Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.Тасқалиева мен А.Хайреденованың жұмысының үлгісімен таныстырылды.
Жарыс сөз: Б.Мырзагалиева - А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
А.Тасқалиева мен А.Хайреденованың «Көркем сөз айшықтары» тақырыбындағы факультативтік курсы оқушылардың әдебиет теориясы бойынша 5-7 сыныптар арасында алған білімдерін жүйелеп, толықтырып, жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. Оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары аясында меңгерілуге тиісті көркемдеу құралдарымен жеке дара танысып, жан-жақты зерттеп, салыстыра меңгеруіне жол ашады. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, жан-жақты ойластырыла құрылған ҚМЖ оқушылардың әр әдебиет теориясын толық меңгеріп, мысалдар мен жаттығу-тапсырмалар арқылы бекітуіне мүмкіндік береді. Аталмыш іс-тәжірибе бағдарламасы жас ұстаздарға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, олимпиадаға даярлаушы ұстаздарға әдістемелік көмекші құрал ретінде де пайдалануға болады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған
ШЕШІМ:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Тасқалиева мен А.Хайреденованың «Көркем сөз айшықтары» тақырыбындағы факультативтік курсы бағдарламасы іс-тәжірибе ретінде тарату туралы ұсынба облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне ұсынылсын.
Төрайымы: А.Кенжегалиева
Хатшысы: Қ.Ахинбасов
Хаттама № 4
2021 жылдың 20 қазан күні аудандық әдістемелік кабинеттің экспертттік комиссияның отырысы өткізілді.
Қатысуға тиісті - 3
Қатысқаны – 3
Күн тәртібінде:
1. Казталов ауданы, К.Мендалиев атындағы ЖОББМ-нің ағылшын пәні мұғалімдері педагогикалық өтілі – 16 жыл, педагог-модератор Г.Мендиханованың және педагогикалық өтілі - 18 жыл, педагог-модератор Ф.Сейткалиеваның іс-тәжірибесін саралау.
Казталов ауданы, К.Мендалиев ЖОББМ-нің ағылшын пәні мұғалімдері педагогикалық өтілі – 16 жыл, педагог-модератор Г.Мендиханованың және педагогикалық өтілі - 18 жыл, педагог-модератор Ф.Сейткалиеваның «English for you» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы қаралды.
Г.Мендиханованың және Ф.Сейткалиеваның «English for you» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы оқу жоспарына сай жасалған.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жоспарлау барысында бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейі мен үлгерімдері есепке алынған. Ал, қысқа мерзімді жоспарда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы берілген материалды меңгерту ұсынылған. Бұл бағдарлама шетел тіліне үйретуді жеке тұлға дамуының процесі ретінде мәдениет контекстінде қарастырылатын қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық пен методикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Шетел тілін меңгерту процесі бастауыш сынып оқушыларының білім алуына, дамуы мен тәрбиеленуіне бағытталғанын және берілген ескертулер бойынша жұмыстың толықтырылғанын Казталов мектеп лицейінің педагог-зерттеуші ағылшын пәні мұғалімі А.Байдуллина және Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші ағылшын пәні мұғалімі К.Мукамбетова оң пікірлерін білдірді.
Қаулы:
1.Г.Мендиханованың және Ф.Сейткалиеваның «English for you» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратуға облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесіне ұсынылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |