Хх ғасыр басындағы абайтану ғылымының алғашқы кезеңі Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.04.2023
өлшемі215,42 Kb.
#78899
1   2   3   4   5   6
Абайтанудың алғашқы белестері. Абайтанудың алғашқы белесінде 
жазылған еңбектер ұзақ уақытқа дейін «ақтаңдақтар» санатында болғанымен, 


соңғы уақытта бұл мәселелер көпшілік назарынан тыс қалған жоқ. Сонау 
отызыншы жылдардағы «қанды қырғын зұлматтың» құрбаны болған қазақ 
зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов
еңбектерін жоққа шығару арқылы біз абайтану тарихының алғашқы кезеңін 
санамыздан еріксіз сызып тастаған едік. Сондықтан да заманынан оза туған, 
абайтанудың бірегей білгірі М.Әуезовтің: «Революциядан бұрын Абай 
жөнінде ешнәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды... Абайды танудың 
басы, алғашқы жылдары революциядан бұрын басталған. ...Абайдың өмірі мен 
ортасын, еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке 
мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді, деректерді еске алуымыз 
керек» [6, 49], – деп меңзей сөйлеуі тегіннен-тегін емес еді.
Абай ақынды таныту Ә.Бөкейхановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» 
деген азанамасынан басталғаны аян. Абайтанудағы бұл тырнақалды туынды 
1905 жылы Семейден орыс тілінде шығатын «Семипалатинский листок» атты 
газетінде жарияланған. Ә.Бөкейхановтың: «Абай – асқан поэтикалық қуаттың 
иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани 
творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кедескен жоқ. Оны
жылдың төрт мезгіліне арналған (көктем, жаз, күз, қыс) тамаша жырлары 
Европаның атақты ақындарының қатарына қосар еді...» [7,27], - деп асқан 
көрегендікпен берген бағасы Абай ақындығына алғаш берілген әділ баға 
екенін естен шығармау керек. Дегенмен де Абай туралы тұңғыш пікір бұдан 
бұрын елге жария етілген еді, бұл 1903 жылдың үлесіне тиеселі. Бұл баға да 
Ә.Бөкейхановтың қаламынан, дуалы аузынан шыққан.
«Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхановтың (1870-1938) мол еңбегінің бір 
саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған. Атақты ғалым 
П.П.Семенов – Тянь-Шанский мен академик В.И.Ламанскийдің басқаруымен: 
Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көп томдық 
басылып шыққаны белгілі. Сол көп томдық еңбектің 18-томы қазақ тарихына 
арналып, «Киргизский край» деп аталып, 1903 жылы Петербургте басылып 
шыққан. Кітапты жазуға қатынасқан ғалымдардың ішінде қазақтан жалғыз 
Әлихан Бөкейханов қана. Ә.Бөкейханов осы кітаптың «Население» деп 
аталған екінші бөлімін жазуға қатысқан.
«Абай» журналының «Ғұмырнама» айдарымен берілген Бөкейханов 
туралы мәліметте сондай-ақ мынадай деректер бар: «Абайға ерекше көңіл 
бөліп, оны қазақтың жаңа әдебиетінің көшбасшысы ретінде жоғары балап 
былай дейді: «Наконец, как представителя нового течения в киргизской 
поэзии, следует назвать Кунанбаева – автора многих стихотворений, изящных 
по форме и поэтичяских по содержанию (особенно описания природы). Этому 
же автору принадлежат хорошие переводы «Евгения Онегина» и многих 
стихотворений Лермонтов (который оказался наиболее понятным для 
киргизов); таким образом у Семипалатинских «Оленчи» (певцов) можно 
слышать, например, «Письмо Татьяны» распеваемое, конечно, на свой мотив».
Міне, бұл Абай қайтпас бұрын оның поэзиясына берілген алғашқы баға 
болатын. Сондай-ақ, Ә.Бөкейхановтың Абай өлеңдерін жинақтап бастыру 
ісіне тікелей ықпал етіп отырғандығы да мәлім болып отыр. 


Ә.Бөкейханов жоғарыда атаған 1905 жылғы мақаласында былай дейді: 
«Абайдың өз шығармаларынан Пушкиннен («Евгений Онегиннен» үзінді), 
Лермонтовтан, Крыловтан жасаған аудармаларын ұлы Тұрағұл жинап, таяу 
арада Императорлық Россияның географиялық қоғамының Семей бөлімшесі 
басып шығарады». Бірақ таяу арада ақынның жинағы басылып шыққан жоқ 
еді. Өйткені Ә.Бөкейхановты 1906 жылы 8-қаңтарда патша өкіметі 
тұтқындайды да, оның портфелінде Абай өлеңдерінің қолжазбасы болады. 
Мұны мына архив дерегі айқындай түседі.
«1906 г. Января 10 дня г. Павлодар. «Мировому судье 2-участка 
Павлодарского уезда, при посещении сего числа тюрьмы, арестованный по 
шифрованной телеграмме ротмистра Рутланда из города Омска, Алихан 
Нурмухамедович Букейханов, содержащийся в Павлодарской тюрьме, заявил, 
что он просит об аресте его довести до сведения прокурорского надзора, 
объявить ему о причине задержания и об обвинении, которое ему предъявлено, 
а также просит освободить его из под стражи на поручительство или под залог, 
а также просить меры к сохранению рукописи на киргизском языке, 
имеющейся у него портфеле, содержащей стихотворения, так как она 
оценивается в 5000 рублей. Стихотворения эти принадлежат киргизскому 
поэту Кунанбаеву» (Государственный архив Омской области фонд 270, опись 
І, дело 200, лит. 10)» [8,10].
Бұл дерек Ә.Бөкейхановтың сол тұста ақын өлеңдерінің жинағын 
бастыруға бел шешіп, кірісіп жүргендігін аңғартады. Ақыры Абай жинағы 
1909 жылы Кәкітай, Тұрағұл, Ә.Бөкейхановтардың атсалысуымен 
бастырылып шығады. Бұл жайында М.Дулатов 1914 жылғы «Қазақ» 
газетіндегі «Абай» мақаласын да да: «Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм 
Құнанбаев опатына он жыл толды» – деп, мақаласының жазылу жайынан 
хабар беріп, сөз бастап: «1909 жылы Абайдың балалары мен інілерінің 
ризалығы һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте 
Бораганский баспасынан басылып шықты. Бұл күнгі қолымыздағы кітап – сол 
бірінші басылым» [9,5]. 
Тағы бір ескеретін жайт, Ә.Бөкейхановтың 1905 жылы жазған мақаласы 
мен Кәкітай Ысқақұлының Абайдың тұңғыш кітабына енгізген «Абай 
(Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі» деген мақаласының мазмұны өте ұқсас. 
Әрине, Ә.Бөкейханов өз мақаласына қажетті деректерді Кәкітайдан 
алғандығын ескертеді. Олай болса, кейін Кәкітай атынан жазылған мақалаға 
да өзі тікелей ықпал еткендігі аңғарылып тұр. Бұл Ә.Бөкейхановтың 
абайтанудың ілімінің ірге тасын қаласудағы азаматтық бейнесін айқындай 
түседі. Сондай-ақ, сөз арасында айта кетуге тиісті тағы да маңызды 
жайттардың бірі «Уақыт» газеті жайында болмақ. Бұл газеттің де абайтанудан 
алар орны айрықша. «Уақыт» – 1908 жылы Абай өмірінен аздап мағлұмат бере 
отырып, ақынның «Қуаты оттай бұрқырап» өлеңін бастырады.
М.Мырзахметовтың айтуынша: «Уақыт» газеті ақын мұрасының нәр 
алған көздері жайлы, оның үш жағы жөнінде тұңғыш рет пікір көтерді. Әрине, 
бұлар әлі зерттелмей, Абай шығармаларын оқу үстінде сезінген бірлі-
жарымды қарадай танып атаудан туған пікірлер ғана» [4, 98].


Татар жұртшылығына «Абай шығармаларын қазақ поэзиясының гауһары 
танып, қазақ әдебиетінің классикалық ұлы өнегесі танытқандардың тағы бірі 
Зейнел Ғабиден ибн Һайіріл-Әл Жауһари әл-Омусакидің Уфадан шыққан 
«Насихат 
қазақия» 
кітабында 
Абай 
мұрасын, 
әсіресе 
ақынның 
шығармаларының тілі мен көркемдік қуатын жоғары бағалай отырып, 
ақынның бірнеше өлеңдерін бастырды. Абайтанудағы ендігі бір құнды 
еңбектердің бірі 1909 жылы Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлының 
Санкт-Петербургтен бастырып шығарған «Қазақ ақыны Ибраһим 
Құнанбайұлының Өлеңдері» деген жинақ. Сондай-ақ Кәкітай бұл тұңғыш 
жинақта «Абай» (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі» деген мақала жазып, 
Абайдың тұңғыш биографы ретінде де өз бағасын алды. Бұл жинаққа Абайдың 
5399 өлең жолдары енген. Жинақтың бір ерекшелігі, Кәкітай Абай өлеңдерін 
тақырыптық жағынан бөліп, әр өлеңнің шыққан жылын көрсетіп отырады.
Кейін 1922 жылы Қазанда және Ташкентте бастырылған ақынның 
өлеңдер жинағы осы Кәкітай құрастырған кітап негізінде жарық көрді. Жалпы 
Кәкітай Абай шығармаларының дүниеге келу себептері мен сырын өз 
ортасынан анағұрлым жетік білді. Сондықтан да М.Әуезов 1933 жылы Абай 
өлеңдерінің толық жинағын бастырар және ғылыми өмірбаянын жазар кезде, 
сондай-ақ, «Абай жолы» романын жазу үстінде ақын шығармаларының шығу 
тарихына байланысты көптеген деректерді Кәкітайдан алды.
Абайтану ғылымында Абайдың Әйгерімнен туған баласы Тұрағұлдың 
абайтануда да орны ерекше. Тұрағұл әкесі Абай туралы ең алғаш естелік 
жазушы адам. Абай өлеңдерін жинақтап, 1909 жылы бастырып шығаруда да 
елеулі үлес қосқандығының өзі бір төбе. Сол тұста Абай өлеңдерінің баспа 
жүзін көріп, кең түрде насихатталуымен байланысты жүзеге асырылған игі 
шаралар ұлы ақын жайындағы танымды тереңдете түсті. Бұған Абайдың 
қайтыс болуының он жылдығына арналып, Орыс Географиялық қоғамының 
Семейдегі бөлімшесінің 1914 жылы 25 қаңтарда және ұлы ақынның туғанына 
70 жыл толуына орай Нәзипа және Нұрғали Құлжановтардың басшылығымен 
ұйымдастырылған әдеби кештерді дәлелге келтіруге болады.
Нәзипа және Нұрали Құлжановтардың жүргізуімен өткізілген бұл кеш 
1915 жылы 13 ақпанда Семейде болған еді. Н.Құлжанова орыс, қазақ 
тілдерінде «Қазақ ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев» деген тақырыпта 
баяндама жасаған. Жалпы ұйымдастыру өте сәтті шықты. Және Абайға 
бағышталған бұл арнау қазақта бұрын-соңды болып көрмеген кеш екендігімен 
ерекшеленді. Жалғыз Абай өлеңдері ғана оқылып қоймай, Біржан мен 
Сараның, Жанақ пен Баланың айтыстары көрсетіліп, халық әндері де 
орындалды. Қазақтың мәртебесін бір биікке шырқай көтерген кеш турасында 
қазақ баспасөздерінің қай-қайсысы да хабар берді.
Абайтанудың тарихынының алғашқы кезеңдеріне тоқталып өтуіміздің бір 
сыры, Құдайберген Жұбановтың ғылымилық сипатының сырын түсініп, 
соңынан қадам басуымызбен байланысты болып отыр. Әдебиет тарихындағы 
елеулі мәселені көтере отырып, бір дәлелді тұжырым айту үшін жан-жағының 
бәрін қармап, тыңнан түрен салып, салыстыра зерттеу жүргізетін ғалымның 
абайтанудағы орнын көрсету үшін, аталған ғылым саласындағы Қ.Жұбановқа 


дейінгі, әрі тұстас адамдардың ізденістерін атап өтуіміздің өзін орынды 
санаймыз. Осы тұрғыда Қ.Жұбановпен теңдес тұрған А.Байтұрсынов еді. 
А.Байтұрсыновтың ұлы Абайдың құрметіне жазылған «Қазақтың бас 
ақыны» атты мақаласы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы № 43 санында 
жарияланды. Ол осы мақаласында 1914 жыл алғаш рет Абай өлеңдеріне терең 
талдау жасап, Абайды – қазақтың бас ақыны ретінде танытты. 
А.Байтұрсыновтың: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. 
Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, дәмді, 
орынды болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. 
Абайда осы үшеуі де болған» [10,158], – деген cөздері Абайды жай таныстыру 
емес, бұл зерделі оймен ақынның дүниесіне бойлай білген жанның шынайы 
бағасы.
Абайтану ғылымының қалыптасу кезеңінде Міржақып Дулатовтың 
«Абай» мақаласының да ұлы адамның ақындық табиғатын танытуға тырысқан 
шұрайлы зерттеулердің бірі болды. М.Дулатовтың «Қазақ» газетінің 1914 
жылғы 23-шілдедегі №67 санында жарық көрген «Абай» мақаласынан 
абайтанудың болашақтағы елімен шын ұғысып табысар күнінің белгісін 
көзбен көргендей боламыз. Әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш 
Абай сөзі дей келіп, ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейтініне шүбә келтірмейді. 
«Ол халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз 
көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» – деп болашаққа үмітпен қарап, 
зор сенім артады. А.Байтұрсынов та, М.Дулатов та Абай шығармаларымен 
ақынның көзі тірісі кезінде таныс болғанын және оның Абай өлеңдерін 
бастыру мәселесін көтергенін осы мақалалардан аңғарамыз. Қазан 
төңкерісінен кейін Абайды танытудағы игі істер үдей түсті.
1918 жылы М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың басшылығымен Семейден 
«Абай» журналы шығып тұрды. Абайтанудың 1923-1934 жылдары әдебиетте 
тұрпайы социологиялық таным өріс алып, бой көтере бастады. Бұл 20-
жылдары әдебиет пен өнерді саясаттың ығына жығып, олардың өз 
ерекшеліктерін ескермеуден келіп туған таным болатын. Міне, осы тұста 
Абайдың сау басы саудаға салынып, «байшыл», «ұлтшыл» деген сынды айдар 
тағынып, қауіп төнгенде ақынға араша түскен азаматтардың болғаны аян. 
Солардың бірі – Ыдырыс Мұстамбаев. Терең білімді әдебиетші, әдеби сыншы, 
қазақ зиялыларының бірі саналған Ыдырыс Мұстамбаев – 1937 жылғы қызыл 
қырғынның құрбаны болған асыл азамат. Оның абайтануға үлкен үлес болып 
қосылған еңбегі – «Поэт и его философия» [11.], - деп аталады. Бұл 1928 жылы 
«Советская степь» газетіне жарияланған Ілияс Қабыловтың «Желбуаз» 
сынына қарсы жазылған мақала болатын. Міне, осындай саясаттағы 
сырқаулардың салдарынан 1924 жылы ұлы ақынның 20 жылдығы аталмай 
қалды.
Тұрпайы әлеуметшілдік сарын «Әдебиет − өмір айнасы» деген жалаң 
қағиданы желеу етіп, көркем өнерді кез-келген науқанның қолбаласына 
айналдырып, идеологияның насихатшысы, саясаттың дәріптеушісі «биігіне» 
көтерді. Алайда 1932 жылы ВКП(б) Орталық Комитетінің қаулысынан кейінгі 
бетбұрыс абайтанудың тың соқпағын салып, жаңа кезеңін бастап берді. Осы 


тұстағы абайтану ғылымының алға қадам басып жүруіне «салқынын» тигізген 
сасаттың сиқырлы күйін М.Мырзахметовтің мына пікірі айғақтап кеткендей: 
«Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихында отызыншы жылдардың 
соңына дейін орын алып келген тұрпайы социалогиялық, формалистік, 
компаративистік жат танымдардың үстем болып, пікір жүргізуі Абай мұрасын 
танып білу, зерттеу саласында басты кедергіге айналған келеңсіз құбылыстар 
көп зиянын, зардабын тигізіп, абайтану көшінің тарихи тура таным жолына 
түсуіне айтарлықтай тосқауыл жасап бақты». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет