Прагматизм (грекше “прагма” –іс-әрекет, тәжірибе) ХІХғ. соңында АҚШ-та пайда болып, ХХғ. Америка философиясында жетекшіге айналып, дүние жүзіне кең таралды. Негізін салушылар Ч.Пирс, У.Джемс, Дж.Дьюи. Прагматизм философияның негізгі мәселесі – ақиқи білім тек пайда әкелетін білім деп есептейді. Философияның басты пәні - жеке адам, тұлға. Қосқан үлесі -олар ақиқат пен пайда, пайдасыз бен пайда мәселесін қоя білген.
ХХ ғасырдағы иррационализм
Ииирационализм- - табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық, қисынды байланысты жоққа шығарды. Иррационализм бағыттары:
- өркениет дегеніміз- мәдениеттің қатаюы, ескіруі;
- морфология- мәдениет формалары туралы ілім.
О.Шпенглер әрбір мәдениет 1000-1200 жылда ауысып, түр өзгертіп тұрады дейді. Ол мынадай мәдениет циклдерін қарастырды:
мысыр- үнді- бабыл- қытай- апполондық (грек-римдік)- магия (византия-араб) – фаустық ( батыс еуропалық) – майя және орыс- сібір мәдениеті туындауы мүмкін.
Анри Бергсон (18.10.1959-4.01.1941)- француз философы. Нобель сыйлығының иегері, танымал шығармалары: «Материя және зерде», «Шығармашылық эволюция», «Ұзақтылық пен біруақыттылық», «Моральдің екі қайнар көзі» және т.б.