Хаттама №4 022 жылдың 10 қазан күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді. Қатысуға тиісті Қатысқаны – Күн тәртібінде


Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ихласова Арайлым Темирхановнаның жұмысының үлгісімен таныстырылды. Жарыс сөз



бет7/8
Дата16.05.2023
өлшемі122 Kb.
#93438
1   2   3   4   5   6   7   8
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ихласова Арайлым Темирхановнаның жұмысының үлгісімен таныстырылды.


Жарыс сөз: Б.Мырзагалиева - А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Әдістемелік құрал оқушылардың мектептің негізгі сатысында меңгерген білімдерін практикалық тұрғыда кеңінен қолдана алуына, теориялық білімдері негізінде Н.Оразахынованың әдістемесі бойынша тілдік материалдарға сатылай талдау жасай алуға мүмкіндік туғызу. Жалпы қазақ тілінің негізгі курсынан меңгерген білімдерін жүйелеп одан әрі жаттықтыра түсуге бағытталған. Қазіргі кезде оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, оқушыларды ізденуге, ойлануға, шығармашылығын дамытуына арналған әдістемелік құрал екенін айта келіп, әдістемелік құрал ретінде облыс көлеміне таратуға ұсынуды қуаттаймын.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған


ШЕШІМ:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ихласова Арайлым Темирхановнаның «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда сатылай кешенді талдау» тақырыбындағы әдістемелік құралы іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне жолдансын.
Төрайымы: Р.Аткешова


Хатшысы: Қ.Ахинбасов


Хаттама № 2

2022 жылдың 18 наурыз күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.


Қатысуға тиісті - 3


Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:
1.Жаңатаң негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері педагог-зерттеуші Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы мен педагог-модератор Мусина Айнұр Жұмабайқызының «5-6 сынып оқушыларына эссе жаздыртудың тиімді жолдары» әдістемелік көмекші құралын жұмысын қарап, облысқа ұсыну.

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы мен Мусина Айнұр Жұмабайқызының «5-6 сынып оқушыларына эссе жаздыртудың тиімді жолдары» әдістемелік көмекші құралы жұмысының үлгісімен таныстырылды.


Жарыс сөз: Н.Утегенова – Казталов мектеп-лицейінің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Эссе жазу жолдары жүйелі көрсетілгенін, эссе жаздыртудың жаңашылдығын, онда қолданылған практикалық жұмыстар мен келтірілген дәлелдемелерден байқалады. Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілетіне байланысты тұжырымдама жасалған. Оқушылардың жеке әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетудің жолы түсіндіріліп, стилі баяндалған әдістемелік құрал екенін айта келіп, әдістемелік көмекші құрал ретінде облыс көлеміне таратуға ұсынуды қуаттаймын.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған


ШЕШІМ:
1.Жаңатаң негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері педагог-зерттеуші Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы мен педагог-модератор Мусина Айнұр Жұмабайқызының «5-6 сынып оқушыларына эссе жаздыртудың тиімді жолдары» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралы іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне жолдансын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет