(грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік), бір объектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әртүрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.
Анимизм (лат. тіл. жан) –
жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал, анимизмде «жан» тәннен дербес өмір cүpе алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Мысалы, түс көру, ауыру, өлім, тағы сондай әсердің және галлюцинациялық елестетудің не екенін білмейді.
Атеизм мен дінге қарсы болушылық.
Атеистік көзқарастың көрнекті өкілдері француз философ-ағартушылары болды. Олар:
Дени Дидро (1713-1784)
Клод Гельвеций (1723-1771)
Жнальен Ламетри (1709-1750)
Поль Гольбах (1723-1789)
Атеистік көзқарастықтың қайнар көзі Ж. Мелье (1664-1739)
Өзінің «Завещание» деген бір шығармасында әлемнің мәнгі екенін, оны ешкім жасамағандығын, Құдайдың болмысының барлық теориясын сынға алып, деистік көзқарастарға қарсы щықты. Шығармасының ең негізгі идеясы, толығынан құдіретті күштің жоқтығын дәлелдеуге тырысты. Бұндай көзқарасты француз ағартушылары толығынан қабылдап әрі қарай дамытты.
Гольбах өзінің материалистік философиясында негіздеді. Ол «система природы» деген еңбегінде: «Әлем деген барлық нәрселердің орасан зор жинағы. Оны біз материя деп атаймыз. Материяның өмір сүруі қозғалыс. Қозғалыс материяның негізі. Материядан тыс ештеңе жоқ» - деп түсіндірді.
XIX ғасырда француз материалистерінің атеизмі, классикалық неміс философы М.Фейербахтың дінге деген атеистік көзқарасты материалистік антропология арқасында дамыды. Ол өзінің «Христиан дінінің мәні», сондай-ақ «діннің мәні туралы лекциялар» және т.б. шығармаларында дінді өткір сынады.
Жаңа дін дегеніміз – адамға адамның сүйіспеншілігіне негізделген қатынасты, адамның табиғатынан шығатын бақытқа ұмтылысы.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің атеизмі.
К. Маркс пен Ф. Энгельстің философиялық, атеистік көзқарастары оларға дейінгі философиялық еңбектердің тікелей әсерімен қалыптасты, әсіресе Гегельдің идеалистік диалектикасы мен Фейербахтың антропологиялық философиясы үлкен әсерін тигізді. Осы философтардың творчествосын өңдей отырып, олар диалектикалық материалистік философия негізін жасады.