ықыласын туғызды. Жергілікті халық арасында бұл газеттер беделінің өсуіне шығыс әдебиеті классиктері шығармаларының үлгілерін ( Шахнама, Фархат -Шырын, Мың бір түн және тағы басқа) жариялау жәрдемдесті. Түркістан уәлаяты газеті беттерінде 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Ш.Уалиханов туралы мақала жарияланды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, М.Ж.Көпеевтің орыс тіліне аударылып берілген туындылармен бірінші рет танысты. М.Ж.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, О.Әлжанов,С.Шорманов, М.Жанайдаров, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, А.Айтбакин және басқалар Дала уәлаятының газетінің белсенді авторлары болды. Көріп отырғанымыздай, қазақ даласы ағартушыларының жаңа ұрпағы өздерінің шығармашылық ізденістерінің басында өзінше бір тыңдалудан өткен.Алайда отаршылдық өкімет орындарының бұл ресми басылымдарын қазақ халқының рухани тәлімгерлері, оны оқу – ағартудың тірегі болды деп санау орасан әсірелеп айтқандық болар еді. Олар негізінен империяның отаршылдық саясатын жүргізушілер болды. Түркістан уәлаяты газетінің 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен қатынастарына, империялық сыртқы саясатты айтса да жеткілікті.