Халықтық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мазмұны


«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ», ұлттық бағдарламаларының мақсаты



бет7/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#19810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ», ұлттық бағдарламаларының мақсаты.

Қоғамның рухани байлығын арттыруға жәрдемдесетін халықтық педагогиканың озық идеялары мен жағымды тәжірибесін, жекелей алғанда, дәстүрлерін (әсіресе, еңбек, қолөнер және мәдени), әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін іріктеген жөн және педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет.

Мектептер үшін ата-бабалар қол еңбегі мен халықтық өзге жетістіктерді, халықтық медицина тәжірибесі, адамның мінез құлқына талаптары және т.б. қамтып көрсететін құрал қызметін атқарушы «Қазақ халқы педагогикасы» қолайлы хабар көзі даярланып, жарық көрсе пайдалы болар еді.

Халықтың педагогикалық шығармашылығы мұраларын сабақтауда және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелілікпен пайдаланған тиімді. Ауызша халықтық шығарма, туған тіл баланың жан дүниесіне енеді. Мақалдар, мәтелдер балаларды терең ойларды қысқа түрде, анық білдіруге үйретсе, жұмбақтар ой-өрісті кеңейтеді; ойындар бала организмін жетілдіреді, тұлғаның моральдық-жігерлілік және дене күші сапаларын арттырады. Басқаша айтқанда, бұлар ақыл-ой, адамгершілік және дене тәрбиесі құралдары, әдістері мен тәсілдерді қызметін атқаруы қажет.

Халықтық ауызша шығармашылығын оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейпінің өзге де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған жөн. Халықтың өткендегі өмірі мен бүгінгі жағдайы айырмашылығын жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен эпостарды оқып үйрену негізіне салыстыру мен теңеу әдісі алынғаны тиімді болар еді.

Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.

Оқушыларда халық шығармашалығының көркемдік құндылығы жайлы шығармашылығының көркем дік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу; халық туындылары, тілі музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттігі туындайды.

Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге кластан тыс жұмыста, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.

Халықтық педагогика мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол не өзге деңгейде байытуы тиіс. Халық педагогикасы материалдарымен жұмысқа оқушылардың өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер, байқаулар, тақырыптық кештер мен конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн.

Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім оқушы – оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптаса сынып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдай жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.

Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесі бірін-бірі толықтыратын, сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады.

1-ші бөлім: Оқу, білім беру саласындағы тәрбие.

2-ші бөлім: Арнайы тәрбие.

Қазіргі кезде жаңа жасалып жатқан оқулықтар мен бағдарламада ескертетін жағдай-бастауыш буыннан бастап білім мазмұны, Қазақ халқының өмір тәжірибесі, салт-дәстүрі, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлығы, саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру. Сонымен қатар, дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін әлем халықтарының озат тәжірибесімен дәстүрлерін пайдалану.

Бұдан былай мектептерімізде мақсатын көздеген арнайы пәндер болады. Олар:

Өнер және Әдеп. /6-7 кл. Арналған/.

Ұлттық өнер мен әдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің әрбір саласының іші мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, шығармашылыққа, іскерлікке үйрету; халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп имандылық мінез-құлқын қалыптастыру.

Қазақ халқының салт-дәстүрі. /8-9 кл. Арналған/.

Халқымыздың ұлттық ерекшелігін, психологиясын, дүниетанымын, ойын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін олардың санасына сіңіру арқылы халқымыздың ұрпақты тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы өмір тәжірибесінен түсінік беру.

Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. Үшін/.

Оқущылардың жас шамасын ескере отырып қазақ халқының бай тарихынан /әдебиет, сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді, спорт ойындары, ән-күй, тәлім-тәрбие тарихы т.б./ жүйелі мәлімет беру. Ұлттық санасын азаматтығының негіздерін қалыптастыру.

Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы бар».

Мектептегі тәрбие жүйесінің екінші бөлімі – арнайы тәрбие. Бұл түрлі әдіс-тәсілдерге, баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына негізделген оқытудағы тәрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы.

Халықтың, мәдениетін, өнерін, ғылымының тарихи даму негіздерін зерттеу;

Отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені байланыстыра отырып жаңа мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері», «Қол өнері», «ұлттық ойындар», «сөз хат», «Шежіре», «Шешендік өнер», т.б. үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.

Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу;

«Әкелер», «әжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін ұйымдастыру;

Үй шаруасы сабағын ұлттық тәрбие кезіне айналдыру.

Ата тарихын зерттеу, зерделеу. Сол арқылы баланы ел тарихына, өз әулетіне, тегіне үңілуге баулу;

Тарихи-этнографиялық орындарда/ұлы жібек жолы, жоңғар қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру.

Ғылым, мәдениет қайраткерлерімен, көпті көрген қариялармен кездесу кештері, пікір алысу.

Жоғары кластарда халықтың ауыз әдебиеті үлгілері, шежірелері бойынша шығармашылық сайыстары өткізуді дәстүрге айналдыру;

Киноклубтар жұмыстарын жандандыру;

Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру;

Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті күшейту мақсатында «Халық педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру.

Қазақ мектептеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие жұмысының бағдарламасын айтқанда әсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық, ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми-педагогикалық және методикалық бағдарлама болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын/штабын/ құру. «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық /творчествалық/ - көріністік ойындарын өткізу, өз Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін /значогін/, ұлттық киім формасын және өзге рәсімдік-символдық белгілерді иелену әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер ашу.

Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан тұрады. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этномәдениеті, этностық тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық ағарту-тәрбие процестерін кешенді /комплексті/ түрде қарастырған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептерден тыс мекемелерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен училищелерінде іс-әрекет етуші штабтар-«Атамекен» ордасы құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1-4 класс «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 кластар-«Мұрагер» бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай және тілектеріне қарай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып салтанатты және дәстүрлі түрде жалғастырылып отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет