болашақтағы  даму  сипаты  мен  динамикасын  түсінуі  керек.  Осылай  ғана  кластердің  дамуын 

қамтамасыз етуде мемлекеттің жетекші рөлін жүзеге асыруға болады. 

4. Кластерлерді дамытудың мемлекеттік саясаты тек қана кластердегі кәсіпорынды тікелей 

қолдауға  ғана  емес,  сонымен  қатар  қаржылық,  консалтингтік,  инжинирингтік,  логистикалық, 

білім  беру,  ғылыми-зерттеулік,  транспорттық,  тұрғын  үйлік  және  басқа  да  қосалқы  жағдай 

туғызатын  қызметтермен  кластер  аймағының  тартымдылығын  арттыратын  инфрақұрылымды 



 

278 


құруға  бағытталуы  керек.  Бұл  жағдайда  мемлекеттік  реттеу  өнері  оң  (синергетикалық  эффект, 

әлеуметтік  әріптестік,  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  бәсекеқабілеттіліктің  артуы)  және  теріс 

сыртқы  әсерлерді  (экологиялық  ауыртпалық,  жылжымайтын  мүлікке  бағаның  өсуі,  кластерлік 

аймақтағы өмір сүру құнының өсуі, халық санының тым артық болуы және т.б.) баланстауынан 

байқалады. 

5.  Кластерлерді  дамытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясаттың  тиімділігі  мемлекеттік 

аппараттың  барлық  деңгейлерінің  өзара  байланысына  тәуелді.  Бұл  жерде  мемлекетаралық, 

ұлттық,  аймақтық  және  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдары  жайлы  айтылады.  Жергілікті 

үкімет  деңгейінің  аса  маңыздылығын  ескере  отырып,  осы  мемлекеттік  басқару  сатысының 

өкілеттілігін арттыру мәселесі белгілі бір қызығушылық тудырады [6]. 

Кластердің  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  технологиялық  қатардағы  6apлық  элементтердің 

арасындағы байланыстар жүйесінің берік ретті, айқын болуы керек, бір сөзбен айтқанда кластер 

жүйесіндегілердің  барлығының  жүрегі  бір  мезгілде  сағат  механизміндей  тұрады.  Демек 

кластерлік бағыты қолға алу үшін бірлескен саналы ынтымақтастық қажет. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жүргізіп  отырған 

экономикалық  саясаты  бәсекеге  қабілетті  ұлттық  экономиканы  қалыптастыруға  оны  түбегейлі 

өзгертуге  бағытталған.  Сондықтан  да  қазіргі  экономикалық  дағдарыс  бет  алған  шақта  ел 

бәсекеқабілеттілігін  арттырудың  ерекше  жолы  –  кластерлік  саясатты  жүзеге  асыру  болып 

табылатыны  сөзсіз.  Себебі  мұндай  жасанды  жеңілдік  жолы  отандық  өндірушінің  өз  өнімінің 

тауарлық  сипаттарын  (соның  ішінде,  бағасы  мен  сапасы  бойынша)  жетілдіруге  деген  ынтасын 

төмендетіп,  жалпы  ұлттық  экономиканың  тұтынушы  үшін  күрестегі  әлеуетін  әлсіретеді.  Ол 

әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларына тікелей қатысты. Бұл үшін еліміздің 

кластерлік  стратегиясын  жүйелі  түрде  орындап  шығу  аса  маңызды.  Сонда  ғана  ертеңгі  ел 

еңсесінің биік болуына берік іргетас қаланады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  ҚР  Президентті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  –  «Дағдарыстан  жаңару 

мен дамуға» 2009 жыл, 6 наурыз // www.akorda.kz 

2. Мастер-план пилотного кластера «Металлургия», Приложение к постановлению акимата 

Карагандинской 

области 


«Об 

утверждении 

мастер-плана 

пилотного 

кластера 

«Металлургия-металлообработка»,  Научно-исследовательский институт регионального развития, 

2006 год. 

3.  Бейсебаев  А.С.,  Экономика  магистрі  академиялық  дәрежесіне  магистерлік  диссертация 

«Аймақтағы  кластерлік  саясат»,  Қарағанды,  Қазтұтынуодағы  Қарағанды  экономикалық 

университеті, 2009 ж. 

4.  Аймагамбетов  Е.Б.,  Алимбаев  А.А.,  Притворова  Т.П.  и  др.  Устойчивое  развитие 

социально-экономической системы региона (в 2 томах). Т.1, 2 – Караганда: КЭУ Казпотребсоюза, 

2006. – 475, 569 с. 

5.  Алимбаев  А.А.,  Притворова  Т.П.,  Таубаев  А.А.  Формирование  и  развитие  кластеров  в 

условиях  индустриально-инновационного  развития  Республики  Казахстан.  –  Караганды:  ТОО 

«Санат-Полиграфия», 2005. 

6.  Сатылганов  Ж.К.  –  Теоретические  аспекты  формирования    конкупентоспособных 

кластеров в Казахстане // Исследлования, реультаты.- Алматы: КазНАУ, 2007.-№1. 

 

А.С. Кернебаев  

ҚҚЭУ «Мемлекеттік және  

жергілікті басқару» мамандығының  

1 курс докторанты  

Қазақстан, Қарағанды қ. 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ДАМУЫ  

МЕН АҒЫМДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ  ЖАҒДАЙЫ 

 

Қазақстан Республикасында квазимемлекеттік сектордың қалыптасуы әлі де болса дамудың 



бастапқы  кезеңінде.  Экономикалық  және  әлеуметтік  өмірде  осы  феноменмен  баршамыз  кезігіп, 

түсініп  келеміз.  Әйтсе  де,  зерттелмеген  тұстары  көп.  Осы  тұрғыда  көптеген  анықтамалар  мен 



 

279 


тұжырымдамалар бар.  Бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жаһандық экономиканы 

қалпына  келтіру  кезеңінде  алғаш  пайда  болған  даму  институттары  бүгінгі  күні  әлемнің  жаңа 

экономикалық сәулетінің ажырамас бөлігі болып табылады. 

Көптеген  елдер  «нарық  құлдырауын»,  сонымен  қатар  экономикалық  есеңгіреудің, 

қаржылық, саяси және әлеуметтік дағдарыстың кейбір салдарын сәтті жеңу мақсатында, тұрақты 

және  ұзақ  мерзімді  өсу  үшін  жаңашылдық  және  қуаттылық  импульсін  беруге  бағытталған  даму 

институттарын құрды. 

Даму  институттары  жақында  ғана  бұрынғы  кеңестік  кеңістіктегі  елдердің  аумағына 

таралды.  Қазақстанда  даму  институттары  алғаш  рет  екі  мыңыншы  жылдардың  басында 

индустриалды-инновациялық  даму  және  технологиялық  прогресс  арқылы  сапалы  және  ұзақ 

мерзімді өсімді іске асыру құралы ретінде пайда болды. 

Қазақстанда  елдегі  экономикалық  жағдай  тұрақтанған  кезден  бастап,  квазимемлекеттік 

туралы  алғашқы  үндеулер  2000  жылдары  жүргізілді.  Квазимемлекеттік  сектор  субъектілері  ол 

бюджеттен қаржыландырылатын, бірақ  мемлекеттік кәсіпорын саналмайтын  ұйым  деген  түсінік 

қалыптасты.  Қазіргі  уақытта  еліміздегі  квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  құрылымын 

қатысушысы  немесе  акционері  мемлекет  болып  табылатын  мемлекеттік  мекемелер, 

жауапкершілігі  шектеулі  серіктестер,  акционерлік  қоғамдар,  оның  ішінде  ұлттық  басқарушы 

холдингтер,  ұлттық  холдингтер,  ұлттық  компаниялар,  сондай-ақ,  аталған  компаниялардың 

еншілес ұйымдары құрауда. 

Қазақстанның  даму  институтының  алғашқысы  болып  2002  жылы  Қазақстан  даму  банкі 

(ҚДБ)  құрылды,  оның  қызметі  кіші  және  орта  бизнес  субъектілерін  инвестициялауға,  сонымен 

қатар дамудың өзге де келешегі бар жобаларын іске асыруға бағытталды. Бұдан әрі, Сингапурдегі 

Темасек, Англияның Holding Executive ұлттық даму институтының үлгісінде, белсенді акционер 

типі  бойынша  екі  ірі  ұлттық  агенттік  құрылды  –  «Самрұқ»  басқару  холдингі  және  «Қазына» 

тұрақты даму қоры [1, б. 13]. 

Уақыт  өте  келе  бұл  екі  ірі  операторлар  «Самрұқ-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ  - 

бірыңғай ұлттық институтқа біріктірілді [2, б. 7]. 

Қазақстанның  даму  институттарының  жалпы  жүйесіне  оралсақ,  квазимемлекеттік  сектор 

қызметінің  қысқаша  тарихында  Қазақстанда  анық  құрылымы,  заңнамалық  негізі,  ұзақ  мерзімді 

және  орташа  мерзімді  келешекте  белгіленген  қызмет  артықшылығы  бар  ұлттық  даму 

институттарының кең ауқымды жүйесі құрылғандығын атап өту орынды. 

«Ұлттық  басқарушы  холдингтердің,  ұлттық  холдингтердің,  ұлттық  компаниялардың 

тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына сәйкес Қазақстан 

даму институттарының жүйесі ұсынылды: 

-үш ұлттық басқару холдингімен; 

-екі ұлттық холдингпен; 

-сонымен қатар отыз бір ұлттық компаниямен [3, б. 15]. 

Елдің  негізгі  бағдарламалық  құжаттарына  сәйкес  даму  институттарының  қызметі 

Қазақстанның  ұзақ  мерзімді  даму  келешегіне  сәйкес  экономиканың  инклюзивті  және  тұрақты 

өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Сонымен  қатар,  даму  институттарының  әрбіреуінің  өзінің  қызмет  ерекшелігіне  және 

ұйымның жалпы міндетіне шарттасқан мақсатты орнатулары бар екендігін атап өткен жөн. 

«Самрұқ-Қазына»  қорының  міндеті  ұлттық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  және 

тұрақтылығын арттыру болып табылады. 

Даму  стратегиясына  сәйкес  «Самрұқ-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ  негізгі  мақсаты  әлемдік  нарықта 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұзақ мерзімді құндылықтарын ұлғайту үшін меншік құқығы 

бойынша  тиесілі  ұлттық  даму  институттарының,  ұлттық  компаниялардың  және  өзге  де  заңды 

тұлғалардың акция пакеттерін (қатысу үлесі бойынша) басқару болып табылады. 

Қордың  құрылымына  599  компания  кіреді,  олардың  ішінде  еншілес  ұйымдар  –  27, 

қауымдастырылған және бірлесіп-бақылауға алынатын компаниялар – 4. 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 

Холдингтің  деректеріне  сәйкес  «Бәйтерек»  қоры  қызметінің  негізгі  бағыттары 

төмендегідей: 

-  қаржылық-инвестициялық  бағыт.  Онымен  Қазақстан  Даму  Банкі,  Қазақстанның 

инвестициялық қоры, KazynaCapitalManagement және Күйзелісті активтер қоры айналысады


 

280 


-  кәсіпкерлікті  және  инновацияларды  қолдау.  Бұл  бағытта  «Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту 

қоры, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік және ҚазЭкспортГарант тартылған; 

тұрғын-үй 



құрылысы. 

Осы 


бағыт 

шеңберінде 

Қазақстанның 

Тұрғынұйқұрылысжинақбанкі,  Қазақстан  ипотекалық  компаниясы  және  Қазақстандық 

ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры жұмыс жасайды. 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына он еншілес ұйым кіреді: 

1. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; 

2. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ; 

3. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ; 

4. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ; 

5. «ҚазЭкспортГарант» АҚ; 

6. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ; 

7. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ; 

8. «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ; 

9. «KazynaCapitalManagement» АҚ; 

10. «Күйзелісті активтер қоры» АҚ. 

«Қазагро» ҰБХ» АҚ 

Холдингтің  жалғыз  акционері  ҚР  Ауыл  шаруашылық  министрлігі  болып  табылады. 

«ҚазАгро» холдингінің құрылымына 7 еншілес ұйым және 14 қауымдастырылған және бірлесіп 

бақылауға алынатын ұйымдар кіреді. 

Еншілес ұйымдар: 

1. «ҚазАгроФинанс» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%); 

2. «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%); 

3. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%); 

4. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%); 

5. «ҚазАгроӨнім» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%); 

6. «Қазагромаркетинг» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%); 

7. «ҚазАгроГарант» АҚ (Холдингтің қатысуы 100%). 

Қауымдастырылған және бірлесіп-бақылауға алынатын ұйымдар: 

1. «Астық Қоймалары» ЖШС; 

2. «Ақ Бидай - Терминал» АҚ; 

3. «Бакинск бидай терминалы» ЖШҚ; 

4. «Амирабад Грейн Терминал Киш» ЖШҚ; 

5. «Қазақстан Мақтасы» АҚ; 

6. «Мақта келісімшарт корпорациясы» АҚ; 

7. «Сарапшылық аграрлық компаниясы» ЖШС; 

8. «Агрофирма «Жаңа Ақ дала» ЖШС; 

9. «Агрофирма «Жаңа Жер» ЖШС; 

10. «Агрофирма «NUR AGRO» ЖШС; 

11. «АГРОФИРМА «ASTANA AGRO» ЖШС; 

12. «ҚазАстықТранс» ЖШС; 

13. «KazMeat» ЖШС. [4, б. 33] 

Қорыта  келе,  Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  министрлігінің  мәліметіне  сәйкес, 

қазіргі  уақытта  елдегі  квазимемлекеттік  сектор  6  963  ұйымды  құрайды.  Оның  ішінде  мемлекет 

қатысатын  398  –  мемлекеттік,  6  023  ұйым  коммуналдық  меншікте  болып  табылады.  Ұлттық 

басқарушы  холдингтер,  ұлттық  холдингтер,  ұлттық  компаниялар  активтерінің  құрылымына  542 

ұйым кіреді. 

Алайда,  Ел  үкіметі    «Жекешелендірудің  2014-2016  жылдарға  арналған  кешенді  жоспарын 

іске  асыру  үшін  бәсекелес  ортаға  берілуі  тиіс  квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  атаулы 

тізбесін бекіткен болатын. Жалпы бәсекелес ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы өтеді

380 ұйым қайта ұйымдастырылады немесе таратылатын болады. Республикалық меншік бойынша 

29 ұйым және 3 нысан, коммуналдық меншік бойынша 416 нысан жекешелендірілуі тиіс.  

Ұлттық  холдингтер  мен компаниялар бойынша  бәсекелес  ортаға  337  актив  беріледі,  оның 

ішінде  –  «Самұрық-Қазына»  қоры  бойынша  –  106  актив,  «Бәйтерек»  холдингі  бойынша  –  15, 

Қазагро – 32, Парасат – 8, Зерде – 2, ӘКК – 174. 


 

281 


2015 жылы 278 нысанды сату жоспарланған, оның ішінде республикалық меншік бойынша 

– 19, коммуналдық меншік бойынша – 109, ӘКК бойынша – 75, холдингтер бойынша – 75 нысан 

[5, б. 4]. 

Коммуналдық меншіктегі 6 нысан сатылады, оның ішінде 4-і 85,6 млн теңгеге сатылады. 34 

нысан бойынша бағалау басталады.  

 Әрине,  жекешелендіруге  ұсынылған  нысандар бойынша  сатып алуға  ниет білдіргендердің 

санын  дөп  басып  айту  қиын.  Әйтседе,  бұл  қадам  Қазақстандағы  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілерінің құрылымын өзгертетіні айдан анық.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет