Хаттама №_____ «_____»__________2011 ж. Кафедра меңгерушісі:Темиргалиев К.А
Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №06 УМС при КазГМА от 14июня 2007
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Д Ә Р І С
Тақырыбы: «Оқу-білім философиясы»
Мамандығы: «5В130100 – Жалпы медицина»
Пән: «Философия»
Курс: 2
Уақыт (ұзақтығы) : 1сағат (50 минут)
Қарағанды – 2011 ж.
Аға оқытушы:Нұрмаханова Н.Ж
Тақырыбы: «Оқу білім философиясы»
Тақырыбы: «Оқу білім философиясы»
Дәріс мақсаты: Студенттерді оқу- білім философиясымен таныстыру.
Дәріс жоспары.
Оқу білім философиясының пәні.
Оқу білім мен тәрбиенің өзара байланысы.
Оқу білім ортасы.
Білімді модельдеу
Даму және білім
Оқу білімдегі сапалық пен бейсапалық
Тұлға және оқу - білім
Оқу – білімдегі шығармашылық
Оқу білімнің оксиологиялық аспекткрі.
Оқу білім философиясы
Білім мәдениеттің элементі.Білім қатарына шартты түрде сөзсіз дәлелденген және логика жағынан реттелген деректерді жатқызады.Ал қалғандарын білімге жатқызуға болмайды.
Шығыс данасы Конфуций “Білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып – білу” – деп есептейді. Кейбір адамдарға “туа біткен білім” тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет.
Білу – дегеніміз тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес,сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан – жақты қарастыру тәсілі.
Ежелгі грек данасы Сократ жалаң білім беруге, құр білімді дамытуға қарсы. Оның ойынша, жалаң білім ештеңе бермейді, қайта адамды бұзады, софистер айтқандай, адамды өлтіреді, бұрынғы қалпынан айырады.
Қазір біз екі жақты қауіпке тап болдық. Бір жағынан, ғылым өскен сайын адам өзінің сауатсыздығын күннен күнге жете түсініп келеді. Әсіресе, ғылыми – техникалық революция кейбір адамдардың білімді игерудегі дәрменсіздігінен,бейшаралығын ашып көрсетуде. Ал, екінше жағынан, көптеген мектептер мен жоғары оқу орындарында жастарға шала білім берілетіндігі әркімге аян. Ондай шала білім жастардың өміріне, болашағына зияннан басқа пайдалы ештеңе әкелмейді.