Ізгіліктерді қабылдап алу екі процеске байланысты: - Бірі – оқып білім алуға, екіншісі, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге байланысты.
- Аристотель
- ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші – мемлекет және оның заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі адамзаттарды тәрбиелеуде ерекше роль атқаруға тиіс. Адам өзінің рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре және жаттықтыра отырып, зор жетістіктерге жетеді.
- Әл – Фараби бабамыздың айтуынша:
- “Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз”.
- «Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
- Білім кімде, сол білікті болады.
- Ақылды ұғар, білімділер біледі,
- Түгел болар білімді, есті тілегі.»
- « Білім мәнін біл, не дейді білген ер
- Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.
- Білімсіздер бар кеселді көреді,
- Емделмесе, тектен текке өледі. »
- Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білігінде”:
- Жаңа заман философы Ф.Бэконның айтуынша:
- Ақпараттық қопарылыс және жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы білімге жаңа талаптар қойып отыр. Қазіргі био, гидро және атмосфералардан бөлек өзгеше инфосфера, яғни жердің бірыңғай ақпараттық қабығы, бүгінгі таңдағы интернет қалыптасып отыр.
- Интернетті пайдалану барлық өркениетті елдермен қатар жүруге мүмкіндік береді және жаңа технологиялар арқылы әлеммен қарым – қатынастың жаңа әдіс тәсілдерімен қамтамасыз етеді.
- Әлемдегі ең жақсы білім дегеніміз – бос қиял , яғни ескі жүйемен таратушыларын әсіресе жоғары мектепте жаңа идеялардың бәсекелестігінен және ең бастысы , оны өзгертуге қабілетті жаңашыл адамдардан қорғайды. Дәстүрлі классикалық білім жүйесіндегі оқу мәтіндері әр түрлі ғылым негіздерінен алынған «сығындыларды» құрайды.
- 1998 жылы Парижде өткен ИНСКО –ның конференциясында қабылданған 21 ғасыр үшін жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік декларациясында былай делінген:
- « Жоғары оқу орындары оқушыларды жақсы ақпараттанған, ынталы азаматтарды тәрбиелейтін, сыни тұрғыдан ойлауға қоғамдық мәселелерге талдау жасауға оларды шешу жолдарын іздеуге қабілетті сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті өзіне ала алатындай біліммен қамтамасыз ете алулары керек».
- Оқытуда біздің дәрістеріміз монолог емес, диалог, ал семинар сабақтарымыз - пікірталасқа құрылу керек. Еске сала кететін жайт, студенттерге әртүрлі көзқарастарды дұрысын да, бұрысын да келістіре отырып беру қажет.
- Сыни тұрғыда оқытудың негізінде «шақыру – ұғыну – ойлану» базалық үлгісі жатыр. Бірінші кезеңде:
- Үйренуші берілген тақырып бойынша не біледі, соны қалыпқа келтіруге қатысады.
- өзінің білімі сараптай бастайды және айтылатын тақырып жөнінде ойлана бастайды.
- адамның білген және түсінген контекісінде алынған білім ған берік болмақ.
- студентке берілетін ақпарат контексіз не болмаса алынған біліммен байланыстырып берілмесе , онда ол жойылып кетеді, есте сақталмайды.
- Шақыру кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігі .
- «Шақыру» кезеңінде идеяны анықтайтын сонымен қатар, тәжірибеде оны жүзеге асуына мүмкіндіктер беретін «ой қозғау» әдісі қолданады.
- Бұл саты білім алушылардың жаңа ақпаратпен не болмаса идеялармен қатынасқа түсетін сатысы. Олар бұл жұмысқа ақпаратты сыни тұрғыда салыстырмалы түрде талдай отыра өздігінен және белсенді түрде қатысулары керек.
- Бұл сатыда білім алушылар алынған жаңа білімдерін бекітеді және оны еске сақтап қалуға тырысады. Дәл осы сатыда студенттер алынған жаңа білімді өздерінше игереді.
- Практикалық білім
- Рухани білім
- Эмпириялық білім
- Экзотериялық білім
- Теориялық білім
- Практикалық білім адамның арекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлігі дағдысымен біте қайнасқан. Ол практиканың белгілі бір түрлері қызмет етеді.( жер өңдеу, жас балаға, малға қарау, , үй салу, балаларды тәрбиелеу, ауруларды емдеу, механизмдермен, информациямен жұмыс істеу және т.б.) былайша нақтылы арекет, қимылдармен тығыз байланысты.
- Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және адамдардың қарым – қатынасын реттейді (отбасы, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық,). Оның ұлаң ғасыр әртүрлі құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткіштер, көркем өнер, қадірлі әруақты текстер және т.б.
- Эмпириялық білім, бұл арнайы ғылымдарда жазылған, сезімдік және экспериметальдық тәжірибе негізінде қалыптасқан табиғаттағы, қоғамдағы табиғи процестер.
- Теориялық білім, ілімдермен теорияларда белгіленеді. Субъектінің объектіден қашықтауының нәтижесінде қалыптасады, тек қана практика емес, білімнің өзінде ұғынып, мағына береді, Білім ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны, философияны, әлеуметтік және діни ілімдерді дамытуға шешуші ықпалын тигізеді.
- Экзотериялық білім – мистика туралы білімді кеңейтетін ерекше вариант. Білім жалпылама қоғамдық қалыптасу сатысында өзіне тән саяси және коммерциялық қарым – қатынас арқасында кеңінен таныла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |