Халықаралық гуманитарлық –техникалық


Тақырыбы: «Қорқыт ата кітабы». «Қорқыт ата» кітабы - оғыз-қыпшақ дәуірінің әдеби ескерткіші."



бет4/21
Дата10.10.2022
өлшемі176,99 Kb.
#42136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ЕЖелг3 д7 2д лекция

Тақырыбы: «Қорқыт ата кітабы». «Қорқыт ата» кітабы - оғыз-қыпшақ дәуірінің әдеби ескерткіші."


Қаралатын мәселер:


А) "Қорқыт ата" кiтабы туралы жалпы мәлімет Ә) "Қорқыт ата" кiтабының зерттелуі
Б) "Қорқыт ата" кiтабының тарихи, әдеби маңызы
"Қорқыт ата" кiтаб-тҥркi тектес халықтардың ежелгi тарихын, байырғы тҧрмысын, әдет-ғҧрпын, салт-санасын, ақындық дәстҥрiн танытатын эпикалық, әрi тарихи (тҧлға) мҧра. Қорқыт ата хикаясы-ҤII-ҤIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ҧрпақтан-ҧрпаққа тараған, рухани қазына ретiнде бҥгiнгi кҥнге дейiн ӛзiнiң әдеби, тарихи, этнографиялық т.б, мәнiн жоймаған, аса қҧнды кӛркем туынды. Тарихи деректер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт-ҤIII ғасырда Сыр бойында ӛмiр сҥрген батыр, атақты ақын, асқан кҥйшi, аңыз кейiпкерi. Қорқыттың анасы Қыпшақ тайпасынан, әкесi Қарақожа оғыздарынан екенi мәлiм. Мiне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екi жаққа бiрдей ел ағасы атанған.
Қорқыт туралы аңыздар тарихта болған шын оиғамен байланасып, ҧштасып жатады. Мәселен, Қорыт есiмiне байланысты ел арасында кӛп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бiрi - Баршынкент. Бҧл қала шынында да Сыр бойындағы сол дәуiрдегi ең кӛрнектi қала болғанын тарихшы археологтар дәлелдеп отыр. Баршынкент сҧлудың қаласы деген сӛз. Оны қазақтар соңғы кезге дейiн "Қыз
қала" деп атап келедi. Аңызда Алпамыс батырдың сҥйген жары Баршынкент сҧлу (яғни Гҥлбаршын) осыдан тҧрған делiнедi.
Ал тарихшылар ХII ғасырдың атақты ғалымы ӛз жырларын тҥркi, араб және парсы тiлдерiнеде жазған дарынды ақын. Х.Баршыҧлының осы қалада туып, осында ӛмiр сҥргенiн дәледейдi.
"Қорқыт ата" кiтабын он екi жырдан немесе он екi қаһармандық дастаннан тҧрады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн "Қорқыт ата" кiтабының екi қолжазба нҧсқасы сақталып келген. Солардың бiрi қазiр Германиядағы Дрезден қалалық кiтапханасының сирек кездесетiн қолжазбалар қорында сатаулы тҧр. Осы Дрезден қолжазбасы он екi жырдан, басқаша айтсақ, он екi Оғыз-намеден тҧрады.
Ал, "Қорқыт ата" кiтабының екiншi қолжазба нҧсқасы ватикандағы Аростолика кiтапханасында сақталып келедi. Бҧл қолжазба алты жырдан қҧралған. Кiтап "Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри" деп аталады. Мҧны осы кiтапханадан тауып, италян тiлiне тҧңғыш рет айдарған ғалым Этторе Росси болды.
"Қорқыт ата" кiтабының Дрезден қаласында сақталған толық нҧсқасын зерттеу, Еуропа тiлдерiне аудару iсi ХIХ ғасырдың бiрiшi жартысында басталған едi. 1815 жылы немiстiң белгiлi ориенталист ғалымы Г.Ф. Дииз бҧл шығарманың бҧл таруын – сегiзiншi хикаясын немiс тiлiне аударып, баспасӛзде жариялды. Екiншi бiр немiс ғалымы Теодор Нелдеке "Қорқыт ата" кiтабын немiс тiлiне толық аударып шықпақ болды. Бiрақ ол бҧл iстi аяғына дейiн жеткiзе алмады да, барлық материалдарын ӛзiнiң шәкiртi В.В.Бартольдке тапсырды. В.В.Бартольд бҧл кiтапты зерттеу, аулару iсiмен ондаған жылдар бойы айналысты. Сӛйтiп, ол "Қорқыт ата" кiтабын 1922 жылы орыс тiлiне аударып шықты. Бiрақ ғалымның кӛзi тiрiсiнде аудармасы жарық кӛрген жоқ. Бҧл аударма 1962 жылы академик В.М.Жирмунский мен А.Н.Кононовтың редакциясымен басылып шықты. Сондай- ақ оғыз-қыпшақ дәуiрiнiң ғажайып әдеби ескерткiшiн зерттеуге А.Н.Салайлович, В.В.Вельяминов-Зернов, К.А.иностранцев, А.Ю.Якубовский сияқты кӛрнектi орыс ғалымдары да мол ҥлес қосты. Оғздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тiлдiк тҧрғыдан комплекстi тҥрде зерттеген белгiлi ғалым, кӛрнектi тҥрколог Х.Г.Короғлы болды. Станбул Университетiнiң профессоры Эргин Мухоррем "Қорқыт ата" кiтабының толық текстiн латын әрпiмен транскрипция жасап бастрып шығарады. Бҧл кiтапқа қосымша ретiнде шығармашылық Дрезден және Ватикан қолжазба нҧсқаларының фоксимилесi де енгiзiлдi. Қазқстан ғалымдарынан "Қорқыт ата" кiтабын зерттеу, аудару, насихаттау iсiне Ә.Марғҧлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Бәйдiлдаев, Ш,Ыбыраев белсене ат салысып келдi.
"Қорқыт ата кiтабы" сол кездегi оғыз-қыпшақ тайпаларының брiне ортақ, тҥсiнiктi кӛне тҥркi тiлiнде жазылды.
"Қорқыт ата кiтабын" зерттеушi ғалымдар: Ш.Ш.Уалиханов, В.В.Бортольд, В.М.Жирмунский, Д.Копрулузадт, О.Ш.Кокжай, Этторе Росси. Бҧл салада Италия ғалымы-Этторе Росси ҧзақ жылдар жемiстi еңбек еттi. Ол "Қорқыт ата" кiтабының тең жартысынан астамы Қанабектiң ел қорғаған ерлiгiн, ел-жҧртқа жасаған iзгiлiктi iстерiн жырлауға арналған. Қазанбек бҧл шығарманың сюжетiне
негiз болған тарихи адам. Сондай-ақ "Кӛроғлы", "Жҥсiп пен Ахмет" сияқты тҥркiмен халқының эпостарында да Қазанбектiң есiмi жиi-жиi айтылады.
Қорқыт дастанының халықты сипаты шығарманың сюжетiнен, идеялық бағыт- бағдарынынан айқын кӛрiнiп тҧр. Туған жерiн, елiн, ӛз отанын сыртқы жаудан қорғау ҥшiн ажалға бас тiгiп, қан майданға шыққан алыптардың ерлiгi, жауынгерлiк iс-әрекет зор шабытпен жырланады. Дастанда ел ҥшiн жан пида еткен ҧлдарын кҥллi оғыз-қыпшақ жҧрты мақтаныш тҧтып, олардың ерлiк iстерiн ӛлең, жырға қосып айтады. Автор ерлiк, әдiлдiк, адамгершiлiк, ата-ананы қҧрмет тҧту, уәдеде тҧру сияқты iзгi қасиеттердi ту етiп кӛтерген. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдiлетсiздiк пен зҧлымдыққа, әдепсiздiк пенг сараңдыққа қарсы кҥреседi. Сондай-ақ "Қорқыт ата" кiтабының халықтық сипатын дастандағы қарапайым еңбек адамдарының зор шеберлiкпен жасаған ғажайып бейнелерiнен де кӛруге болады.
Бҧл дастанның композициялық ерекшелiгi-мҧндағы ӛлең шумақтары шығарманың прозалық текстiне сiңiсiп кеткен. Тҥркi тiлiндегi дастанда қара сӛздiң ӛзi қҧдды жыр жолдары секiлдi iшкi ҧйқастықпен тоқпақталып айтылып, дыбыстардың ӛзара ҥйлесуi арқылы берiледi ғой. Қорқыт эикаясындағы ӛлең мен қара сӛздi бiр-бiрiнен ажырату қиын екенiн дәлелдейтiн бiр мысал келтiрейiк. "Тiзеiн бҥгiп отырған инабатты әйел кӛрiктi. Сақалынан ағарған баба кӛрiктi. Сҥйiктi ағайын-туған кӛрiктi. Ҥлкен шаңырақ ҥйдiң қасына тiгiлген келiншек отау ҥйi кӛрiктi". Мҧнда ӛлеңге тән элементтер-ҧйқаста, аллитерация да, ассонанс та, сӛздiң интонациялық дербестiгi де бар. Бiрақ мҧнда поэзияға тән ең басты қасиет- эмоция жоқ.
"Қорқыт ата кiтабының" тiлiне келер болсақ, мҧнда оғыз тiлiмен қатар қыпшақ тiлiнiң де ықпалы кәдiмгiдей сезiлiп тҧрады. әсiресе, кiтапта қыпшақ тiлiнiң әсерi мол аттарын кӛрсетуге жиiрек кездеседi. Мәселен, қҧлын, айғыр, бозайғыр, бҧқа, қҧлан, қыран т.б. "Қорқыт ата кiтабының" ҥй тҧрмысы мен кӛшiп қонуға, тағам атауларына қатысты сӛздерде кӛбiне қазақ тiлiнiң элементтерi болып келедi: тҧрақ, орда, юрт /жҧрт/, ҥлтс, ҥй, юк /жҥк/, қойма, қоқсы, айран, қымыз, ет т.б.
"Қорқыт ата" кiтабының оғыз-қыпшақ дәуiрiнiң кӛркем сӛзбен бейнеленген кӛне тарихын, әдебиет ҥлгiлтрiн, ақындық дәстҥрiн, қанатты сӛздерiн, наным- сенiмiн, салт-санасын, тағы басқаларын бiздiң заманымызға жеткiзген қағармандық эпосы деуге болады.

Тапсырма: "Қорқыт ата" кiтабының әдтби тарихи мәнi "Қорқыт ата" кiтабындағы 12 жырды толық оқу


"Қорқыт ата" кiтабының композициялық ерекштлiгi "Қорқыт ата" кiтабының зерттелуі
"Қорқыт ата" кiтабындағы философиялық сӛздтрдi, афоризмдердi, мақал-мәтелдердi терiп жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет