Сирек кездесетін ауру, көбінесе жас әйелдер ауырады.
Этиологиясы және патогенезі.
Ерннің эксфолиативті қабынуы кенеттен дамиды, ағымы ұзаққа созылады, кейде өздігінен жазылып та кетуі мүмкін.
Себебі әлі анықталмаған, патогенезінде орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, генетикалық бейімділік, иммундықаллергиялық, эндокриндік өзгерістер (оның ішінде қалқанша бездің қызметінің бұзылуы) белгілі орын алады.
Клиникалық көрінісі
Аурудың құрғақ және эксудативті түрлерін ажыратады.
Еріннің жапырақтана қабынуының маңызды ерекшелігі-жарақат ошағының орналасуында.
Патологиялық үрдіс бір немесе екі еріннің қызыл жиегінде орын алады және Клейн белдеуінен бастап (кілегейлі қабықтың ерін жиегіне ауысқан белдеуі) қызыл жиектің орта бөлігіне дейін жайылып, бір езуден екінші езуге дейін жіңішке лентаға ұқсап, созыла орналасады.
Еріннің жиегінің теріге жақын бөлігі, екі езу жарақаттанбайды және кілегейлі қабық пен теріге ауыспайды.
Гландулярлы хейлит
Хейлиттің ең көп таралған түрлерінің бірі.
Ол гиперплазиямен және лабиальды сілекей бездерінің гиперфункциясымен көрінеді, кейбір жағдайларда бездердің гиперплазиясы созылмалы қабынуға байланысты.
Іріңді қабыну бездердің түтіктерінен іріңді экссудаттың бөлінуімен дамуы мүмкін. Кішкентай сілекей бездерінің ретенциалды кисталарының (мукоцеле) пайда болуы тән.
Этиологиясы. Гландулярлы хейлиттің себептері-ерін тіндерінің механикалық жарақаты, соның ішінде тістер, ерінді сору және кейбір жағдайларда вирустық инфекция.
Актиндік хейлит
Күн сәулесі әсерінен қабынуы. Күн сәулелеріне жоғары сезімталдығы бар – жастағы ер адамдар арасында кездеседі. Көбінесі үльтракүлгін сәулелерәсерінен дамиды және екі түрде кездеседі. Құрғақ түрінде ерін ысып құрғайды кейде шаншып сыздап ауырады.
Ерін жиегінде ұсақ қабыршақтар пайда болып аздаған қызару белгісі байқалады.
Жалқықты түрінде ерін қышып қызып мазалайды аздап ісініп қабықшалармен жабылып эрозияланады.