Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі



бет4/5
Дата17.07.2023
өлшемі3,04 Mb.
#104441
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
умидааа

7-апта (06.03-10.03)
06.03.23ж. Бұл апта мереке аптасы. Сондықтан бірінші күннен бастап мектепте әр бір оқушы болсын апай, ағайлар барлығының көңіл – күйлері көтеріңкі болды. Көктемнің алғашқы күндері болғандықтан оқушыларда әдемі болып, қалын формаларын шешіп мектепке келді.
Басқа да мұғалімдердің сабақ өту әдіс-тәсілдерінен тәжірибе алу мақсатында, математика пәнінің озық тәжірибелі мұғалімі Севара апайдың 6 «А» сыныбымен өткен ашық сабағына қатысып, сабақ өту барысы мен оқушыларды бағалауына мән бердім.
10.03.23ж. Бұл күні мен ашық тәрбие сағатын өттім. 8-наурызға байланысты «Қыздарға әсемдік жарасады» атты. Бұл ашық тәрбие сағатымызға ер балдарымыз қатысып, қыздарға концерт қойып бердік. Әр бір қызға арнап өлең оқып, подаркаларын тапсырды. Тәрбие сағатымызды сынып жетекшісі Бабажанова Диларам апай құттықтау сөзімен ашып берді, біз балдармен жалғастырдық. Ойында болды, ән де айттық хор болып ана туралы, ер балдарымыз биге түсті. Соңында фотоларға түсіп алдық естелік үшін.









13.03.2023ж.Сегізінші апта 7 «Б» сыныбына геометрия пәнінен «Тікбұрышты үшбұрыштыр» тақырыбында сабақ өттім. Үй жұмысын оқушылардан “Бинго” әдісі арқылы сұрадым. Сабаққа қатыспай отырған оқушыларды алға тартып, сұрақтар қойып, сабаққа араластырдым.Оқушылардың алдында өзімді қалай ұстау керек екенін, үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа қалай араластыру керек екенін үйрендім. сұрап, келесіде қайталанбайтындай қылып сабақ алдым.


Сосын жаңа сабақ түсіндірдім. Жаңа сабақты толық ашып алғаннан кейін оқушыларға сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойып, тапсырмалар орындаттым.Оқушыларға тосыннан сұрақ қою арқылы сабаққа дайындығын бағалай отырып, жалпы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасай бастадым. Сабақ соңында әдеттегідей оқушыларды бағалап, кері байланыс ретінде стикерге өздерінің сабақта мазалап жүрген сұрақтары немесе қандай да бір уәжі болса сол стикерге түсіруін сұрадым.Жетекшімнен өтілген сабақтың кем кетік жерлерін сұрап, келесіде қайталанбайтындай қылып сабақ алдым.

Сабақ барысынан
21.03.2023ж. Оныншы апта мектепте 4 тоқсан басталды. 7 «Б» сыныбына алгебра пәнінен жоспарланған «Алгебралық бөлшектерді қосу мен азайту» тақырыбында ашық сабағымды өткіздім. Ашық сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабақтың мазмұнын, мақсатын анықтап, мақсаты бойынша сабақ жоспарын және презентация жасадым. Оқушыларды ынталандырып, қызығушылықтарын оятатын жаңа әдіс- тәсілдер мен сергіту сәтін жоспарға енгіздім. Оқушылар өздерінің қабілеттерін, ізденімпаз әрі жылдам әрекет ете алатындықтарын көрсете алды. Сабақ жоспарын, бағалау дескрипторларын құру кезеңінде пән жетекшім Рисбекова Севара апайдың кеңестері өз пайдасын тигізді. Университетте алған білімімді және практика кезінде жинақтаған тәжірибемді пайдалана отырып сабақты өз деңгейінде жүргіздім. Сабаққа оқушылар белсене қатысып, кері байланыс жасап отырды. Оқушылар сабақты жақсы меңгеріп , берілген есептерді дұрыс шығара алды. Сабақ соңындағы кері байланыста оқушылар сабақта өздерінің алған әсерлерін, не үйренгендерін жеткізді.



Ашық сабақ барысынан

14.03.2023ж. Он бірінші апта Сынып жетекшілікке берілген 5 «Б» сыныбына «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тарбие сағатын өткіздім. Сабақ мақсаты әр адам жеке тұлға болғандықтан, әрқайсысымыз өзіміздің қызығушылығымызбен, қабілеттерімізге қарай мамандықты дұрыс таңдау қажеттігін жастарға дәріптеу болатын. Сабақ барысын бір-бірімізге қабілеттерімізді айтып, психологиялық тренингтен бастадық. Жақсы көңіл-күймен оқушыларды мамандық атауларына байланысты 3 топқа бөліп, сабақты жалғастырдық. Мамандық таңдау мен түрлі мамандық иелеріне байланысты сұрақ-жауаптар ойынын жүргіздім. Ата-бабаларымыздың өсиет етіп қалдырған:- «өмірде екі нәрседен қаталеспеу керек, оның бірі-мамандық таңдау»- осы сөздерін тәрбие сағатымыздың негізіне ала отырып, оқушылар «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе жазды. Оқушылар түрлі мамандық иелерінің орнына өздерін қоя отырып, жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Тәрбие сағатына сынып ұжымы дән риза болды.





«Менің болашақ мамандығым» тәрбие сағаты барысынан

12 апта (10,04-15,04)


Бұл апта аса белсенді болды деп айта аламын Жетекшіміздің сабағын бақыладық Өзім де жетекшімнен сұрап сабақ өттім Оқушыларға Шеңбер тақырыбын түсіндіріп бердім Одан кейн сол тақырып бойынша есептер шешкіздім Оқушылар сабақтың қызық өткенін және оларға барлығы түсінікті болғанын айтты.Сабақтан соң жетекшім сабақ барысында қандай қателіктерге бой алдырғанымды айтты .Сабақ барысында тағы қандай әдістерді қолдануыма болатынын түсіндірді
Ал 5 сыныптаға Ондық бөлшектерді өттік .Олар кішкентай болғаннан кейін оларға ойын арқылы түсіндірген өте тиімді болатынын ұқтым.Сабақты ойын сабақ ретінде өткіздік бұл оқушыларға өте қатты ұнады Сабақ барысында белсенділік танытып сабаққа деген қызығушылықтарын көрсетті

13 апта(17.04-22.04)
Бұл апта оқушыларды танып білуге өте көмектескен апта болды .Түсінген мұғалім болу тек қана сабақ үйретіп қана қою емес екен Мұғалім болу әр бір оқушыға шынайы махаббат бере алу Олардың жан дүниесіне үңіле алу Олардың қиындықтарын шешуге көмектесу Олардың ертеңгі болашағына деген сенімін арттыру Бұл аптада сыныпта қызық оқиға болды Мен үшін сынақ болған сияқты Сыныпта оқушылардың бір бірімен сөзге кеп қалғанын байқадым Олар оңайлықша достаса қоймайтын байқадым Ренжісіп қалған екі тараппен де барып сөйлесейін деп шештім Соңында мәселелерін анықтап екі жақта татуласты Сол кезде өз бойымда мұғалімдік мінездер қалып тасып келе жатқанын байқадым жіне іштей өзім үшін қуанып қалдым.

14 апта


Мерекеге дайындықтың басталу аптасы болды
Мамыр айындағы мерекеге дайындықты оқушылар осы аптадан бастап кетіпті
Жетекшіміздің айтуымен оларға өлеңдер әндер бөліп бердік Оқушыларда өте қатты қызығушылық танытты Олардың 1 мамыр мерекесіне қатысты ойларын сқрадым Естіген пікірлерім мені таң қалдырды Мен оларды әлі кішкентай деп жүрсем олардың ойлары сезімдері біраз есейіпті Олардың ойларынша 1мамыр мерекесі барлық елде тойлануы керек ,сонда әлемде ешқашан соғыста жанжалда дүрбелеңде болмайды Осы бала арман бала қиял барлық адамда болса ғой Мүмкін сонда барлық ғалам бақытты өмір кешермеді ....

15 апта


Қоштасудың қиыны-ай
Бұл апта соңғы апта Қоштасу аптасы Балалармен өткен соңғы апта мерекеге толы болды 1 Мамыр Халықтардың бірлігі күні ,7 Мамыр Отан қорғаушылар күні ,9 мамыр Отан қорғаушылар күні Балалармен жұмыс жасаған соңғы апта осылай қызықты аяқталғанына өте қатты қуаныштымын Әр қайсысына бауыр басыппын ,әр қайсысын ерекше жақсы көріп қалыппын Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған оқу ордамызға ,Хамза атындағы №2 жалпы орта мектепке де алғысымыз шексіз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет