Тҥркi халықтары әдебиетi тарихында ислам дәуiрi (Х-ХII) ерекше орын алады. Орта Азия мен Қазақстанның кӛп жерлерiн араб басқыншылары ҤIII-IХ ғасырларда жаулап алғаны мәлiм. Арабтар жергiлiктi халықтардың мал-мҥлкiн жаулап, ӛздерiн қҧлдыққа салды. Олар зорлықпен ислам дiнiн енгiздi. Барлық жерде оқу, бiлiм араб тiлiнде жҥргiзiлдi. Ежелгi тҥрiк жазуларын қолдануға қатаң тиым салынды. Алайда Х-ХII ғасырларда ҧланғайыр Еуразия аймағын тҥгел қамтыған тарихта бҧрын-соңды болып кӛрмеген жойқын соғыстар, рухани шайқастар жҥрiп жатты. Соның нәтижесiнде Жетiсу жерi мен Шығыс Тҥркiстанда (Қашқарда) Х ғасырдың орта шенiнде Қарахан мемлекетi пайда болды.
Қарахан әулетiнiң негiзiн салушы Сатҧқ - Бобра – хан (915-955 жылдар) едi. Феодалдық қҧрамы бiршама дамыған Қарахан мемлекетiнiң тарихы да Боғра – ханның таққа отырған кезiнен басталады. Х-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдени ӛмiрiнде айтарлықтай жаңалықтар болды. Қолӛнер кәсiбi, зергерлiк, сәулетшiлiк ӛнер т.б. едәуiр дамыды.
Қарахан мемлекетi тарихында "ислам дәуiрi" деп аталатын Х-ХII ғасырлар ғылым ҥшiн ғана емес, сонымен бiрге, кӛркем сӛз ӛнерiнсiз дамуында да аса маңызды кезең болған. Бҧл кезде тҥркi елiнде халық ауыз әдебиетi тҥрi мен мазмҧны тҧрғысынан кемелдене тҥстi. Бҧрыннан жазба әдебиетте қалыптасып қалған дарий (парсы) тiлiн бiртiндеп тҥркi тiлi ығыстырып шығара бастады. Ғылым мен мәдениет ошақтарына айналған iрi кент - қалаларда тҥркi әдеби тiлi қалыптасты. Сан ғасырлық әдеби дәстҥрi бар тҥркiлер елiнде ХI ғасырда Махмҧт Қашқаридың, "Диуани лҧғат-ит тҥрiк" (Тҥркi тiлдерi жинағы) атты еңбегi ӛмiрге келдi.
Махмуд Қашқари ҥш кiтаптан тҧратын "Тҥркi тiлдерiнiң лҧғатын" қҧрастырып, артына мәңгiлiк ӛлмес ғылыми мҧра қалдырған ғҧлама. Бҧл еңбек-ХI ғасырда, Қарахан дәуiрiнде жазылған мҧра. Махмҧд Қашқаридың ӛмiрi туралы мәлiмет ӛте аз. Оның ӛмiрiне тiкелей қатысты негiзгi дерек әлемге әйгiлi "Диуани лҧғат-ат тҥрiк" деп аталатын еңбегi.
Махмҧд Қашқари- тҥркi халықтарының орта ғасырлық алып тҧлғаларының бiрi. Әкесi мен бабасы Мҧхамед Жетiсу ӛлкесiнiң ХI ғасырдағы iрi мәдени орталықтарының бiрi Барсаған қаласының тҧрғыны. Әкесi әскери қызмет бабымен бiржолата кӛшiп келгендiктен, ғҧлама бҥкiл саналы ғҧмырын тҥркi халықтарының екiнi ордасы - Қашқар қаласында ӛткiзген.
Махмҧдтың ӛзiнiң айтуы бойынша "Диуанды" жазудан бҧрын ол тҥркiлердiң барлық елi мен даласын тҥгел аралап шыққан. "Диуанды" жазудағы Махмҧдтың
негiзгi мақсаты тҥркi тiлiнiң мәртебесiн жоғары кӛтерiп, оның араб тiлiнен ешқандай кемдiгi жоқ екенiн дәлелдеу болған дейдi А.Н.Кононов.
"Диуанның" қолжазбасын алғаш рет 1914-1915 жылдары Али Амири деген тҥркi ғалымы Стамбулдағы "Сараблар жыршысы" деп аталатын кiтап базарынан сатып алған, одан соң жазбаны жӛнге келтiредi. Қилаш Рифатқа тапсырған. Рифат ол мҧраның кӛшiрмесiн жасап 1915 жылы 1-2 кiтабын, 1917 жылы 3 кiтабын Стамбулда бастырып шығарған, "Диуанның" әр жақты зерттелу жҧмысы осы кезден басталады. "Диуанның тiлiн зерттеу" текстерiн жариялау сияқты жҧмыстарымен кӛп ғалым айналысты. Мысалы, К.Броккельмен ондаған жеке сӛйлемдердiң бәрiн альфавит тәртiбiне тҥсiрiп немiсше аудармасымен жарияласа, 1939-1941 жылдары тҥрiк ғалымы Басым Аталай "Диуанның" тҥп нҧсқасын 1914ж тҥркi тiлiне аударып, 3 томдық сӛздiк пен бiр томдық индексiн Анкарада 1934- 1943 жылдары жариялаған. 1960-1967 жылдары ғалым С.Муталибов оны ӛзбек тiлiне аударған. Бҧдан соң "ҧйғыр" тiлiне аударылған нҧсқасы Қытайда басылып шыққан. А.Деличидазенiң айтуынша "Диуанның" әзiрбайжан тiлiне аударылған нҧсқасы да басылып шықпақ.
Диуанның қҧндылығын бағалай келiп, немiс ғалымы М.Хартман оны "Халық ауыз әдебиетiнiң нҧсқасы" деп тҥйген. Н.А.Баскаков "Диуанның" авторы Махмуд Қашқаридi "тҥркi тiлдерiне ӛзара пионерi болған едi" деген, А.Н.Смайлович оны "ХI ғасырдың Радловы" деп атаған.
"Диуанды" әр тҥрлi тҧрғыдан зерттеген ғалымдар В.В.Бортольд, В.А.Гордиевский, Т.А.Боровков, А.Н.Кононов, М.Ш.Шаралиев т.б. қазақ тiл бiлiмiнде Н.Т.Сауранбаев, С.а.аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Ғ.Мҧсабаев, Ә.Қҧрышжанов т.б.
Махмуд Қашқари "Диуани лҧғат-ат тҥрiк" сегiз бӛлiкке бӛлiп жазған:
халуа кiтабы / әлiптен басталатын сӛздер
салим кiтабы / қҧрамында әлiп, вав, йай жоқ сӛздер
Бҧларда келтiрiлген мысалдар әр кiтап сайын есiм және етiстiктер болып екiге бӛлiнiп берiлген.
Мазмҧны жағынан "Диуан" сол замандағы тҥрiктердiң қоғамдық ӛмiрi мен рухани дҥниесiнiңсан алуан ӛзiндiк сипатын әр жақты қатитын материалдарға толы. "Диуанды" қамтыған материалдарды академик А.Н.Кононов бес салаға бӛлiп қараған: 1) белгiлi бiр тайпа теңдiгi жӛнiндегi дәл кӛрсетiлген сӛздер қоры
/лексикасы/; 2) тҥркi тайпаларының мекен-қоныстары жайындағы мәлiметтер; 3) тҥркi тiлдерiн топтастыру; 4) тҥркiлiк тарихи фонетика мен грамматика туралы мәлiметтер; 5) тҥрiктердiң тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзия және фольклоры жайындағы мәлiметтер.
"Диуанда" 29 тайпаның аты аталады. М.Қашқари 6800 тҥркi сӛзiн топтастырып (110 жер, су атына, 40 ел мен тайпаға) араб тiлiнде анықтама тҥсiнiк берген.
Кiтапта iнжу-маржан екi және тӛрт жолдық 242 шумақ бәйiттер мен 262 мақал- мәтелдi мысал ретiнде пайдаланған. Бiр ғажабы "Диуанға" енген 875 сӛз бен 60 мақал-мәтел қазiргi қазақ тiлiнде қаз-қалпында қолданылып келедi екен. "Диуан" тҥркi тiлдерiнiң бiрiншi салыстырмалы сӛздiгi және ең әуелгi филологиялық зерттеу. "Диуанды" сол кездегi тҥркi тайпаларының тiлдерi тҧңғыш рет ғылыми тҧрғыда жҥйеленедi. Ондағы жеке сӛздердiң тек қана мағыналары емес, этимологиясы да тҥсiндiрiледi. Сонымен бiрге ол сӛздердiң қандай тайпаның тiлiне тән екендiгi анықталады.
"Диуанды" тексӛздiкқанадепҧғынуғаболмайды. ОндажекесӛздерменқатарХI ғасырдаОртаАзиянытҧрақтағанхалықтардыңауызәдебиетiнiңсаналуанҥлгiлерi
ментарихыныңқҧндыдеректерi мейлiншемол.