Даму себебіне қарай, стоматит мына топтарға жіктелген:
жарақаттық (механикалық, химиялық, оның ішінде дәрі-дәрмектік, сәулелік, т.с.с.);
2) инфекциялық (вирустық, бактериялық, оның ішінде туберкулездік, сифилистік, микоздық, т.с.с.);
3) аллергиялық;
4) экзогендік (кәсіптік) улардың әсерінен дамитын стоматит;
5) әртүрлі соматикалық аурулар- дан және зат алмасулық үдерісімен байланысты аурулардан (эндокриндік, асқорыту және жүрек-тамыр жүйелерінің аурулары, ревматизмдік аурулар, гипо- және гипервитаминоздар, т.б.) дамитын стоматит;
6) дерматоздық стоматиттер (күлдіреуік, Дюрингтің герпес тәрізді дерматиті, қызыл түсті жайпақ теміретке, т.б.).