Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) Ферғана жерін мекендеген



бет2/2
Дата22.10.2022
өлшемі1,09 Mb.
#44877
1   2
Байланысты:
ҚТ САҚТАР

Жауынгерлер- қызыл, сары-қызыл түсті киім киді.
Абыздар –ақ түсті киімде,ерекшелігі бас киімінде және ағаш құрбан тостағында болды.
Малшылар, егіншілер- сары/көк түсті киім киді, оларды сегізаяқтылар» деп атайтын.
Сақ қоғамы
  • Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Гректер оларды басилевс – патша деп атаған.
  • Патшалардың белгісі жебелі садақ болды.
  • Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей қатынасып, ерлік көрсетіп отырған.

Наным-сенімдері
Мал мен аспан денелерiне катысты болған. Оларга тылсым бiр күштiң иесi көкке қатысты космогониялық таңбалар ежелгi жазу мен олардың қолөнері мен бейнелеу өнерiнiң негiзiн қалайды. Дүниені жаратқан көк тәңірі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.
Сақтар мәдениеті
Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) – 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен – Төбе алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын.Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланысты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекендеген деп қорытынды жасайды. Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрлыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері
Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген. Қосымша балық аулай білген.
Шаруашылық
  • Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан.Сақтарда маңдай алды денесі ірі, құйрықты қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. 
  • Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіп
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. . Сақтардың «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі.
Сауда
Б.з.б 6-3ғ сақтар сауда-саттық жүргізген елдер: Персия, Қытай,Үндістан;
Ежелгі дүние өркениеттерімен алғаш қарым-қатынас жасаған Қазақстандағы тайпа сақтар болған;
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.
Қазір сақталған ескерткіштер
  • Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған.
  • Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.
  • Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

  • Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет