4-апта (13.02-17.02) 13 ақпан дүйсенбі күні бірінші сағат 7-«А» сыныбында геометрия пәнінен апайымнан рұқсат сұрап сабақ өттім. Тақырыбы: үшбұрыштар теңсіздігі. Бұл жаңа тақырып болмағандықтан, яғни қайталау сабағы болғандықтан оқушылар бұл тақырыпты жақсы білетін. Және оларды тексеру мақсатында түрлі тапсырмалар дайындап келген болатынмын. Сабақты топқа бөлуден бастадым. Оқушылар мұғалім столы үстінде тұрған үш түрлі үшбұрыштар: сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың біреуін таңдау арқылы топқа бөлінді және топтарының атаулары солай аталды. Одан кейін топ басшылары сайланды және сабағымыздың ұйымдастыру кезеңі басталды. Сабақты қысқаша қайтадан түсіндіріп өттім және сол тақырыпқа қатысты оқулықтан әр бір топтан бір –бір оқушы шығып 3 есеп шығарды. Тестпен жұмыс жасадық. Карточкаларға жұптық жұмыс ретінде түрлі өткен тақырыптар бойынша есептер жаздым. Сергіту сәтінде жалпы геометрия сабағы бойынша ИЯ немеме ЖОҚ ойынын ойнадық. Тез – тез сұрақтар қойылап отырды және сұрақтарға оқушылар 3 секунд ішінде жауап берулері керек еді. Сабақты пысықтау мақсатында крассворд шештік. Оқушыларға үй тапсырмасы берілді. Сабағымыз солай аяқталды. Сабақтан шығып апайым өз ойын айтты. Қандай әдістер тиімді болуын айтып өтті, бірақта апайымға да, оқушыларға да сабақ өте қатты ұнады.
Екінші сабақ 7-«Б» сыныбында геометрия сабағы болды. Және оларғада дәл сондай сабақ өттім. Бірақ бұл жолы Севара апайым айтқан кеңестері брйынша одан да жақсы өтуге тырыстым. 5-«Б» өзімнің сынып жетекшілік сыныбымда 3- сағат математика сабағы болды. Бұл дәрісте апайым өзі сабақ өтті, ал мен бақылап отырдым. Оларға «Ондық бөлшектерді көбейту» деген тақырып өтілді. Сол тақырыпқа қатысты оқулықтан көптеген есептер шығарылды. Оқушылар тіпті тақтаға шығуға таласты. Бүгінгі күнім өте тамаша өтті. Өткені сабақ өту барысында көптеген тәжірибе жинадым.
17.02.2023ж жұма күні. Аптаның соңғы күнінің бірінші сабағы 7-«Б» сыныбында алгебра сабағы болды. Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығардық. Бірақ көп оқушылар осы тақырыпқа қиналғандықтан, апай екеуіміз түсінбеген оқушыларға жеке – жеке түсіндірдік.
Соңғы сабақта, яғни 6-сабақ 5-«Б» сынып жетекшілік сыныбымда тәрбие сағатын сынып жетекші апайым Диларам апаймен «Мәдени киіну эстетикасы» атты тақырыпта тәрбие сағатын өттік. Пікірталас сабағы ретінде өтілді. Оқушылар өздерінің пікірлерімен бөлісті. Сабақ қызықты болды.