5-апта (20.02-24.02) 20.02.2023ж. 5 сыныптардан Севара апай үй жұмысын оқушылардан “Бинго” әдісі арқылы сұрады. Сабаққа қатыспай отырған оқушыларды алға тартып, сұрақтар қойып, сабаққа араластырды. Сосын жаңа сабақ түсіндірді. Жаңа сабақты толық ашып алғаннан кейін оқушыларға сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатты. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға жаңа тақырып бойынша негізгі формулаларды жаттауды берді.Сабақ соңында әдеттегідей оқушыларды бағалап, кері байланыс ретінде стикерге өздерінің сабақта мазалап жүрген сұрақтары немесе қандай да бір уәжі болса сол стикерге түсіруін сұрады.
5 сыныптардың сабағына қатысу барысында жетекшімнен көптеген дүниелер үйрендім.Севара апай сабақ барысында өткен сабақта берген тапсырмаларды тексерді. Жасап келген жұмыстарын бір-біріне қойғызды. Сосын жаңа сабаққа қатысты көрнекілік ретінде суреттер шығарып, сол арқылы сабақ түсіндірді. Дәптермен жұмыс ретінде жаңа тақырыптың формулаларын жазуларын тапсырды.
Оқушылардың алдында өзімді қалай ұстау керек екенін, үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа қалай араластыру керек екенін үйрендім. Тақырыпты түсінбеген оқушыларға қосымша тапсырмалар беріп, алгебра пәніне деген көзқарастарын өзгерте білдім.
24.02.2023 ж.7 сыныптарға сабаққа кіргенде олардың алгебра дәптерлерін тексердім. Апай бір екі дәптерлерді тексеріп көрсетті, үлгі ретінде. Дәптер тексеруде қиын екенін түсіндім. Сол бойынша тәжірибе жинадым.
5-сыныптарда «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатын апаймен өттік. Патриоттық туралы түсініктер берілді. Одан бұрын Қазақстан Республикасы туралы оқушылардан сұрақ жауап арқылы ойын өткіздік. Яғни ең алдымен өз еліміз туралы мәліметтер біліп алдық. Тәрбие сағаттың соңында отан туралы «кім көп мақал біледі?» деген сайыс болды. Сайыста Элиза деген қыз 9 мақал айтты және жеңіске жетті. Тәрбие сағатты аяқтау үшін Дилноза «Үш бақытым» өлеңін айттып, тәрбие сағаты соңына жетті.
6-апта (27.02-03.03) 27.02.2023ж. 5 сыныптардың сабағына қатысу барысында жетекшімнен көптеген дүниелер үйрендім.Севара апай сабақ барысында өткен сабақта берген тапсырмаларды тексерді. Жасап келген жұмыстарын бір-біріне қойғызды. Сосын жаңа сабаққа қатысты көрнекілік ретінде суреттер шығарып, сол арқылы сабақ түсіндірді. Дәптермен жұмыс ретінде жаңа тақырыптың формулаларын жазуларын тапсырды. Сабақ соңын .Оқушыларды бағалауды да ұмытпады. Практиканың әр күнінде сынып жетекшілік жасайтын 5 «Б» сыныбын ұмыт қалдырмадым. Үзілісте сыныпты түгелдеп, оқушылардың үлгерімдері мен тәрбиелерін тексеріп жүрдім. Сабақ беретін мұғалімдерімен байланысып шағымдары бар жоғын сұрастырдым. Сыныбыммен байланыс үзген жоқпын.
Келесі апта 8-наурыз мерекесі келе жатқанына байланысты, 5- сынып ұл балдарымен сабақтан кейін 8-Наурыз мерекесіне сценарий дайындау үшін жиналдық. Әр бір оқушы өздерінің идеяларымен бөлісті. Қыздар үшін сыйлық алатын болдық. Жүргізушы болатын балдарды таңдап, қыздарға арнап өлеңдер бөлдім.
03.03.23ж. Мен мектепке практикаға барған көктемнің бірінші күні болды. Барғаннан, сабаққа кіргеннен оқушылар алғыс айтып күтіп алды. Менде оларға алғыс айттым. Практикам сәтті басталды. 1- сабақ 7-«Б» сыныбында алгебра сабағы болды. Апай олардан өзіндік жұмыс алды. Өйткені қайталау сабағы еді. Оқушылар сабақ біткенге дейін тесттерін шығарып отырды, оларға қосылып менде шығардым. Кейінгі сабақта алған тесттерді апайман қосылып тексердік және бағаларын электронды журнал bilimland.kzға қойып шықтық. bilimland.kz сайтымен жұмыс жасауды үйреніп алдым.
5-сыныптарға әр оқушыға карточкалар дайындап келген болатынмын. Жаңа тақырып бастамас бұрын сол карточкаларды тараттым. Сол карточкадағы есептерді дұрыс шығарса, бүгінгі күннің жаңа тақырыбының атауы шығатын еді. Бұл әдіс оқушыларға катты ұнады.