ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мен ұштастыра қарады. Олардың
ойынша, социологиялық әдіс өзі нің
зерттеу обьектісіне өнердің маз-
мұнын алса, формальдық әдіс-фор-
масын тексереді, яғни екі әдіс бір-
бірін толықтырады деп есептеді. Бұл
әдебиет тарихы мен классикалық
мұ раны зерттеуде біржақтылыққа
ұрындырды. Әдебиеттің көрнекті
бір өкілінің творчествосын талдауда
«тұр пайы социологизм» басшылыққа
алынып, шығармаларын тексерген-
де әлеуметтік, таптық негізін ашу
мен идеясынан саяси астар іздеуде
жазушының қай таптан шыққанына
көп көңіл аударылды.
Классикалық мұраны игеруде бұ-
рыннан азды-көпті тәжірибесі бар
орыс әдебиеттану ғылымы мен сы-
нының өзі осы концепцияларға бой
алдырып отырғанын байқасақ, әде-
биеттану ғылымы мен сыны туып,
қалыптасып үлгермеген ұлт респу-
бликаларына тиген әсерінің өте қатты
болғаны айтпаса да түсінікті.
Классикалық мұра – қандай ха-
лықтың болсын ұлттық мәдениетін
дамытуда ерекше ықпал жасайтын
рухани байлық. Классикалық дәс түрі
мен тарихи сабақтастығынан айы-
рылған әдебиет өзінің ұлттық тамы-
рынан да қол үзіп, өсу, даму жолын
жоғалтар еді. Міне, сол себептен осы
1920 жылдары
Қазақстанда да әдеби мұраны иге-
руге деген жаңа ықылас пен ынта
біртіндеп пайда бола бастады. 1920
жылдардың бас кезінде мерзімді
баспасөз бетінде өткен дәуірдегі әде-
би мұраларды жариялау ісі қол ға
алынып, халық қадірлеп, үлгі тұтқан
ақындар мен жыраулардың шығар-
малары басыла бастады. С. Нұр-
жа новтың құрастыруымен «Абай
термесі» (1917), Б. Күлеев бастырған
«Адасқан өмір» (1922) мен Ә. Ди-
ваев құрастырған «Жеті батыр»
жинағында С. Торайғыровтың по-
эмалары (1924), Қазан мен Ташкент-
те Абай өлеңдерінің толық жинағы
(1921, 1924), Х. Досмұхамедовтің
құрастыруымен «Мұрат ақын сөз-
дері» (1924), «Исатай-Махамбет»
(1925), «Аламан» (1926) сияқты жи-
нақ тардың жарық көруінен бастал ған
игілікті іс жалғаса түсті.
Бұл жұмысқа халық ортасы-
нан шыққан фольклорлық-этногра-
фиялық экспедициялар басшылық
жасап, ел ауызынан жазып алынған
және мерзімді баспасөз бетінде
жарияланған шығармаларды жинақ-
тай отырып, Бұқар жыраудың, Ба-
зар жыраудың, Шернияз ақынның,
Ы. Шөрековтің өлеңдер жинағы
ба сылып шықты. 1930 жылдар-
дан бастап қазақ кеңес әдебиетінің
ақын-жазушылары да қызу аралас-
ты. С. Сейфуллин құрастырып, ал-
ғысөзін жазған Ақмолланың (1935),
Ы. Алтынсариннің (1935), Ақан
серінің (1935), І. Жансүгіров шы-
ғар ған Сүйімбайдың (1935), Қ. Жұ-
малиев бастырған Махамбеттің,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У