Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Жаңа жанрлардың өркен жая бастауы



Pdf көрінісі
бет7/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Жаңа жанрлардың өркен жая бастауы. 
ХІХ ғасырдағы Абай қара 
сөздерінің, Ыбырай әңгімелерінің ізімен ХХ ғасырдың басында қазақ 
ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді мақсат 
тұтқан Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары 
өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая 
бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді.
 
Міржақып Дулатов жазған қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман – 
“Бақытсыз Жамал” 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса өздері 
роман деп атаған Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” (1912), 
М.Кәшімовтің “Мұңлы Мәриям” атты ұзақ әңгімелері, С.Көбеевтің 
“Қалың мал” (1913), С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” (1914) романдары 
жарыққа шықты. Бұл ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі роман 
жанрының тууы мен ол жолдағы көркемдік ізденістер көрінісі еді. 
Бұлардың ішінде “Бақытсыз Жамал”, “Қалың мал”, “Қамар сұлу” 
сияқты романдар – жас прозамыздың даму деңгейін белгілейтін, 
көркемдік деңгейі жанр талабына жауап беруге біршама жарарлық 
шығармалар.
Бұл туындылардың басты кейіпкерлері Жамал, Ғайша, Қамар 
бейнелері – сол тұстағы қазақ қыздарының іс-әрекетін, мінез-құлқын, 
толымды бейнесін тануға мүмкіндік беретін типтік образдар. Осынау 
сара жолды таңдауда сан қилы кереғар пікірлер туындап, 
арыстарымызды сан қиырға салған адасулар да болды. Ендеше бұл 
кезеңнің әдебиеті – қоғамдық ой-санадан туындаған қарама-
қайшылықты көзқарастар жемісі.
Әрине, ХХ ғасырдың басында жазылған шығармалардың көркемдік 
деңгейлері әркелкі екені белгілі. Ақынның не жазушының білімі мен 
біліктілігіне, таным өрісіне, шығармашылық шеберлігіне сай түрлі 
деңгейде жазылуы заңды да. Өйткені ол кезде прозамыз үйрену, 
қалыптасу сатысында еді. Ал олардың ортақ жетістігі бұл 
шығармалардың роман жанрының алғашқы қарлығаштары болуымен 
бірге, замана шындығын ашып көрсетуде ілкі қадам жасап, прогресшіл 


ой-пікірді дәл уақытында айта біліп, ұлттық сөз өнерінің қажетіне 
жарап, кейінгі өскелең прозамыздың дамуына игі әсерін тигізуінде. 
Жаңа ғасыр басындағы өзекті мәселелерді көркем өнерде
бейнелеуге әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі драматургия 
қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақ алды туындылары 
жазылған сәттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын 
сахналарда қойыла бастады. Әрине, олардың жанр талабына сай болуы 
мен режиссуралық қойылымының жүйелілігі өз алдына басқа әңгіме. 
Әйтсе де қай ұлттың болмасын қазіргі кемелденген драматургиясы 
бүгінгі күйінде өмірге келе қоймағаны белгілі. Қазақ драматургиясы да 
бүгінгі жеткен биігіне сан қилы шырғалаң шиырлар арқылы келді. 
Мүнда, ең алдымен, Б.Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның 
қолжазба күйіндегі пьесалары – “Жер дауы” (1912), “Қызыл бұзау” 
(1913), “Бақсы” (1914), “Әйел теңдігі” (1915), “Ғазиза” (1915) белгілі 
болған. Бірақ бұлар баспа бетін көрмеген. Олардың тақырыбы – әйел 
теңдігі, елдегі дүмше молда, бақсы-баргерлердің халықты алдауы, 
надандық торына түскен қарапайым халық тағдыры. “Бақсы” 
пьесасына – жас баланы емдемек болып, дәрі орнына тотияын беріп 
соқыр еткен бақсы надандығы арқау болса, “Ғазизада” – қыз 
тағдырының қиындығы сөз болып, Ғазиза атты кейіпкердің замана 
қасіретінің құрбанына айналуы көрсетілген. “Жер дауы” пьесасы 
қазақтың ең бір дертті мәселесі – жер дауына арналған. Онда Жұман 
деген байдың кедей жатақтарға көрсеткен зорлығы, оардың еш әділет 
таппауы. Екі жақты езгідегі қиын тағдыры көрсетілген. Бұл пьесада 
ағартушы-демократтар қолдаған отырықшылдық идеясы көтеріледі. 
Кезінде жарық көрген бірді-екілі пьесалар да бар. Бұлар – Көлбай 
Тоғысовтың “Надандық құрбаны” (1915), Алматы уезінің начальнигі 
А.И.Лихановтың “Манап” драмасы (1913). К.Тоғысов пьесаны жазуға 
негіз болған жағдай туралы “Қайғы” деген атпен “Айқап” журналына 
шағын мақала жариялаған. Мұнда автор сол уақыттағы қазақ 
арасындағы әдет-ғұрыптың зиянды жақтарын, бақсы-балгерлердің 
жалған ем-домынан көрген ел азабын, ауыл өмірінің сорақы 


көріністерін әшкерелеп пьеса жазғанын айтады. Өз ойын қорыта келіп, 
пьесаны жазудағы көздеген негізгі мақсатымен таныстырады.
“Надандық құрбаны” пьесасы өмірдегі шындық оқиғадан туған. 
Автор әл-қадырынша осы шындық оқиғаны өз шығармасына арқау 
етіп, көркемдік шындыққа айналдыруға ұмтылған. “Бұл драманың 
бірнеше қаһармандары осы күнде де тірі” деген Көлбай алғысөзі – 
бұған дәлел. Пьесса авторы өз кейіпкерлері жас бала Жақыптың 
шешектен, Майсараның босана алмай, бақсы таяғынан өлуін қазақ 
надандығының дәлелі ретінде береді. Пьессаның бір желісі – әйел 
тағдырымен ұштасады. Байжан байдың үш әйел үстіне 16 жасар 
Хадишаны айттыруы, Хадиша мен Аспандиярдың тағдырының 
қосылмауы – әйел теңсіздігін көрсету деген талпыныс.
Жалпы, Көлбай Тоғысовтың “Надандық құрбаны” пьессасы – тасқа 
басылып, жарыққа шыққан қазақ драматургиясындағы тұңғыш 
тәжірибе. Оның надандық негізін әлеуметтік теңсіздіктен іздей білген, 
қат-қабат әлеуметтік мәселелерді осы жанр жүгіне айналдырған бұл 
саладағы алғашқы шығарма екендігі даусыз. 
“Надандық құрбанымен” тұстас баспасөз бетінде жарияланған 
А.Н.Лихановтың “Манап” драмасы. Бұл драма “Айқап” журналының 
1913 жылғы 14-21 сандарында Мұхамедғали Есенгельдиннің 
аудармасымен басылды. “Манап” драмасы қазақ тақырыбына 
жазылған өзге ұлт авторының шығармасы болғандықтан да “Айқап” 
осыны насихаттап, жариялаған. Дегенмен Лихановтың бұл дүниесі 
орта қолды ғана дүние еді. Өмір шындығын тану тұрғысынан, 
эстетикалық, көркемдік сапа тұрғысынан тіптен әлсіз шығарма 
болатын. Қазақ тұрмысынан алынғанмен, қазақ салт-дәстүрі 
бұрмаланған, қазақ ұғымында ұят-ерсі болып көрінетін қылықтарды 
шындық ретінде көрсетіп, ұлттың намысына тиген бұл пьеса өз 
кезінде-ақ қазақ зиялыларының өткір сынына ұшырағанды. Сондықтан 
да бұл драмаға тоқталып жатудың қажеті шамалы. 
Жалпы алғанда, ХХ ғасыр басында әдеби ізденістердің бір көрінісі 
осы жанрлық тұрғыдан баю болып табылады. Мұнда әсіресе проза 


жанрының дамуы айрықша көзге шалынады. Алғашқы қадамдар, жаңа 
талпыныстар кейінгі ұлы үрдісті дамуға алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет