Хаттама №4 022 жылдың 10 қазан күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді. Қатысуға тиісті Қатысқаны – Күн тәртібінде



бет2/8
Дата16.05.2023
өлшемі122 Kb.
#93438
1   2   3   4   5   6   7   8
Төрайымы: А.Кенжегалиева


Хатшысы: Қ.Ахинбасов


Хаттама № 4

2022 жылдың 10 қазан күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.


Қатысуға тиісті - 3


Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:

1. Казталов ауданы, Бостандық ЖОББМ-нің ағылшын пәні мұғалімі педагогикалық өтілі – 26 жыл, педагог- зерттеуші А.Г.Даулетиярованың және Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагогикалық өтілі - 11 жыл, ІІ санат А.А.Суйншкалиеваның іс-тәжірибесін саралау.


Жарыс сөз:
1.Казталов мектеп лицейінің педагог-зерттеуші ағылшын пәні мұғалімі А.Байдуллина:
Казталов ауданы, Бостандық ЖОББМ-нің ағылшын пәні мұғалімдері педагогикалық өтілі – 26 жыл, педагог- зерттеуші А.Г.Даулетиярованың және педагогикалық өтілі - 11 жыл, ІІ санат А.А.Суйншкалиеваның іс-тәжірибесін, «Overview on The United Kingdom of Great Britain» тақырыбындағы 9-11 сыныптар үшін факультатив курсы қаралды. Факультатив курсын жоспарлау барысында 9-11 сынып оқушыларының білім деңгейі мен үлгерімдері есепке алынған. Жалпы сағат саны – 36. Ал, қысқа мерзімді жоспарда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы берілген материалды меңгерту ұсынылған.
2. Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші ағылшын пәні мұғалімі К.Мукамбетова:
Бұл бағдарлама шетел тіліне үйретуді жеке тұлға дамуының процесі ретінде мәдениет контекстінде қарастырылатын қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық пен методикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Шетел тілін меңгерту процесі 9-11 сынып оқушыларының білім алуына, дамуы мен тәрбиеленуіне бағытталғанын және берілген ескертулер бойынша жұмыстың толықтырылғанын Казталов мектеп лицейінің педагог-зерттеуші ағылшын пәні мұғалімі А.Байдуллина және Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші ағылшын пәні мұғалімі К.Мукамбетова оң пікірлерін білдірді.
Қаулы:

  1. Казталов ауданы, Бостандық ЖОББМ-нің ағылшын пәні мұғалімдері А.Г.Даулетиярованың, Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешені А.А.Суйншкалиеваның «Overview on The United Kingdom of Great Britain» тақырыбындағы 9-11 сыныптар үшін факультатив курсы облыс көлемінде таратуға облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне ұсынылсын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет