Халықтық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мазмұны


Қазақ батырлары, эпостары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру



бет3/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#19810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
93-115 этно

Қазақ батырлары, эпостары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Патриоттық тәрбие ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Патриоттық сезімнің адамзатты өрге бастайтынына өз ұлтымыздың тарихынан  талай дәлел келтіруге болады. Ұлан-байтақ жер көлеміне  бірнеше шағын мемлекетті сыйғызып жіберуге болатын қазақ жерін ата-бабаларымыз қалай ғана «найзаның ұшымен, білектің күшімен»  ұлтарақтай жерін де жауға иелік еткізбей сақтап қалғанына таңданамыз.

Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.

Сонау Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым, Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы жағдай да осындай болатын. Қазіргі қоғамдағы елдік мақсаттар көпұлтты қоғам жағдайында шешілуі керек. Түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындықтарға әділдік тұрғысынан қарау керек. Әділдік қана қиыннан жол табуға бағыт сілтейді.

Кеңес дәуірінде де патриотизмге ерекше ден қойылды, алайда онда ұлттық патриотиз еш ескерілмеді. Қазіргі жағдай басқа. Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезде еліміздің мәңгілік ел болуына кепіл болатын бірден-бір қасиет патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою ертеңге сілтейтін жағдай емес. Зерделеп қарар болсақ, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Осы екі ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіре отырып, сол арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсінік қалыптастыру – отбасында ата-ана мен мектепте мұғалімдердің басты міндеті. Түрлі еңбектерге сүйене отырып осы екі ұғымның маңызын ашып көрсету – жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттілігі.

Қаһарман жазушы Б. Момышұлы «ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан  және шыққан тегі , территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» дейді.

Бұдан шығатын тұжырым: Б. Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау ұлттық патритизмнің критерийі болып шығады. Жас мемлекетіміздің болашақ тіректерін патриотизмге тәрбиелеуде, міне, осы негізгі ұғымдар басшылыққа алынғаны жөн тәрізді. Б. Момышұлы айтып отырған белгілер – тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру, мінез-құлқына патриоттық сипат беру – мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл – оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасын табуы тиіс.

Бабадан қалған кең байтақ жерімізде өмір сүріп отырған барша халық «Тәуелсіз Қазақстан» деген жас мемлекетке бірікті. Ендеше, олардың мүдде, мақсаты, күнкөріс жағдайлары бір бағытты ұстануы керек. Осының өзі «қазақстандық париотизм» ұғымын қалыптастыру мақсатын қояды.

Ал қазақстандық патриотизмнің арқауы – қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, ел жетістігіне сүйсіну және мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру  қазақстандық патриотизмнің белгілері. Оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі тағы да ата-ана мен ұстаздарға тікелей қатысты. Бұл өз ретінде жас буындарға құр сөзбен емес, «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарыды бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысында» (2012 ж. 29 маусым №873) көрсетілгендей алдарына нақты мысалдарды келтіру арқылы өнеге көрсетілуі қажет.

Туған халқымыздың өткеніне көз жіберсек, патриотизмнің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі егемен ел болып, еңсеміздің биік болуы – бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Жоңғар шапқыншылығы мен берідегі ұлт азаттық көтерілісті алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей патриотизмге тәрбиелеу тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жаны мен тәнін аяп қалмаған. Осындай тарихи тәжірибеден сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл-аймақ ықпалының күшті болғанын көреміз. Демек, бұл қасиетті сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайтынын ерекше ескеріп, тәрбие саласындағы жұмыс барысында ата-ананың да отансүйгіштік рухын көтеріп отырған абзал.

Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешіргенін, бүгінгісіне қалай қол жеткізгенін, өз тарихын жасау үшін қалай тер төгіп, қандай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, азап шеккендігін, қалайша жерін қорғап, елін сақтағанын балаға мектепке бармай тұрып санасына түрлі тәсілдермен сіңіре берсек, ұтарымыз мол болар еді.

Патриотизм үлгісі, бергісі, кешегі 1986 жылғы әлемді дүр сілкіндірген қасіретті желтоқсан оқиғасы, арғысы, сонау Орхон жазба ескерткіштерінде жазылып қалдырылған Білге мен Күлтегін істері мен қазақ даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл-Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд  Қашқари, жыршы-жыраулар Асан қайғы, Доспамбет, Бұқар жыраулар, Махамбет, т.б.  шығармаларында айқын көрінеді.

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов,  Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін  халық алдындағы борышым деп түсінеді. Оның шығармалары қазақ тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншіліктен көрініс тапты.

Патриоттық тәрбие – Отан түсінігі бір-бірінен ажырағысыз ұғымдар. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет