Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі



бет5/5
Дата17.07.2023
өлшемі3,04 Mb.
#104441
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
умидааа

Қорытынды
Мен күнделікті сабақтарды оқушыларды топтау, жекелеу, жұптау және тағы басқа жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа деген, пәнге деген, білімге деген қызығушылығын арттырып, күнделікті сабақтарыма тиянақты дайындалдым. Сыныптағы белсенді емес оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алуына, қорқынышын жеңе білуіне көмектесе білдім. Сабақтарда жетекшіммен кеңесе отырып, сол кісінің ақылын тыңдай отырып, сабақ өттім. Білікті ұстазымнан практика барысында мол тәжірибе жинақтадым. Оқушылармен жеке – жеке қалай жұмыс жасау керек екендігін, олардың сабаққа деген ынтасын қалай ашу керектігін үйрендім. Практика барысында сабаққа қатысты іс-қағаздар жазуды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын, ұзақ мерзімді сабақ жоспарын жазуды және БЖБ мен ТЖБ құрастыруды меңгердім. Сабақты ұйымдастыру, түсіндіру, үй жұмысын сұрау, әдіс-тәсілдерді қолдану, кері байланыс жасау, бағалау секілді жұмыстармен толықтай танысып, сабақ өткен кезде пайдаландым. Сабақтан тыс ашық үлгілі тәрбие сағатын өткізу тәсілдерін жіті меңгердім.
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 15 апталық педагогикалық практика II өту барысында түсінгенім, мұғалім мамандығы өте жоғары жауапкершілікті, біліктілік пен білімділікті, ұстанымды, мейірімді, сабырлы, әдепті, оқушыларға деген махаббаты, өз пәніне, өз мамандығына деген үлкен махаббатты талап ететін жұмыс екендігін білдім. Еліміздің жарқын әрі ақылды, тәрбиелі, білімді жастарының шығу осы біздің, яғни мұғалімдердің қолында екенін ұқтым. Мен осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.
Жетекшілік еткен сынып оқушыларын әрдайым қадағалап, олардың амандықтарына және мектеп қабырғасында алуға тиіс білімдерін, одан бөлек оларға моральдық жағынан көмек беріп отыру керек екендігін түсіндім. Мектеп қабырғасында педагогикалық практикадан өту барысында өзімнің түйгенім сынып жетекші болған жағдайда оқушыларды қоғам талабына сай білімді, білікті, ұстамды, Отан алдында қызмет ететін азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуге күшімді салып тырысатын боламын.

Директордың оқу ісі Зайдитдинова Д. жөніндегі орынбасары:


Практикадан өтуші: Акимжанова М.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет