Ханымдар мен арулар


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата11.01.2017
өлшемі3,21 Mb.
#1667
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Сүйінбикенің бір бəйітінде мынандай жолдар бар:
Мың да бес жүз он бесте
Келіппін мынау өмірге...
Сүйінбике – атым да, затым – ноғай, 
Қайда енді дəуренім?
Сұлу шашым, нұрлы жүзім
Таппай сені əуремін, – 
деп мұңын шертеді. Бұл – ұзақ тоғаудан алынған бір ғана үзік. 
Аударған – ақын Аян Нысаналин.
Сүйінбикені  біз  Қазан  хандығының  дербестігін,  тəуелсіздігін 
сақтау жолында азаттыққа ұмтылған, тəуекелі тұрып, Иван Грозный 
сынды қанқұйлы патшамен соғысуға бел буған қайсар да ұлы тұлға 
деп танимыз. 
Сүйінбик  туралы  білгенімізден  білмегеніміз  көп  болған  соң 
дерек жинау мақсатында 2012 жылы Қазан қаласына арнайы барған 
сапарымыз жайлы айта кеткім келеді. Сол сапардағы біздің басты 
іздегеніміз  –  əлі  күнге  дейін  ел  аузында  сақталған  Сүйінбикенің 
бəйіттерін жинау, оның тағдырымен терең танысу еді. Бұл сапарда 
біз осы ойлаған мақсатымызға жеткендейміз. 
Алғашқы  бас  сұққан  мекемеміз  –  Татарстан  Ғылым 
Академиясының Ғалымжан Ибрагимов атындағы Тіл, əдебиет жəне 
өнер  институты  болды.  Директоры  Минуллин  Ким  Мұғаллимұлы 
деген  зиялы  азамат  екен,  жылы  шыраймен  қарсы  алды.  Біз 
Сүйінбике жайлы деректер мен оның бəйіттерін іздеп жүргенімізді 
түсіндірген соң, бізді ауыз əдебиеті бөліміне жіберді. Бұл бөлімде біз 
Айсылу  Садыйқова,  Зафер  Гамиев,  Фатых  Урманче  сынды  белгілі 
ғалымдармен жүздесіп, танысып, аз уақытта біраз сұрақтарымызға 
жауап  тапқандай  əсерде  болдық.  Осы  институтта  татар  ауыз 
əдебиетінің  мол  мұраларын  жинақтаған  «Халық  ижаты»  («Халық 
жырлары»)  көптомдығының  бірінен  оған  кірген  Сүйінбикенің 
кейбір  бəйіттерінің  көшірмесін  алдық.  Ғалым,  зерттеуші  Айсылу 
Садыйқова  бізге  «Сөембикə»  журналына  баруға  кеңес  берді,  əрі 
осы журналдың қасында Сүйінбике мұраларын жинап отырған алқа 
барын да айтып, мекен-жайының қайда екенін тауып бергені.
«Сөембикə»  журналының  редакциясы  бізді  үлкен  іждаһатпен 
қарсы алды.

107
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Мен ұзақ жыл «Қазақстан əйелдері» журналында қызмет жасаған 
едім.  Сол  уақытта  біз  Одақтас  Республикалар  дейтін  КСРО-ның 
құрамындағы  əр  ұлттың  əйелдер  журналдарын  жаздырып  алып 
тұратынбыз. Ол кезде Татарстанның əйелдер журналы «Азат қатын» 
деп  аталатын.    1991  жылдары  коммунистік  партия  тараған  тұста 
олар  журналдарының  атын  «Сөембикə»  деп  өзгертіп  алған  екен. 
Екі жағымыз да көптен қол үзіп, көз жазып қалған туысқанымызды 
қайта  тауып,  қауышқандай  əсерде  болдық.  Әңгімеге  өзек  болар 
ортақ  жайлар  көп  еді.  Бұл  журнал  ұжымы  бір  ғылыми  зерттеу 
институтының жұмысын атқарып отырғандай көрінді бізге.
  Сүйінбикенің  бəйіттерін  жинап,  əлсін-əлсін  журналдарында 
жариялап отырады  екен. Сонымен қатар, Сүйінбикенің дəуірі, жеке 
өмірі  жайлы  тың    зерттеулерді    де  жинақтап,  кітап  та  шығаратын 
көрінеді. Сүйінбике жайлы жазылған көркем шығармалар да, өлең-
жырлар да осы арада жинақталған. Көкейіміздегі көп сауалдардың 
жауабына осы арада қаныққандай болдық. 
«Сөембикə»  журналындағы  əріптестеріміздің  Сүйінбике 
патшайымның  есімін  ел  жадында  ұзақ  сақталу  жолында  атқарып 
отырған істері бізді қатты ойға қалдырғаны анық. Кісі қызыққандай 
тірлік.
Осы арада біз Сүйінбикенің суретшілер салған кескіндерімен де 
таныстық. Бізге  ерекше ұнағаны Бақый Урманченің жасаған жұмысы 
болды.  Сондай-ақ  Камил  Муллашевтің  «Сүйінбике  ханбике»  деп 
аталатын суреті де ерекше əсерге бөледі. Әрі Камил аға Муллашев 
Қазақстандық  суретші  екенін  білген  соң  көңіліміз  одан  сайын 
марқайып қалды. 
Қазан сапарында көңілімізді алаңдатқан тағы бір жайды сіздермен 
бөліскіміз  келеді.  Қазан  қаласында  Сүйінбикенің  өзі  Сапагерей 
қабірінің  басына  тұрғызған  мұнарадан  басқа  бірде  бір  ескерткіш 
белгінің жоқтығы көңілімізді жүдетті. Не көше, не мектеп, не елді 
мекен атауы берілмеген. Тек əйелдер журналының атауынан басқа...
Осы түйткілді ойға жауап іздеген бізге Һади Атласидің «Сөембикəнің 
тұтқындалуы бір халықтың, тұтас бір ұлттың тұтқындалуы» деген 
сөзінде үлкен көрегенділік жатқандай көрінеді. 
Көрегенділік  демекші,  Сүйінбике  бəйіттерін  зерттеген  ғалым 
Ф.Урманче «Лиро-эпос татар Среднего Повольжя» деген еңбегінің 
Сүйінбикеге арналған тарауын былай деп аяқтайды: 
«Сүйінбике  өзінің  сүйікті  жары  Сапагерейді  жоқтаған 
бəйіттерінде  бір  емес  бірнеше  мəрте  Қазандықтарға,  тек 

108
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қазандықтарға ғана емес, барша Еуразия мұсылмандарына алдағы 
қауіпті айтып ескертті ғой. Орыс империясының басқыншылығы тек 
Қазанды шабумен шектелмейтінін, өзінің басына түскен ахуалдың, 
бұл  –  алдағы  уақытта  мұсылман  елдері  мен  халқының  да  көретін 
зобалаңы екенін зарлап айтты емес пе?! Біра, оған құлақ асқан кім 
бар? Біздің бүгінгі терең қынжылысымызға орай, Қазанның соңғы 
патшайымының сөзінде үлкен көрегендік, ащы шындық жатқанын 
енді мойындамасқа лаж жоқ». 
Федерацияның құрамында отырғандықтан Сүйінбике турасында 
«орыс  патшасына  қарсы  соғысқан»  деген  қатып  қалған  ұғымынан 
тайсақтап, елдік жадылары бодандықтан əлі шыға алмай отырғандай 
ой  тастайды.  Сүйінбикенің  500  жылдығы  таяу  екен  ғой  деген 
сөзімізге «біз оны тойлай алар ма екенбіз», – дегендей, күмілжіген 
жауап қатты біз пікірлескен зиялы қауым өкілдері. Сонда біз іштей 
«тəубе»  дедік.  Тəуелсіздікке  қол  жеткізген  елдің  өкілі  екенімізді 
терең  сезініп,  бақытты  күй  кештік.  «Ал,  біздің  ел  не  істей  алар 
екен?» деген сауал да оралды көкейімізге.
Сүйінбикенің бəйіттерін жинап, Сүйінбикенің Сапагерей қайтқан 
кездегі  жоқтауын,  Мəскеуге  тұтқын  етіп  əкетіп  бара  жатқандағы 
хан  қабіріне  барып,  оның  рухымен  қоштасуын  жеке-жеке  көркем 
тілмен аударып, Сүйінбикенің зары немесе зар-толғауы деген атпен 
ауыз əдебиеті нұсқаларына қосуға неге болмасын?! Ол біздің ауыз 
əдебиеті мұраларын байыта түсері сөзсіз. 
Әрине,  біз  Сүйінбикенің  бəйіттері  поэзияның  інжу-маржанына 
жатады дей алмаймыз. Бірақ оның сол дəуірдегі тарихи жағдайлармен 
қабат  өріліп,  оларға  бір  ғасырдың  тұтастай  тыныс-тіршілігі  өзек 
болып жатқаны шындық қой. 
Мəскеуге  тұтқын  болып  əкетілген  Сүйінбике  көп  жапа  шегіп, 
озбырлық  көреді.  Баласын  қолынан  тартып  алып,  бөлек  ұстайды. 
Ақыры  оның  да  көзін  жояды.  Әкесі  Жүсіп  би  орыс  патшасына: 
«Қызымды қайтар, əйтпесе Мəскеуді шабамын» деп, елші артынан 
елші  аттандырумен  болады.  Иван  Грозный  бұл  уақытта  Жүсіптің 
қолында Мəскеуді шабарлықтай күштің жоғын жақсы білген. Бірақ 
мұсылман хандықтарының бас көтеруінен сескеніп, əрі Сүйінбикені 
өлтіріп,  тарих  алдында  қарабет  атанғысы  келмей,  оны  Шахəліге 
сыйға  тартады.  Қаһарлы  Иван  Сүйінбикенің  ажалы  түбінде 
Шахəліден болатынын алдын ала болжағандай.
Орыстардың  Қазанды  алуына  жəрдемдескен,  халқын  сатқан 
Шахəліні  орыс  патшасы  Рязань  губерниясындағы  тағы  бір 

109
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
мұсылман  хандығы  –  Қасымов  хандығының  тағына  қуыршақ  хан 
етіп отырғызады. Сүйінбикені соған беріп жіберіп, өзі жақсы атты 
болып, Жүсіп биге: «Қызың дін аман. Қасымов ханына ұзаттым»,– 
деп  жауап хат жібереді. 
Алайда,  Сүйінбике  халқының  қарғысына  ұшыраған  Шахəліні 
өзіне  теңгермейді.  Бойын  одан  аулақ  ұстайды,  көңілін  бөлмейді. 
Шахəлі  күш  қолданып,  бетін  тілгілеп,  көп  зəбір  көрсетеді. 
Сүйінбике  енді  өзін  бұдан  құтқаратын  күштің  жоғын  əбден  білсе 
керек. Өйткені, бұл уақытта Ноғай ордасы да Ресейдің қол астына 
өтіп кеткен болатын. Оның əміршісі болып өмір бойы Жүсіп бимен 
бақталасып, орыстарға жағынумен билікке қолы жеткен Ысмайыл 
мырза отырған. Қазан хандығы да бас көтере алмастай жаншылып, 
байлығы  талан-таражға  түскен  еді.  Осы  қайғыны  көтере  алмаған 
Сүйінбикедей ерекше жаратылыс иесі енді артымда алаңдайтындай 
не  қалды  дегендей  өмірден  түңіліп  кетсе  керек-ті.  Ол  1557  жылы 
Қасымов  хандығындағы  мешіттің  мұнарасынан  құлап,  төркін 
жұрағаты  Ноғай  Ордасынан  да,  өзі  жастай  келін  болып  түскен, 
ерекше бауыр басқан жұрты – Қазаннан да жырақта опат болады. 
Азаттыққа ұмтылған ғазиз жаны осылайша жай табады. 
Біз  бұл  жолы  Рязань  губерниясындағы  Қасымов  қаласына  бара 
алмадық. Тəңір қолдап, тағдыр жазып, дəм тартса, алдағы уақытта 
бір барып, басына тəу етіп қайту ойымызда бар.
Қазан сапарынан ауыр оймен оралдық. Сүйінбике патшайымның 
туғанына  500  жыл  толуына  орай  қандай  шара  жасай  аламыз 
деген  тынымсыз  ой  мазалады.  Қазанға  бірге  барған  сапарласым, 
Еуразия  ұлттық  университетінің  профессоры,  ақын  Жанат 
Әскербекқызы  екеуміз  келген  соң  Астана  қаласының  əкімдігіне, 
əкімшілік жанындағы ономастикалық комиссияға астана қаласынан 
Сүйінбикенің атына бір көше беруін сұрап, өтінішпен ұсыныс хат 
түсірдік.  Қалалық  ономастикалық  комиссия  оң  шешім  шығарып, 
Республикалық ономастикалық комиссияға жолдаған. Сол құзырлы 
орынның  жауабын  күтудеміз.  Ел  ағалары,  зиялы  қауым  өкілдері, 
Сіздерден осы ұсынысты қолдауды өтініп сұраймыз.
«Егер де Сүйінбике атына көше берілер болса, сол көшенің бойына 
оңтайлы  жерге  Сүйінбикеге  ескерткіш  орнатсақ»  деген  суретші 
Камил Муллашев бастаған ынталы топ бар. Оған керек қаражатты 
Татарстан  жағы  көтеруге  пейілді  көрінеді.  Астана  мен  Алматыда 
немесе  облыс  орталықтарында  ашылып  жатқан  жас  саябақтардың 
біріне Сүйінбикенің аты берілсе деген де ұсынысымыз бар.

110
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Тарих факультетінің профессоры
тарих ғылымдарының докторы
ХАНЫМДАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК 
ЖƏНЕ САЯСИ ӨМІРДЕГІ ОРНЫ
Еуразия тарихындағы төре билігіне қатысты ауызша жəне жазбаша 
деректерде ханымдардың ерекше орыны атап көрсетіледі. Бұл əсіресе 
Алтын орда (Ұлығ ұлыс) кезеңіне қатысты тарихи құжаттарда орын 
алады.  Көшпелілердің соңғы империясының билеушілері өткізген 
саяси  кеңестер  мен  ресми  құжаттардың  жазылуына  қашанда 
ханымдардың  қатысы  барлығы  деректерден    айқындалады.  Сол 
сияқты  XVIII  ғ.  қазақ  тарихына  қатысты  құжаттардың  көбi  қара 
халықтан гөрi төре тұқымының, яғни хандар мен сұлтандар өмiрiне 
қатысты  мəлiметтердi  көбiрек  бередi.  Бұл  əрине  Ресей  мен  Қазақ 
Ордасының,  немесе  Қытай  мен  Қазақ  Ордасының  арасындағы 
қарым-қатынаста  қазақ  елiмен  түбегейлi  жақындық,  зерттеу,  бiлу 
емес, саяси аңдысудың, тамыр басудың үстем жүргендiгiнiң көрiнiсi. 
1731 жылы бодандық туралы алғашқы қабылданған құжаттарда 
«Император қамқорлығынан ада қалмайық, жауларымыздан қауiп 
күтпейiк»  деген  сияқты  тиянақты  пiкiрлермен  қоса  Әбiлқайыр 
бəйбiшесi  Бопай  қолын  кездестiремiз.  Ресейдiң  императрицасына 
Бопай  ханым  өз  атынан  10  түлкi  терiсiн  сыйға  тартқан.  Әз  Тəуке, 
Әбiлмəмбет  пен  Абылай  хандарға  байланысты  жазылған  көптеген 
архив  құжаттарында  ешқашан  əйел  атын  кездестiрмесек  те, 
Әбiлқайыр  маңындағы  оқиғалардан  Бопай  ханымның  белсендi 
əрекеттерi  көрiнiп  тұрады.  Соның  iшiнде  Қ.Тевкелевтi  қарсы  алу, 
қарсы  жақпен  күрес,  ел  кеңестерi  бəрi  де  бар.  Көптеген  қатынас 
қағаздардан Бопай ханымның Қ.Тевкелевке қазақ мəселесiн талдап 
жеткiзiп отырғанын байқаймыз. Бопай ханым елшiнi қайынаға деп 
атауы да өтiмдiлiктiң белгiсi болса керек.
1740 жылы Бопай ханым Ресей астанасына барып Анна патшаға 
жолықпақ ниетте болды. Бұл тақырыпта құпия кеңесшi Қ.Тевкелевтiң 
үкiметке жазған хабарламасы бар. Атақты Ор кездесуiнде генерал-
лейтенант  В.Урусов  Нұралы  мен  Ералы  сұлтандардан  ханымның 

111
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қай  уақытта  астанаға  бармақ  ойы  бар  екенiн  бiлiп  жəне  Орынбор 
үкiметiнiң өз тарапынан қосымша дайындық жасап жатқанын хабар 
еттi. 1740 жылы  қыста бұл келiсiм өз жалғасын таба қойған жоқ, 
сонымен Бопай ханымның нақты жоспары iске аспады деп жобалауға 
болады.
1748  жылы  Бопай  ханымды  хан  ордасындағы  қабырғалы 
кеңестен  көремiз.  Ханым  ел  басшыларының  бетiне  Кiшi  жүз  бен 
Ресей арасындағы ренiш алдымен елдiң бəтуəсiз мiнезiнен, ханды 
қəдiрлей  бiлмейтiн  қасиетiнен,  хан  тiлiн  алмайтын,  өз  бетiмен 
жайылып  жүретiн  тұрақсыздығынан  деп  қатты  екпiнмен  айтады. 
«Ресейге  бодандықтың  арқасында  ел  аздап  болса  да  тыныштық 
көре  бастады,  iргеде  найзасын  төсеп  тұрған  жау  жоқ,  қаласы 
салынып, саудасы жүрiп тұр. Хан болса осы қазақтың амандығы 
үшiн  деп  баласын  орысқа  аманатқа  бердi,  кiм  бауырындығы 
баласын қиып бөтен жұртқа бередi» деп қазақты қатты сөгiп, бiр 
жағы ақыл айтып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығару керектiгiн 
басалқы сөзбен бiлдiрдi [1, 390].
Қазақ  хандарының  шежіре  деректерінде  тектілік  мəселесі 
ерекше орын алады. Оның бір мысалы Есім хан мен Тұрсын ханның 
заманында жаугершілікте қолға түскен қыздардың тағдыры туралы 
аңыз  əңгімелер.    Шəкəрім  Құдайбердіұлы  «біздің  аналарымыз 
Қатаған ханы хан Тұрсынның қызы екен» дейді. Есім хан Қатағанды 
шапқанда,  хан  Тұрсынды  өлтіргенде  қырық  қыз  олжаға  түскен. 
Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  ол  қыздардың  олртасында  екеуі  ғана 
Тұрсын ханның қызы еді дейді: «біреуін Еңсегей бойлы Ер Есімнің 
өзі  олжаға  алып,  біреуін  «Сары  жетім  Шақшақ»  атанған  Шақшақ  
батыр  олжалап  алып,  баласы  Қошқар  батырға  қосқан.  Онан  туған 
Өр Жəнібек. Дəулетбике деген қызды Алтай-Тоқаның Тоқасы алған. 
Ол қыздан туған балалардың аты – Айыт, Қожабарған, Сатыпалды. 
Нұрбике деген қызды Шаншар тоқалдыққа алған. Мұнан туған 
балалардың  аты:  Тілеуке,  Бертіс.  Оразбике,  Қоңырбике  деген 
екі  қыздың  біреуін  Бөйбөрі  алған.  Онан  туған  балалардың  аты 
Қойке.  Жəне  Байбөрінің  Қырырəлі,  Кедей  деген  балалары  болған. 
«Қыдырəлі, Кедейміз, Қойке келсе не дейміз?» деседі екен. Бұл екеуі 
Қойкемен бір туыса ма, жоқ, енелері басқа ма, ол жерін айырып біле 
алмадым».
Тұрсын  ханның  қыздары  туралы  Есім  заманындағы  тарихы 
əңгімлердің  көпшілігінде  бар.  Мəшһүр  қолға  түскен  қыздардың 
ішінде  тек  екеуі  ғана  Тұрсын  ханның  қыздары  еді  дейді.  Осы 

112
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ханшалардың  жанында  жүрген  өзге  қыздарды  жорыққа  қатысқан 
батырлар мен билер бөліп алған.
Есім  хан  мен  Тұрсын  хан  арасындағы  жаугершілікті  баяндаған 
шежіренің  толық  нұсқасында  Мəшһүр  қазақтың  көне  атауларын 
жиі  қолданып,  мəтіннің  соңына  қарай  мынадай  анықтама  береді: 
«Бұрыңғы  заманда  «хан»,  «хан  ием»,  «ханым»,  «ханша»  делінуші 
еді.  Бұл  заманда  қоян  көрсе  қорқатытындарды  «батыр»,  «хан» 
дейтұғын  болды.  Шүберек  қылып  кигізіп  «ханым»  делінеді.  Мес 
мойынды  қыздарды  «ханша»  дейтұғын  болды.  Ешкіні  апа,  текені 
жезде  дейтұғын  заман  болды.  «Бике»,  «Бикеш»  -бұрыңғының 
қыздарына  айтылатұғын  тілі.  Бұл  зманда  «би»,  «биеке»,  «бибі» 
атына  қалды.  Өз  үйіндегі  аты  сол  болса,  бір  жерге  келген  соң 
«келін», «келіншек» атымен жүреді. Оң жақта «күйеу», үйге келіп 
орнаған  соң  «байы»  делінетұғын  болды.  Оң  жақта  «қалыңдық» 
аты, үйге келген соң «қатын» атанады» [2, 10 т,  256 ].
Ел  ынтымағы  туралы  сөз  болғанда  «Абылай  аспас  арқаның 
Сарыбелi» деген əңгiме еске түседi. М.Ж.Көпейұлының айтуынша 
Абылай  хан  бiр  өкпе  кекке  байланысты  қаракесектен  Жанай, 
төртуылдан  Ботақан  деген  адамдарды  ұстатып  «екеуiн  де  көрге 
тiрiдей салғызып, үйiне келедi. Ханымы айтты: Төре, көп кешiгiп 
қалдыңыз,  қайдан  келдiңiз?  дейдi.  Сонда  Абылай  –  Ботақанды 
тiрiдей  көрге  салдырып  келдiм,  –  дейдi.  Ханымы  сонда  айтты 
дейдi: – Бұл Орта жүзден бiзге дəм бұйырмаған екен. Шығарыңыз 
көрден  Ботақан  мен  Жанайды»  деп  [2,  9  т,  55].  Қазақтың  тарихи 
шежiресiнен  алынып  отырған  бұл  оқиға  елдiң  iшкi  шаруасына 
ханымдары  араласатындығын  көрсетедi.  Оған  негiзгi  себептiң  өзi 
беделдi  деген  хандардың  қолдау  iздеп  күштi  рулардан,  елдерден 
əйел алуы. Ш.Уəлиханов Абылайдың 12 əйел алғанын, олардың қай 
екенiн анықтай жазады. «Ханның бiрiншi əйелi – төре қызы, екiншiсi 
–  қарақалпақ,  үшiншiсi  –  қашқарлық,  төртiншiсi  –  қожа,  бесiншi 
–  алтыншы  əйелдерi  қалмақ  нояндарының  қыздары,  жетiншiсi  – 
қырғыз,  қалған  бесеуi  түгел  қалмақ  елiнен».  Шежiре  бойынша 
Абылай  ханның  артында  30  ұл,  40  қыз  қалды.  Қазақ  төрелерiнiң 
iшiнде осы шамалы ұрпақ қалдырған адамдар аз емес, мысалы Кіші 
жүзде  Әбілқайыр  баласы  Нұралы  ханның  бала-шағасының  саны 
одан да көбірек, тек Абылай сияқты əйелдiң бəрiн сырттан алғаны 
сирек.
Бопай  ханымның  да,  Абылайдың  ханымының  да  ел  билiгiне 
араласуы  тек  өз  бастарының  асыл  қасиеттерiне  ғана  байланысты 

113
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
емес. Көшпелi патриархалды қоғамда əйел ер адамнан төмен тұрады. 
Мұның ең сенiмдi дəлелi əдет-ғұрып заңдары, соның iшiнде құнға 
байланысты  ережелер.  Егер  ер  адамның  құны  100  жылқы  болып 
бағаланса, əйел адамдiкi 50 жылқы. Қазақ əйелi əлеуметтiк белсендi 
орынға ие болуы оның отбасындағы статусына байланысты. Негiзгi 
шарт ұлдарының болуы. 
Бопай  ханымның  ұлдары:  Нұралы,  Ералы,  Қожақмет,  Айшуақ, 
Әдiл  Кiшi  жүзде  хан  билiгiн  жалғастырған  мұрагерлер.  Олай 
болмағанда  капитан  Н.Рычков  «қазақтар  ылғи  да  Хан  əйелдерiне 
аз  iлтипат  көрсетедi,  əсiресе  бiрдеңеге  ашуланып  тұрған  сəтiнде 
ханымдардың  көзiнше  балағат  сөздер  айтып,  ұратын  адамдарына 
қол жұмсай бередi. Нұралының ханымы бiр қалмақтың қызына ара 
түсем деп кейiннен қазақтарға айып төлеген», – деп жазады.
Қазақ хандарына қатысты айтыла кетер тағы бiр жайт олардың 
эндогамды некелік  тəртiбi. Төрелер мен қожалар  негізінен жабық 
қауым  құрады.  Сол  себептен  жəне  саяси  қалыптасқан  қарым-
қатынастар тəртiбiне, мұддеге орайлас неке түзу өз iштерiнде. 1730 
жылдан бастап Кiшi жүздегi шиеленiскен бақталастықтың ортасында 
жұрген Әбiлқайыр мен Қайып балалары тығыз неке арластығында. 
Батыр  сұлтан  Әбiлқайырдың  қарындасына  үйленген,  Батырдың 
баласы  Қарабас  сұлтан  ол  да  Әбiлқайырға  күйеу  бала,  Батырдың 
тағы  бiр  баласы  Бөрi  сұлтан  (ол  қарақалпақ  қолынан  1763  жылы 
қаза тапқан) Абылайдың қызын алған. Батырдың Хиуда хан болатын 
Қайып  деген  баласы  Қырық  сан  Барақ  сұлтанның  қызын  алған, 
Барақтың  туысы  Көшек  хан  Нұралы  ханның  қайын  атасы  болса, 
Орта  жүздiң  белгiлi  сұлтаны  əбiлпейiз  Нұралы  ханға  күйеу  бала, 
Айшуақ сұлтанның əйелi Батырдың кiшi қызы, 1761 жылы үйленген. 
Соныменен қазақтың сұлтандары бiр-бiрiне туыс. Төрелердiң iшiнде 
жетi атаға толғанша үйленбейтiн қазақ салты жоқ.
Қазақ  отбасындағы  əйел  жағдайы  тым  төмен,  қадiрсiз  деп 
суреттеу  үстiрт  болмақ.  Әрине,  қазақ  əйелi  тұрмыстың  негiзгi 
ауыртпалығын, шаруаның көбiн атқарады. Фальк XVIII ғасырдағы 
қазақ əйелi туралы «күнделiктi бала күту, тамақ пiсiру, кiр жуудан 
басқа, отын жинау, ағаш, қамыс, қараған, тезек, жапа, т.б. жұн тұтiп, 
иiру, тоқу, кигiз басу т.б. терiнi илеу, бояу, кигiз үйдiң туырлығын, 
үзiгiн  басу,  жылқыны,  түйенi,  сиырды,  қойды  сауу,  iрiмшiк,  май, 
қымыз дайындау, сiңiрден тарамыс, терiден ыдыс – торсық пен саба 
тiгу, ел көшкенде үй  жығып, қайта құру, сабын қайнату т.б. толып 
жатқан  шаруа  əйел  мойынында»  деп  жазады  [4,  I,  161].  Сонымен 

114
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
бiрге  əйелдер  арасында  тек  қана  үй  шаруашылығымен  қатар 
сиректе  болса  əр  түрлi  қоғамдық  шаруаларға  ат  салысу  əдетi  бар. 
1740 жылы Ор кездесуiне қазақ əйелдерi де қатысқан. Соның бiрi 
Орта жүздiң өкiлдерiмен келген ана. Ол В.Урусовқа жолығып өзiнiң 
Едiл  қалмақтарының  қолында  жатқан  ұлын  босатуды  сұрайды. 
Бəйбiше  ұлын  тезiрек  босата  ма  деп  айырбасқа  бiр  қалмақты  ала 
келген. Ананың бел буып сондай iрi мəжiлiске баруы қазақ көшпелi 
қоғамында əйел адамның əлеумет iсiне араласу мүмкiндiгiн көрсетсе 
керек.
Көшпелiлер арасынан, соның iшiнде билеушiлер тарапынан неке 
қарым-қатынастары əр түрлi болатынын бiлемiз. Неке, соның iшiнде 
сұйек  жаңғырту  т.б.  алдыменен  əлеуметтiк  байланыс  шарты,  одақ 
кепiлi,  саяси  қадам.  1730  жылы  Хиуада  хандық  құрған  Елбарыс 
қазақ  төрелерiнен,  оның  қызы  Ералы  сұлтанға  айттырылған.  1740 
жылы Нəдiр шаh Елбарысты өлтiрген уақытта оның от басы тұтас 
парсы қолына тұстi. 1732 жылы көктемiнде Әбiлқайыр Арал ханы 
Шатемiрге  немере  туысының  қызын  ұзатты.  Оны  Нұралы  апарып 
салып,  аралдықтармен  бiрге  Хиуаға  қарсы  соғыспақ  болып  келдi. 
Яғни, отбасынан туындайтын қарым-қатынастар кейде ел мен елдiң 
арасындағы дəнекер, немесе арасын ашатын құрал.
Көшпелiлердiң  салтында  мемлекетаралық  қарым-қатынастарды 
реттейтін  өз  ара  аманатты  от  басымен    бірге  алады.  1743  жылы 
Жоңғарияға  Әбiлпейiз  сұлтан  от  басымен,  төлеңгiттерiмен 
көшiп  барды,  одан  кейiн  Шығай  сұлтан  да  отбасын  түгел  алып 
барды.    1749  жылы  Барақ  қарақалпақтың  басшы  азаматтарының  
он  отбасын  аманатқа  алды.  Абылай  хан  қырғыздан  бiрнеше  рет 
манаптарының  балаларын  отбасымен  аманатқа  алды.  Аманат  екi 
елдiң арасын қосатын дəнекер де болып табылады, сонымен қатар 
аманатты  үйлендiрiп  болашақ  қарым-қатынастарға  негiз  жасау 
бар.  1741-1743  жылдары  Абылай  бiр  деректерде  қалдан  Сереннiң 
туысы  Хочу  Мергеннiң  қызына,  бiр  деректерде  Кенжесарттың 
қызына үйленген. Абылай мен Малайсарыны ұйғырдың екi қызына 
үйлендiрген Қалдан Серен. Бертiн келе əр деректерден қайын атасы 
Кенжесарттың  Қытайда  болғанын  жəне  сол  жақтан  Абылаймен 
хабарласып отырғанын көремiз.
Қазақ  өзiнiң  отбасын  қатты  қадiрлейдi  «өзiмнiң  үйiм  –  өзiме 
мешiт»  деген  сөз  де  қазақтың  ұғымына  сəйкес.  қазақи  тəртiп 
бойынша  «құдайы  қонақпын,  бөлiнбеген  еншi,  мүжiлмеген 
омыртқа» бар деген адамды үйден қайта шығармайды. 1747 жылы 

115

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет