Халықтық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мазмұны


Халықтық педагогикадығы ақыл ойды дамыту құралдары



бет9/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#19810
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Халықтық педагогикадығы ақыл ойды дамыту құралдары.

https://stud.baribar.kz/22417/khalyq-pedagogikasyndaghy-tarbie-baghyttary-olardynh-maqsaty-men-mindetteri/

  1. Дүниетаным дегеніміз.

Жалпы қабылданған философиялық түсінік бойынша, дүниетаным – бұл шынайы болмысқа және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған әлемге және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылықтық бағыт-бағдарлары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік немесе этномәдени топтың жетілуінің маңызды көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады. Олардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Әдетте, дүниетанымды тарихи тұрғыда жіктегенде, оның мифологиялық, діни және философиялық формаларын атап көрсетеді. Дүниетанымның бастапқы екі типі өмірлік құбылыстарды, сәйкесінше, мифологиялық аңыздар және діни қағидалар арқылы түсіндірсе, ал философиялық дүниетаным тікелей тәжірибе мен ғылым мәліметтеріне сүйенеді деп есептеледі. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Осы уақытқа дейін үстем болып келген ғылыми парадигмада осы ойға айқын басымдылық беріледі. Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім. Ол қарапайым және ғылыми болып бөлінеді. Білім – керемет күш, оның көмегімен белгісіз құбылысты ашып, игеруге болады. Бұл процесс тереңдеген сайын дүниетаным да екшеленіп, жүйеленіп, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне еніп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз айқындамасына, тоқыған ойына, істеген ісіне деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін біле алады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірімен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы айқындала түседі. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты, мәнді, мағыналы болады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс табуға шамасы жете бермейді. Сенім дегеніміз адамның білімдеріне, айналадағы қоршаған ортадағы іс - әрекеттерінің дұрыстығына деген батылдығын білдіреді. Адамда өзіне-өзінің терең сенімі болуы – оның әлеуметтік өсуінің дәрежесін көрсетеді. Наным – адамның қиялдағы шындықтың болатынына сенім білдіретін ерекше жағдайы психологиялық ұстанымы. Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт – адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де бар. Ол – адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі. Қазіргі уақытта осы кезге дейін біріне бірі қарама қарсы сипатта қарастырылып келген ақыл сенімнің, дін мен ғылымның жақындасу үрдісі байқалады. Қазіргі қоғамда діннің жаңғыру үрдісі мейлінше көзге айқын аңғарылып келеді. Діни дүниетаным тарихи тұрғыда мифологиялық сананың қойнауында пайда болады және әуел баста оның бойында политеизм мен пантеизмнің белгілері болады. Бұл белгілер кейінірек әлемдік діндердің қалыптасуы барысында біртіндеп игеріледі. Бастапақыда «мифтер сол заман адамдарының рухани мұқтаждығын, зерделі жанның күнделікті өмірден туындайтын практикалық сұраныстарына ғана жауап беріп қоймай, трансценденттіктен де кет әрі емес болды» [1]. Мифтердің рационалдануы мен құндылықтық тұрғыда ыдырауы барысында тайпалық құдайларға табынудың орнына барлығына үстемдік жүргізетін қажеттілік – Тағдырға орын бере бастайды. Мифологиядағы бұл монистік үрдіс ақыр аяғында космогониялық (әлемнің жаратылуы) және онтологиялық (оның болмысын қамту) басты функцияларымен ерекшеленетін үстемдік иесінің бар екенін мойындауға әкеледі. Осылайша, діни ілімнің идеялық-дүниетанымдық алғышарттары біртіндеп қалыптасып, нәтижесінде монотеистік (иудаизм, христиандық және ислам) және соған жақын (индуизм, буддизм, конфуцийшілдік және т.б.) діндер қалыптасады. Танымал ғалым Мирча Элиаде тарихтың өзін теофания ретінде қарастырады.«Мәңгі айналым туралы миф», «Миф пен шынайылық», «Қасиеттілік пен кәдуілгілік» тәрізді еңбектерінде М. Элиаде мифологиялық уақыттың қайталанбалылығы мен кәдуілгі уақыттың бірбағыттылығы туралы қағиданы негіздейді. Зерттеушінің бұл жұмыстары алғашқы қауымдық адамдардың және «тарихи» деп аталып кеткен кейінгі адамдардың уақытты қабылдауының дүниетанымдық мәселесіне арналған. Осы жерде, «тарихи қоғамдар» терминінің батыстық әдебиетте Леви-Стростан кейін кең қолданылып кеткенін айта кету керек. Оның еңбектерінде алғашқы қауымдық (мифологиялық) қоғамдар өркениетті (тарихи) қоғамдарға қарсы қойылады, бұлардың біріншісі «салқын қоғамдар» деп аталса, екіншісі «қызу қоғамдар» деп аталады. Біріншісі бір ғана архаикалық құрылымдарды қайта жаңғырта берсе, екіншілері қимыл-қозғалысқа, прогреске бейім келеді деп саналады. Элиаде еңбектерінде бұл қоғамдардың арасындағы айырмашылық уақытты қабылдаудағы сананың мифологиялық және тарихи типтерін қарама қарсы қоюдан байқалады: циклдік (қайталанбалы) уақытқа немесе линиялық (бірбағытты) уақытқа мәдениеттің белгілі бір тарихи типі сәйкес келеді. Ғалымның пікірінше, тарихи адамның қалыптасуы Ыбырайым пайғамбармен байланысты иудей-христиан-ислам діни кешенінің орнығуымен жүзеге асады. Ортағасырлық халықтық өмірде циклдік уақыттың жұмақ бағына жабысып айрылмау үрдісі сақталып қалғанымен, сананың тарихи типі басымдылық танытып, адамдар тарихилықтың жүгін арқалай бастады. Дегенмен біз архаикалық дүниетанымдағы уақыт түсінігіне қайта оралайық. Жерге тән болмыстың аспанмен, ғарыштық саламен, сондай-ақ жер асты әлемімен тығыз байланыстылығы мифологиялық сананың айрықша ажырамас белгісі болып табылады. Бұл барлық халықтардың мифологиясында кездеседі, ежелгі грек аңыздары мен қазақтың киіз үй құрылысын еске алсақ та жеткілікті болар. Аспан, жер асты әлемі және оның ортасындағы жер беті әлемі туралы мифологиялық аңыздар өзінің бастауын Алғашқы Жаратылыстан алады. Бұл әпсаналарда бастапқы шашыраңқы Хаос бөлініп, тәртіпке келіп Ғарышқа айналады. Күн мен жылу орнығып, жер судан айрылып, сосын тірі жан пайда болады. Атақты Күлтегін ескерткішінен мына жазуды оқимыз: «Төбеде көк аспан, ал төменде қара жер жаратылғанда, олардың ортасында адам баласы жаратылды». Аспан мен Жерді осы жер кіндігінен өсіп шығатын өзек Қасиетті Тау немесе Алып Бәйтерек байланыстырады. Осы алғашқы жаратылыста кеңістік тәртіпке келіп қана қоймай, уақытсыздықтан уақыттылыққа өту де жүзеге асады, алып бәйтеректегі «аты жоқ көкектің» шақыруымен уақыт ағысының ырғағы беріледі. Дүниеде өлшемнің пайда болуымен әртүрлі сападағы, әртүрлі мазмұндағы кеңістік пен уақыттың кесінділері де бекіді. Дүниенің жаратылуы туралы мифологиялық білім байырғы қоғамның танымдық мұқтаждықтарын ғана қанағаттырумен шектеліп қалмады. Бұл қоғам өз тұсындағы әлемнің жағдайын, салдарды себеппен байланыстырғандай, дүниенің жаратылысымен заңды түрде байланыстырды . Алғашқы жаратылыс дәуірі мен «қазіргі заманның» арасындағы мәдениеттің уақыттық ауқымында бос кеңістік болса да, бұл қауымдастық өз заманындағы ахуалды мифтік жаратылыстың тікелей салдары және соның жалғасы деп есептеді. Осы шақ өткеннің жаңғыруы деп пайымдалды, және өткенге сүйену оның бүгінгі күніне сенімділік берді. Дәстүрлі мәдениеттерде прецеденттің рөлі мейлінше маңызды. Егер алғашқы жаратылыс дәуірі – бұл үздіксіз үдерістің бастапқы ахуалы ретіндегі бүгінгі күннің себебі болса, онда осы прецедентке жүгінудің терең мәні бар [2]. «Сол кезде және сол жерде» болғанды «осы сәтке және осында» проекциялау мифті ғұрыптандырудың ең басты мақсаты. Сонымен хаостан пайда болған «өмірлік кеңістік» ғұрыптың арқасында «формаға», шынайылыққа ие болады және бұл шынайылық көбіне қасиетті (сакралды) сипатта болады, өйткені қасиеттілік абсолюттік мағынада тиімді әрекет етеді, жасампаздықпен нәрселерге ұзақ ғұмыр береді. «Кеңістікке, уақытқа, нәрселерге, адамдарға және т.б. қасиеттілік сипатын берудің сансыз әрекеті, - Элиаденің ойынша, - шынайылыққа деген ұмтылыстан, алғашқы қауымдық адамның болуға деген құмарлығынан хабар береді» [3]. Ғұрыптармен қамтамасыз етілген жалпы сакралдылық профандық уақытқа да өз ықпалын тигізді. Әлеуметтіліктің архаикалық типіндегі адам өз іс-әрекетінде табиғат (өзіне жақын географиялық орта мен жұлдызды аспан) пен оның табиғи ырғақтарына беріліп кететіні сонша, ол тек осы ырғақтар мен циклдік қайталануды өз санасына сіңіріп алады. Уақыт бұл жерде адам үшін айналмалы және қайталанбалы, сондай-ақ антропо-социо-морфты, яғни адам үшін әлеуметтік тұрғыда маңызды. Адам шынайы нақтылықтан тек қайталануды көреді және соған бағдарланады. Күнді түн алмастырады, жылдың төрт мезгілі бірін бірі алмастырып, ақырында түпкі бастауына қайта оралады. Өз кезегінде, күннің өзі бірнеше циклдерге (таң, түс, кеш және одан арыға ыдырайды) бөлінеді. Уақыттың циклдік сипатына бағдарланған адам өзінің төңірегінен тарих пен дамуды көрмейді. Ол, әрине, дамудың кейбір «жекелеген» айғақтарымен ұшырасуы мүмкін, бірақ оның өзін қайталанушылықтың анықтамаларымен түсіндіреді. Адам туылады, өмір сүреді және өледі, бұл айғақта да қайталанушылық бар. Көшпелі қазақ және тағы басқа шығыс халықтары космогониялық тәжірибелердің арқасында он екі айдан тұратын жылдық циклді қалыптастырды, уақытты одан ары түсіну нәтижесінде он екі жылдық мүшел цикліне келді. Ал таза көшпенділіктің өзінің де өзіндік уақыттық циклі болады. Бұл белгілі бір дала аймағы бойынша оның қозғалыс ырғағына, бір экожүйені тиімді пайдалануға байланысты. Бұл цикл әдетте үш жүз жылдықпен саналады. Ежелгі түркілер мен қазақтардың ата-бабалары өздерінің табиғатқа етене жақындығымен фенологиялық күнтізбені қолданды. Мұның өзі халық – адам – табиғат қатынасын мейлінше толық әрі лайықты көрсететін болмыс қисыны. «Этнос, - деп жазады Л.Н. Гумилев, - табиғат құбылысы, ол әлеуметтік институттар формасына ауысып отырады және әрбір жеке жағдайда – тіл, дәстүр, идеология, материалдық мәдениет және т.б. индикаторлар арқылы айқындалады... Халықтың әл-ауқат жағдайын анықтайтын, классификация үшін аса ыңғайлы индикаторлардың бірі этностық сананың (әрбір халықтың) уақыт категориясына қатыстылығы болып табылады» [4]. Тағы бір бағыт– дүниетанымдық мәселелерді адам болмысының, оның өмірі мен тіршілігінің, өлім мен өмірдің тұрғысынан талдау. Яғни, басқаша айтқанда, бірқатар мәселелер философиялық антропология тұрғысынан қарастырылады. Жалпы дүниетаным кең мағынада түсіндіріледі: дүниетаным тұтастай алғанда әлемге деген, жекелей алғанда ондағы құбылыстарға деген, адам мен адамзатқа деген, оның әлемдегі орнына деген, қоғам мен оның жекелеген салаларына деген, таным үдерісіне деген мейлінше қорытылған көзқарастарды құрастырады. Ол экономикалық, әлеуметтік-саяси, құқықтық, моральдік, көркемдік, діни, философиялық және басқа да көзқарастарды жинақтайды. Дүниетаным жаратылыстық білімдердің жиынтығын білдіретін табиғат кескінін, әлеуметтанулық білімдердің мәліметін беретін қоғамның кескінін және адамтанудың мазмұнын құрайтын адамның кескінін өз бойына қамтиды. Дүниетанымның әр алуан типтерінде (мейлі ол діни болсын немесе зайырлы болсын) мифологиялық, діни, философиялық көзқарастар идеялардың тұтас жиынтығының негізін құрайды. Сонымен, қорыта айтқанда, дүниетаным адам мен қоғамның тұтастай алғанда әлдемге және жекелей алғанда ондағы алатын өзінің орнына, өз өмірінің мәніне және адамзаттың тағдырына деген қорытылған көзқарастардың жүйесі; адамдардың байыпты ғылыми, философиялық, әлеуметтік-саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық және діни құндылықтық бағдарларының, көзқарастарының, наным-сенімдерінің және мұраттарының жиынтығы. ary-olardynh-maqsaty-men-mindetteriың халықтық құралдары.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет