2.8 Сөз-синтагмаларды компонентті талдау
Лексикадағы сөз-синтагмаларды алғашқы талдау үлгісін
дж.Лайонздың «Теориялық лингвистикаға кіріспе» еңбегінен
кездестірдік. «Тілдегі линейлі синтагматикалық қатынастарды ажы-
рату үшін математикалық әдісті пайдалана отырып, тілдегі бір-
біріне тәуелді байланысты зерттеуге болады. ол үшін сөз кластарын
және мүшелерін дәстүрлі Х және Y таңбаларымен белгілеп, олардың
қатарына а, b, n, k таңбаларын қосады. Х, Y таңбасы ірі сөз кластарын
белгілесе, a, b, n, k таңбалары оның мүшелерінің құрама бөлшектерінің
белгілері. Алғашқы сәтте, сөздер бір-бірімен байланысқа түспеген
кезде жай мағыналық байланыс мынадай формулалармен беріледі Х
= a, b; Y = n, k. Сөйлеу актісінде, мәтін ішінде, олар араласып, мы-
надай формула түрінде көрінеді; Х, Y = Y, Х (a n, a k, b n, b k)» [27,
93]. Бір ескертетін жайт, Н.Хомский, Л.Блумфильд, Г.Пауль сияқты
дж.Лайонз да дәстүрлі емес лингвистика өкілдерінің бірі, сондықтан
бүгіндегі тілді дәстүрлі тұрғыда зерттеу принциптеріне кейбір пікір,
ойлары сай келмегенімен, оларды зерттеуге мол үлес қосатыны сөзсіз.
Сөздің лексикалық мағынасының құрылымын компонентті талдаудың
бастапқы варианттарын Ю.Найданың «Мағынаны компонентті тал-
дау» деген зерттеуінен де көреміз. Бұнда ол мағынаны талдаудың
тік (вертикалды) және көлбеу (горизонталды) түрлерін ұсынып, оны
жүргізуді процедура деп атайды [185, 61-74]. Лексикалық жүйедегі
синтагматикалық қатынас сөздердің тіркесімділігінен көрініп
мәнмәтінге тәуелді болады. Компонентті талдаудың басты идеясын
ұғыну үшін дж.Лайонздың семантикалық пропорцияларды сандық
пропорциямен қатар қою арқылы семантикалық көбейткіштерді (се-
маларды) анықтауға болатынын көрсеткен үлгілерін қараған дұрыс.
«Бұл пропорция үлгісі
a : b = c : d түрінде болады, санға көшіргендегі
2 : 6 = 10 : 30 түрінде болады, бұдан 1, 2, 3, 10 көбейткіштерін (сема-
ларын) алуға болады» [27, 496]. Пропорция екі лексикалық мағынаның
арасында болып, жүйедегі лексикалық синтагматиканы құраудағы
семалардың конфигурациясының өзгеруіндегі кейбір семалардың
өзектенуі мен жоғалуы себептерін ашуы тиіс. осы сипаттағы компонентті
талдау лексикалық синтагматиканың жүзеге асуындағы кейбір жайт-
тарды нақтылап, мағыналық байланыс дәрежесін ашады деп ойлай-
мыз. Компонентті талдауды алғашқылардың бірі болып Е.в.Гулыга,
Е.И.Шендельс жазған болатын [186, 291-314]. осы сипаттағы тал-
дауды Т.С.Зевахинаның «Компонентті талдау сөздің семантикалық
құрылымын бөліп алудың әдісі ретінде» атты еңбегінен де көреміз.
Бұл еңбекте ол тұңғыш рет лексикалық мағына құрылымындағы се-
малар жүйесін компонентті талдаудың 134 параметрін көрсетеді
[187, 10-18]. Ал Ю.А.Найданың зерттеуінде де осы компонентті
талдаудың түрлі үрдістері мен жолдары қарастырылады [185, 66].
Лексикалық мағынаның сөйлеудегі құрылымын компонентті талдау
арқылы жүйелеген И.А.Стернин сөз атаушының барлық семаларының
толық типологиясын жасап, құрылымның күрделілігін ашып, сипат-
200
201
тады [97, 106-127]. Компонентті талдау д.Н.Шмелев, А.А.Уфимцева,
Л.М.васильев, Ж.П.Соколовская, о.Н.Селиверстова, в.Г.Гак,
Э.в.Кузнецова т.б. зерттеушілер еңбектерінде кеңінен жазылған. Қазақ
тіл білімінде М.оразов «жүр» қалып етістігіне компонентті талдау
жасап, сема түрлерін ашса [7, 179], Б.Сағындықұлы «атып шықты»
етістігінің семаларын жіктеп, компонентті талдауды этимологиялық
зерттеудегі әдістің бірі ретінде пайдаланады [188, 140]. Ал Р.Сыздық
«берен» сөзінің бастапқы мағынасын айқындау үшін осы әдісті
қолданып, семаларын нақтыласа [189, 183], соңынан нормалардың
қалыптануына орай «ақсақал, бойкүйез, қолтаңба, қарғыбау» сөздеріне
семалық талдау жасайды. «Семдік талдау, біздің қарастыруымызда
мына сатылардан тұрады:
а) құрама сөздің алғашқы компонентінің семаларын анықтау;
б) соңғы компоненттің семаларын анықтау;
в) ортақ семаны немесе семаларды белгілеу;
г) біріккен сөздердің жалпы мағынасын көрсету;
д) ортақ семаның жалпы мағынаға қатысын белгілеу» [63,
213]. осындай зерттеулерге сүйеніп, біз, лексикалық мағынасының
денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық семалар типологиясын
жүйелеп, олардың өзгерістерін нақты мысалдармен талдаған болатын-
быз [190, 104-128]. Ұ.Ж.Қайырбекова қазақ, түрік, өзбек тілдеріндегі
үй жануарлары атаулары негізінде түркі лексикасын компонентті
әдіспен талдайды [143]. А.М.Кузнецов компонентті талдау әдісінің үш
құрама көзін жазады:
а) Бірқатар тілшілердің пікірі бойынша, бұл әдіс алғаш рет кең түрде
американ этнолингвистикалық мектебі еңбектерінде пайдаланылған.
1956 жылы У.Гуденаф, Ф.Лаунсбери еңбектерінде әдістің принциптері
көрсетіліп, оның таралуына негіз болды.
б) Кейбір тілшілер грамматикалық семантикадан, Л.Ельмслев,
Р.Якобсон, Н.С.Трубецкой еңбектерінен басталған деп санайды.
в) дж.Лайонз бұл әдістің шығу төркіні Г.в.Лейбництің логика-
философиялық концепциясынан басталады деп есептейді. Жалпы
тіл жүйесіндегі лексикалық синтагматикаға экстралингвистикалық,
интралингвистикалық факторлар өз әсерін тигізеді. Бұл әсерлерге «...
сөз жасау модельдері мен номинация, мотивация принциптеріндегі
ұқсастықтарды, паремиология, фразеология саласындағы дүниетаным
және бейнелеу ортақтығы т.б. зерттеуді де қосқан болар едік» [191,
15]. Сонымен қатар, мәтіндегі лексикалық синтагматикаға қоршаған
ортамен байланыс, ұлттық мәдениет нышандары, этнолингвистикалық
алғышарттар, тілдік тұлғаның сөйлеу және мәтіндегі ерекшеліктері,
диалектикалық ықпал әсер етеді. Сөйлем ішінде өмір сүретін сөз-
синтагма тек мағыналық байланысқа тәуелді болғандықтан, оның
беретін мағынасы өзгеше түрде болып келеді. Бұл өзгешелік екі толық
мәнді лексикалық мағынаның құрылымдарының бір-біріне араласа
бастап, қатынас орнатуынан байқалады. Екі мағыналық құрылымдағы
әртүрлі деңгейлі макро және микробөліктер бір-бірімен тығыз бай-
ланыса бастап, жүйелі өзгеріске ұшырап, контексте нақтыланып,
көрінеді. Атаушы сөздер мағынасы бір-бірімен үйлесіп, синтагмалық
байланыс орнатып, лексикалық жүйенің бір құрамдас бөлшегі бола-
ды. оған «уақ» сын есімін мысалға алайық, яғни бұл сөз көптеген
деңгейдегі сөздермен лексикалық синтагматика құрайды да өзгеше,
тіпті, ауани денотатпен сигнификаттық байланысы бар ерекшелікке
ие болады. Мәселен, уақ ақша, уақ адам, уақ басшы, уақ балалар, уақ
мемлекеттер, уақ мал, уақ мінез, уақ жігіт, уақ жұмыс, уақ іс, уақ зат,
уақ шеге, уақ кесек, уақ там, уақ шаруа, уақ жан, уақ балық, уақ шіркей
т.т. сөз тіркестерінің әрқайсысының беретін мағынасы әрқилы, себебі
толыққанды екі мағыналық құрылым өзара мағыналық байланысқа
ұшырап тұр. Э.в.Кузнецова бұл туралы: «Атаушы сөздердің
мағынасы сыртқы лингвистикалық факторларға тәуелді келсе, сөз-
синтагмалардың мәні ішкі тілдік өзгеріс, қатынастардан құралып,
дамиды», – деп жазады [49, 97]. Сөз-синтагмалар лексикалық жүйе
ішінде екі жағдайда бөлінеді:
а) олардың мағыналары өзектеніп, күшті байқалған кезде;
б) қоршаған ортадағы қабылдауға байланысты ішкі терең,
астарлы синтагмалық байланыстың солғын көрінуінен болады.
Сөз-синтагмалардың құбылуы семалық құрылымның түрліше
деңгейге ауысып, дамып, өзектенгенінен айқындалып отырады.
Әсіресе, мәнмәтін ерекшелігі осы лексикалық және синтаксистік
синтагматикаға қатысты болады деп кәміл айта аламыз. ол өз
кезегінде стилистикалық-функционалды макрокомпоненттің дамуы-
на ықпал етеді. Стилистикалық және лексикалық синтагматикалық
байланыс тілдегі байланыс жүйесінің дамыған жоғары дәрежесі,
яғни синтаксистік синтагматика сөздерді тіркестіріп хабар беруге
құраса, лексикалық синтагматика соның кіші бөлшектерін бір-біріне
мағыналарына орай байланыстырады да, стилистикалық қатынас олар-
ды белгілі бір қолданудың мақсатына қарай түрлендіреді. Стилистика-
да, тілдік жүйеде ерекше көрінген сөз-синтагма не лексикалық синтаг-
матика талданып отыратын жағдайы кездеседі. Сөз-синтагмалардың
мағыналық модификациясы, әртүрлі түрде, ракурста келуі мәндік
өзгешелік туғызады. Мәнді өзгешелік бір қырынан қарасақ, полисе-
миялы парадигмалық байланыс сияқты, екінші жағынан, лексикалық
синтагматиканың іргелесу негізінде байқалады. Мәселен, жоғарыда
202
203
келтірген уақ сын есімінің зат есімді тіркесін алайық: уақ жандық бар
екен, яғни мұнда ұсақ малдарды атап тұр. Уақ сын есімі өз семалық
құрылымының алдыңғы қатарында көрінсе, жандық зат есімі мал
сөзінің денотаттық бөлігін, яғни мағынасын дәл бермейді. Сол себепті
жандық сөзі уақ сөзімен лексикалық синтагматикаға түскенде ғана
мағыналық үйлесімділік толық ашылып көрінеді. Ал уақ адам, уақ
мінез, уақ басшы тіркестерінде бірыңғай ыңғайластық орын алған,
яғни бұл сөздер таза лексикалық синтагматиканың көрінісі. Бұл сөз-
синтагмалардағы уақ сөзіндегі сигнификаттық бөліктің кіші архисема-
сы мінез, адам, басшы, жандық сөздеріндегі семалық конфигурацияның
үйлескен семаларымен байланысып, өзгеше қасиетке ие болады.
дж.Лайонз көрсеткеніндей, мағыналық өзгеріске алып келеді, яғни
уақ сөзінің кіші мәндік бейнелік түрін жасайды. Бейнелік түр күрделі
сипаттағы лексикалық синтагмалық байланыс түзеді, яғни көлбеу
бағыттағы лексикалық синтагматикадағы ыңғайластыққа негіз бола-
тын әртүрлі жағымды, жағымсыз семалар көрінісі болады. Жағымды,
жағымсыз семалар сөз-синтагмалардың өзгеру модификациясын
лексикалық жүйеде жасап, контекстке енгізеді. Кейбір зерттеушілер,
мәселен, Б.М.Татаринцев, И.А.Стернин, Л.М.васильев, Э.в.Кузнецова
лексикалық синтагматика контекстен көрінеді, сондықтан мәнмәтін ай-
нымалы және тұрақты семаларға ие болады деген пікірлерін білдіреді.
Бұл орынды пікір, өйткені бір сөз-синтагма барлық күрделі синтаксистік
үлгіні бір дәреже деңгейінде ұстап тұрады. Мәтіндегі лексикалық
синтагматика лексикалық сипаттағы стилистикалық ерекшеліктерді
аңғаруға жол ашады. Бұған бір сөздің семалық құрылымының өзекті
деңгейге көтерілгені жеткілікті. Мәселен, Б.Шалабай М.Әуезовтың
«Қараш-қараш» повесінен күрделі синтаксистік тұтастықтағы бір
лексеманың лексикалық синтагматикаға байланысына ұласып барып,
стилистикалық әр беруін мысалға келтіреді: «Бақтығұлдың жеке басы
қайратты, еті тірі жігіт болғанымен, оған жарытып мал-мүлік бітпеген.
оның бала-шағасынан басқа, жирен жорға аты, екі-үш сиыры, бес-
он ешкі-лағы, сосын... кәрі шиті мылтығы ғана бар». Шиті мылтық
алдындағы «кәрі» сөзі де қатардағы, жай эпитеттердің бірі емес.
Логикалық жағынан дәлірегі «ескі шиті мылтық» деу. Бірақ жазушы
оның жанды нәрсені бейнелейтін «кәрі» синонимін пайдалану арқылы
біраз жайдан хабар береді. Алдымен, шиті мылтық – ата-бабасынан
мұра болып келе жатқан дүние. Екіншіден, «кәрі» сөзі Бақтығұлдың
кедей тіршілігіне де меңзейді. Үшіншіден, мылтық Бақтығұлдың жан
жолдасы іспеттес. «Ескі» сөзі ол қарым-қатынасты алшақтата түсер еді.
Төртіншіден, «кәрі» шиті мылтық алдағы болатын қанды оқиғаның ең
негізгі қатысушысы, «кәрі» сөзінің мағынасы оған да меңзейді» [192,
112]. осындағы кәрі сөзінің семалық модификациясы сөз-синтагма
құрылымының жүйесіне өзек болып тұр. Мұнда «кәрі» сөзіндегі деректі
ауани мағына, зерттеушінің өзі көрсеткендей, жанды ұғымға тән бо-
лып, неше түрлі мағыналық бөліктердің өзектенуін береді. Мәтіндегі
бір мағынаның ықтималдық таралуы жалпы сөз-синтагмалардың да
мағыналарын жеке мағына сияқты компонентті талдауға болатынын
көрсетеді, сонда «кәрі» сөзі мәтіндегі басқа сөздермен байланысқа
түскенде жақын не алыс мәндік қатар туғызар еді, лексикалық син-
тагматика күшейіп не жойылып, зерттеушінің сөзімен айтқанда, «ол
қарым-қатынасты алшақтата түсер еді». Сөз-синтагмалар мәнінің
лексикалық синтагматикаға түсіп, өзгеруіне, негізінен, контекст әсер
етеді. Сөз-синтагманың мағынасы екі жағдайда өзгеруі мүмкін:
а) мәнмәтін әсері;
б) лексикалық синтагматиканың дәрежелік жағдайларының
өзгеруі.
Сөз-синтагмалар өзгерісінің басты екі типі болады:
а) жекелеген сөз-синтагмалардың семалық құрылымындағы кейбір
айырушы, ядролы семалардың күшті ықпалға ие болып, лексикалық
синтагматикаға әсер ету типі;
б) сөз-синтагмалардың құрылымына тән емес, алайда әдейі акту-
алдану үшін қосылып, жамалған түрі.
Бұл екі жағдайда сөз-синтагма байланысы құрылып, өзіндік
қатынасқа ие болады. Бұл ерекшеліктердің барлығын мағынаны
компонентті талдау әдісін қолданып, сөз-синтагмалардың семалық мо-
дификациясын талдап, айыруға болады. Бұл жағдайда оған лексикалық
мағынаның құрылымына талдау жүргізу сияқты жүргізуге болмайды,
өйткені лексикалық мағынаның құрылымын талдаған кезде жеке сөз-
атаушыны зерттейміз. Ал сөз-синтагмалардың бірлескендегі
синтагмалық мағынасы лексикалық мағынаға қарағанда терең, күрделі
категория. Бұндағы негізгі ерекшелік – сөз-синтагмалардың кемінде
екі не үш лексеманың тіркесінен құралуы және мәнмәтіндегі орны,
құбылған қолданысы басты рөл атқарады. Сөз-синтагмалар мәтіннің
жалпы мазмұнындағы сол тілдің ең дамыған өзгешелігін, яғни
парадигматикасының ауыс мағынада, көп мағыналылық сипатта келуін
бойына жинайды. Бір тілдегі мәтінді басқа тілге аударса да, тіпті, туыс
тілдер болса да сөз-синтагмалардың мағыналық құрылымы дәл
берілмейді, өйткені семалық актуалдану мәселесі әр тілде өзінің
синтагматикалық ережелері бойынша жүзеге асады. Актуалдану неме-
се мағынаның күшеюі концепт қатегориясына да тікелей байланысты
екенін соңғы кездегі зерттеулер дәлелдеуде, мәселен, Қ.Жаманбаеваның
еңбегі [193]. Бір сөз ұғымының көптеген басқа сөздермен байланысқа
204
205
түсіп, белгілі бір грамматика-семантикалық шеңбер құрауы лексикалық
синтагматиканың ішкі түрінің және оның терең ұғымдық
мүмкіншіліктерінің көрінуі екенін айтпай кетуге болмайды.
Синтагмалық мағына терминін қолдана отырып, М.оразов бұл
қатынастарды жасаудың мағыналық элементтерге байланысты
екендігін айтып өтеді. «олардың біреуі мағынаны қалыптастыруда
шешуші қызмет атқарса, екінші біреуі сөздің (сол сөздің) мағынасындағы
айырушы семасын атқарады. Басқа бір сөздің мағынасында екінші бір
мағыналық элемент лексикалық мағынаның ядросын жасау мүмкін.
Тіпті, бір сөздің аясында да мағыналық элементтер өзара әрекетте бо-
лып, сөздің мағынасының өзгеруіне себепші де болады» [7, 151].
Лексикалық синтагматика құраған сәтте лексикалық мағына
элементтері түйісіп, жағымды семалар мен жағымсыз бағалауыш се-
малар өзара бір-бірімен лексикалық байланысқа түсіп, кірігіп, басқа
ұғым тудыруы мүмкін. Сөз-синтагмалардың басты заңы мағыналық
үйлесімділік, яғни үйлесімділік – барлық сөз топтарының арасындағы
байланыс арқылы нақтыланатын, сөз мағыналарын біріктіруші
логикалық күш. Сөз-синтагмалардың мағыналық құрылымын талдау
кезінде барлық сөйлемдегі ерекшеліктерді ескеруге тура келеді, өйткені
сөз-синтагмаларда ортақ мағыналық құрылым орын алған. Сөз-
синтагмаларды компонентті талдау тәжірибесі бір ғана сөздің
лексикалық мағынасын талдаудан басталады. С.Мұқановтан мысал
келтірелік: «Салт мінуге жорғадан жайлы көлік жоқ. Сөзге шебер, ай-
тыста алдырмайтын кісіні «жорға» деседі» [С.М., 71]. Салт міну өзінің
негізгі мағынасында тұр, яғни адамның өзінің жеке атта отыруы. Бұнда
архисема атта отыру бірінші көрінеді, ал міну етістігінің «қозғалыс»
семасы бұл сөз-синтагмада сосын барып байқалады. Салт міну сөз-
синтагмасында, сонымен қатар, нейтралды бағалауыштық сема орын
алған. Жорға сөзі тікелей мағынасында қолданылып, сөйлемнің басты
тірегіне айналып тұр, себебі мұнда «жайлылық, ыңғайлылық, әдемілік,
бағалы» жағымды семалары айқын көрінеді. Сонымен қатар,
«соқтырмай желетін аттың түрі» айырушы семасы да өзектеніп тұр.
Лексикалық синтагматика жайлы жылқы – жорға деген қатынасқа
негізделген, ал жайлы сын есімі тура мағынасында қолданылады, де-
генмен бұл сөз әртүрлі мағыналық құрылымға түсуі мүмкін. Бұған,
әрине, лексикалық синтагматика өз ықпалын тигізеді. Мәселен, жайлы
пәтер, жайлы ұя, жайлы орын, жайлы қонақ т.т. Бұл лексикалық
тіркесімдердің бәрінде жайлы сын есімі лексикалық синтагматикаға
түседі. Сол сияқты көлік сөзінің басты семасы «қозғалыс құралы»
синтагматикалық қатынасқа негіз болады, яғни жайлы көлік, жайлы
қозғалыс, мекен ауыстыру деген жаңа құрылымды береді. Бұл құрылым
мағынасы сөз-синтагманың мағынасы болады да өзінің басқа сөз фор-
маларына көшуін тоқтатпайды. Мәселен, машина туралы мына мәтелді
алайық: жүрсе – көлік, жүрмесе – өлік дегенде басты денотаттық сема
өзектілігін сақтап, ауысады, ал парадигматикаға көшкенде «жорға –
көлік» гипер-гипонимиялық қатарын құрайды. Қазақ тіліндегі матери-
алды лексиканың әртүрлі лексика-мағыналық тобының гипер-
гипонимиялық құрылымы Ж.А.Манкееваның және Б.Қалиұлының
еңбектерінде қазақ тілінде өсімдік атауларының осы типтес құрылымы
талданады. Қазақ ұғымындағы «жорға» сөзінің екінші ұғымдық
тобындағы қосымша шеткері семасын С.Мұқанов өзі түсіндіреді:
«Сөзге шебер, айтыста алдырмайтын кісі». Бұнда «қозғалыс құралы,
үй жануары» денотаттық макробөлік және коннотаттық микрокомпо-
ненттер байқалмайды. Сонда компонентті талдауға сүйену арқылы
лексикалық синтагматикалық байланысты ерекшелігін аңғаруға бола-
ды. Бұл жерде мына пікір орынды: «Синтагмалық мағына да
парадигмалық мағына сияқты өздігінен өмір сүреді. Бірақ арнайы
ғылыми талдау болмаса анық көрінбейді. Тіпті айтушы да, тыңдаушы
да күнделікті дағды бойынша оның түп-төркініне қарамай, қолдана
береді. дегенмен де синтагмалық мағына тіркеске түскен сөздердің
барлығын да бар, кездеседі» [7, 153]. Сонымен, жорға сөзі лексикалық
құрамда мына жағдайларда байқалып, лексикалық тіркесім құрайды.
Мәселен, жорға ат, жорға тай, су жорға, сөзге жорға, жігіттің жорғасы,
тайпалған жорға, су шайқалмас жорға, әннің жорғасы, күйдің жорғасы,
адамның жорғасы т.т. Бұлардың ішінде гипер-гипонимиялық қатарлар
да бар екені байқалады, егер жорға ат, тай, жылқы, бесті т.т. десек.
Лексикалық синтагматика күрделі түрде болады да, бұл күрделілік
лексикалық мағыналардың өзара түйісіп, бір құрылымдық мәнге айна-
луынан туса керек. даму барысында бұл бір тәртіп заңдылыққа айна-
лады да жаңа тіркесімді сөздер пайда болады. Бұлар контекст ішінде
мәнін құбылтып, дамытып, шыңдалғандай дәрежеге түсіп, адам сана-
сында беки бастайды. Сөз-синтагмалар құрылымы тіл дамуының
жоғары көрсеткіші болады, себебі күрделі мағыналық үйлесімділіктен
тұрады. Бұл байланыс барлық сөз таптарына тән, дегенмен етістіктер
сөз-синтагманың предикаты ретінде үлкен рөл атқарады. Сөз-
синтагмалардан синтагмалық мағына туындайды, ал М.оразов
синтагмалық мағына туралы «...синтагмалық мағына әртекті тіл
элементтері арасындағы горизонталь байланысынан, бірінен кейін
екіншісі келіп байланысуынан анықталады» деп жазған болатын. Жал-
пы тілдік мағына екіге, яғни лексикалық және грамматикалық мағына
206
207
болып бөлінетіні белгілі. Ал лексикалық мағына тілдік қатынасы бой-
ынша парадигмалық және синтагмалық мағыналарға ажырайды. Сон-
да синтагмалық мағына әртекті сөздердің өзара мағыналық үйлесімінен
туатын мағына болады. М.оразов; «Сөздердің контексте, текст
құрамында келіп қолданылуын, олардың тілдік система мүшелері
арасындағы қатынасын анықтау синтагмалық байланыс негізінде
анықталынса, сөздердің контексте, тексте қолданылып, мағынасында
болатын өзгерістерді анықтау синтагмалық мағынамен байланысты
болады», – деп қорытады [7, 152]. Ал сөздер тек өзара мағыналық
үйлесуге түскенде ғана сөз-синтагмаға айналары сөзсіз. Бұл ерекшелік
туралы Б.Қ.Момынова: «Екі сыңары да лексикалық дербестігін
жоғалтпаған сөздер синтагмалық қатынасқа түсу арқылы жаңа ұғым
береді. Газетте бұлар көбіне атау тұлғалы сөз болып келеді: келіссөз,
пікір-сайыс, баспасөз, ататек, төлтума, пікірталас, елорда, мадақхат,
төлемақы, айыппұл, іссапар синтагмалық қатынас нәтижесі. Аз деген-
де екі элементтен тұратын синтагмалар кешен болып саналады. Бұл
кешеннің деңгейі өзін құрайтын бірліктерге қарағанда әлдеқайда
жоғары болады», – деп көрсеткен болатын [74, 13]. Бұл пікір сөз-
синтагмалар байланысының дами келе, атауыштық дәрежеге
көтерілетінін растайды. «Ана» семантикалық өрісінде ботақаным,
қошақаным, құлыным сөздерінің болуын мағыналық байланыс арқылы
анықтаймыз. «Ана» семантикалық өрісінде мейірбандылық, ізгілік,
жағымды бағалауыш эмотема түгелдей орын алады. Сонда кіші
сипаттағы сөздердің өзі перифериялы семалар сияқты ірі өрістен орын
алады. Ал «ана» семантикалық өрісі бейнебір лексикалық мағына
сияқты құрылым түзеді, осы құрылымның өн бойын бір-біріне қосып,
қиюластырып жатқан тілдегі синтагмалық қатынастар. Жалпы
семантикалық өріс парадигмалық қатынас аясында қарастырылғанымен,
ондағы сөздердің араларында лексикалық синтагматика бар, тек оны
айқындау үшін компонентті талдау жүргізу қажет. Жалпы алғанда,
тілдегі күнде болып жатқан, даму үстіндегі байланыстардың негізі
мағыналық үйлесімділіктен басталған себептерде жатыр. Лексикалық
синтагматиканың бірлігі сөз-синтагмаларды компонентті талдау
арқылы олардың мағыналарының құрылымындағы семалардың өзара
үйлесу сипатымен мен өзектену дәрежесін айқындауға болады. Сөз-
синтагмалардың бір-бірімен мағыналық бөліктері бойынша үйлесуі
себептерін ашу үшін жүргізілген компонентті талдау тәжірибесі
лексикалық синтагматиканың жасырын жайттарын ашатыны белгілі
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |