Хх ғасыр басындағы абайтану ғылымының алғашқы кезеңі Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары


Қ.Жұбанов – абайтанудың ғылыми арнасын қалыптастырушы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.04.2023
өлшемі215,42 Kb.
#78899
1   2   3   4   5   6
Қ.Жұбанов – абайтанудың ғылыми арнасын қалыптастырушы 
ғалым. Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың орнын «босағаға 
ысырмалаушыларға» классик ақынның қазақтың тарихындағы алатын 
лайықты орнын көрсете, жеріне жеткізе, шегелей айтады. Асылдың 
бойындағы нағыз саналы қазынаны көрсе, «қара күйе көргендей» тырысып 
қалушылар қай заманда да кездеспей тұрмайды ғой. Міне, сондай «жалған 
әділет» орнаған, тартысқа тұнып тұрған жылдары Абай туралы танымның тар 
құрсауын бұзып, ғылыми арнасын кеңейтіп берген дарындардың бірі − 
Құдайберген Жұбанов болды. Ол – 1930-жылдардағы Абай туралы танымның 
тар құрсауын бұзып, абайтанудың ғылыми арнасын кеңейтіп берген дарын 
иесі. 
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Жұбанова әкесі 
Қ.Жұбановтың абайтану тарихындағы алатын орнына ғылыми көзқараспен 
бағдарлаған пікірі туралы былай деп жазды: «1955 жылы тамыз айының 8-інде 
шыққан «Қазақ әдебиеті» газетінің №16 нөмірінде академик Серік 
Қирабаевтың «Абайтану ғылымының бел-белестері» деген көлемді мақаласы 
жарияланған екен. Мақалада автор Абай шығармаларына қай кезде қандай 
көзқарас болғанын баяндай келіп, бұл мәселеге дұрыс көзқарастың қашан
қалай қалыптасқанын нақтылы дәлелдеп береді. Академик С.Қирабаевтың 
айтуынша, 1933 жылы ғана бірқатар адамдардың көмегімен Абайдың толық 
жинағы жарық көріпті. Ол жинақты дайындаған М.Әуезов те, алғысөзін 
жазған Ілияс Жансүгіров екен. Содан 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 
30 жыл толуына байланысты Құдайберген Жұбановтың «Абай – қазақ 
әдебиетінің классигі» атты еңбегін бөліп атауға болады дейді» [12,8].
Шындығында да, академик С.Қирабаев Қ.Жұбановтың ақын Абайды 
танытудағы басты ерекшелігін дұрыс тұжырымдаған зерттеуші болды. «Бұл 
да белгілі дәрежеде осы күнге дейін Абай мұрасы жөніндегі талас пікірлерді 
қорытқан еңбек болды. Құдайберген Жұбанов бүкіл Советтік Шығыс, Орта 
Азия әдебиетшілері ішінде Абайдың теңдессіз үздік орнын, өз дәрежесіндегі 
жалғыздығын дәлелдейді. Сонымен бірге, «алды жоққа жуық» ақынның «соны 
жол салу» даналығын биік бағалайды. Абайдың шығыс әдебиеті мен ұлттық 
халық әдебиетінің үлгісімен терең байланысын нанымды талдайды. Абайдың 
ақындық ерекшеліктері жайлы түйіндер жасайды. Осы бір кезді Абай туралы 
үлкен сөз айтылу дәуірінің басы десек те болады» [13,7], – деген екен. 
Біз Құдайберген Жұбановтың абайтануға сіңірген еңбегі М.Әуезовтен 
озық тұр деген пікірді әсте ұстанбаймыз. Алайда, Қ.Жұбановтың жалғыз болса 
да, жалқы тұрған, топтан озып дара тұрған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» 


еңбегінің зерттеушілер үшін таптырмайтын құнды мұра екендігін де жоққа 
шығара алмаймыз. «Отызыншы жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы 
маңында болып өткен пікірталасында орын алған әралуан көзқарас 
тұрғысынан пікір айтқандардың ішінде М.Әуезов пен профессор 
Қ.Жұбановтың еңбектері айрықша орын алады. Өйткені дәл осы жылдары 
Абайдың әдеби мұрасын бағалауда тұрпайы социалогиялық, формалистік, 
компаративистік көзқарастар орын алып отырғанда, осы қым-қуат қайшы 
пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған еңбек М.Әуезовтің «Абай 
ақындығының айналасы» мен «Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің 
классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының жазылуы – абайтану 
саласындағы ой-пікірде соны құбылыс ретінде қабылданғанын» абайтанушы 
М.Мырзахметов те атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет