Хандық биліктің жойылуы


Орта жүзде хандық биліктің жойылуы



бет2/3
Дата18.11.2023
өлшемі71,92 Kb.
#124628
1   2   3
Байланысты:
8 дәріс

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы

  • Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың I жартысындағы дамуында 1822 жылғы қабылданған «Сібір қазақтарының Жарғысы» елеулі рөл атқарды.
  • 1815 жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады.
  • Бөкей хан 1817жылы, Уәли хан 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін, Орта жүзге хан тағайындалмады.
  • 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді

Басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Әкімшілік құрылымы мынадай.


1. Округ 15-20 болыс.
Басшысы: аға сұлтан
2. Болыс 10-12 ауыл. Басшысы: болыс сұлтаны
2. Ауыл 50-70 шаңырақ.
Басшысы: ауыл старшины
Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды.

Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты.

Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты.

Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді.

Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.


Округтық приказдың негізгі міндеттері
округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
халыққа білім беруге қамқорлық жасау;
тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту;
қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;
өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;
тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;
діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;
көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;
сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет