№ 12 тапсырма. Сұраққа жазбаша жауап беріңіз: Балалардағы жас-жыныстық ерекшеліктеріне байланысты бейімделу реакцияларының механизмдері.
Бейімделіс - коршаған ортанын құбылмалы жадайларына ағзанын икемделуі.
Адамнын кунделікті тіршілік жадайларында акпараттык
түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық
хабарлар төтенше ыкпал жасайды. Ағза осы жағдайларға бар
мүмкіншілігінше өзінін құрылымдық жане әрекеттік әсерленістері аркылы бейімделіп отырады. Онын табиғи орталығы әртурлі маусымдық
жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды. Туа пайда болған механизмдер:Функция реттелу механизмдері,Геофизикалық биоритмдер,Тұқым қуалайтын иммунитет; Жүре пайда болған механизмдер:Шартты рефлекстер,Дағдылар,Резистенттіліктің жоғарылауы,Жүре пайда болған белсенді иммунитет. Әртүрлі жағдайлардағы бейімделіс
Организмнің күнделікті тіршілік жағдайына, еңбек жүктемелерінде, ағзалары мен тканьдерінде үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық ауытқулар, газдардың үлестік қысымының өзгерістері байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделіс негізін жасайды.
Қандай да бір климаттық факторларға бейімделіс кезінде адам ағзасы қалыпты өмір сүру алаңында әрдайым факторлардың күрделі комплекстерімен кездесіп отырады.
Температура әсеріне бейімделу. Ағза қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның ағзаның жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның өзіне тән температуралық режимі пайда болады. Мұнда бейарнамалық бейімделіс құбылыстарымен қатар, суықты қабылдауды бейімдейтін және дене температурасының белгілі ырғағын жасайтын арнайы механизмдер қатысады.
Балалардың температуралық өзгерістерге әсерленісі жас кезеңдеріне сәйкес жетіледі. Алғашқы балалық шақта олар жоғары температурадан гөрі салқындықты жақсы көреді.
Бұл, әрине, олардың жылу реттелісінің толық жетілмегендігін көрсетеді. Өйткені балалардың осы жас кезеңдерінде жылу реттелуі, терісінің құрылысы, оның тамырлануы жете қалыптаспайды. Сондықтан тері бездерінің саны жеткілікті болғанымен, терлеу әсерленісі ағзаның жылу шығаруын толық қамтамасыз етпейді. Жас ұлғайған сайын терлеу күшейе түседі. Балалар өмірінің алғашқы айларында тері әрі суықтық, әрі жылылық тітіркеншдіргіштерге бірдей шығады. Бір жасқа дейінгі балаларда, үлкендерге қарағанда, ішінара рефлекстік терлеу өте жоғары температурада байқалады.
Сонымен бірге балалардың дене аумағы мен салмағының арақатынасы үлкен болғандықтан, ағзаның жылу шығаруы қарқынды өтеді. Балалық шақта басталған климатқа бейімделіс өте тиімді және орнықты болады. Өйткені жас организм, оның текті аппараты бейімделістің өте зор және жан-жақты құрылымдық негізін жасайды. Әрине, бұл үшін балалардың қалыпты тұлғасын, жүйке-психикасының дамуын, жоғары иммуналық әсіребелсенділігін қамтамасыз ететін, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар жасалуы тиіс.
Орындаған студент:Кашаганова Айым Тобы:028 Факультет:ЖМ
Тақырып қаралды, күні
|
_________________ оқытушының қолы
|
Достарыңызбен бөлісу: |