Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


ХХ ғасыр басындағы әдебиет және Абай дәстүрі



Pdf көрінісі
бет5/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
ХХ ғасыр басындағы әдебиет және Абай дәстүрі.
Қазақ ақын-
жазушыларының бүкіл шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан 
бастау алады. Сондықтан ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сөз еткенде, 
Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы 
тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, 
жаңашылдықпен жалғастырғанын атап өту ләзім. Онсыз сол кездегі 
поэзияның даму барысын, көтерілген биігін аша алмаймыз.
Абай дәстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ 
поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, 
Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды біртуар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз 
кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға 
тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы 
олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. 
Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас 
ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, 
Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді. 
Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау 
“оқушылар” ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын өз 
шығармашылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына орай дамытып, 
жаңғыртып әкетті.
Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын 
танудағы ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы 
имандылықты, ар-ұяты, адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен 
өнер шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін 
сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты. 
Ахмет бас ақынға қоғамның ең көкейкесті мәселелерін қозғаған ой-
толғаныс, отарлық уысындағы ұлттың қамын ойлаған тұстан үндесіп, 
азаматтық ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға тартуымен 
жаңаша жол тапты. 
Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы 
оны ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп, 


өз поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абаймен іштей 
үндесіп, өлең өлкесіне өзіндік өршіл рух септі. 
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен 
сезімге толы көңіл күй лирикасын, адамның ішкі болмысына терең 
бойлаған сыршылдығын, жан тебіренткен сезімнің терең иірімдерін 
жүрекке дөп жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер 
суреткерлігін шебер игеріп, оны “европалық әшекеймен” үлбіретіп, 
өзіндік үлгі тауып, өзгеше өріспен ұштастырды. 
Сұлтанмахмұт 
әлеуметтік 
өмірдегі 
теңсіздік 
көрінісін 
шыншылдықпен суреттей біліп, қоғамдық қайшылықтың негізін 
“көкірек көзімен” көріп, нақты танып-біліп, ащы шындықты ақындар 
пайғамбары санаған Абайша айта алып, шыншылдық пен 
сыршылдықтың өрісін кеңейтті. 
Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар Абай 
ақындығынан үлгі өнеге ала отырып, ұлы тұлғаның сан қырлы, мол 
сырлы поэзиясының жандарына жақын, рухына үйлес, өз ой-пікірімен 
үндес келер тұсын үйіріп әкетіп, жаңғырта да жаңаша дамытқанын 
байқаймыз. 
Жалпы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар туралы 30-
жылдардан бергі кезеңде әр түрлі сипатта болса да сөз болып келеді. 
М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Е.Ысмайловтың, Ы.Дүйсенбаевтың, 
А.Нұрқатовтың, Қ.Мұхаметхановтың, Ә.Жиреншиннің, З.Ахметовтің, 
З.Қабдоловтың, Т.Кәкішевтің, Р.Нұрғалиевтің, Ж.Ысмағұловтың, 
Б.Әбдіғазиевтің, К.Бейбітованың әр кезде шыққан зерттеу еңбектері 
осының айғағы. Осынау әдебиеттанудың алыптары мен әдебиет 
ғылымында азды-көпті еңбек етіп жүрген ғалымдардың барлығы да 
Абай творчествосының ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдеріне 
тигізген игі әсері жайлы нақты мысалдар келтіріп, тұжырымды 
ойларын айтқан. 
Абай дәстүрін шеберлікпен үйреніп, батыс пен шығыс классикалық 
әдебиетінен сусындаған Ахмет, Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт, 
Міржақып сынды сөз өнерінің щеберлері ХХ ғасырдың басында 
ұлттық поэзиямыздың әлемдік деңгейге көтеріліп, қоғамның 


шындығын шынайы ашып, оны эстетикалық қуатпен бейнелеудің 
көркемдік үлгісіне айналуы жолында аянбай еңбек етті. 
ХХ ғасырдың басында көзі ашық, көңілі ояу қазақ азаматтарын 
ойландырған барлық мәселе – поэзияда айқын көрініс тауып отырды. 
Азаттықтың, тәуелсіздіктің биік идеясымен қатар қазақтың өз ішіндегі 
өзекті проблемалары – партиягершілік, әйел теңдігі, надандық, қара 
халықтың жағдайы поэзияның өзекті тақырыбына айналды. Қандай 
бағыт өкілі болмасын қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. 
Сондықтан олардың шығармалары сарындас, желілес болып отырды.
ХХ ғасырда қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген біртуар 
ақындар дүниеге келіп, олардың әрқайсысы соны үнімен, тың 
тынысымен қазақ поэзиясы айдынында емін-еркін жүзді. 
Поэзиясы аз да болса саздығымен, қазақ өлеңінің төл табиғатынан 
туған тазалығымен, бір естігенде-ақ көңілге қона кетіп, ойға ұялай 
қалатын әрі бейнелі, әрі мағыналы сөз үлгісімен ерекшеленетін Ахмет 
Байтұрсынов жеке басының, әлеуметтік топтың, немесе белгілі бір 
таптың мүддесі емес, үлт мұңы, ел зарын жырлаған Міржақып 
Дулатов, заманымыздың атақты жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай 
“жарқыраған әшекейімен, Европалығымен” тамсандырған жыры сұлу, 
сезімі сыршыл Мағжан, терең танымдық өлеңдерімен, асқақ 
романтикалық эпикасымен толғандырған Шәкәрім, қазақ ой-
санасының аспанына жарық “күн” сәулесінің нұрын шашуды, өлең 
өнерінің “толған айы” болуды аңсап, ұлтының ұлы мұратын алға 
асыруға ұмтылып, поэзия көгінде жарық жұлдыздай жарқырап өткен 
Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің “алтын кезеңінде” өмір сүріп, туған
әдебиетімізге қайталанбас туындылар сыйлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет