Хейлит, стомалгит, глоссит паталогиялық анатомиясы


Клиника-морфологиялық тұрғыдан, глоссит: десквамациялы, яғни эксфолияциялы (географиялық тіл) және ромбтәрізді глоссит деп 2 нысанға бөлінеді



бет4/5
Дата16.12.2023
өлшемі17,17 Mb.
#140294
1   2   3   4   5
Байланысты:
слайд хейлит глоссит

Клиника-морфологиялық тұрғыдан, глоссит: десквамациялы, яғни эксфолияциялы (географиялық тіл) және ромбтәрізді глоссит деп 2 нысанға бөлінеді.


Десквамациялы глоссит - ересектерде әдетте асқазан-ішек жолының созылмалы патологиясы аясында пайда болады. Тілдің артқы және бүйір беттерінде айқын шекаралары бар дұрыс емес пішінді қызғылт-қызыл дақтар пайда болады. Дақтардың ішіндегі тілдің шырышты қабаты папилладан айырылған, эпителий десквамацияланған(қабыршақталған). Дақтар қабыршақтанған эпителийдің сұр-ақ жұқа шекарасымен қоршалған. Олар тілдің бетінде үлкейіп, қоныс аударады.

Ромбтәрізді глоссит - созылмалы ауру; тілдің бүртіктері толық немесе жартылай жойылып, кей жерлеріне жаңа бүртіктер өсіп, ромб тәрізді немесе сопақша пішінді құрылымдар қалытасады; әдетте, бұндай өзгеріске тілдің бүрлі жүлгісінің алдынғы жағындағы орталық сызықтың маңы ұшырайды («орталығы индурациялы глоссит»). Себебі белгісіз. Кейбір зерттеушілер глосситтің бұл нысанын аномалияға жатқызады; ауыз қуысындағы микро- флораның әсері де жоққа шығарылмайды.


Ромбтәрізді глоссит

Стоматит

Стоматит - ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы; жиі байқалады.

Ұрттың, ауыз түбінің, таңдайдың қатты және жұмсақ бөлім- дерінің шырышты қабықшасы дербес те, қызылиекпен, тілмен, кейде ерінмен сабақтасып та зақымдалады.

Стоматит дербес ауру ретінде де, басқа аурулардың бір нышаны неме- се салдары ретінде де дамиды.

Дербес ауру ретінде ол бірнеше клиника- морфологиялық нысанға жіктеледі.


Жиі жағдайда стоматит ұрт ішінде, тілдің немесе қызыл иектің ішкі бетіндегі қышитын ашық қызыл немесе ақшыл қабықша жапқан жара немесе эрозия түрінде кездеседі.
Науқас ұрттың дызылдап ауруы мен ісінуіне, аузынан жағымсыз иіс шығуына, тағам шайнағанда және жұтқанда ауырсынуға шағымдануы мүмкін.
Асқынған жағдайда температура көтеріліп, ұйқы бұзылуы мүмкін, адам ашуланшақ болуы да ықтимал.
Ересектердегі стоматитті емдеу зақымданған аумаққа антисептик қолданумен, тіндердің жазылуын жеделдететін құралдармен жүргізіледі.
Сонымен қатар, қажет болса, дәрігер антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттар тағайындауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет