"Ақиқат сыйы" дастанының композициялық қҧрылысы және кӛркемдiк ерекшелiктерi
Ахмед Йҥгiнеки (Ахмед Махмҧдҧлы Жҥйнеки) – ХII ғасырдың орта кезi ХII ғасырдың бас кезiнде ӛмiр сҥрген аса кӛрнектi ақын, есiмi бҥкiл ҧланғайыр Қарахан мемлекетi тҥркiлерiне мәшһҥр ғҧлама ғалым болған. Ол туралы:
Ақындардың ақыны, даналардың паш басы.
Гауһардан сӛз теретiн, одан ешкiм озбады – деген ӛлең жолдары сақталған. Ол ӛз шығармаларын тҥркi тiлiнде жазған. Болашақ ақын Сыр бойындағы белгiлi қалалардың бiрi Жҥйнекте (Қазiргi Шымкент облысы, Тҥркiстан ауданы) туып ӛскен. Ахмет Йҥгiнекидiң ӛмiрi мен ақындық қызметi жайында мәлiмет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда ӛзi туралы кейбiр деректер берген. Ахмед Йҥгiнекидiң бiздiң заманымызға дейiн сақталып, жеткен ажлғыз шығармасы бар. Ол - "Ақиқат сыйы" немесе "Шындық сыйы" деп аталатын дастан.
Бҧл дастан орта ғасырдағы тҥркi тектес тайпалардың кӛбiне тҥсiнiктi болған. Қараханид тҥркiлерiнiң тiлiнде жазылған. Тек шығарманың аты ғана "Хабатул- хақайық" деп арабша қойылған. Сондай-ақ дастанды ертеректе кӛшiрген хиуанихатшылар да (колиграф) шығарманың авторына қатысты мәлiметтердi ӛз тарапынан қосып жазған. Мәселен, "Хабатул-хақайықтың" ХҤ ғасырда
кӛшiрiлген алғашқы қолжазба нҧсқаларының бiрiнде Ахмед Йҥгiнеки туралы манадай ӛлең жолдары бар:
Атасы аты Мәһмәди Йҥгiнеки, Әдiб Әхмет оғлы, йоқ һеч шәки.
Мазмҧны:
Әкесiнiң аты Махмуд Йҥгiнеки
Әдiб Ахмед ойық ҧлы екенiне шҥбә жоқ.
Бҧл бәйiттерден бiз ақынның шын аты Әдiб Ахмед екенiн (Ахмед Йҥгiнеки лақап аты), әкесiнiң есiмi Махмҧд болғанын, ол туған жерi Югнан (қазiргi Жҥйнек) екенiн аңғарамыз. Болашақ ақын анасынан кӛзi соқыр болып туылған.
"Ақиқат сыйы" дастанның кӛне қолжазбасы табылғаны жӛнiндегi алғашқы мәлiметтерi тҥрiк ғалымы Нәтiп Асим 1906 жылы хабарларды. Қазiр бiзге бҧл шығарманың бiрнеше қолжазба нҧсқасы мәлiм. Солардың iшiнде ең кӛнесi, әрi бiршама толық сақталғаны Самарқан нҧсқасы. Бҧл қолжазба қазiр Стамбул қаласында Айл-София кiтапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы самарқан қаласында атақты полиграф Зейнул-Абидин Джураний деген кiсi ҧйғыр әрпiмен кӛшiрген екен.
Дастанның бҧдан кейiнiрек, дәлiрек айтсақ, 1480 жылы Шех – заде Әбдiразақ - бақши кӛшiрген нҧсқасы Нәжип Асим осман тҥрiктерiнiң тiлiне аударып, шығарманың тҥпнҧсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кiтап етiп басып шығарды.
Ахмед Йҥгiнеки дастанының араб әрпiмен кӛшiрiлген қолжазба нҧсқаларының бiрi қазiр Бермен қалалық кiтапханасында сақтаулы тҧр. Бҧл дастанның барлық қолжазбаларын ӛзара салыстыра отырып, шығарманың толық текстiн әзiрлеген зерттеушi тҥрiк ғалымы Рашид Арат Рахмат болды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық текстiн әзiрлеп, оны латын әрпiмен кiтап етiп шығарды. Бҧл дастанды тiл, әдебиет, тарих және философия ғылымдары тҧрғысынан жан-жақты зерттеп, шығарманың ғылымға негiзделген текстiн әзiрлеп, оны басқа тiлдерге аудару жӛнiнде зерттеу жҥргiзген совет ғалымдары туралы, туркологтар С.Э.Бертельс, С.Е.Малов, Қ.Махмудов тағы басқалар бҧл салада жемiстi еңбек еттi.
"Ақиқат сыйы" дастанын зерттеу iсiне В.В.Радлов, Т.Ковалевский, Ж.Дени сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене атсалысты. Ӛзбек ғалымы Қ.Махмҧдов бҧл дастан жӛнiнде аса қҧнды монографиялық еңбегiн жариялады. "Ақиқат сыйының" прозалық және поэтикалық аудармасы қазақ тiлiнде де жарық кӛрдi.
"Ақиқат сыйы" дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке қҧрылған емес. Шығарманың әрбiр тарауында белгiлi бiр мәселе жӛнiнде әңгiме болады. Бҧл дастан ӛзiнiң кӛтерген тақырыбы мен идеялық мазмҧны жағынан ақын ӛмiр сҥрген феодалдық қоғамдағы моральдық ҧғымдар мен мiнез-қҧлық нормаларының жиынтығы болып келедi. Сол кездегi шығыстың классикалық әдеби дәстҥрiне сәйкес автор "Ақиқат сыйы" дастанын алланы, пайғамбарды және тӛрт сахабаны (пайғамбардың серiктерi) мадақтаудан бастайды. Ақын бҧл дастанды ыспаһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескертедi.
"Ақиқат сыйы" дастаны негiзiнен "Бiлiмнiң пайдасы мен надандықтың зияны жайында" деп аталатын жырдан басталады:
Айтайын бiлiм жайын, қҧнты бар бол, Ей достым, бiлiмдiге ынтызар бол.
Ашылар бiлiмменен бақыт жолы, Бiлiм ал жолға тҥсiп бақыт толы. Бiлiмдi – алтын кӛзi ашылатын,
Надан жан, қара бақыр шашылатын. Бiлiмсiз тең бола ма бiлiмдi мен, Азамат-бiлiктi әйел, ез – ер қатын.
Дастанның бҧдан кейiнгi тараулары "Тiлдi тыйып ҧстау - әдептiлiктiң шарты", "Тiл жайында", "Дҥниенiң ӛзгерiп тҧратыны жайында", "Жомарттық пен сараңдық жайында", "Игi мiнез бен жарамсыз қылық жайында", т.б. деп аталатын.
Ахмет Йҥгiнеки "Ақиқат сыйы" дастанының соңында адам бойындағы iзгi қасиеттер туралы ӛз ойын қорыта келiп, кiтап оқушысына қарата былай дейдi:
Ахмед Әдиб атым, ҥлгi – сӛзiм, Қалады мҧнда сӛзiм, кетем ӛзiм.
Кҥз келер, жаз да кетер, ӛмiр де ӛтер, Сонымен жҧмылар да екi кӛзiм.
Ей досым, жаздым кiтап тҥрiкшелеп, Мейлiң сӛк, мейлiң қала ерекше елеп Артында ат қалсын деп жаздым мҧны Ғажайып таңсыз сӛзбен ерекшелеп.
Ахмед Йҥгiнеки - әрбiр сӛздi атарлап та, қҧбылтып та шебер пайдалана бiлетiн сӛз зергерi. Дастан негiзiнен дидактикалық сарындағы ақыл-уағыз, ғибрат сӛздерден тҧрады. Ақын ӛзi хикаялап отырған қҧбылыстың ерекше белгiлерiн атарлап, оған ҥстеме мағына берiп, кӛркiне кӛрiк қосып суреттеу ҥшiн теңеу әдiсiн кеңiнен қолданады. Мәселен, автор дастанда Ыспаһсаларды – теңiзге, ал ӛзiн жауын тамшысына теңейдi. Ал, мҧнша тамшылар теңiзге қҧйылып, қымбат бағалы мартанға айналады дейдi. Бiлiмдi адам – таза алтынға, надан кiсi - қҧны жоқ, жалған ақшаға, бiлiмдi әйел – ер жiгiтке, ал бiлiмсiз еркек - әйелге, шын сӛз балға, жалған сӛз – пиязға теңеледi. Сондай-ақ дастанда сараңдық - ем қонбайтын дерт, жемiс бермейтiн ағаш, ал жомарттық - алқызыл роза гҥлi деген секiлдi де теңеулер бар.
Дәлiрек айтсақ, сӛздi айшықтап қолданудың бiр тҥрi – параллелизм яки егiздеу әдiсiн зор шеберлiкпен пайдаланады. Мәселен, дастанда: бiлiмдi – надан, жомарт – сараң, тәкәппар – момын, атлас – шәйi – бӛз, адал-арам, ҧзын-қысқа сияқты ҧғымдар бiр-бiрiне қарсы қойып суреттеледi. Мысалы:
Бу кун кеңдеу сучуг бу тирлақ сеңа Ачық болға йарын қойуы бардуғҧң Асал қайда ерса била арысы
Ары заһри татну оиалдин оза.
Аудармасы:
Ӛмiр тәттi бҥгiн қолың жеткенде, Удай аЧы ертең тастап кеткенде.
қайда балы – сонда арасы бiр жҥрер:
Балдан бҧрын татып кӛршi зәрiнен.
Бҧл дастан – метрикалық жҥйе, яғни созымды және созымсыз буындарының алмасып келуiне негiзделген аруз / он бiр буынды болып келетiн - "мутакариб" жҥйесi бойынша жазылған.
Ахмед Йҥгiнеки әрбiр сӛздi атарлап, қҧбылтып, айшықтап падаланады. "Ақиқат сыйы" дастаны да атышулы "Қҧтты бiлiк" секiлдi Қараханидтер мемлекетiнде ӛмiр сҥрген тҥркi тайпаларының тiлiнде жазылған әдеби ескерткiштер тобына жатады.
Совет туркологиясында айтылып жҥрген пiкiрлерге ой жҥгiрткен, басқа тҥркi ескерткiштерi сияқты "Ақиқат сыйы" да тҥркi халықтарының тiл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшелiктер негiзiн, мысалы дидактикалық әдебиет, әдебиет кӛздерiн ашып, олардың тамырын талдау iсiнде таптырмайтын қҧнды мҧра болып табылады.
"Ақиқат сыйы" дастаны ӛз заманының кӛкейкестi мәселелерiн жырға арнау еткен, кӛркемдiк дәрежесi биiк, дидактикалық сарында жазылған әдеби мҧра болып табылады.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Н.Келiмбетов Ежелгi дәуiр әдебиетi Алматы, Мектеп, 1991 Х.Сҥйiнiшәлиев Қазақ әдебиетiнiң тарихы Алматы, Санат, 199